Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 18:10, реферат

Краткое описание

Қазақ қоғамындағы білім беру ісі «қазақтың тұңғыш ұстазы» ретінде танылған Ы. Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Оның ағартушылық қызметі қазақ халқының рухани-саяси отарлау саясатының қысымшылығы қысып тұрған кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл саясатты тоқтатуға ағартушылардың жергілікті саяси күші болмады. Тек ұлттық білім беру жүйесін заман талабына сай, миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып, Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті.

Содержание

І Кіріспе бөлімі
Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің тарихы

ІІ Негізгі бөлім
Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері

2.1 Орта білім беру жүйесі

2.2 Кәсіптік білім беру жүйесі

2.3. Білім берудегі гендерлік стереотип

ІІІ Қорытынды бөлім

Прикрепленные файлы: 1 файл

471_4_OXT.doc

— 83.50 Кб (Скачать документ)

         Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.

         Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр жақты дамыған өзінің және қоғамдық мүдделерді ұщтастыра білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдаланатын адамды тәрбиелейді. ҚР азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріліп, орта білім алу міндеттеледі. Жалпы орта білім – үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей. Жалпы орта білім 3 сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар) негізгі (6-10 сыныптар) және жоғарғы (10-12 сыныптар). Жалпы білімнің нұсқалығына, білім берудің ауқымды инфрақұрылымын қалыптастыруға, жалпы орта білім ьеретін ұйымдардың әр алуан түрлері мен үлгілерін дамытуға жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей және басқаларды құру арқылы қол жеткіземіз.

         Гимназия – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.

         Лицей – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы білім беретін оқу орны.

         Лицейлердің  ең басты ерекшеліктері – ақыл-ой қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып, оларды жоғары оқу орындарына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп  болуында. Лицейге жастарды қабылдау ең алдымен олардың табиғи мүмкіндіктерін, интеллектуалдық ерекшеліктерін айқындау негізінде жүргізіледі, кейін де бала дамуын қадағалай отырып, бірнеше іріктеу сатыларынан өткізеді. Ал оны аяқтаған жастар жоғары оқу орнында білім алу құқығына ие болады. Бұл оқу орындарының басты принципі баланы дәл болашақ мамандығына сәйкес қабілетіне қарай іріктеу және сол мамандықты жоғары деңгейде меңгеруіне көмектесетіндей бірнеше жыл бойы арнайы дайындықтан өткізу болып табылады.

         «Мирас» халықаралық мектебінің білім беру қызметінде Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы ұлттық стандарт пен халықаралық бакалавриат бағдарламасының талаптары орынды үйлесім тапқан. Көптеген пәндер ағылшын тілінде оқытылады.

         «Дәулет» мектебінде ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға байланысты бірнеше бастамалар бар, олар – «Лингвоелтану» оқулығы бойынша қазақ және ағылшын халықтарының тарихын, мәдениетін, білім беру құндылықтарын, рухани мұраларын зерттеу және олардың ерекшеліктерін мәдениеттанымдық тұрғыдан салыстыру. Оқушылардың ағылшын тілі грамматикасын меңгеруі мен тіл дамытуы компьютерлік бағдарлама бойынша беріліп, тексеріледі.

         Кәсіптік мектепте оқу мерзімі – 2-3 жыл, кәсіптік лицейде – 3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін- 4 жылға дейін болады.

         Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік  лицейлерде негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады.

         Және ол  еңбек қызметінің түрлі бағыттары  бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға  бағытталған.

         Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға  бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі – 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады.

         Кәсіптік  орта білім колледждерде, негізгі  жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.

         Жалпы және  кәсіби орта мектептерді бітірген  жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.

         Республика  азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен прфессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

         Жұмысшылар  мен мамандардың, басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім беру мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады. Қосымша білім беру үшін дене шынықтыру – сауықтандыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер өкімет басқару органдары бекітеді.

         Еліміз  егемендікке қол жеткізіп, тәуелсіздіктің  көк байрағы көгімізде көрінгелі  соңғы он жылдық мерзімінде  еліміздің экономикалық жағдайында  көптеген өзгерістер еніп, мемлекетіміздің  білім беру саласы алға ілгерілеп, көптеген келелі мәселелер көтерілді. Соның бірі - әлем елдерінің  көпшілігі қол қойған Біріккен Ұлттар Ұйымының  мыңжылдық декларациясындағы (2000 жыл)  ерлер мен әйелдердің теңдігін көтермелеу, әйелдердің құқықтары  мен мүмкіндіктерін кеңейту, яғни гендерлік  мәселелер.

          Гендер  – бұл ерлер мен әйелдердің  мінез-құлқын, сондай-ақ  олардың  арасындағы әлуметтік өзара қарым-қатынасты  айқындайтын, олардың әлеуметтік  және мәдени нормалары мен  рөлдерінің жиынтығы. «Gender» сөзі ағылшын тілінен  аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді. «Гендер»  термині әлеуметтік процестерді түсінуге арналған талдау құралы [2].

         Білім беру  мазмұнындағы гендерлік білім  беру мәселесіне қалам тартқан  ғалым-зерттеушілер Н.Д. Нуртазина  гендерлік мәселені ғылыми – теориялық тұрғыда негіздесе, А. Тазабекова гендерлік білім беру мәселесін қарастырды.

         Қазақстандық  зерттеушілер Е. Шарутина гендерлік  стереотипке өзіндік тұрғыдан  анықтама беруге тырысқан [3]. Ш. Берннің пайымдауынша, гендерлік стереотиптер – ерлер мен әйелдердің тең құқылы сұқбаттастығы мен әлеуметтік ынтымақтастығына ең басты кедергілер [4].

         Гендерлік  стереотиптер көп жағдайда әлеуметтік  нормалар тәрізді қабылданады. Жүйеленген  және ақпараттық қысым бізді  гендерлі нормаларға бағынуға мәжбүр етеді. Себебі біз ерлер бір іспен, ал әйелдер басқа іспен айналысатын гендерлік айырмашылық табиғи болып саналатын мәдениетте өмір сүреміз. Сондықтан гендерлік рөлдерді қабылдап, оларға бағынамыз. Тіпті үш жасында бала өзін ерлер немесе әйел жынысына жатқызады. Бұл шақта бүлдіршіндер ерлер мен әйелдер іс-әрекетінің айырмашылығын байқай бастайды. Жеті жасқа келгенде бала гендердің тұрақтылығын және оны өзгерту мүмкіндігінің жоқтығын түсінеді.

         Еліміздің  экономикалық жағдайы қарқынды ілгері дамыған сайын халықты жаппай гендерлік білім мәселелерімен сауаттандыруда арнайы орта, арнайы, жоғары білім беру ордаларына арналып оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар дайындау ұйымдастырылуда.

          Қорыта  келгенде, әлеуметтік психология бойынша гендер – бұл әлеуметтік норма. Осыған орай біз әлеуметтік норманы қалпында сақтау үшін:

    • орта білім беру ордаларында гендерлік біліммен қаруландыруда жасөспірім ұл мен қыз қоғамдағы әлеуметтік- құқықтық рөлін жасынан біліп өсуге, оларды ұл, қыз деп бөле жармай  саяси- мәдени өмірге тең дәрежеде белсене араласа білуге дағдыландыру;
    • кәсіби арнаулы және жоғары білім беру ордаларында дәстүрлі орын алған стереотиптерді (мәселен, қабілеті, жеке ерекшелігі жете тұра ұл балалардың педагогикалық мамандыққа бармауы, қыз балалардың техникалық мамандықтарды таңдамауы т.б.) өзгертуге жеке бас қабілетіне қарай, мамандануын алдын ала ұйымдастыру қажет.

         Сонымен, білім  мен  тәрбие беру – бұл республика  азаматтарының құзыретін және  адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

        Республикада «Білім туралы» Заңды жүзеге асырудың маңызды жолының бірі – болашық  мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат – оқушылады адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады. 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Білім туралы: Қазақстан Республикасының Заңы. –Алматы: «Литера», 2000 – 96 бет

 

  1. Г.Қ. Нұрғалиева, С. Мусин. Салыстырмалы педагогика. – Алматы-Ғылым, 1999 жыл

 

  1. Ш.Х. Құрманалина, Б.Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К. Ильясова. Педагогика. «Фолиант», Астана, 2007 жыл

 

  1. Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стретегиясы А, 2005

 

  1. Шарутина Е. 8 наурыз – теңдік мерекесі/ Мемелекеттік қызметшінің анықтамалығы. Заң консультатциялары  № 03-04 (27-28) 2006

 

  1. Берн Ш. / Гендерая психология СПб, 2001

Информация о работе Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі