Бала ойынының тілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 19:39, контрольная работа

Краткое описание

Неге біздің кішкене балаларымыз компьютердің алдында жылжымай, үндемей, парасатты болып қалады, барлығы бір болып мектепке дайындалуды бастайды.
Бүгінгі өркениетті заманда өмір сүретін отбасы болашақта өз балаларының үлкен жетістіктерге жетуін олардың ерте балалық шағында көлемді ақпарат алуы деп біледі.

Содержание

1
Кіріспе
4
2
Мектеп жасына дейінгі балалардың
ата-аналарының ойын құзыреттілігі туралы
7
3
«Бала ойынынның тілі» ата-аналарға арналған кездесу тақырыбы
9
4
«Баламен .... ойын тілінде сөйлесемін» ата-аналарға арналған жадынама
14
5
Ақылды ата-аналар мен қызық құмар балаларға арналған қызықты тәжірибелер мен зерттеулер //эксперименттер
17
6
«Бала ойынының тілі» ата-аналар мен балаларға арналған курс бағдарламасы
22
7
Әдебиеттер
34

Прикрепленные файлы: 1 файл

«Бала ойынының тілі».doc

— 149.50 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ  БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бала ойынының тілі»

білімдік-ойын курс бағдарламасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана - 2010

«Бала ойынының тілі» білімдік-ойын курс бағдарламасы. - Астана, 2010. — 66 б.

 

Құрастырушылар:

Калашникова Т.М., Новогренко Г.Н., Беспалова Р.Х.

 

 

Берілген бағдарлама мектепке дейінгі ұйымдар базасында  жұмыс жасайтын қысқамерзімді топтарға не болмаса ата-аналарға арналған консультациялық  пункттерге, сондай-ақ балалары мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған ата-аналарға арналған.

Мектепке дейінгі  балалық шақ»

Республикалық орталығы, 2010

МАЗМҰНЫ

 

1

Кіріспе

4

2

Мектеп жасына дейінгі  балалардың

ата-аналарының ойын құзыреттілігі  туралы

7

3

«Бала ойынынның тілі» ата-аналарға арналған кездесу тақырыбы

9

4

«Баламен .... ойын тілінде  сөйлесемін» ата-аналарға арналған жадынама

14

5

Ақылды ата-аналар мен қызық құмар балаларға арналған қызықты тәжірибелер мен зерттеулер //эксперименттер

17

6

«Бала ойынының тілі» ата-аналар мен балаларға арналған курс бағдарламасы

22

7

Әдебиеттер

34


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Неге біздің кішкене  балаларымыз компьютердің алдында  жылжымай, үндемей, парасатты болып  қалады, барлығы бір болып мектепке дайындалуды бастайды.

Бүгінгі өркениетті заманда  өмір сүретін отбасы болашақта өз балаларының үлкен жетістіктерге  жетуін олардың ерте балалық шағында  көлемді ақпарат алуы деп біледі. 

Қазіргі дамып жатқан заманда табыс осы жарысты  ерте бастағандардың қолында болады дегенді кім айтты? «Ерте есейген» балалық шақ мектеп жасына дейінгі балалардың тым ерте ер жетуіне әкеп соғады ма?

Бүгін балалық шақты асықтырмай, мәдениетіне (ойындық және іс әрекеттік) тән өркениеттің арандатуынан сақтап, дамыту керек.

Көптеген ата-аналар баланың дамуы үшін маңызды қажеттіліктердің (ойын мен іс-әрекет) керек екендігі туралы  ақпараттанбаған және біле бермейді.

Онымен қоса, ата-аналар баламен ойнауды білмейді, оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарынан ерте балалық шағынан бастап тасалана бастайды. Қоғамда балаларының тәрбиесі мен дамуын толық қамтамасыз ете алмайтын «әлеуметтік осал» отбасылар аз емес.

Бүгінгі таңда ата-аналарға арналған жалпы білім беру топтарын құру, шағын аудандардың білім беру орындарында, ауылдарда және отбасында, баланы дамыту үшін бірыңғай кеңістік құру, мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті ретінде ойын іс-әрекетін және балалар мен ересектер үшін шығармашылық қорын насихаттау проблемасы айқындалып отыр.

Мұндай біріккен іс-әрекет ата-аналарды оқытуда қуатты және басты құрал болып табылады.

Отбасыларын зерттеу  көп жағдайда ата-аналар ойын іс-әрекеттерін  игеруге және балалар ойыны туралы пайдалы мағлұматтар алғылары келетінін  куәландырады.

Ата-аналар үй жағдайында ойын үшін жаңа мүмкіндіктерді көрулері тиіс.

Кейбіреулері үшін, мысалы, макарондар «қуыршақтың туған күніне арналған моншақтарға», ал орындықта қалдырылған газет ойын добына немесе қайыққа айналуы жаңалық болады. Ата-аналарға ойын практикум сабақтарында алған тәжірибелері баламен құрылымдық қарым-қатынасын дамыту және оның сезімдік күшін қолдау үшін ойынның маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді. Көпшілігіне ойынды ата-аналардың нұсқауларынан өзіндік «демалыс» ретінде ұғынуына мүмкіндік береді. Ата-аналарда өзіндік эмоционалдық және ашықтық шекарасын білу мүмкіндігінің болуы тиіс, ал педагогтер осы шекараларға құрметпен қарауға үйренуі керек.

Ойынның маңыздылығын мойындай отырып, ата-аналар өзінің ойынға деген ынтасын, белсенділігін және қызығушылығын сезінуі тиіс.

Арнайы құрылған ойын кеңістігі  жағдайында ата-аналардың ойындық мінез-құлық сипаттамаларын бақылаудың нәтижесі, айтарлықтай барлық ата-аналар бала территориясына бара бермейтінін және олар көбіне сарапшы немесе бақылаушы ретінде өз территориясында қалғанды ыңғайлы көретіндерін көрсетті. Сондықтан ата-аналарға өз баласымен және оның қатарластарымен ойында серіктестік қатынас құру үшін  практикалық тәжірибе алуға көмектесу, оларға ойында  импривизациялық қатысу тәжірибелерін алу мүмкіндігін қамтамасыз ету, қатынасуда баламен бірге ойын кеңістігін модельдеу, ойын сюжетін жазу (развертывания) және өзге әдістерін білу берілген курстың басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Белгілі себептерге байланысты балалары бала-бақшаға бара алмайтын (келмейтін) ата-аналар нақтылы көмекке мұқтаж болады: бұл тренингтер, әдістемелік нұсқаулар, әңгемелесу, практикалық көрсетулер, оқу практикумы және т.б. 

Осылай бала-бақшаға бара алмайтын ата-аналар мен балалар үшін «Бала ойынының тілі» атты білімдік ойындық курс құру ойы туындады.

Ата-аналар үшін бағдарламаның мақсаты:

- ата-аналарға баланың танымдық қызығушылығы мен қабілеттілігін дамытуда ойынның маңыздылығы мен мағыналылығын түсінуді үйрету;

- ата-аналарға мектепке дейінгі  балалар үшін ойын маңызды  өмірлік қажеттіліктердің бірі  екенін түсіндіру; 

- ересектердің ұйымдастырылған ойынымен ата-аналарды және балаларды ойнауға үйрету;

-ата-аналарды отбасы тәрбиесінде  қолдану ерекшеліктерін есепке  ала отырып, балалар ойынының  түрлілігімен таныстыру; 

- ата-аналарға ойын  серіктестері ретінде түрлі ойындарға  (қосу) араластыру мүмкіндігін беру;

- баламен қатынасында ата-аналарға ойын мінез-құлық репертуарын кеңейтуге мүмкіндік туғызу. 

Балаларға арналған бағдарламаның мақсаты:

- баланың шығармашылық  белсенділігін, оның елестетуін, қиялдауын, ойын іс-әрекеттіне қатынасу тілегін ояту;

- баланың қабілеттерінің  толық ашылуы және балалық  қызығушылықтарын қанағаттандыру  үшін ойын кеңістігін құру;

- баланың әртүрлі формалы ойын іс-әрекеттеріне қатысуы арқылы әлеуметтік тәжірибесін байытуға жағдай жасау;

- ойындық іс-әрекет негізінде балаларда қарапайым білімді, білікті және дағдыларды қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ

АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ОЙЫН ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ

 

Ойын өсіп келе жатқан балалардың спецификалық іс-әрекеті  болып саналады. Ол баланың тұлға ретінде түрлі жағынан «іске қосудың» қажетті механизмі ретінде жүзеге асады, сонымен қатар ол баланың тұлғалық мінез-құлықтарының дұрыс және өз уақытында «өсуі» үшін «құнарлы жер» ретінде және қоршаған адамдармен қарым-қатынаста әлеуметтік құзыреттіліктерін дамытады. Мамандардың айтуы бойынша, кең ойын тәжірибесі бар мектепке дейінгі балалардың аз ойнайтын балаларға қарағанда, мектепке табысты бейімделеді және өсе келе өмірдің маңызды жағдайларын жақсы шешеді. Бүгінгі отбасында ата-аналар балалардың  ойын мәдениетінде басты, кейде жалғыз трансляторлары болады.

Бала ойнай отырып, күнделікті өмір шеңберінде ата-аналарымен қарым-қатынасында рұқсат етілмейтін қиялдарын жүзеге асыру, ересектер  сияқты өз ойын білдіру сияқты маңызды  қажеттілігін қанағаттандырады.

Тек қана ойынға байланысты ол ересектер мен көптеген әлеуметтік нормалар және ережелер әлемінде өзінің тәуелділік жағынан шынайы еркіндігін сезінеді. Ол шынайы өмірде баланың  қолынан келмейді, бірақ ойын рөлдері  мен қарым-қатынастарында қолжетімді. Өзге сөзбен айтатын болсақ, ойын барысында алатын қанағаттануымен қоса, оған баланың дамуында қуатты импульс жинақталған эмоционалдық қанығу және жайлану сезімі келеді. Бірақ, егер ересектер әлемде қатынасу және байланысу ойын әдістерін меңгеруді ересектердің өздері балаға көрсетпесе, бала көбінесе оған тәуелді және өздігінен өмірлік жағдайларды табысты шешуге дайын болмайды.

Міне, сондықтан ата-аналардың  балаларымен қатынасуда ойын инициативасын көрсетілуін қолдау маңызды, отбасында баламен ойнау іс-әрекеті – бұл оның дамуына, эмоционалдық және психологиялық денсаулығына деген қамқорлық, баламен сапалы өзара қатынасуды орнату үшін ой және директива деңгейінде шарттар ғана емес, сонымен қатар эмоционалдық әрекеттесу тілі болып табылады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«БАЛАНЫҢ ОЙЫН ТІЛІ»

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ТАҚЫРЫПТАРЫ

«Кездесулер» топтамасының мазмұны мектепке дейінгі ұйымдар  негізінде бала өмірінде ойынның  маңыздылығын түсіну, қалыптастыру мақсатымен отбасыларда (ана, әке) тренингтік оқытулар жүргізуді болжайды. 

«Кездесулер» жұмыс  формасы ерекше сипаттамаға ие: бұл  еске түсірулерге толығымен ену, бұл туған күндерді тойлау, бұл  баланы ұйқыға жатқызу, бұл табиғатта  серуендеу және т.б.

 

Осы кездесулердің қорытындысы  ата-аналар мен балалар арасында ойындық және әлеуметтік өзара түсінісушіліктердің пайда болуын  көрсетеді.

1 кездесу. Өткен  балалық шақтың есте қалған  ойындары: олар несімен қымбат 

Ата-аналарға өзінің балалық шағына саяхат жасап, ересектер бала шағында жақын достарымен, қатарластарымен және жақындарымен қандай ойындар ойнағанын есіне түсіру ұсынылады. Бала әкесінің, анасының немесе әжесінің ойындарын ойнай отырып, қандай тәжірибе алуына болады?

2 кездесу. Асханада (асхана бөлмесінде) туындаған ойындар 

Тақырып атауы кейбіреулердің таңдануын тудыруы мүмкін: «Ас бөлмесі бала ойынына арналған орын емес!». Сондықтан бала ересектерден әрдайым: «Ас бөлмесінде біреу ас мәзірлегенде оған кедергі келтірме...», «Мен пештің қасында тұрғанда аяқ астына оратылма...» сияқты сөздерді жиі естиді. Әрине, құрметті ата-аналар осы нұсқамаларда өзінің мақсатқа лайықтылығы бар. Дегенмен өз балаларын табысты тәрбиелеп жүрген тәжірибелі мамандардар, педагог тәрбиешілер сіздерге ұсынатын «ас үй»  ойындарының тағы бір көзқарастарымен таныстырады.

3 кездесу. Ойын «көздерімен» отбасында өткізілетін дәстүрлі туған күндер

Сабақтар әрбір отбасында периодты түрде қайталанатын туған күн  иелеріне құрмет көрсету салт жағдайына (атмосферасына) толығымен енуіне мүмкіндік  береді. Осындай жағдайлар баланың  маңызды мақұлдау мен қатыстық қажеттіліктерінің арасында байланысты көруге мүмкіндік береді. Осындай жағдайларда ойын – жақсы көмекші болып табылады.

Ата-аналар мен балаларды міндетті түрде қызықтыратын музыкалық тосын  сыйлықтар күтіп тұр.

4 кездесу. Ұйқыға жатар алдында баламен кешкілік ойындар ойнау

Кейде балалар ұйқыдан бас тартады? Оны тыныштандыру үшін не істеу керек? Осы күнделікті салтты қалай түзетуге болады? Осындай жағдайларда сіз  ойыншықтар мен ойынның көмегіне жүгінесіз бе?

Баланың және оның денсаулығына күнделікті кешкі уақыттарды қалай пайдалы  өткізу үшін, сонымен қатар баланың отбасында қабылданған тәртіпке маңызды келісімдік тәжірибе алуы үшін ересектермен ойындық практикаларды қолдану  құндылығы туралы ата-аналарды әңгімелесуге шақыртылады. Ата-аналарға ұйқыға жатуды «шарасыздық алдында мойынсыну актісі» күнделікті кешкілік қажеттілігі ретінде қарауға ұсынылады. 

5 кездесу. Ойын мен  еңбекті бірге қолдану (кезінде)

Ата-аналарға балаларымен бірге қажетті емес заттарды ойыншықтарға және қызықты ермекке айналдыруға ұсынылады. Ата-аналармен және балалармен қосымша білім беру педагогі жұмыс жасайды.

6 кездесу. Дене денсаулығына  арналған ойындар — балалар  үшін басты «дәрі-дәрмек» 

Ересектерді де, балаларды да дене қуанышына, дененің масаттану және қанағаттану сезімдеріне толтыратын  белсенді қозғалмалы көңілді ойындарда ата-аналар мен балаларға ат салысуға ұсынылады. Мұндай ойындар жолда, жалықтыратын кезекте тұрғанда, жауын-шашынды және өзге күндері жиі көмектеседі.

Ата-аналар «тентектерге», «еркелерге», «бастаушыларға», сонымен қатар «момын» және басқа балаларға  арналған «ойын дәрі дәрмектері» туралы біле бастайды. 

7 кездесу. Математиктер мен сауатты адамдардың сиқырлы әлемі туралы ойындар

Әрбір ата-ана балаларының сауатты және мәдениетті адам болуын армандайды! Балаға математика мен ана тілін оқытуда көмектесу көңілді және қызықты болуы мүмкін. Математика мен сауатты ашу бойынша қосымша білім беру педагогтері «Математиктер мен сауатты адамдардың сиқырлы әлеміне» саяхаттауға шақырады. Ата-аналар балаға қалай дұрыс оқыту керектігін және ойындар ойнау оның дамуына, ақылын жаттықтыруына көмектесетіндігін түсенеді. 

Информация о работе Бала ойынының тілі