Бала ойынының тілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 19:39, контрольная работа

Краткое описание

Неге біздің кішкене балаларымыз компьютердің алдында жылжымай, үндемей, парасатты болып қалады, барлығы бір болып мектепке дайындалуды бастайды.
Бүгінгі өркениетті заманда өмір сүретін отбасы болашақта өз балаларының үлкен жетістіктерге жетуін олардың ерте балалық шағында көлемді ақпарат алуы деп біледі.

Содержание

1
Кіріспе
4
2
Мектеп жасына дейінгі балалардың
ата-аналарының ойын құзыреттілігі туралы
7
3
«Бала ойынынның тілі» ата-аналарға арналған кездесу тақырыбы
9
4
«Баламен .... ойын тілінде сөйлесемін» ата-аналарға арналған жадынама
14
5
Ақылды ата-аналар мен қызық құмар балаларға арналған қызықты тәжірибелер мен зерттеулер //эксперименттер
17
6
«Бала ойынының тілі» ата-аналар мен балаларға арналған курс бағдарламасы
22
7
Әдебиеттер
34

Прикрепленные файлы: 1 файл

«Бала ойынының тілі».doc

— 149.50 Кб (Скачать документ)

Алған ойындық тәжірибелерді ұғыну  және байсалды талдау мақсатымен түрлі  жастық топ балаларының ата-аналарына арналған арнайы жадынама ұсынылады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

Үйде бүгін ересектермен және балалармен қатынасуда алған өзініңіздің  әсерлеріңізді толтырыңыз (баяндаңыз).

1. Балаларды ойынға араластыру  үшін сіз не істедіңіз: балалармен  әңгімелестіңіз; өзіңізге ойын рөлін жүктедіңіз; Сізді ойынға қосуына сұрандыңыз; ойыншыларға өзіңіздің ойын сюжетін ұсындыңыз; ойыншықтар арқылы ойынға араластыңыз (керектінің астын сызыңыз, қажет болса қосымшамен толықтырыңыз)? ______________________________________________________

 

2. Сіздің ойынға араласу ойыңызды балалар қалай қабылдады: қуанышпен; таңданумен; сақтанумен; ересектің беделіне жол бере отырып, тілексіз; рұқсат берген жоқ (керектінің астын сызыңыз, қажет болса қосымшамен толықтырыңыз)?________________________________________

 

3. Ойыншылар арасында өрбіген ойын сюжеттерін еске түсіріңіз._________________________________

Сізге қандай ойындарда және қандай рөлдерде ойнаудың сәті түсті?______________________________________________

4. Сіздің балаңыз қандай ойын  рөлдерін сомдады?_______ Қандай ойындық іс-әрекеттер жасады?__________

5. Сізге ойындық рөлдерді сомдау, рөлдердің мінез-құлқын көрсету,  қатынасу үшін ойын кеңістігін  қолдану оңай немесе қиын болды  ма?

__________________ ____________________________________

6. Ойын серіктесi рөлдерінде өзіңізді қалай сезіндіңіз: жайлы; еркін; жеңілтекті; сасқалақтау; алаңдаушылық; ыңғайлылықсыз; бөгеліп қалушылық; кекесіндік (керектінің астын сызыңыз, қажет болса қосымшамен толықтырыңыз)?

______________________________________________________

7. Сіздің ойыңызша, ересектер  балалардың ойынына араласуы: оның  дамытушылық4. әсерін жоғарлатады; баланың ойынмен рахаттануына кедергі келтіреді; баланың ойнау қажеттілігіне әсер етпейді (керектінің астын сызыңыз, қажет болса қосымшамен толықтырыңыз)?

______________________________________________________

8. Егер балаңыз үйде  бүгінгі ересектердің қатысуымен  ойындық қатынасу туралы пікірін  айтса, оның айтқандарын белгілеп  қойыңыз. _______________

9. Ересектер мен балалар  ойындарында өзіңіздің қатынасу себептеріңізді құрастырыңыз:  тәрбиешінің өтініші; баланың ойын қызығушылықтары туралы бірдеңе білу тілегі; балаға берген уәде; оң эмоциялар алу тілегі; ойнап үйрену тілегі; (керектінің астын сызыңыз, қажет болса қосымшамен толықтырыңыз)?

______________________________________________________

 

Сізге ойынға қатысқаныңыз үшін, адал және шапшаң жауаптар бергеніңіз үшін алғыс айтамыз.

Ата-аналарға балаларымен ойында ойын серіктесі ретінде олардың сенімдіктерін қолдау үшін жадынаманы ұсыну керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Баламен  ойын тілінде сөйлесемін» ата-аналарға арналған жадынама

 

Құрметті ата-ана!

Баламен ойын тілінде  сөйлесуде шақыруды күтпеңіздер, өздеріңіздің ынталарыңызды білдіріңіздер!

Балаңыздың ойындық  атмосферасына өзіңізге кейде енуге  рұқсат етіңіз. Бұл тек пайдалы емес, сонымен қатар жағымды іс! Өзіңіздің балалық шағыңыздағы ойындарыңызды еске түсіріңіз, сол кездегі ойындар қызық болды?! Дәл қазір балаңызбен бірге қызықты ойын әлеміне саясатқа шығыңыз.

 

Құрметті ата-ана!

 Егер сіздің ойыңызша, балаңыздың ойын тәжірибесі аз болып көрінсе, онда онымен ойындық қатынасуда ынтаны өз қолыңызға алуға тырысыңыз. Өзіңізге тартымды ойындық рөл таңдап, және осы кейіпкер арқылы балаңызбен ойындық сұхбатқа түсуге тырысыңыз. Рөлден бірнеше минут шықпауға тырысыңыз. Сіздің мінез-құлқыңыздың табиғилығы мен ықтиярлылығы балаңызбен байқалып, жоғары бағаланады.

«Отбасына келу» - қыз балалардың сүйікті ойыны

«Ойыншық» отбасы мүшелері қандай үй шаруаларымен айналысады? Туған  күнге дайындалады ма? Тамаша! Ойыншықтардың  қайсысы туған күн иесі болады? Сыйлықтар туралы ойластыру керек. Қонаққа кімдер келеді? Қонақтардың көңілін қалай көтеру керек? Қонақтарды қандай астармен тамақтандыруға болады? Құмарыңыз қанғанша ойнаңыздар.

 

 «Зоосаябаққа»  көптен бері бардыңыз ба?

Дәл қазір барғыңыз келмей ме? Түрлі жануарлар тұратын торлы қора бойымен серуендегiңіз келмей ме? Алдымен баламен бірге үйдегі барлық аңдарды, құстар мен бауырымен жорғалаушыларды жинаңыздар. Бөлмеде зоосаябаққа арналған орынды анықтап, белгілеңіздер. Сонымен қатар билет кассасы, билет сатушысы және жануарларды таныстырушы қажет. Ары қарай баламен бірге қиялдаңыз. Зоосаябақ ашылды.....

«Туристтік  агенттікте» билеттер ұсынылады 

Саяхаттау бюросының  менеджерінің немесе агентінің рөлі кімге бұйырады? Агент қазіргі заманғы техника компьютер, телефон, факстың (аяқ киім немесе кәмпит қорапшалары) көмегімен саяхатшыларды түрлі континеттерге саяхаттау турларымен таныстырады. Ойынның жақсы жабдықтаулары ретінде сізбен бірге демалыста демалған жерлердің суреттері болады; пошталық жәшіктерге күнделікті келетін жарнамалар; табиғи аймақтарды мекендеушілер мен өсімдіктер бейнеленген ескі ашық хаттар; сувенирлер және т.б. Ойын сюжеттері «Аэропортқа бару», «Автовокзал немесе темір жол вокзалына бару» параллельді сюжеттерінің дамуына әкеледі.  Бірнеше сюжеттерді біріктіріп, сіз ойынды бірнеше күн ойнай аласыз.

Егер сіз «Теңізге саяхатты» таңдасаңыз, кеме ретінде орындықты немесе креслоны қолдануға болады. Мүмкін баланың кемеге берер аты бар шығар. Ойын сюжетін ойнаудың ең лайықты әдісі – ол сіз бен балаңыздың елестетін іс-әрекеттеріңіз.  Затты-орынбасарларының ішінен рация, бинокль, руль (бос қорапша, сағандардың қақпағы) болады.  Біреуге радисттің рөлі ұнайды, ал кейбіреулеріне жоғарғы палубадағы аспаздың немесе дәрігердің рөлі ұнайды. Бірер минуттан соң кеме зәкірден алынып тасталынады.

Ойын соңында «Бақытты бала» атты конкурс өткізуге болады, яғни конкурс шеңберінде ата-аналарға балаларының отбасында ойындық тәжірибесі туралы әңгіме дайындауына ұсыныс жасалынады. Конкурс шарттары бойынша баланың үйде, аулада немесе саяжайда жеке ойынының, сонымен қатар ата-аналарының қатысуымен бір мәтіндік сипаттамалар қабылданады. 1-2 көлемді қолжазба беттердің мәтіндерде мүмкіндіктері бойынша келесі сұрақтарға жауап беруге ұсыныс жасалды:

1.Ойын неден басталды, ойын сюжетінің бастаушысы кім болды?

2. Ойын барысында кім  және қандай рөлдерде қатысты? 

3.Ойында қандай сюжеттік  оқиғалар болды (қатысушылардың  рөлдік диалог  мысалға келтіру)?

4. Қатысушылар ойын  қатынасуынан қандай құндылықтар  алды?

Конкурста бақ сынасқан барлық ата-аналар оның шарттарын дәл  орындай алмайды, себебі олар өз күштерімен әрекет етушілілердің қимылды ойындардың, сонымен қатар отбасында баламен түрлі іс-әрекеттер түрлерін сипаттамасын ұсына алады (берілген уақытта орындалған музыканың мазмұны мен сипаттары бойынша оқиғаларды ойдан шығару; жуыну бөлмесінде сумен көңіл көтеру; тұқымдарды себу және т.б.). Сонымен қатар «Автобус кондукторы ойыны», «Үйді жөндеу ойыны», «Қалыңдық болу ойыны», «Бала-бақша ойыны», «Ғарышкер ойыны» балалардың да, ересектердің көңілін қалдырмайды.

Осылай маман практиктерді, балалар мен олардың отбасы мүшелерін  біріктіретін бірегей ойын кеңістігі  құруына байланысты ойындық сюжетті  рөлдік  және өзге ойындарда ересектердің балалармен серіктестігінде және ынтамақсыздығында бірге әрекет етушілігі бағасыз тәжірибе екеніне бірте-бірте кәсіпқойлар мен ата-аналардың көздері жетті. Бұл эмоционалдық байланыстарды орнату үшін  «дәрумен», ересек пен баланың қатынастарын сенімді бекітетін «Иммунитет».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақылды ата-аналар мен қызық құмар мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қызықты  тәжірибелер мен зерттеулер

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызды сауалдарының бірі балаларды табиғатқа тарту  болып табылады. Көз алдыңызға  Сіз жалпы біздің және тірі заттардың (жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер) паналайтын үйі-Табиғаттың табалдырығында тұрмын деп елестетіңіз.  Барлығымызға шуағын шашатын ортақ Күнмен, барлығымызға ас беретін ортақ Жермен, шөлімізді қандыратын ортақ Сумен, барлығымыз тыныстайтын ортақ Ауамен тіршілік етеміз.

Ата-аналарға өз балаларын табиғатқа  тарту арқылы олардың танымдық қызығушылығын  және шығармашылығын дамытатын ойын қатарлары ұсынылады. 

Полиэтилен қалтада  не бар?

Мақсаты: Қоршаған кеңістікте ауаны анықтау.

Бірге бос полиэтилен қалтасын қарау. Қалтада не бар екендігі сұраңыз. Балаға білдірместен серпінді болғанға дейін қалтаға ауа үрлеп, ашық бөлігін байлап, балаға қайта көрсетіп, сұрақты қойыңыз. Қалтаны ашыңыз, онда ештеме жоқ. Сіз  ашқанда қалта серпінді болуын қойды. Неге олай болды? Себебі онда ауа болды! Неге қалта бос болып көрінетінін сұраңыз (ауа түссіз, көрінбейді, жеңіл). 

 

Шимен ойындар ойнау 

Мақсаты: адам ішінде ауаны анықтау. Баламен бірге кішкене түтіктерді қарастырып, неліктен қажет екендігін сұраңыз (олар арқылы ауа жіберіліп және үрлеп шығарылады).

Балаға алақанын ауа ағысына  қойып, түтікке үрлеуге ұсыныңыз, содан кейін жел секілді пайда  болғанда не сезінгенін сұраңыз (алдымен  жұтылған ауаны шығардық). Адамға ауа  тыныс алу үшін керектігін және ауа адам тыныстағанда ішіне енетінін, ауаны сезіп қана қоймай, байқауға болатындығын айтыңыз. Бұл үшін түтіктің бір соңын суға салып, екінші соңынан ауа үрлеу керек. Су бетінде аз уақытқа көпіршіктер пайда болады (бұл бізден ауа шығады, ол жеңіл, су арқылы жоғары көтеріледі; барлық ауа шығып болған соң көпіршіктер пайда болуын тоқтатады).

Банкідегі шам шырақ 

Мақсаты: жану кезінде ауа құрамы өзгеретінін анықтау (оттегі азаяды), жану үшін оттегі қажеттігін айту. Өртті сөндіру әдістерімен таныстыру.

Балаға арналған тапсырмалар: ата-аналарға шам шыраққа, отқа жақындамай, үрлемей қалай сөндіруге болатынын ойланып айту ұсынылады. «Мұны қалай істеу керектігін көрсетейін», - дейді әкесі баласына (немесе қызына). Ол шамшырақты жағып, оның үстінен банкімен жабады, олар шырақтың қалай сөнетінін бірге бақылайды. «Әке, неге банкі ішінде шырақ жанбайды?» - деп бала әрине сұрайды. Барлығы қарапайым: шырағы сөнбес үшін оған оттегі қажет. Оттегі жанып екінші көмірқышқыл газға айналады. Сондықтан біз отқа оттегі келмес үшін оны банкімен жаптық, сосын от сөніп қалды. Содан кейін әке осы құрылғыларды өрт сөндіруде (су жоғарғы температурада буға айналып, оттегі қолжетімділігіне кедергі жасайды) қолданылатынын айтады. Сонымен қоса өрт сөндіру үшін оны құммен себуге болады (оттегі болмаған соң, от сөнеді).

 

Су мен қардың өзара әрекекттесуі

Мақсаты: судың екі агрегаттық күйлерімен (сұйық және қатты) таныстыру. Судың қасиеттерін анықтау: оның температурасы неғұрлым үлкен болса, онда ауаға қарағанда соғұрлым қар тез ериді; жылының әсерімен қардың сұйық күйге айналуын тексеру. 

Анасы баласына: «Мен алақанымда судың бір тамшысын тамызбай ұстай  аламын!» - дейді. Анасының қолынан бұл  қалай келетіндігіне бала қызығушылығын  танытады. Бұл өте қарапайым: қар  кесектері бұл-су! «Қар кесектері  су емес пе?» - деп міндетті түрде ұлы немесе қызы сұрайды.  Сонда анасы қар кесектерін қолдарында ұстауға ұсынады. Не өзгерді? Қар еріп, су пайда бола бастайды. Ал егер қарды жылы бөлмеге апарса не болады?  Қар еріп, нәтижесінде су пайда бола бастайды. Ал қарды суға салса не өзгереді? Қар қайда тез ери бастайды: жылы немесе салқын суда?

 

Түсті мұздықтарды  дайындау

Мақсаты: суға бояуларды салып, мұзды қатыруға болатындығымен таныстыру.

Баламен бірге түрлі  қалыптарға, банкілерге су құйып, аязға  шығарыңыздар. Серуен кезінде қату үдерісіне назар аударыңыздар. Мұздықтарды қалыптарынан алып, қарап судың қасиеттерін талқылауға болады. Содан кейін мұздықтарды бөлмеге кіргізіп, мұздың қайта суға айналу үрдісін бақылаңыздар.   

Металл, оның сапасы мен қасиеттері

Мақсаты: металдан жасалған заттарды танып, олардың сапалық сипаттамаларын (бетінің құрылымын, түсін) және құрамын (жылу өткізгіштігін, серпімділігін, металдық жарқырауын) анықтау.

Әкесі ұлына (немесе қызына) бірнеше металдан жасалған бұйымдарды (түйреуіштер, гайкалар, бұрандалы шегелер, шегелер, кішкене гірлерді) көрсетеді. «Сен қалай ойлайсың, бұл бұйымдар неден жасалған?» - деп сұрайды ол. Әкесі оларды ұстап көріп, олардың қалып, беттік құрылымының ерекшеліктерін анықтауға ұсынады; баламен бірге түрлі заттарды қарастырып, сипатты металдық жарқырауын белгілеп көрсетеді. «Гайканы немесе шегені суға салсақ, не өзгереді?» - деп әкесі қайта сұрайды. Ал егерде шуақты жерге немесе батареяға қойса не болады?  Магнитпен тартсақ не болады? Сонымен қоса (тек қана әкесі орындауы тиіс!) металды затты қызыл түсі пайда болғанша қыздыруын көрсетіп, осылай металды қыздырып, қажетті қалып бере отырып түрлі заттар дайындауға болатындығы туралы айту.

 

Резеңке, оның сапасы мен құрамы

Мақсаты: Резеңкеден жасалған заттарды танып, олардың сапасы (бетінің құрылымы, қалыңдығы) мен құрамын (қаттылығы, серпімділігін, иілгіштігін) анықтау.

Резеңкеден жасалған заттарды қарап, түсін, беттік құрылымын (сипау арқылы) анықтауды ұсыну. Резеңкені  тартуға ұсыныңыз. Резеңке серпінділігіне және иілгіштігіне байланысты (осы қасиеттерді допты дайындағанда қолданады) ол қайта қалпына келеді. Жылының әсерінен резеңке құрылымын өзгертіп, жабысқақ болатына назар аударыңыздар (сіріңке шырағында резеңкенің қыздырып көрсету).

3.

Информация о работе Бала ойынының тілі