Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 16:23, реферат
Әркімнің өтініштер жолдау құқығын іске асыруды қамтамасыз ету, еңбек үдерісін қоғамдық бақылауға қою және соның негізінде өндірістің тиімділігін арттыру болып табылады. ҚР ЕК-нің 306-бабының 14) бөлігіне сәйкес мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты ретінде біртұтас ақпараттық жүйенің іске асырылуын қамтамасыз ету болып танылады. XXI ғасырға тән жаһандану үдерісін ескеріп, әркімнің ақпарат алуға деген құқығының заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етілуінің, мемлекеттің демократиялық жолмен дамуы және Қазақстан Республикасында ашық қоғамның орнықтырылу талабына сәйкес осы институттың мазмұнын, қолданылу кеңістігін жаңа саяси әлеуметтік-экономикалық жағдайда айқындалған міндеттер бағытында кешенді түрде зерттеуге алып болмысын айқындауымыз қажет
Конституцияның келесі баптарына негізделеді: 18-бабының 3-тармағына сәйкес-мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті; 20-баптың 2-тармағына сәйкес- әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар; 12-баптың 1-тармағына сәйкес – Қазақстан Республикасында, Конституцияға сәйкес, адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі; 12-баптың 4-тармағына сәйкес-Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады. Осы жоғарыда айқындалған тұжырымның дәлелдігі және әркімге тиесілі екендігі келесі негіздемеге байланысты айқындалады: Конституцияның II бөлімі «Адам және азамат» деп аталады, соған байланысты осы бөлімде жария етілген құқықтармен, бостандықтармен және игіліктермен тек қана Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, сонымен қатар, заңды негізде республика аумағында болатын әр-бір адам өзіне тиесілі, құқықтық маңызы бар мәселелерге байланысты, қалаған органға, лауазымды тұлғаға өтініш беру құқығымен еркін пайдалануы тиіс. Еңбектік қатынастармен тығыз байланысты қатынастар құрамын – сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтардың алдын алу негізінде туындайтын қоғамдық қатынастар да құрайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаға сәйкес реттелуге тиісті қоғамдық қатынастардың субъектілік құрамына, пәніне және мазмұнына байланысты осы құқықтық қатынастардың еңбектік қатынастармен тығыз байланыстылы екендігі айқындалады. Біріншіден, субъектілік құрамына байланысты, аталған заңнаманың субъектісі болып – мемлекеттік қызметшілер және соларға теңістірілген тұлғалар танылады, екіншіден, пәндік ерекшелігіне байланысты, осы бағыттағы құқық бұзушылықтар мемлекеттік қызметшімен, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшімен теңестірілген тұлғамен қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану негізінде пайда болатын қатынастар тікелей еңбектік қатынастармен шектеседі. Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшінің заңға қайшы келетін әрекетінен жапа шеккен тұлға, заңнамамен белгіленген тәртіпте, өзінің жекелік құқықтарын және (не) мемлекеттің мүддесін қорғау мақсатында уәкілетті мемлекеттік органға өтініш беру мүмкіндігімен иемденеді. Жеке тұлғалармен берілген өтініштерді қабылдамау, тіркемеу не өтініштерге байланысты көрінеу ақпарат беру сыбайлас жемқорлықпен жанасатын құқық бұзушылық болып саналады.
Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 2 шілдедегі № 267-I «Сыбайлас
жемқорлықпен күресу туралы» Заңының
12-бабының 1-тармақшасына және 7, 10, 12 тармақшаларына
сәйкес өтініштерді тіркемеу, қарамау
себебіне байланысты құқық бұзушылық
әрекет не әрекетсіздік жемқорлық пен
байланысты жол берілген құқық бұзушылық
болып танылады. Осы Заңның 3-бабының
3-тармағына сәйкес, жемқорлық пен
байланысты құқық бұзушылықтар үшін,
мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық
капиталында кем дегенде отыз
бес пайыздық мемлекеттің ұстанымы
бар ұйымдарда басқару
Пәндік ерекшелігіне байланысты
өтініштер мемлекеттік
Өтініштерді тіркеу және қарау,
сәйкесінше, қаралған өтініштерге қатысты
арнайы есеп жүргізу міндеті барлық
орталық және салалық мемлекеттік
органдарға жүктелген. Осы мәселеде
Қазақстан Республикасының