Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 21:03, реферат
Көлік құралдарына салынатын салық – мемлекет пен көлік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автокөлік жолдарын пайдаланады. Ал осы автокөлік жолдарын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Сондықтан да көлік салығының экономикалық мәні зор.
Көлік құралдарына салынатын салық тікелей нақты салық болып табылады.
Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу не оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері болып табылады.