Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 17:03, реферат
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы. Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық , әлеуметтік, құрылымдық , басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: Малшылық Жер игеру Өндірістік Саудагерлер тобы Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді.
Ι. Кіріспе.
1.1 Құқық және мораль түсінігі
ΙΙ. Негізгі бөлім
2.1 Құқықтың пайда болуы мен дамуы
2.2 Құқықпен моральдың айырмашылығы мен ұқсастығы
2.3Құқықтың функциясы
Моральдың пайда болуы мен дамуы
2.5. Моральдың Зерттеу Объектісі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады;
Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады;
Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары қойылады;
Мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен байланысты.
МОРАЛЬДЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ
Мораль — тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу объектісі. Мораль деп — белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста болу кабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль — ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдык нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама-қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасқан. Мораль өзінің түп-тамырымен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр.
Бізді өзіміздің ең көне тегімізден алшақтататын уақыт аракашықтығына орасан зор екендігін көзге елестету үшін мынадай шаманы алуға болады. Адамның қалыптасуының тарихи кезеңін тұтас жүз пайыз деп алсақ, соның тек бір пайызы ғана біздің "өз есімізді білген" тарихи уақыт болып табылады. Яғни адамзаттың мақтан тұтар бес-алты мың- жылдық мерзімдегі мәдени-өркениеттік кезеңі оның алдындағы адамзаттың қапастағы "тарихымен" салыстырғанда түкке тұрмастай шамада. Ол — бізге таңсық, түсінгенімізден түсінбегеніміз көп уақыт мерзімі.
Адамдардың бірлесе өмір сүру тәжірибесінен, мәдениеттің дамуынан Моральдық нормалар шыққан және оның орындалуын қоғамдық пікір қадағалап отырады. Ынтымақтастық пен адамгершілікті нығайтатын қалыптар Мораль ережелері болып қабылданады. Жеке тұлға қоғамның әдеп мәдениетін игеру барысында өз мінез-құлқын реттей алатын қабілетке ие болып, айналасында болып жатқан оқиғаларға Моральдық баға бере алады. Нәтижесінде адам кісілік қасиеттерін дамыта алатын субъектіге айналып, оның бойында ар-ұят, жауапкершілік, парыз, намыс, ізгілік секілді жоғары Моральдық, кісілік қасиеттер қалыптасады. Моральдық сана тек таңдау мүмкіндігі бар жерде ғана әрекет етеді. Мәжбүрлеп істелген іске Моральдық баға беру қиын. Сондықтан Моральдық санада мотив, пиғыл, мақсат мәселелері алдыңғы қатарға шығады. Моральдық сананың үш сатысы болады. Біріншісі, адамның ішкі тылсым дүниесін, яғни Моральдық қажеттіктер мен қабілеттерді, эмоциялар мен сезімдерді, т.б. қамтиды. Әдептік сананың екінші сатысына рационалды ақыл-ой елегінен өткен Моральдық түсініктер жатады. Рационалды Мораль, әдетте әр түрлі әдептілік ережелерінен, адамгершілік туралы этикалық теориялардан тұрады. Моральдық сананың үшінші сатысы Моральдық интуиция (түйсік) болып табылады. Моральдың негізгі бөлігіне іс-әрекет, мінез-құлық жатады. Моральдық мінез-құлықта мотив-мақсатты, құрал мен нәтижені айыра білу қажет. Әлеуметтік қатынастардың түрлі салаларына сәйкес кәсіптік, отбасылық, тұрмыстық, т.б. Мораль түрлері айқындалады.
Қорытынды.
Сонымен, шектеу және тарату талқылаулары шын мәніндегі құқық нормаларының мазмұнын толық сәкестендіреді және нормативтік – құқықтық баптың мәтінінде дәл жазылады.
Құқық нормаларын ресми және ресми емес, нормативті және казуальді талқылау. Заңға қосымша актілер.
Құқық нормаларын түсінуде, жоғарыда көрсетілгендей, олардың мазмұнының анықтығы, белгілігі толық еместігін байқаймыз. Ол әр түрлі себептермен түсіндіріледі. Мысалы, азаматтардың заңмен таныстығының жетімсіздігі, көп жағдайда құқық нормаларын түсіндіруге қиындық туғызады, мысалға кейбір кездегі кездесетін іс жүзіндегі құқық қолданудағы қайшылықтарды айтуға болады. Сондықтан, қажетті жағдайда жататындар құқық нормаларын талқылау – түсіндіру және оларды дәл іске асыруды қамтамасыз ету, іс жүзіндегі, әсіресе оларды қолдану процесіндегі қателікті жібермейді.
Сонымен, талқылау құқық нормаларын дұрыс және біркелкі түсінуді және қолдануды қамтамасыз етеді. Құқықтық нормалардың елементтері бірігіп, оның құрылымын қалаптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.
Негізгі
заңды нормаларда
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРІ
1.Булгакова
Д.А. «Мемлекет және құқық
2.Баянов Е. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері». Алматы 2003 жыл.
3.Табанов С.А. «Салыстырмалы құқықтану негіздері». Алматы «Жеті Жарғы» 2003жыл.
4.Ашитов З.О. «Қазақстан
Республикасының құқықтық
5.Ашитов З.О. «Егемен Қазақстанның құқығы». Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл.
6.Жоламанов К.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы «Эверо» 2004.
7.Н.И.Матузов.А.В.Малько «
8.Т.Н.Радько.«Теория
9.М.И.Абдулаев. Теория государства и право.Питер 2003