Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 08:58, доклад

Краткое описание

Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.docx

— 31.17 Кб (Скачать документ)

Өз тәжірибемде соңғы  үш жыл ішінде флипчарт- сабақтарды жиі өткізіп жүрмін. Мұндай сабақтарға оқушылар өте қызығушылықпен, үлкен  ынтамен қатысады. Мысалы, 6-сыныпта «Координаталық жазықтық» тақырыбы бойынша өтілген сабаққа тоқталып өтейін.

Бұл – тарау бойынша  өтілген тақырыптарды қайталауға арналған сабақ.

Сабақтың барысы:

  1. Үй тапсырмасын тексеру флипчартта орындалып тұрған дайын шығарылу жолы бойынша тексеріледі.
  2. Фронтальды сұрақ-жауап өткізу үшін сынып оқушылары «Қыран» және «Жігер» атты екі топқа бөлініп «Аукцион» ойыны жүргізіледі. Ойын барысында оқушылардың назарын тек керекті сұраққа ғана  аудару мақсатында «шторканы» қолдандым. Әр топтың иеленген балдарын есептеп отыру үшін интерактивті тақтаның бір шетіне таймер орналастырдым.
  3. «Функция» тақырыбын қайталауға арналған сұрақтарды оқушылар дөңгелекшелердің астынан қарындаштың көмегімен жылжыту арқылы алып шығып жауап береді.
  4. Үлестірмелі карточкалар арқылы жеке-дара жұмыс. Бірнеше карточкадағы тапсырма бойынша оқушылар Ұлы адамдардың есімдерін координаталық жазықтықта табады. Басқа карточкадағы тапсырмалар бойынша координатанық жазықтықта берілген нүктелер бойынша флипчарттағы сызғыш,  түзу сызықтардың көмегімен математикалық фигуралар салынып, транспортирмен олардың бұрыштары өлшенеді.
  5. Тест тапсырмалары орындалады.

    Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолдану сабақ үстінде оқушыларды психологиялық еркін сезінуге көмектеседі. Жаңа материалды игеру кезінде оқушы кез келген слайдқа немесе флипчартқа қайтып келуіне болады, әрбір слайдқа дыбыстық файл қосуға болады. Ол музыка, немесе экрандағы құбылысты түсіндіретін дикторлық мәтін болуы мүмкін. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Мұғалімдер сабақта ауызша өз мәнінде меңгертілуі қиын ұғымдарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, бұрынғыға қарағанда әрбір жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы мейлінше көп оянады. АКтехнологияларын пайдаланып жаңа сабақты меңгерту кезінде оқушылар ақпараттың 50-80%-ын қабылдайды.

    Бұл сабақтар  қандай оң нәтиже береді?

  • Балаларға компьютерде жұмыс жасау ұнайды және пәнге қызығушылығы артады;
  • Суреттер, түрлі түстер, дыбыстық безендірулер оқушыға жақсы әсер етеді;
  • Білімді игеру-ізденіс, шығармашылық негізде болады;
  • Балалар өздерін сенімді, еркін ұстайды;
  • Балалар өте мұқият, жинақы және тәртіпті отырады;
  • Сабақ көтеріңкі көңіл-күймен өтеді;
  • Тексеру және өзін өзі тексеру жүзеге асады;
  • Тестілеуді тез өткізуге болады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.

1. Оқушыларға оқылатын  құбылыстар мен объектілер туралы  толық және дәл ақпарат бере  отырып, оқу сапасын арттырады;

2. Оқытудың көркемділігі  артады, яғни оқушыларға қиын  да күрделі материалдарды көрнекі  түрде түсіндіруге қол жеткізеді;

3. Оқытудың тиімділігі  жоғарлайды және оқыту материалын  түсіндіру мүмкіндігін арттырады;

4. Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық  көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын,  табиғи сұранысын қанағаттандырады;

5. Мұғалімдерді техникалық  жұмыстан босата отырып, үнемдеген  уақытта олардың шығармашылықпен  жұмыс істеуіне жағдай жасайды;

6. Мұғалім мен оқушының  жұмысын жеңілдетеді.

Ақпараттық технологияны қолдануда оқушылардың пәнге  деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, шығармашылықпен жұмыс істеуге  жетелеуге де болады. Нәтижесінде  оқушы:

  • компьютерде еркін жұмыс жасайды;
  • компьютерлік желілермен байланыс жасайды;
  • ақпараттарды алады, сақтайды;
  • интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;
  • электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;
  • өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
  • басқа пәндерді оқығанда компьютер мүмкіндігін тиімді қолдана алады.

Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды өз тәжірибемде  қолдану нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткіздім:

  1. ХІІ Сәтбаев оқуларында «Ақпараттық технологияларды математика сабағында қолдану» атты ғылыми мақаламды қорғадым. Бұл жұмысым мақалалар жинағына енді.
  2. ХІІ Сәтбаев оқуларына белсене қатысқаным үшін алғыс хатқа ие болдым.
  3. 2012 жылы ақпараттық орталық өткізген интернет-фестивальға «Вектордың координаталары» атты флипчарт сабағыммен қатыстым.
  4. 2010-2011 оқу жылында ActivInspire бағдарламасымен жұмыс жасайтын мұғалімдердің «Самғау» шығармашылық тобын құрдым.
  5. Мектебімізде өткен аудандық семинарда сол топтың жұмысы бойынша есеп бердім.
  6. 2011-2012 оқу жылында Қараоба орта мектебінде өткен семинарда «Функция» тақырыбына ашық сабақ көрсеттім.
  7. ActivInspire, ActivStudio бағдарламаларымен құрылған сабақтардың аудандық «Үздік сабақ әзірлемесі» сайысының жеңімпазы атандым(2012ж). 

Қорытынды:

Мұғалімнің және оқушының шығармашылық жұмыстарының ғылыми жұмыстарын қалыптастыруда жаңа құндылықтар, ізденістер жасау. Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді  өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем.

Оқушының дамуына әсер етуші әлеуметтік фактор негізінде  оқушы, мұғалім, ата-ана, басқа пән  мұғалімдері ынтымақтасуы керек.

Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылар жаңа тұрмысқа, жаңаша оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

 

Қолданылған әдебиеттер:

    1. Н.Ә.Назарбаев. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»,2007 жыл;
    2. «Интерактивті тақтаны қолдану жолдары», «Мектеп» республикалық ғылыми әдістемелік журнал №9-11;
    3. Интернет материалдары №72 «Google» және №65 «Mail.ru» сайттары,2012ж.
    4. «Математика және физика» ғылыми әдістемелік журналдары, №5-2011, №2-2012жж.

 

 

 

                       

 

 

 


Информация о работе Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану