Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 18:10, реферат
Қазақ қоғамындағы білім беру ісі «қазақтың тұңғыш ұстазы» ретінде танылған Ы. Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Оның ағартушылық қызметі қазақ халқының рухани-саяси отарлау саясатының қысымшылығы қысып тұрған кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл саясатты тоқтатуға ағартушылардың жергілікті саяси күші болмады. Тек ұлттық білім беру жүйесін заман талабына сай, миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып, Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті.
І Кіріспе бөлімі
Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің тарихы
ІІ Негізгі бөлім
Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері
2.1 Орта білім беру жүйесі
2.2 Кәсіптік білім беру жүйесі
2.3. Білім берудегі гендерлік стереотип
ІІІ Қорытынды бөлім
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемелекеттік Университеті
Гуманитарлық факультет
Ағылшын тілі кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Қазақстан
Республикасының
Орындаған: Желдибаева Ж.Қ. ШТҚ 111
Талдықорған қаласы, 2008 жыл
Жоспар
І Кіріспе бөлімі
Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің тарихы
ІІ Негізгі бөлім
Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері
2.1 Орта білім беру жүйесі
2.2 Кәсіптік білім беру жүйесі
2.3. Білім берудегі гендерлік стереотип
ІІІ Қорытынды бөлім
Білім беру – үздіксіз процесс
Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдың ерте дәуірінде - ақ (VII-VIII ғ.ғ) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі.
Ертедегі
Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар,
т.б қалаларында көптеген
Патша үкіметінің 150 жылға созылған отарлау саясаты халқымыздың егемендік жолындағы ғасырлар бойғы күресіне зор нұсқан келтіргенімен, Батыс пен Шығыстың рухани өмірдегі қарым-қатынасына жол ашты. Мысалы, Змеиногорскіде (Шығас Қазақстан) қорғасын-мырыш кен орнында 1761 жылы тау-кен жұмысшыларының балаларына арнап мектеп ашты, 1786 жылы Омбы қаласында «Азиялықтар мектебі» ірге көтерді. Осындай мектеп 1789 жылы Орынбор қаласында ашылды.
Қазақ феодалдарының (сұлтан, би, бай, старшын) балаларына Неплюев кадет корпусына (1825), Омбы кадет корпусына (1848) түсіп оқуына рұқсат етілді. Алғашқы қазақ мектебі Бөкей хан ордасында (1841), 1850 жылы Орынбордағы шекара комиссясының жанынан ашылған болатын.
Ресей Халық ағарту министрлігі 1870 жылы бұратана халықтарға білім беру шаралары туралы арнаулы заң қабылдады. Осы заң бойынша шет аймақтағыларды орыстандыруды көздеген миссионерлік педагогика жүйесі енгізілді. Мәскеуде құрылған арнайы миссионерлік қоғамның негізгі принциптерінде былай делінген: мұсылман елдерін ыдырату, арасына от жағу, яғни, пантүрікшілдік пен панисламдыққа қарсы күресу; бұратана халықтарды рповаславие дініне көшіріп, шоқындыру, халықты ата-баба тарихынан, ұлттық мәдениетінен қол үздіру, орыс алфавитін енгізу; мұсылмандық мектептер мен медреселерді біртіндеп жою, олардың орнына орыс-түзем, орыс-қазақ мектептерін ашу,кейін бұлардың бәрін таза орыс тіліне көшіру. Шет аймақтардағы отаршылдық саясатты жүзеге асыру үшін миссионер ғалымдар, оқытушылар кадрларын көптеп даярлау. Омскідегі «Азия мектебі», Орынборда Неплюев кадет корпусы, Омскідегі кадет корпустары құжатта көрсетілген шаралардың жүзеге асуының нақты көрінісі болатын.
Қазақ қоғамындағы білім беру ісі «қазақтың тұңғыш ұстазы» ретінде танылған Ы. Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Оның ағартушылық қызметі қазақ халқының рухани-саяси отарлау саясатының қысымшылығы қысып тұрған кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл саясатты тоқтатуға ағартушылардың жергілікті саяси күші болмады. Тек ұлттық білім беру жүйесін заман талабына сай, миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып, Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті.
ХІХ ғасырдың аяқ кезінде «қазақ мектептері қандай болу керек» деген мәселе күн тәртібіне қойыла бастады. Осы жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас пайда болды.
Бірі- бұратана халықты шала асауатты қалдырып, төл мәдениетінен қол үздіріп, бірте-бірте орыстандыру саясатын көздеген миссионерлер (Н.И. Ильминский, т.б.), ал екіншісі- орыс халқының прогрессивті озық мәдениет үлгілерін игеру арқылы «Өз елін өркениетті елдердің деігейіне көтеру қажет» - дейтін қазақ ағартушылары (Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев) еді. Оқытудың жәдид (төте оқу) деп аталатын ағымы отаршылдық орыстандыру саясатына қарсы түркі тектес ұлттардың өзін-өзі сақтап қалу жолындағы қажырлы күресінен туған еді. Отаршылдар оның өрісін тарылтып бақты. Патша үкіметі ұлт мектептеріндегі екі ағымды (хадим – ескі араб оқуды, ал жәдид – жаңа араб әрпімен дүнияүй білім беру) бір-біріне қарама-қарсы айдап салу арқылы ұлттық сана-сезімінің оянуын тежеуді көздеді. Осының нәтижесінде хадим ағымының өкілдері жәдидшілдерді, «құдайға күпірлік жасады» деп айыптап, олардың үстіне патша әкімшілігіне арыз жазуға дейін барды. Жәдид ағымына белсене қарсы шыққандардың бірі – Н.И. Ильминский. Жәдид ағымы мектеп, медресеге байланысты мына мәселелерді көтерді: біркелкі оқу жоспары мен бағдарлама жасау арқылы мұсылмен мектептерін бір ізге түсіру, оқу жоспарына арифметика, жағырапия, жаратылыстану, тарих, т.б. пәндерді енгізу арқылы қазіргі заман талабына сай шәкірттерге орта білім беруді қамтамасыз ету, сауатсыз, фанатик молдаларды тиісті білімі бар молдалармен алмастыру, дыбыстық оқыту әдісін енгізу, мектеп пен медресе бітіргендерге емтихан тапсыртып, оқышыларға тиісті құжаттар тапсыру, әскери індетін атқаруды жеңілдету, мұсылман мектептерін бақылауды жұрт сайлаған құрметті азаматқа тапсырып, оны өлкенің ресми қамқоршысына бағынышты ету, т.б. Осы мектептердің материалдық жағына көмпектесу, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, мұғалімдерге тұрақты жалақы төлеу мәселесі де назардан тыс қалмады.
Жәдид ағымының көшбасшысы белгілі түрколог-лингвист А. Байтұрсынов болды. Жәдидшілер бастауыш мектеп мәселесіне айрықша мән берді, осыған орай бірнеше оқу құралдарын жарыққа шығарды.
Жәдид ағымы
мектеп бітірушілердің
Қазан төңкерісінің
жеңісінен кейін халықты
Біріншісі, бұрынғы патшалы Ресейдің мұғалім-кадрларын мектепке тарту, екінші жолы – білімге құштар сауатты жастарды қысқа мерзімді курстардан өткізу, үшіншісі, арнайы педагогикалық оқу орындарын көптеп ашу арқылы мұғалім даярлау.
1920 жылы қазанда Қазақ АССР-ының Оқу халық комиссариаты құрылды. Оның төрағасы болып А. Байтұрсынұлы тағайындалды. 1920 жылы 18 ақпанда Бүкілқазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси тәрбие жұмысына байланысты мәселелер қарастырылды.
1922-23 оқу
жылдары Академиялық орталық
ұлт мектептері төл оқулықпен,
бағдарламамен қамтамасыз
Бұл оқулықтарды
жазуға қазақ зиялылардың
Республиада жоғары білімді кадр даярлауда Алматы қаласында тұңғыш ашылған Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институты үлкен рөл атқарды. 1929 жылы араб алфавитінен латын графикасына көшті. 1940 жылы латын алфавитінен орыс жазуына көшу ісі өркениет жолындағы тағы бір үлкен соққы болды. Оқу-ағарту саласындағы осындай үлкен бұрмалаулар ұлт мәдениетінің дамуына кері әсерін тигізеді.
Неміс-фашист басқыншылары шабуылына байланысты көпшілік ер мұғалімдер майданға, Отанды жаудан қорғауға аттанды, оқушылар болса колхоз, совхоз шаруашылығына көмектесіп, майдан қажетін өтеуге ат салысты, 15-16 жастағылар ФЗО мектептеріне түсіп, қысқа мерзімді курстардан өтіп, фабрика, зауыт, шахталарды ет-азаматтардың орнын басты.
Өндіріске барушылар көбейе түсті, осыған орай жұмысшы шаруа жастарының кешкі мектептері көбейді.
1945-1960 жылдары
мектептер мен онда оқитындар
саны күрт өсе бастады. 1950-1960 жылдары
тың игеруге байланысты
Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық, интерграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке –дара ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды.
Қазақстан
Республикасының білім беру
Қазіргі
өскелең өмір талаптарына сай
жастарға білім және тәрбие
беру, оларды жан-жақты дамыту- қоғам
алдында тұрған басты
Қазақстан
Республикасында жастарға
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері [1]:
- Жеке адамның
рухани және күш-қуат
- Азаматтықты,
үйелменнің, халықтың, қоғамның және
мемлекеттің алдындағы жеке
- Республика
тұрғындарына жалпы және
- Жеке
адамның шығармашылық
- Қазақ
халқының мәдениеті мен дәстүр-
Халыққа
білім беру ісін дамытуда педаг
1 Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік – қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.
Білім беру жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру.
Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. 5 (6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепке жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады.
Информация о работе Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі