А.Байтұрсыновтың дидактикаға қосқан үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 15:46, курсовая работа

Краткое описание

Ахмет қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану ғылымының ағартушысы. Ахметтің мұрағаты жаңа уақыт, жаңа заманға, халқына қызмет етуде. Ахметтің ілімдері — әлі зерттелетін үлкен ғылым. Ахмет Байтұрсыновтың ұлтым деп соққан жүрегі, үлгі-өнегесі — қазіргі жаңа заманға өте керек.
Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамуы Ахмет Байтұрсыновтың есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған “Тіл — құрал” атты еңбектерінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3-5
I тарау.А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ МЕН ҮЛЕСІ.....................................................................................................................6-14
1.1. Қаламгердің көземсөзі.............................................................................................8
1.2. «Оқу құралы» еңбегінің тілдік және педагогикалық қырлары...................................................................................................................9-12
1.3. А.Байтұрсыновтың мұғалім кадрларын даярлауға қосқан үлесі.......................................................................................................................13-14
ІІ тарау. ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ РЕТІНДЕ..............................................................................................................15-30
2.1. Тіл біліміне қосқан үлесі..................................................................................15-21
2.2 . А.Байтұрсыновтың жазуы мен емле ережелерінің тарихы..........................................………………………………………………..22-27
2.3 . А.Байтұрсыновтың әліпбиі............………………………………………......28-30

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31-32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

А.Байтұрсынов (Автосохраненный).docx

— 101.98 Кб (Скачать документ)

Қорытынды

 

Қорыта келсем кеңес дәуірінде  Ахмет Байтұрсынов  есімін атаудың өзі қылмыс саналса, еліміз тәуелсіздік туын тіккеннен кейін халқымыз өзінің ұлы перзентімен қайта табысып отыр.Тау сілеміндей мол мұра оқырман қолына тие бастады.Қазақстан Республикасының арнаулы қаулысы бойынша  республикамыздың әр жерінде шаруашылықтарға, мектептерге, көшелерге және Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Тіл білімі институтына Ахмет Байтұрсынов есімі берілді. Сөйтіп, тарихи әділет, шындық салтанат құрды; халқының бостандығы, тәуелсіздігі, еркіндігі үшін тар заманда жан аямай күрескен ұлы замат Ахмет Байтұрсынов ұлт күрескерлерінің сапына келіп қосылды.

Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен  «Тіл құралдарының» орны айрықша. Кезінде  қазақ қауымы Байтұрсынұлы десе, Байтұрсынұлын  «Тіл — құралды», «Тіл құралы» десе, Ахметті қазір – Ахаң деп танитын  болған. 
Қазақ тілін ана тілімізде тұңғыш зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын графикасын жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы» (Төте жазу) дүниеге келген, екінші – сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты әліппе оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойғаң бұл үшін «Тіл құралды» жазған.

А. Байтұрсынұлы өзiн ең әуелi мұғалiммiн деп санаған. Сондықтан педагогикалық қызметiн ең қиын кездердiң өзiнде тастаған жоқ, қайта сәл мүмкiндiк болса соны пайдаланып отырған. Балалар үшiн «Әлiппе» жазды. «Айқап» жұрналында «Дұрыс жазу емлесiн» жариялады. Кеңес өкiметi орнағаннан кейiн, жас республиканың халық ағарту комиссары болып тұрған кезiнде сауатсыздықты жою мәселесiнде көп iстер тындырды. Оның басшылығымен жаңа мектептер, жоғары оқу орындары, орта кәсiби бiлiм беретiн училищелер ашылды. Ең бiрiншi ашылған педагогикалық институтта Ахметтiң өзi сабақ бердi.

Байтұрсынұлының сол замандағы  әлемдік дидактика ғылымындағы  оқыту әдістерін талдаған мақалалары, әдістемелік «Баяншы» кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер ТІЗІМІ

 

  1. Р.Дүйсенбаев «Қазақ алфавиті туралы мәселеге, ДУГ, 1897, №10 
  2. Шахзаман Зиятов. «Бірге қозғалайық» - Д. «Айқап» 1912, №6 
  3. Қазақ тілі жөніндегі революциядан бұрынғы зерттеулер. Алматы, «Ғылым», 1993, 18-20 – беттер
  4. «Айқап», 1912, № 4 – 5, «Жазу тәртібі» деген мақаласында 
  5. Н.Әміржанова латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының графикасы мен орфографиясы (1929-40жж.). канд. дисс. авторефераты. Алматы, 2010ж.    
  6. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.. 
  7. Әбілова З. Этнопедагогика. -А., 1997. 
  8. Бержанов Қ. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. -Алматы, 1973. 
  9. Бабанский Ю. Педагогика. -Москва, 1988. 23-тарау.
  10. Батышев С. Научная организация учебно-воспитательного процесса. -М., 1975.    
  11. Внутришкольное управление: Вопросы теории и практики. Под ред. Т. И. Шамовой.    
  12. 20.Ильина Т. Педагогика, -М., 1984 жыл.    
  13. 21.Керімов Л. Праволық тәрбие жүйесі. (11-лекция). -А., 1991.
  14. “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
  15. Тарихи тұлғалар. Танымдық – көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN: 978-601-01-0268-2
  16. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
  17. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса – Алматы: “Аң арыс” баспасы, 2009
  18. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123
  19. Болдырев Н. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -Алматы, 1987.       тарау.    
  20. Болдырев Н. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1980.

 


Информация о работе А.Байтұрсыновтың дидактикаға қосқан үлесі