Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 13:33, реферат

Краткое описание

Ата дәстүрі дегенде, әрине, өзіңнен жасы үлкенді сыйлаудың орны ерекше. Қазақта «көз көрген» деген ұғым бар. Көз көргеннің мәнісі неде? Біріншіден, ескі дос-жаранның, ағайынның, жекжат-жұрттың бір-бірін қастерлеп, өзара сыйласуы, екіншіден, қиын-қыстау кезеңдерде көз көргендігін білдіріп, кәдімгі өз туғанындай қарауы, үшіншіден, жоғарыда айтылған адамдық істерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, ізгіліктің қайнар көзіне айналдыруы. Көз көргендердің бірін-бірі дәріптеуі, бір-бірінің бала-шағаларына қамқорлық жасауы – ізгіліктің ең жоғарғы шыңы, дәстүріміздің биік шоқысы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

kazakh-khalyk.doc

— 896.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

Қазақ халық  педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу

 

 

 

 

Авторлар 
Жиентаева Бегаим Жиентаевна 
Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ халық педагогикасы негізінде  оқушыларды еңбекке тәрбиелеу.

Мазмұны

  • К І Р І С П Е
  • 1 ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ
    • 1.1 Қазақ халық педагогикасында оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің тарихи жән әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
    • 1.2 Қазақ ғұлама-ағартушылары, қоғам қайраткерлері мен ғалымдарының дәстүрлі еңбек тәрбиесі туралы педагогикалық идеялары
    • 1.3 Оқушыларды еңбекке даярлаудағы қазақ халқының моральдық-этикалық көзқарастары

·  2 ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ТӘЖІРИБЕСІН МЕКТЕПТЕ ПАЙДАЛАНУ

  • 2.1 Қазақ дүниетанымының оқушыларды еңбекке тәрбиелеудегі мүмкіндіктері
  • 2.2 Қазақ халық педагогикасы идеяларының бүгінгі еңбек тәрбиесіндегі көрінісі
  • 2.3 Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану әдістемесі
    • І. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАЗМҰНЫ
    • IІ. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІН ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
    • ІІІ. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
    • VI. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІН ОҚУШЫЛАР ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ
    • V. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІН МЕКТЕПТЕН ТЫС МЕКЕМЕЛЕР ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
    • VI. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІН ОҚУШЫЛАР ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ
    • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

К І Р І С П Е 

Бүгінгі таңда қазақ халқы ғасырлар тоғысында тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени білім парадигмасы жүйесін  әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Өйткені кез келген жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани даму процестерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер оның аумағында мекен ететін халықтардың тұрмыс-тіршілігімен, дәстүрлі мәдениетімен, салт-дәстүрімен және өткенімен тарихи сабақтастықта айқындалады. Қоғамның даму үдерісінде қол жеткізген тарихи тәжірибесі із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі бір ретпен жинақаталып отырады. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде: «Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну – бұл өзі деп атап көрсеткен болатын Міне, сол ғасырлар-тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен орын алатын заңды құбылыс»,  қойнауында қорытылып, жинақталып қалыптасқан қазақ халқына тән ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерін оқушылардың тәрбиесінде, соның ішінде еңбек тәрбиесінде пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Себебі, ұлттық тәрбиенің қайнар көзіне, қазақ халық педагогикасы мен дәстүрлеріне қайта оралу заманның жай  қоғамдық өмір талабынан туындаған қажеттілік, өйткені мәдениеттің әлеуметтік-тұрмыстық-ағымы ғана емес, ол  дәстүрлі түрлерін танып-білу арқылы адам баласы оның рухани бастауына терең бойлайды, туған елінің, ұлтының өзіндік  болашақ ұрпақтарын дәстүрлі еңбекке тәрбиелеуі.-ерекшелігін аялап, сақтауға үйренеді. Қазақ халқының сондай дәстүрінің бірі  Сондықтан, қазақ халқының әлеуметтік, рухани-мәдени құндылықтарын сақтай отырып, оқушылардың еңбек етуге белсенділік қасиетін, дәстүрлі еңбек үдерісін меңгертуде тұрақты дағдыларын, шығармашылығын қалыптастыруды қамтамасыз ету өзекті мәселе болмақ. Бүгінгі нарықтық қатынасқа көшкен Қазақстанның ұлттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескеру және халықтың еңбек салт-дәстүрлеріне сүйену арқылы қоғам алдында өзінің дербестігі мен жауапкершілігін сезінетін, қоғамдық сана-сезімі оянған, парасаты мен ар-ожданы биік, іскер, қабілетті, шығармашыл, кәсіпкер, нарық жағдайында бәсекелестікпен еңбек ете білетін, әрбір жұмыстың пайдалы көзін тауып, өзінің таңдаған мамандығына деген білімділі  қазіргі-гін, біліктілігін көрсете білетін азамат тәрбиелеу  таңдағы өркениетті қоғамның талабы. Осыған орай Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін, интеллектін дамыту міндеті көзделген. Демек, оқушыларды дәстүрлі еңбектің қай саласында болмасын тек мәлімет жиынтығын меңгерумен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз, еңбек іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз ұлттық болмысын таныта алатын маман етіп тәрбиелеу қажеттілігі айқындалған. Еңбек тәрбиесі адамзат қоғамының түрлі кезеңдеріндегі даналық ой-пікірлерді уағыздаушы шежірешілер еңбектерінен көрініс алды. Орхон-Енисей ескерткіштерінің авторы Иоллығ-тегіннің «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» дастандары, осы дастандардың тәлім-тәрбиелік идеясымен астарлас рухани мұраның бірі – Қорқыт ата тағылымдары еңбек тәрбиесінің алғашқы философиялық, педагогика-психологиялық идеяларын өзек етсе, бұл мәселе олардан кейінгі ойшылдар мен ағартушылардың: әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин және т.б. тәлім-тәрбиелік мұраларында да жан-жақты қарастырылды . Сондай-ақ болашақ ұрпақты еңбекке тәрбиелеудің халықтық негізін және халық тәрбиесі құралдарының тиімділігін атап көрсеткен көрнекті қазақтың қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтары: М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров және т.б. болды . Қазақ халқының ежелгі тұрмыс-тіршілігі мен ұл-қыздарының еңбек тәрбиесіндегі өзіндік ерекшелігін шетелдік этнограф ғалымдар: Марко Поло, П.С.Паллас, А.Левшин, А.Янушкевич, В.В.Радлов, Г.Н.Потанин және т.б. қарастырып, зерттеген. Еңбек тәрбиесінің тарихи философиялық дамуына аса бір мән беріп зерттеген ғалымдар: Л.Н.Гумилев, В.В.Бартольд, М.О.Әуезов, Н.Сәрсенбаев, Е.Б.Бекмаханов, М.Қ.Қозыбаев, Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім және т.б. Ал, еңбек тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық теориясы мен әр түрлі тарихи аспектілерін зерттеген ТМД ғалымдары: П.Р.Атутов, С.Я.Батышев, А.М.Арсеньев, Ю.К.Васильев, А.Ф.Хинтибидзе, Сайфуллаев М., Ғ.Х.Ахмедзиянов, Т.Ш.Тоқтарова, Т.С.Сатыбекова, Р.Амиршоев, Г.А.Хамидулина, т.б., қазақстандық ғалымдар: Р.Г.Лемберг, Қ.Б. Бержанов, А.І. Сембаев, Т.Т.Тәжібаев, А.П.Сейтешев, Г.А.Уманов, М.Ә.Құдайқұлов, Г.Т.Хайруллин, К.Ж.Қожахметова, Б.И.Қожабаева, Р.А.Жаңабаева, Р.Н.Кузьмина, Э.А.Байдалинова және т.б. болды . Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының білім беру мен тәрбиелеу саласының түбегейлі жаңаруы қоғамдағы ірі өзгерістермен бірге, ұлттық сананы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді, халықтық қадір-қасиетімізді, психологиялық табиғи белгілерімізді жандандыру мен жаңартуымызға елеулі септігін тигізді. Осы ретте еліміздің білім беру мен тәрбиелеу саласының барлық жүйесінде, атап айтқанда, бала тәрбиелеуші әрбір отбасынан бастап мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектеп, колледж, ЖОО-да халықтық педагогика тағылымдарының озық үлгілерін жан-жақты енгізу дәстүрге айналды. Қазіргі дүниежүзілік жаһандану, ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі мен ғарышты игеру заманында, әлем халықтарының тұрмыс- тіршілігіндегідей, қазақ халқының дәстүрлі еңбек түрлері өнеркәсіп салаларындағы еңбек түрлерімен қатар, ең басты күнкөріс көзі болып келеді және бола бермек. Сондықтан нарық кезеңінде оқушыларды еңбекке баулу үдерісінде, әсіресе, халықтық педагогикадағы дәстүрлі еңбекке ерекше назар аудару қажеттілігі туындап отыр. Демек, қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерінің бүгінгі жасөспірімдер тәрбиесінде, әсіресе 12-жылдық мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі бейіндік сыныптардағы қажеттілігі мен оның жүйелі түрде сабақтастықта жүргізілуі өте өзекті болып отыр. Осыған орай бірыңғай оқулықтар, оқу- әдістемелік нұсқаулардың қажеттілігі де туындап отыр. .

  • 1. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ
    • 1.1. Қазақ халық педагогикасында оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің тарихи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары

Қазақ халық педагогикасында оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын айқындау үшін, біз қазақ халқының шаруашылығының даму тарихына шолу жасаудан бастағанды жөн көрдік. Себебі, қазақ халық педагогикасында оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің тарихы қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының пайда болу, даму, қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Алайда қазақ халқының шаруашылығында ұзақ кезеңдер бойы ұжымдық еңбек қалыптаспады. Себебі, олар көшпелі өмір сүріп, ауыл-ауыл болып қоныстанды. Шаруашылық негізінен отбасында дамыды. Барлық еңбек іс-әрекеті қолдан жасалған еңбек құралдарымен атқарылды. Бұл жағдай Ақпан революциясына дейін сақталды. Көшпелі өмірдің осындай қиыншылықтары халықты балаларын әр түрлі еңбек іс-әрекетіне үйретуге мәжбүр етті. Сөйтіп, отбасында еңбек тәрбиесінің дәстүрі қалыптаса бастады. Біздің осы ойымызды қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен қазақ халқының тарихын зерттеуші ғалым С.Қалиевтің қазақтың халықтық педагогикасының тарихи дамуын 8 кезеңге бөліп оны былайша жіктеуі: (біздің дамуымызға дейінгі тас, қола замандары; б.д.д. VII–ІІІ ғғ – б.д.д. V ғ.; VШ–ІХ ғғ.; Х–ХVғғ.; ХV–ХVІІІ ғғ.; ХVІІІ ғ.-дан ХХ ғғ. 20-ж. дейін; 1920–1990жж.; 1991–2000жж. ) дәлелдей түседі . Адамзат тарихының дамуы тас дәуірі, мыс (қола) және темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінетіні белгілі. Соның алғашқы кезеңінде арнайы шаруашылық қам-қарекеті табиғаттың дайын тұрған өнімдерін пайдаланумен ғана шектелген. Әуелгі адам жабайы өсімдіктердің жемістері мен дәндерін жинап қоректеніп, әр түрлі аңдарды аулады. Сөйтіп, аңшылық кәсіп шаруашылықтың негізгі саласына айналды. Бұл кәсіп еңбек бөлінісінде жаңа кәсіптің пайда болуын, яғни тастан құралдар жасауды туындатты. Археологиялық қазба жұмыстарының барысында бізге жеткен осы құралдар «тас дәуірі» деп аталатын шартты атаудың шығуына себеп болды. Осы дәуірдің өзі үш кезеңге бөлінді: палеолит – бастапқы, ежелгі, мезолит – орталық, неолит – соңғы кезең. Бұл кездерде адам баласы дамудың аса ұзаққа созылған азапты жолын өтті. Осы жолда олар үнемі ізденіп, тіршілік тәжірибелерін жетілдіріп, табиғатпен тіл табыса білді. Олардың мезолит кезеңінде садақпен жебені ойлап табуы, шағын тастардан әр түрлі еңбек құралдарын жасауы алға басуға ықпал етті. Біздің заманымызға дейінгі бесінші мыңжылдықта басталған неолит дәуірінде тас құралдары кеңінен қолданылды. Тастарды тегістеу, тесіп, бұрғылау, ағашты арамен кесу сияқты технологиялық әдістердің игерілуі, тұрмыста тас балта, кетпен, дәнүккіш, келі, келсаптардың пайдаланылуы үлкен жетістік болды. Ал қарапайым еңбек құралдарын тастан жасау, оны пайдалануды меңгеру ересек адамдар тарапынан балаларды еңбекке үйретуге, тәрбиелеуге мүмкіндік жасады Ф.Энгельс «алғашқы дәуірде балалар ортақ, қоғамдық болды, өйткені жеке отбасы болған жоқ, сондықтан балаларды тәрбиелеу де алғашқы қоғам мүшелерінің ұжымдық жұмысы болды», – деп көрсетті. Еңбек үдерісінде, ересектермен күнделікті қарым-қатынас жасауда балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет-ғұрпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардың өміріндегі салт-дәстүрді сақтауға үйренді. Алғашқы қоғам тапсыз болғандықтан, соған сәйкес тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей еді. Алғашқы қоғам дамуының белгілі сатысында тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана кейбір айырмашылықтар кездесті. Ер балалар ер-азаматтармен бірге қару-жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге, үй жинап, кір жууға араласты . Сонымен, біз тас дәуіріндегі еңбектің түрлерін сараптау барысында, адамзат қоғамында балаларды еңбекке тәрбиелеудің төмендегідей тарихи, әлеуметтік, экономикалық алғышарттарын айқындадық:

1. Қазақстан жерінде ежелгі гомонидтердің  пайда болуы.

2. Көне тас дәуіріндегі жабайы  және аңшылық шаруашылықтың пайда  болуы, еңбек бөлінісінің қалыптасуы.

3. Жабайы аңдарды қолға үйрету, үй хайуанаттарының пайда болуы,  мал шаруашылығының алғашқы қарапайым түрінің қалыптасуы.

4. Үй шаруашылығындағы қарапайым  еңбек түрлерінің пайда болуы.

5. Еңбектің адамның жынысы мен  жасына қарай табиғи түрде  бөлінуі.

6. Адамдар арасындағы алғашқы  ұжымдық қарым-қатынастың пайда  болуы.

Осы аталған алғышарттар көне тас дәуіріндегі төмендегідей еңбек түрлерінің қалыптаса бастағанын көрсетеді: аңшылық; еңбек құралдарын жасау; үй шаруашылығының қарапайым түрлері, жабайы аңдарды қолға үйрету. Алайда, қазақ отбасындағы балаларды еңбекке тәрбиелеу тәжірибесінің тарихын адамзат қоғамының тас дәуірінен бастап қарастыру А.Қасымжановтың басшылығымен жазылып, жарыққа шыққан «Қазақ» атты оқу құралындағы мынандай бір ғылыми деректері себепші болды. Онда: «Ең ерте ғұмыр кешкен тұрғындар (800 мың жылдай бұрын) тас ғасырының адамдары болған. Ертедегі тас құралдарының қалдықтары Қазақстанның әр түрлі бөлігінен табылып отыр. Қаратау баурайларында, Солтүстік Балқаш өңірінде, Орталық пен Шығыс Қазақстанда, сондай-ақ Маңғыстауда орналасқан палеонтологиялық көптеген ескерткіштердің негізгі бөлігі сондай қарулар. Осы ежелгі мәдениет иелерінің тіршілігі мен қызметі Қазақстандағы жаңа тас дәуіріне, яғни неолит пен энеолитке дейін (б.з.д. V–ІІ ғ.) тоқтаусыз жалғасып келген. Олардың аса бай шаруашылық-мәдени тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ауысып отырған, мұның өзі олардың мәдени дамуының соңғы кезеңіне жеткен ұрпақтарына әр аймақта географиялық-экологиялық тіршілік ортасына байланысты өзіндік ерекшелігі бар қоғамдық өндірістің түрін жасап, қалыптастыруға мүмкіндік берген. «Неолиттік революция» деп аталатын дәуірде, Еуразияның басқа да бөліктеріндегілердікі сияқты, Қазақстан жеріндегі ертеде тіршілік кешкен тұрғындардың шаруашылық-мәдени дәрежесі жоғары болған» деген пікір айтылады. Сондай-ақ, профессор С.Қалиевтің «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы» атты оқулығындағы ғылыми тұжырымдары жоғарыда айтылған ойларымызға дәлел бола алады. Ол қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөніндегі сонау көне ғасырлардан келе жатқан тәжірибесін қазақ хандығы құралған кезеңнен (XIV–XV- ғғ.) бастап қарастыру тарихи-әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда дұрыс емес екендігін айтады . Ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеген бұл тарихи деректер біздің қарастырып отырған мәселелерімізге тарихи-әлеуметтік тұрғыда кеңірек үңілуімізге мүмкіндік туғызады. Қола дәуірінде адам қоғамы өзінің жабайылық кезеңінің жоғары сатысында болып, мәдениеттілік кезеңінің бастауларын қалыптастыра бастайды. Бұл дәуірде адам шаруашылық құралдарын металлдан істеуді үйренеді. Олардың алғашқы игерген металлдары – мыс пен алтын болды. Өйткені бұлар тау-тас жыныстарының ішінде табиғи таза, кесек-кесек күйлерінде кездесетін болған. Міне, осы кесектерден балқыту әдістерімен түрлі құралдарды жасауға машықтанады. Осы тәжірибелерін жетілдіре келіп, енді түрлі-түсті (көк, жасыл) тастарды отқа күйдіру арқылы, одан мыс, алтын, қалайы балқытып ала бастайды. Қалайы мен мыстың қорытпасынан қоланы өндіреді. Оның мыстан әлдеқайда қатты болатын қасиетін ескеріп, барлық құрал-саймандарды қоладан жасай бастайды. Осылайша, адам келешекте темірді игергенге дейін, олардың ең сүйікті металлы қола болған. Уақыт талаптарына қарай адамдардың тұрмыс-тіршіліктері де өзгеріп отырды. Қола дәуірінің кезінде адамдар рулықтан тайпалық қоғамдарға ауысып, бірте-бірте халық болып қалыптасудың көптеген көріністері тұрақты сипат ала бастады. Шаруашылықта мал өсірудің орны барған сайын кең өріс алып, бұрын аң аулаумен шұғылданатын еркек қауымы енді мал өсіруге көшіп, оны өздерінің төл кәсібіне айналдырумен бірге, жан-жақты дамып, жедел қарқын алуына ерекше көңіл бөледі. Міне, осының салдарынан, бүкіл адамзат қауымында әйелдер бұрынғы ықпалдарынан ығысып, негізгі басшылық орындарын азаматтарға бере бастайды. Осылайша, аталық қоғамның дәурені басталып, ер адамдар енді ру, тайпалардың шаруашылықтары мен қоғамдық өмірінің жетекшілігін өз қолдарына алады. Осыған орай адамдар арасындағы туысқандық қатынастар әке жағымен есептелетін болады. Қазақ даласындағы көшпелі тұрмыс дәл осы заманда қалыптаса бастайды. Тұрмыс-тіршіліктеріне қарай адамдардың қоғамдық және отбасы қатынасындағы идеологиялары да көп өзгерістерге түседі. Алғашқы жабайы нанымдар – табиғат күштері мен жансыз заттарға құдай ретінде сиыну бірте-бірте қала бастайды. Енді көк әлеміндегі күнді, айды, жұлдыздарды Тәңірге балап, табынудан, өлгеннен кейін басталатын өмірге нанушылықтан ата-бабалар рухын қадір тұту дәстүрлері туындайды. Мұның бәрі тәлімдік және тәрбиелік жүйелерді ерекше дамытады. Қоғамдағы отбасының орны бұрын-соңды болмаған жауапкершілікке бағынып, жаңаша дамудың сипаттарына ауысады. Қоғамдағы жеке меншіктің алғашқы түрі – отбасының меншігі өмірге келеді. Осыған орай мүлік жөніндегі теңсіздіктер пайда болады. Сөйтіп, қола дәуірінде шаруашылықтың салалары тас дәуірімен салыстырғанда едәуір күрделеніп, дами бастайды. Металл балқыту бүгінгі ауыр өнеркәсіптің алғашқы қарапайым іргетасының негізін қалады. Сонымен қатар бұл дәуірде күнкөріс көзіне айналған мал шаруашылығының өнімдерін өңдеу негізінде қазіргі жеңіл өнеркәсіптің тоқыма, тігін, тері өңдеу және т.б., салалары қалыптаса бастады. Демек, осы дәуірдегі дамыған еңбек іс-әрекеттері қазақ отбасында балаларды еңбекке тәрбиелеудің төмендегідей тарихи, әлеуметтік, экономикалық алғышарттарын айқындауға мүмкіндік берді:

1. Қазақстан жерінде алғашқы  үй-жайлардың салынып, қазақтардың  баспаналарда қоныстануы.

2. Еңбек бөлінісінде дәстүрлі  күрделі шаруашылық салаларының  қалыптасуы: мал шаруашылығы, металл  өңдеу, қолөнер, тұрмыстық шаруашылық, аңшылық кәсіп.

3. Қоғамның жоғары даму сатысының  белгісі, ұлттық мәдениеттің бастаулары  ретінде шаруашылық құралдарының металдан дайындалуы.

4. Шаруашылықта мал өсірудің  қазақ халқының төл кәсібіне  айналып, жан-жақты дамуы, мал  шаруашылығының дәстүрлі жіктелуі (қой, түйе, жылқы, іріқара).

5. Отбасы шаруашылығының қалыптасуы  және оның күрделеніп, тұрмыстық  және үй шаруашылығы салаларына бөлінуі (тоқыма, тігіншілік).

6. Металл өңдеу кәсібінің қолөнер  саласының дамуына ықпал етуі: зергерлік, ұсталық кәсіптерінің  пайда болуы.

7. Қоғамдық, әлеуметтік қарым-қатынастың  пайда болуы.

Осы айтылған алғышарттар негізінде  қола дәуірінде мына төмендегідей дәстүрлі еңбек түрлері қалыптасты: аңшылық, мал шаруашылығы, металл өңдеу, тұрмыстық шаруашылық, қолөнер. Қазақ халқының халық болып қалыптасуына, мәдени-рухани жаңғыруына жол салған тайпа, ұлыстардың арасында сақтар мен ғұндардың орны ерекше. Сақтардың қалыптасқан наным-сенімі, биік мәдениеті болған. Олардың мәдени-рухани ықпалының ізін Қазақстанмен қатарлас жатқан Иран, Ауған, Пәкістан, Үнді елдерінен күні бүгінге дейін көруге болады. Сақтар әулеті біздің заманымызға дейінгі VІІ ғасырда тарих аясына шығып, біздің заманымыздың ІІ ғасырына дейін өмір сүрген. Оның іргесін қалап, шаңырағын көтерген – Алып Ер Тұнға (Афрасияб), жайлаған жері, мекен-тұрағы Орта Азияның, бүгінгі Қазақстанның байтақ далалары, Шығыс Түркістан өңірі болған. Оның шаруашылық-мәдени типінің негізі көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылық болды. Негізінен қой, түйе, жылқы және ірі қара өсіріп, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан сақтар Батыс және Орталық Қазақстан жерлерінде, шөл және шөлейт далаларда жыл бойы көшіп жүріп, мал бағып күнелтіс етті. Тянь-Шань, Алтай тауларының баурайы, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы-орманды, ашық-жазық алқаптарын мекендеген, жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын сақтар малдарын қыста тұрақты қора-жайларда, жазда жайлауда ұстады. Малдың қора-жайларын, өздері тұтатын үйлерді ағаштан қиып, тастан қалап жасады. Отырықшы болып мал ұстап, егіншілік-диқаншылықпен айналысқан сақтар табиғи су қорлары мол, шабындық жайылымдық алқаптары көп Оңтүстік Қазақстан жерін, Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойын мекен етті. Ежелгі қазақ жерінің орасан территориясын мекен еткен, біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ ғасырда бой көтеріп, 216 жылға дейін өмір сүрген Ғұн ұлысы 24 тайпадан құралған. Ғұндардың қазақтың арғы тегі екенін олардың моласынан табылған жүннен істелген бұйымдар, ою-кестелер, өрнектер айғақтайды. Олар құрылымы жағынан қазақ арасында кең тараған ою-өрнектермен ұқсас келеді. Демек, үйсін, қаңлы, албандардың, арғын, қыпшақтардың мәдениеті сақ, ғұн тайпалары мәдениетінің заңды жалғасы деуге әбден болады. Жетісу жерін, Шу, Талас, Іле өзендерінің бойын, Қаратаудың шығыс бетін қоныс еткен үйсіндерде қолөнер кәсібі, темір, ағаш өңдеу, үй кәсіпшілігі өрмек тоқымашылығы қатты дамыған. Олар қоладан, темірден қару-жарақ, еңбек-өндіріс құрал-саймандарын, ыдыс-аяқ жасай білген. Әшекейлі ою-өрнектермен безендіріп алтын, күмістен жүзік, білезік, сырға, алқа, түйреуіштер істеген, тері илеп, одан киім-кешек тіккен, өрмек тоқыған. Қоғамның бұл даму сатысында өндіріс күштерінің қалыптасуымен және адамдардың еңбек тәжірибесінің кеңеюімен қатар, еңбек тәрбиесі де күрделене түсті, ол жан-жақты жоспарлы іске айналды. Қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қолөнеріне үйретілді. Осыған сәйкес еңбек тәрбиесін ұйымдастыру қажет болды. Балаларды еңбекке тәрбиелеу ең тәжірибелі адамдарға жүктелді. Ертегі, ойын және өлең мінез-құлық тәрбиесінің құралына айналды. Әскери тәрбиенің алғашқы элементтері: садақ ату, найзаласу, салт атқа міну және т.б. туындай бастады. Тәрбиені ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі – рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектің бір саласына айналғанын көрсетеді. Жеке меншіктің, құлдықтың және жеке отбасының шығуына байланысты алғашқы қоғам ыдырай бастады. Енді қоғамдық тәрбиемен қатар, жеке отбасы тәрбиесі шықты. Қоғамды билеуші топтар: көсемдер, ақсақалдар пайда болып, еңбекке баулу тәрбиесіне көңіл бөліне бастады. Сонымен, сақтар мен ғұндар тарихи, әлеуметтік, экономикалық даму процесімен ерекшеленеді. Тарихтың бұл кезеңінде қазақ елінің саяси, экономикалық, кәсіби, мәдени өзіндік ерекшелігі қалыптасты. Аталған кезеңде қазақ отбасында жеткіншектерді еңбекке тәрбиелеудің тарихи және әлеуметтік, экономикалық алғышарттарына мыналарды жатқызуға болады:

Информация о работе Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу