Көлік+құралдарына+салынатын+салық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 21:03, реферат

Краткое описание

Көлік құралдарына салынатын салық – мемлекет пен көлік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автокөлік жолдарын пайдаланады. Ал осы автокөлік жолдарын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Сондықтан да көлік салығының экономикалық мәні зор.
Көлік құралдарына салынатын салық тікелей нақты салық болып табылады.
Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу не оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Көлік+құралдарына+салынатын+салық.doc

— 157.00 Кб (Скачать документ)
    1. беретін тарап үшін:

салық кезеңінің басында  қолда бар көлік құралдары  бойынша салық сомасы салық кезеңінің  басынан бастап көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;

салық кезеңінің ішінде сатып алынған көлік құралдары  бойынша салық сомасы көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;

  1. алушы тарап үшін – салық сомасы көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немесе алушы тарап одан кейін аталған көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңі есептеледі.

Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:

  • көлік құралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде жылдық салық сомасын тараптардың біреуі (келісім бойынша) есептеп, бюджетке енгізеді;
  • көлік құралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге тиісті салық сомасын есептеу жоғарыда аталған тәртіп бойынша жүргізіледі.

Алу кезінде ҚР-нда  есепте тұрмаған көлік құралын сатып алған кезде салық сомасы көлік құралына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың 1 күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезең үшін есептеледі.

Егер меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1 шілдеге дейін болған көлік құралдары бойынша бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Егер көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу  құқығын немесе оралымды басқару  құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, бюджетке салық  төлеу көлік құралын мемлекеттік  тіркеуге дейін немесе тіркеу кезінде  жүргізіледі.

Салық төлеуші- заңды тұлғалар көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде, сондай-ақ көлік салығы бойынша декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей, салық салу объектілерінің тіркелген жері бойыншасалық органына табыс етеді.

 

ТҮЙІН

Көлік құралдарына салынатын  салық – мемлекет пен көлік  құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік  құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың  автокөлік жолдарын пайдаланады. Ал осы автокөлік жолдарын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Сондықтан да көлік салығының экономикалық мәні зор.

Көлік құралдарына салынатын  салық тікелей нақты салық  болып табылады.

Меншік құқығында салық  салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу не оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері болып табылады.

ҚР-нда мемлекеттік  тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары, тіркемелерді қоспағанда, салық салу объектілері болып табылады.

Мына көлік құралдары  көлік салығының салық салу объектілері болып табылмайды:

- жүк көтергіштігі 40 тонна  және одан асатын карьерлік  автосамосвалдар;

- мамандандырылған медициналық  көлік құралдары.

Салық төлеушілер салық заңдылығына сәйкес салық салу объектілерін әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерін негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді. Сондай-ақ салықты салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша бюджетке төлеуі қажет.

Егер меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1 шілдеге  дейін болған көлік құралдары  бойынша бюджетке салық төлеу  салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Егер көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу  құқығын немесе оралымды басқару  құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлік құралын мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеу кезінде жүргізіледі.

Салық төлеуші- заңды  тұлғалар көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде, сондай-ақ көлік салығы бойынша декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей, салық салу объектілерінің тіркелген жері бойыншасалық органына табыс етеді.

Көлік құралдарына салынатын салық   12.07.2011, 09:40

Кіріспе

 

 Қазіргі нарықтық экономика жағдайында болып жатқан және мейлінше табиғи құбылысқа сәйкес халықтың әлеуметтік және экономикалық негізде бір-бірінен мүліктік жағынан алшақтай түскен ауқатты топтарына прогресшіл салықтар жүйесін енгізу болып табылады. Ондай ауқатты адамдар қазіргі күрделі өтпелі кезеңде салықтың негізгі ауыртпалығын салықтың өз мойындарына алулары тиіс екендігін жете түсінетін болуы қажет.

 Салық практикасы мен экономикалық  конъюнктура акцизделуге жататын  бірқатар тауарларға салық салу  жөніндегі нормативті базалардағы өзгерту қажеттілігін қатаң талап етіп отыр.

 Бұл жерде мынаны атап айту қажет. Кедендік салықтар мен акциздер төлемі саласындағы жеке адамдарға арналған жеңілдіктер беру практикасын пышақ кескендей тоқтату жөнінде шешім қабылдайтын уақыт әлдеқашан жетті.

 Салықтар нарықты экономиканы  реттеудің ең тиімді нысаны  болып табылады. Салық негізінде  құрылатын мемлекет бюджеттің  кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен  айналысуының және әлеуметтік-кепілдік  қызметінің мүмкіндігі белгілі  болады. Салық мөлшерлерін заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі.

 Қазіргі нарықтық экономика  жағдайында болып жатқан және  мейлінше табиғи құбылысқа сәйкес  халықтың әлеуметтік және экономикалық негізде бір-бірінен мүліктік жағынан алшақтай түскен ауқатты топтарына прогркесшіл салықтар жүйесін енгізу болып табылады.

 Бұдан кейінгі мәселе –  қатаң бақылау орнату. Ондай бақылау  әкімшілік тұрғыдан күш қолдану  арқылы емес, қайта осы заманға  нарықтық құралдардың валюталық қаржылар мен экспорттық-импорттық операциялардың қозғалысына бақылау орнату болуы тиіс.

 Мұның өзі сонымен қатар  отандық тауар өндірушілер. Ал, осы айқындамалар тізімі өзге  де шаралармен қатар, тек сөз  жүзінде ғана айтыла салмайтын декларациялар қабылдауды қажет етеді.

 Ол декларацияда ТМД елдерінің  келісілген салық және кеден  саясатына сәйкес болуы тиіс. Мұны өзі әсіресе, қосымша өндірілген  құннан алынатын салықтың механизіміне  тікелей қатысты. «Тауардың барып  жеткізілетін жеріне» байланысты принцип бойынша «тауар шығарушы елді» анықтау саласындағы тәртіп бұзушылыққа жол бермейді.

 Олай болса, кедендік төлемдер  мен салықтарды төлеуге жеңілдіктерді  қолдануға жағдай туады, сыртқы  түсімдер есебінен бюджетке берілетін  қаржыны арттыруға мүмкіндік болады.

 Бұл курстық жұмыс көлік  салығын қарастырады. 

 

1.1. Салықтың маңызы 

 Білімнің өзіндік саласы  болып ХІХ ғасырда қалыптасқан  салықтың жалпы теориясы қаржы  ғылыми тәңірегінде өмір сүреді. Салық салу тәжірибесі мемлекеттің  салық жағындағы әсерінен қалыптасты.

 Мемлекет қоғам мүддесін  өмірлік қызметтің түрлі саласында  бейнеледі, осыған сәйкес экономикалық, қаржылық, әлеуметтік, демографиялық  және т.б. саясатты орындап,  жүзеге асырады. Бұл жағдайда  әлеуметтік-экономикалық процесстерді  мемлекеттік реттеудегі объект пен субъект өзара әрекетінің құралы ретінде қаржы-несиелік және бағалық механизм қолданылады.

 Салық тауар өндірісімен,  қоғамның класқа бөлінуімен және  әскерді, сотты, шенеунектерді  және тағы басқа мұқтаждықтарды  қамтамасыз етуге құралдарды сүруінің ететін мемлекеттің пайда болуымен бірге қалыптасты.

 «Салықта мемлекет өмір сүруінің  экономикалық бейнесі көрсетілген» - деп К.Маркс әділ атап өтті. Капиталистік қатынастардың құрылуы  және дамуы кезінде салықтың  маңызы күшейе түсті: жаңа аймақтарды басып алуда қажет әскер мен флотты қамтамасыз ететін – шикізат нарығы мен дайын өнімді өткізуге, қазынаға қосымша қаражат қажет болды.

 Мемлекеттің қоғам пайдасы  үшін жалпы ішкі өнім құнының  белгілі бір бөлігін міндетті  жарна түрінде алуы салықтың маңызын құрайды. Жарнаны жалпы өнім өндірісінің негізгі қатысушылары жүзеге асырады;

-Материалдық және материалдық  емес игіліктерді өз еңбегімен  жасайтын және белгілі табыс  табатын қызметкерлер;

-Кәсіпкерлік салада қызмет  ететін шаруашылық субъектілері, капитал иеленушілері.

 Салық  жиыны, бажы және басқа да  төлемдер есебіне мемлекеттің  қаржы ресурсы құрылады. Салықтың  экономикалық мазмұны бір жағынан  – шаруашылық субъектілері мен  азаматтардың, мемлекеттің өзара  қатынасы арқылы байқалса, басқа  жағынан – мемлекеттік табыстың құрылу себебінен көрінеді.

 Макроэкономикалық  деңгейдегі мазмұны бойынша салық  мемлекет қызметін жүзеге асыру  мақсатында қайта бөлінетін, оның  ішінде: халықтың қорғалмаған бөлігі  – балалар, көп балалы аналар, зейнеткерлер, мүгедектерде көмек берудің әлеуметтік бағдарламасын, экономиканың, аймақтардың, кәсіпорындардың жеке салаларына көмек көрсетуге; әскерді қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау, білім, құқық көрсетуге бағытталған экономикалық бағдарламаларды қаржыландыруға арналған, мемлекетпен шығарылған экономикалық бағдарламаларды қаржыландыруға арналған, мемлекетпен шығарылған жалпы ішкі өнімнің үлесі. Микроэкономикалық аспекті жағынан салық - өз қызметін жүзеге асыруда шаруашылықтандыру субъектісімен шығарылған өнімнен алынатын үлес.

 Салық  – шаруашылық субъектілерін және  ставка бойынша азаматтардан  бекітілген заң тәртібі негізінде  мемлекетпен алынатын міндетті  жиындар. 

 Салық  не үшін керек, заңды беру  үшін, сіздің отбасыңызды шағын  мемлекет деп таниық. Осы мемлекеттің  өмір сүруі үшін баспана мен коммуналды қызмет төлеміне, тамақтануға, жиһаз, киім алу және басқа да өмір қажеттіліктеріне қаражат керек.Сондықтан да табыс алатын отбасының әр мүшесі отбасы бюджетін құруға қатысуы қажет. Бұл – ақиқат мемлекетте де осы сияқты, шеккараны қорғау, басқару органдарын қамсыздандыру, құқық тіртібін қолдау және т.б. бойынша қызметтерді жалпы мемлекеттік орындау үшін жалпы мемлекет қаражат қоры, басқа сөзбен айтқанда мемлекет қазынасы болуы керек. Қоғамның әр мүшесі өзінің меншікті табысынан мемлекет қазынасына ақша жіберуі керек.

 Сонымен, Салық – қоғамдағы  сатып алушылықтың даму қажеттілігімен, мемлекеттің болу фактісімен  анықталған объективті қажеттілік  болып табылады. Өз қызметтері  мен міндеттерін жүзеге асыру  үшін мемлекеттің шаруашылықтандыру субъектілері мен азаматтардың ұлттық табыстың белгілі үлесін міндетті жарна түрінде алуы салықтың маңызын құрайды.

 Мемлекет қазынасының жарнасын  өндірістің негізгі қатысушылары: материалдық және материалдық  емес игіліктерді өз еңбегімен жасайтын және белгілі табыс алатын қызметкерлер, сонымен қатар шаруашылық субъектілері, капитал иеленушілері жүзеге асырады. Салық жарнасының есебінен бюджетте шоғырланған мемлекет ресурсы құрылады, кейін ол терең білімнің дамуы үшін, әлеуметтік-экономикалық, әскери-қорғаныс, құқық қорғау және басқа да мәселелерді шешу үшін пайдаланылады.

 Салық төлеушілердің бюджетпен  өзара қатынас жүйесі, бір жағынан  – салықты бюджетте шоғырландыру  бойынша өзара қатынасы, басқа  жағынан – түрлі саланы бюджеттен  қаржыландыру бойынша өзара қатынасы. Бюджет – қаржы жүйесіндегі негізгі және «қан тамыр күретамыры» салық болып табылады. Салық салу тәсілдері мен формалары түрлі болып келеді. Бұл салық төлем қабілеттілігі ұстауға, жалпы салық ауыртпалығын психологиялық білдірмеуге, табыстың түрлі формасын бейнелеуге, тұтынуға және тиімді әрекет етуі, салықтың әр түріне және жиынтығына салық салу нысанын ұйғарады.

1.2. Салықтың даму тарихы 

 Сонымен, салық мемлекеттің  қалыптасуымен бірге пайда болып,  оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Мемлекетті қамсыздандыру үшін, азаматтардың біртіндеп міндетті және үздіксіз бола бастаған табиғи және ақшалай түріндегі жарналары қажет болды. Адамзаттың даму тарихында салық нысандары мен әдістері өзгеріске түсті, өңделді, мемлекет қажеттілігі мен сұранысына бейімделді, олардың қызметі кеңейді, әлеуметтік-экономикалық процесстердегі ролі өзгерді.

Информация о работе Көлік+құралдарына+салынатын+салық