Тұрғын үй жалдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 20:25, реферат

Краткое описание

Тұрғын үймен қамтамасыз ету қазіргі кезеңде маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады және соған орай белгілі бір саясатты жасап шығармау мүмкін емес. Әрине, ол оны бірден шешпейді, бірақ бірте – бірте азаматтарды тұрғын үймен неғұрлым тиімді түрде қамтамасыз етуге қол жеткізе отырып, бұл осы мәселені бақылауды ұстауға мүмкіндік береді. 1917 жылғы октябрь революциясынан кейінгі және КСРО – ның өмір сүрген кезеңінде тұрғын үй мәселесін шешудің әртүрлі жолдарын бөліп көрсетуге болады. Бастапқы кезде еңбекші халық тұрғын үймен байларға тиесілі тұрғын үйлерді қайта бөлу есебінен қамтамасыз етіледі. Кейіннен ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында КСРО – да индустриалдық негізде тұрғын үй құрылысы басталады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. Тұрғын үйді жалдау шарты.................................................................................6
2. Мемлекеттік тұрғын үй қортындағы тұрғын үйді жалдау шарты.................12
3. Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты..........................23
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

turgin_ui_jaldau.docx

— 49.64 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. Тұрғын үйді жалдау шарты.................................................................................6

2. Мемлекеттік  тұрғын үй қортындағы тұрғын  үйді жалдау шарты.................12

3. Жекеше  тұрғын үй қорындағы тұрғын  үйді жалдау шарты..........................23

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тұрғын үймен қамтамасыз ету қазіргі кезеңде маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады және соған орай белгілі бір саясатты жасап шығармау мүмкін емес. Әрине, ол оны бірден шешпейді, бірақ бірте – бірте азаматтарды тұрғын үймен неғұрлым тиімді түрде қамтамасыз етуге қол жеткізе отырып, бұл осы мәселені бақылауды ұстауға мүмкіндік береді.   1917 жылғы октябрь революциясынан кейінгі және КСРО – ның өмір сүрген кезеңінде тұрғын үй мәселесін шешудің әртүрлі жолдарын бөліп көрсетуге болады. Бастапқы кезде еңбекші халық тұрғын үймен байларға тиесілі тұрғын үйлерді қайта бөлу есебінен қамтамасыз етіледі. Кейіннен ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында КСРО – да индустриалдық негізде тұрғын үй құрылысы басталады.           Тұрғын үйді жалдау шарты бойынша тұрғын үйдің иесі немесе оның уәкілетті адамы (жалға беруші) азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасы мүшелеріне тұрғын үйді ақы төлеп пайдалануға беруге міндеттенеді.    Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй беру туралы шешімі негізінде жасалады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын жарамсыз деп тану.             Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын  үйді жалдау талаптары, егер тұрғын үй заңдарында өзгеше көзделмесе, талаптардың келісімімен белгіленеді. Меншік иесі (меншіктің жеке  нысанына негізделген жеке немесе заңды тұлға) өзі тұратын тұрғын үйді, не негізделген жеке немесе заңды тұлға) өзі тұратын тұрғын үйді, не негізгі мақсаты жалға алушыларға тұрақты немесе уақытша тұру үшін берілу болып табылатын тұрғын үйді жалға беруге құқылы.   Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарттары (талаптары) жалға беруші мен жалға алушы арасындағы шартпен де заңдармен де реттеледі. Меншік иесі тұрмайтын және меншік иесі тұрақты тұратын тұрғын үйді жалдау шартының шарттары арасында ерекшелік жасалған.  Меншік иесі тұрмайтын тұрғын үйді ол жазбаша түрде жасалған шарт бойынша басқа адамға жалға бере алады.             Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi орган растайды. Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жөнiнде нақты атқарылатын жұмыстардың жобаға сәйкестiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен меншiк иесi мен жұмысты атқарушы жауап бередi.

 

 

 

 

 

1. Тұрғын үйді жалдау шарты 

Тұрғын үйді жалдау шарты бойынша тұрғын үйдің иесі немесе оның уәкілетті адамы (жалға беруші) азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасы мүшелеріне тұрғын үйді ақы төлеп пайдалануға беруге міндеттенеді.   Тұрғын үйді жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиіс. Тұрғын үйдi (тұрғын үй-жайды) немесе оның бiр бөлiгiн тұрғын емес мақсатқа пайдалануға осы Заңда көзделген жағдайларда жол берiледi. Тұрғын үйдi пайдалану оның бұзылуына немесе бүлiнуiне әкелiп соқпауға, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтiрмеуге тиiс. Тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесiнiң келісімiмен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келуiне жауап беретiн жеке немесе заңды тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Тұрғын емес үй-жайлар тұрғын үй-жайлардан оқшау болуға тиіс және ортақ кіру (шығу) есігі болмауға тиіс. Жобаның мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi орган растайды. Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жөнiнде нақты атқарылатын жұмыстардың жобаға сәйкестiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен меншiк иесi мен жұмысты атқарушы жауап бередi.    Үй-жайларды (пәтерлерді) өзгерткен (қайта жабдықтаған, қайта жоспарлаған) кезде тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің міндетті жазбаша келісімі, мынадай:

1.өзгерістер тіреуіш конструкцияларды қозғаған;

2.өзгерістер ортақ мүлікті қозғаған жағдайларда, талап етіледі.

Жоғарыда аталған өзгерістер өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жоспарланса басқа да үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің ғана мүдделерін қозғаған жағдайда, тек аталған адамдардың ғана жазбаша келісімін алу талап етіледі.

Егер Тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану үй-жайлардың иелерi (азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет) тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген бiрлестiкке бiрiгуге құқылы.            

Тұрғын үй қорын және кондоминиум объектісін басқаруды меншiк иесi тiкелей, не өзi құратын (тағайындайтын, сайлайтын) органдар арқылы, сондай-ақ сенім бiлдiрiлген адамдар арқылы жүзеге асырады.    Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу, оның кiмге тиесiлi екенiне қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады.          Тұрғын үй дауларын шешу:

Тұрғын үйге құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды сот шешедi. Азаматтарды және заңды тұлғаларды олардың тұратын тұрғын үй-жайларынан тек осы заңда белгiленген негiздемелер бойынша, сот тәртібімен ғана шығаруға болады. Сонымен қатар, Шетелдiк заңды тұлғалардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың тұрғын үй қатынастарындағы құқықтары мен мiндеттерi:

1.Қазақстан Республикасында шетелдiк  заңды тұлғалар мен шетелдiктер, егер Қазақстан Республикасының  заң актілерінде өзгеше белгiленбеген болса, тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен және азаматтарымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттердi мойнына алады.

2.Қазақстан Республикасында тұрақты  тұратын азаматтығы жоқ адамдар  тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттердi мойнына алады.   

Тұрғын үйге жеке меншiк құқығын алу:

1. Азамат  немесе заңды тұлға, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы аумағының қай жерiнде тұратынына қарамастан, жеке меншiгiне заңды түрде тұрғын үй сатып ала алады.

2. Бiр азаматтың  немесе заңды тұлғаның меншiгіндегі  тұрғын үйлердiң саны мен көлемiне  шек қойылмайды.

3. Тұрғын үйге меншiк құқығын алуға немесе жүзеге асыруға байланысты қатынастар да Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi.

Тұрғын үйге меншiк құқығы пайда болуының негiзі Тұрғын үйге немесе оның бiр бөлiгiне меншiк құқығы мынадай негiздер бойынша:

1) үй (үйдiң бiр бөлiгiн) салу;

2) сатып алу-сату, айырбастау, сыйға  тарту, өмiр бойы күтiп ұстау  шартымен, алып қою мәмiлелерi мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу;

3) тұрғын үйдi мұраға немесе құқықтың  әмбебап түрде ауысуы ретiмен алу;

4) жалға алушының мемлекеттік  тұрғын үй қорының үйiнде өзi тұратын тұрғын үйдi немесе тұрғын  үй-жайды жекешелендiру (сатып алу  немесе тегiн алу) жолымен меншiгiне  алуы;

5) тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативi мүшесiнiң тұрғын үй-жайлар үшiн пайдалану жарнасының бүкiл сомасын төлеуi;

6) шарттық мiндеттеме, соның iшiнде  азаматтың үй салуға өз қаражатымен  немесе еңбегiмен қатысуы туралы  шарт негiзiнде тұрғын үй-жайды  меншiкке беру;

7) заңды тұлғалардың мемлекеттік  емес меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйдi сату не тегiн беру жолымен өз қызметкерiнiң немесе өзге азаматтың меншiгiне беруi;

8) мемлекеттiң немесе заңды тұлғаның  мемлекеттік меншiк нысанына негiзделген  тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттармен өз қызметкерiнiң не өзге адамның меншiгiне беруi;

9) жеке меншiкте болған тұрғын  үйдiң бұзылуы немесе күштеп  алынуы салдарынан тұрғын үйден  айырылудың өтемi ретiнде тұрғын  үй беру;

10) Қазақстан Республикасының заң  актілерінде тыйым салынбаған басқа да негiздер бойынша пайда болады.

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры:

1.Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры жеке және мемлекеттік тұрғын үй қорларын қамтиды.

2.Тұрғын  үй қорына тұрғын үйлердегi тұрғын  емес үй-жайлар кiрмейдi.

3.Осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұрғын үй қоры және мемлекеттік кәсiпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қоры үйлерiндегi тұрғын үй-жайларды жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың немесе өзге де ұйымдардың мәжбүрлеп иелiктен шығаруына тыйым салынады.           Тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативi мүшесiнiң пайдалану жарнасының бүкiл сомасын төлеуi. Тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативiнiң пай жарнасының бүкiл сомасын төлеген мүшесi тұрғын үйдiң меншiк иесiне айналады. Мұндай тұрғын үйге меншiк құқығына жинақталған пайдың бiр бөлiгiне құқығы бар оның отбасы мүшелерi де ие болады.

Тұрғын үйге ортақ меншiк құқығы:

Тұрғын үйдi бiрлесiп салған, азаматтық-құқықтық мәмiлелер жолымен немесе мұраға алған жағдайда және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа жағдайларда екi немесе одан көп азаматтар тұрғын үйге ортақ меншiк құқығына ие бола алады. Бiрнеше адамның меншiгіндегі тұрғын үй оларға ортақ бiрлескен меншiк құқығымен:

1) ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi;

2) жекешелендiрiлген тұрғын үйге  ортақ меншiк түрiнде тиесiлi болады.

Ортақ меншiктегi тұрғын үйдiң меншiк иелерi арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне белгiленген тәртiппен бөлiнуi мүмкiн.

3) ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiк құқығының ерекшелiктерi неке және отбасы туралы заңдармен белгiленедi.

4) жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ бiрлескен меншiк құқығының ерекшелiктерi осы заңмен белгiленедi.        Тұрғын үйге меншiк құқығын тiркеу егер тұрғын үйге меншiк құқығы ол тiркеу органында тiркелген кезден бастап пайда болады. Тiркеу тиiстi тәртiппен ресiмделген, осы Заңнамасында көзделген негiздер бойынша тұрғын үй алынғандығын растайтын құжаттар көрсетiлген жағдайда жүргiзiледi.   Тұрғын үйдiң, сондай-ақ салынып бiтпеген тұрғын үйдiң иесi оны, сату шартын белгiлей отырып, өз қалауы бойынша еркiн сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға, басқа адамдарға мұраға қалдыруға, кепiлге беруге, осы бапта көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де жолмен оған билiк етуге құқылы.

Ипотекалық тұрғын үй қарызы қаражатының есебiнен толық немесе iшiнара сатып алынған тұрғын үйдi сатып алу-сату шарты мемлекеттік тiркелген кезден бастап меншiк иесiнiң ипотекалық тұрғын үй қарызы толық өтелгенге дейiн кредитордың келісімiнсiз осы тұрғын үйге билiк етуге құқығы жоқ.

Меншiк иесiнiң тұрғын үйдi немесе оның бiр бөлiгiн тұрғын емес мақсатта пайдалануы оған мемлекеттік органдардың рұқсатын қажет етпейдi.

Бұл құқықты меншiк иесi құрылыс, санитариялық, өртке қарсы және басқа да мiндеттi нормалар мен ережелердi сақтаған жағдайда ғана iске асырады.

Егер құзыреттi органдар мiндеттi нормалар мен ережелердi бұзу фактілерін не тұрғын үйдi пайдалану басқа азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн айтарлықтай бұзатын фактiлердi анықтаса, үй-жай иесi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тартылып, сонымен бiрге оған мұндай тәртiп бұзушылықтарды және олардың зардаптарын жою мiндетi жүктелуi мүмкiн.

Бiр тұрғын үйде орналасқан үй-жайлардың иелерi оны күтiп ұстау жөніндегі ортақ шығындарға қатысуға мiндеттi. Әрбiр меншiк иесi шығынның мөлшерi тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлардың пайдалы алаңының немесе дара (бөлек) меншiктегi тұрғын емес үй жайлар алаңының тұрғын үйдiң жалпы алаңына қатынасымен анықталады.

Тұрғын үй иесiнiң жер учаскесiне құқығы:

- тұрғын үй, сондай-ақ салынып бiтпеген тұрғын үй сатылған, сыйға тартылған, мұраға қалдырылған, кепiлге берiлген жағдайда жер учаскесiн меншiктену (жердi пайдалану) құқығы тұрғын үйдiң жаңа иесiне тұрғын үйдiң бұрынғы иесi ие болған көлемде көшедi.                  - тұрғын үйге (тұрғын жайға) бекiтіліп берiлген жер учаскесiне тұрғын үй иелерiнiң құқықтары Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарымен белгiленедi. Тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi:

- үнемi бiрге тұратын ерлi-зайыптылар мен олардың балалары тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi деп танылады. Ерлi-зайыптылардың ата-аналары, сондай-ақ өздерiнiң отбасы бар және меншiк иесiмен үнемi бiрге тұратын балалары өзара келісім бойынша ғана меншiк иесi отбасының мүшелерi деп танылуы мүмкiн.

- ерекше жағдайларда, егер меншiк иесiмен үнемi бiрге тұрса және онымен кемiнде бес жыл ортақ шаруашылық жүргiзсе, басқа адамдардың да тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi деп танылуы мүмкiн. Еңбекке жарамсыз асырауындағылар, егер олар меншiк иесiмен үнемi бiрге тұрса, меншiк иесi отбасының мүшелерi болып табылады.

Тұрғын үй иесi отбасы мүшелерiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi:

- меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi тұрғын үйiне өзi қоныстандырған отбасының мүшелерi, егер оларды қоныстандыру кезiнде өзгеше ескертiлмеген болса, тұрғын үйдi онымен бiрдей пайдалануға құқылы. Олар өздерiне меншiк иесi берген тұрғын үйге өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын тұрғызуға құқылы. Отбасының басқа мүшелерiн тұрғызуға меншiк иесiнiң келісімiмен ғана жол берiледi.

Информация о работе Тұрғын үй жалдау