Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 13:33, реферат
Ата дәстүрі дегенде, әрине, өзіңнен жасы үлкенді сыйлаудың орны ерекше. Қазақта «көз көрген» деген ұғым бар. Көз көргеннің мәнісі неде? Біріншіден, ескі дос-жаранның, ағайынның, жекжат-жұрттың бір-бірін қастерлеп, өзара сыйласуы, екіншіден, қиын-қыстау кезеңдерде көз көргендігін білдіріп, кәдімгі өз туғанындай қарауы, үшіншіден, жоғарыда айтылған адамдық істерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, ізгіліктің қайнар көзіне айналдыруы. Көз көргендердің бірін-бірі дәріптеуі, бір-бірінің бала-шағаларына қамқорлық жасауы – ізгіліктің ең жоғарғы шыңы, дәстүріміздің биік шоқысы.
– оқушылардың жеке тұлғасының еңбекке мотивтік сапаларын дамыту;
– оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;
– оқушылардың қарапайым
– пәндік-практикалық дағдыларын қалыптастыру. Стандартта «Еңбекке баулу» пәні – оқушылардың технологиялық даярлығын жүзеге асыратын оқу пәні ретінде жаңа сипаттамаға ие болды. Атап айтқанда, оның мазмұны төмендегідей құрамда құрылды:
– еңбек мәдениеті туралы алғашқы түсініктер;
– өмірдің әр түрлі саласында қолданылатын жалпы еңбек дағдылары;
– түрлі материалдардың қасиеттері мен ерекшеліктері;
– техникалық еңбек негіздері;
– көркем еңбек негіздері;
– тұрмыстық еңбек негіздері;
– дизайн негіздері. Мектептің бастауыш сатысындағы «Еңбекке баулу» пәні мазмұнының даму болашағы мектептің негізгі, жоғарғы сатыларындағы «Технология» пәнінің мазмұнында дамытылады. Стандартта «Еңбекке баулу» пәнінің базалық бағдарламасы да көрсетілді. Бағдарлама мына бөлімдерді қамтиды:
– техникалық еңбек;
– көркем еңбек;
– дизайн;
– тұрмыстық еңбек. «Еңбекке баулу» пәнінің мектептің бастауыш сатысындағы оқу жүктемесінің көлемі – 272 сағат, әр сыныпта оқу жылында 68 сағат, аптасына 2 сағаттан болып белгіленді. «Еңбекке баулу» пәнінің базалық білім мазмұнын жетілдіруде 1998 жылғы стандарт нұсқасындағы «Ауыл шаруашылық еңбегі» бөлімі «Дизайн» бөлімімен ауыстырылды. Бұрынғы «Өзіне-өзі қызмет ету» бөлімі «Тұрмыстық еңбек» болып өзгертілді. Ол бүгінгі ауыл мектептерінің экономикалық-әлеуметтік жағдайын ескеруді, заман талабына сай еңбек түрлеріне баулуды көздейді. Сонымен бастауыш сыныптардағы «Еңбекке баулу» пәнінің базалық білім мазмұны: техникалық еңбек, көркем еңбек, дизайн, тұрмыстық еңбек бөлімдерінен тұрады. Базалық білім мазмұнын жүзеге асыру барысында оқушылар: Техникалық еңбек бөлімінде түрлі материалдардың қасиеттері мен ерекшеліктерін біледі. Қарапайым бұйымдарды жасау технологиясын үйренеді. Көркем еңбек бөлімінде қолданбалы қолөнер негізінде түрлі ойыншық, тұрмыс бұйымдарын жасап, безендіреді. Бұйымдарды көркемдеп безендіру үшін ою-өрнек үлгілерін қолдана отырып, әшекейлеуді үйренеді. Дизайн бөлімінің мазмұны бұйымдарды көркемдеп, оларды эстетикалық жүйеде безендіруге машықтандырады. Тұрмыстық еңбек бөлімінде өзіне-өзі қызмет етудің іс-әрекеттерін біледі. Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптауды үйренеді. Мектеп, сынып, отбасында түрлі көмек көрсету бағытында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысады. «Еңбекке баулу» пәні бойынша мектептің бастауыш сатысындағы оқушылардың міндетті (минимум) даярлық деңгейіне қойылатын талаптар пәннің ерекшелігі ескеріле отырылып, «білуі тиіс» және «үйренуі тиіс» деп сараланып берілген. «Еңбекке баулу» пәнінің базалық білім мазмұны бойынша оқушылардың міндетті (минимум) даярлық деңгейіне жетуін тексеру жалпы техникалық білімі, іскерлігі, практикалық жұмыстарды орындауына қарай бағаланады деп белгіленген. Сонымен қатар бастауыш сыныптарда оқушының өзінің еңбек әрекетінің нәтижесіне сол күнгі сабақ барысында жетуіне және оның бағалануына мүмкіндіктер тудыру мақсатында «Еңбеке баулу» пәнін қосарланған сабақтар түрінде оқыту ұсынылып отыр. Оқушыларды еңбекке даярлау жүйесін педагогикалық мәнде жүзеге асырудың бір жолы технологияны тереңдетіп оқытатын мектептерді көптеп ашу болып табылады. Бұл білім саласындағы мүлдем жаңа бағыт. Технологияны тереңдетіп оқытатын мектептің құрылымдық дифференциациясы 3 сатыдан тұрады. І саты (V–VІІ сыныптар) – модульдік принцип бойынша оқу технологиясын дифференциациялау; ІІ саты (VІІІ–ІХ сыныптар) – бір технологияны дифференциациялық әдіспен тереңдеп үйрену; ІІІ саты (Х сынып) – арнаулы, кәсіптік даярлық негізінде дифференциалап оқыту. Оқуды дифференциялау оқушылардың жас ерекшеліктеріне де байланысты. Технологияны тереңдетіп оқытатын мектепте негізінен 10–16 жас аралығындағы балалар білім алады. Жасөспірімдер организміне тән ерекшеліктер – бұл кезеңде олардың бойы өсіп, бұлшық еттері ширай түседі. Ал 8–12 жастағыларды алатын болсақ, олардың омыртқа, жамбас сүйектері бекіп үлгермейді. Бұлшық еттері әлсіз, жүрек те үздіксіз өсу үстіндегі организмді қанмен қамтамасыз етіп үлгіре алмай жатады, осыдан барып, олар тез шаршайды, сабаққа деген ықыласы төмендейді. Технологияны тереңдетіп оқытатын мектептегі оқуды дифференциациялау қажеттілігі физиологиялық та, психологиялық та процестерге қайшы келмейді. Оның мынадай аспектілері бар:
1) дифференциациялау жайлы сөз
еткенде оқу орнының статусын
анықтайтындай білім берудің
ұйымдастыру-басқару,
2) технологияны тереңдетіп оқыту
барысында оқушылардың
3) технологияны оқытуды дифференциациялау – ұлттық экономиканың әр түрлі салаларымен (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, транспорт, байланыс), еңбектің көбірек ұшырасатын түрлерімен (металл, ағаш, тері, мата, азық-түлік өңдеу), электротехникалық, радиотехникалық және ауыл шаруашылығы жұмыстары, тұрмыстық қызмет, халықтық қолөнер, құрылыс жұмыстары мен ауыл шаруашылығы машиналарымен байланысты болады. Оқу бағдарламасын, еңбек және технология түрлерін таңдау технологияны тереңдетіп оқытатын мектептің өндіріс орындарына жақын орналасуына, ішкі мүмкіндігіне және оқу материалдық базасына байланысты. Аталмыш факторлардың есепке алу білім сапасын жақсартып, оқушы қабілетін арттыруға жағдай жасайды. Технологияны тереңдетіп оқытатын мектеп қабырғасында балалар мен қыздарды даярлаудағы айырмашылық еңбек барысында оларға түсетін физикалық салмақ және жүктемелерімен ерекшеленеді. Технология мазмұнын дифференциациялау 3 бағытта жүргізіледі:
1) модульдік принцип негізінде;
2) блоктар бойынша модульдер,
графикалық сауаттылықтың элеме
3) күрделілік деңгейі бойынша. Оқушылар іс-әрекетінің 3 деңгейі болады:
1) өзі зерттейтін объектіні
2) объектіні және оның қадір-қасиетін тани, саралай білу;
3) алынған білімді практика
1. Педагогикалық ұжымдардың (сынып
жетекшілерінің, пән мұғалімдерінің,
тербиешілердің) оқушыларды ауыл
шаруашылығындағы еңбекке тәрби
2. Мектепте ауыл шаруашылығы
кәсібіне оқушыларды оқытуды
ұйымдастыру. Оларға білікті
3. Мал шаруашылығы кәсібі
4. Оқушылардың ынта, тәрбие деңгейіне
қарай кәсіп түрлерін (сәндік-қолданбалы
өнердегі: ұста, зергер, тігінші, етікші,
т.б.) таңдауы. Оған сынып
5. Ауыл, село жастарының мал
6. Оқушылардың мал шаруашылығы
жөніндегі еңбекке ынтасын
7. Мектепте және өндірісте ата
кәсіпке баулитын мерекелер,
8. Тәлімгерлердің тұрақты болуы,
сынып жетекшілері, мал
9. Отбасында әр түрлі
1. Қазақ отбасындағы балаларды еңбекке тәрбиелеудегі дәстүрлі шаруашылықтарын атаңыз. Оларға қысқаша мазмұндық сипаттама беріңіз?
2. Қазақ отбасындағы ер баланы еңбекке тәрбиелеу дәстүрлерін атаңыз? Мазмұндық сипаттама беріңіз?
3. Қазақ халқының қыз балаларды дәстүрлі еңбек түрлеріне тәрбиелеу ерекшеліктеріне мазмұндық сипаттама беріңіз?
4. Мектепке дейінгі
5. Жалпы білім беретін
1. Шашақова А. Халық тәлімі – тәрбие бастауы. – Алматы, «Рауан», 1994. – 112 б.
2. Әмірғазин Қ.Ж. Қазақ қолөнері. –Алматы, Дайк-пресс, 1996.- 157 б.
3. Шәмкенова Р. Зергерлікте
4. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996. – 288 б.
5. Әбдіғапбарова Ұ.М.Қазақ
1. 1-4 сыныптарға арналған «Еңбекке баулу» пәні арқылы оқушыларды қазақ халқының дәстүрлі еңбек түрлеріне тәрбиелеудің қазіргі жағдайына шолу жасаңыз.
2. V-XI – сыныптардағы «Технология» пәні арқылы қазақ халқының қандай дәстүрлі шаруашылығына оқушыларды тәрбиелеуге болады? Оның бүгінгі таңдағы жағдайынан баяндама жасаңыз.
3. Болашақ мамандар даярлаудағы
этнопедагогика ғылымының
4. Болашақ мамандардың халықтық
педагогикадан меңгерген
5. Халықтық педагогикадағы еңбек
тәрбиесінің тәжірибесін
• Қазіргі қазақ мектебінің болашақта «Қазақ ұлт мектебіне» ұласуын көздеп оның жүйесін теориялық-әдіснамалық тұрғыдан белгілеу;
• Оқу-тәрбие процесін отбасынан бастап үздіксіз демократиялық нысанда қалыптастыру;
• Қазақтың көпсалалы ұлт мектебін балабақшадан бастап университетке дейінгі аралықта үздіксіз білім берудің барлық басқыш-сатыларын қамтитын, әрі қазақ ұлтының тілін, ділін, мәдениетін, дәстүрлі еңбек тәрбиесін, рухани болмыс-бітімін осы басқыштардың әрқайсысында да әлемдік өркениеттің жетістіктерімен шебер ұштастыра білетін біртұтас үзіліссіз жүйе ретінде қалыптастыру;
• Қоғам мен мектеп, мектеп пен ата-ана, мұғалім мен шәкірт, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастыққа, сабақтастыққа, үздіксіз тәрбие нысанына, оның ұлттық ұстанымына баса назар аударып, нағыз демократиялық дербес мектеп жасау қажет.
• «Қазақ ұлт мектебі» тәуелсіз Қазақстанда ғана өз атына лайық мәртебе ала алады, өйткені ол Қазақстанның ұлттық білім саясатын жүзеге асыратын еліміздің ең негізгі көпсалалы оқу-тәрбие мекемесі болып табылады. Оқушыларды жан-жақты дамыту ғасырлар қойнауынан келе жатқан еңбек тәрбиесінің ең негізгі мақсаты. Халық өзінің жас ұрпағы есті, адал, мейірімді, еңбекқор, ержүрек, ар-ожданы мол, парасатты болып өссін деген үмітпен өмір тәжірибесі сынынан өткен тәлім-тәрбие мұрасын қолданған. Әсіресе, баланы еңбекке тәрбиелеуге байланысты ерте заманнан жиып-терген ұлттық тәлім-тәрбиесінің асыл қазынасы, мол тәжірибесі бар. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынас, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың ауызекі творчестволық үлгілері – жеткіншектердің дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра. Сондықтан «Қазақ халық педагогикасының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану әдістемесін» жасауға жоғарыдағы аталған құжаттармен қатар, мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының тұжырымдамасы, ҚР азаматтарының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы, этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамалары тірек етілді. Әдістеме алты бөлімнен тұрады және қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін өзара бірізділікті сабақтастықта жүзеге асыруды көздейді:
1. Қазақ халық педагогикасының
дәстүрлі еңбек түрлерінде
2. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін отбасы тәрбиесінде пайдалану.
3. Қазақ халық педагогикасының
дәстүрлі еңбек түрлерін
4. Қазақ халық педагогикасының
дәстүрлі еңбек түрлерін жалпы
білім беретін мектептің оқу-
Информация о работе Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу