Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 16:23, реферат
Әркімнің өтініштер жолдау құқығын іске асыруды қамтамасыз ету, еңбек үдерісін қоғамдық бақылауға қою және соның негізінде өндірістің тиімділігін арттыру болып табылады. ҚР ЕК-нің 306-бабының 14) бөлігіне сәйкес мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты ретінде біртұтас ақпараттық жүйенің іске асырылуын қамтамасыз ету болып танылады. XXI ғасырға тән жаһандану үдерісін ескеріп, әркімнің ақпарат алуға деген құқығының заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етілуінің, мемлекеттің демократиялық жолмен дамуы және Қазақстан Республикасында ашық қоғамның орнықтырылу талабына сәйкес осы институттың мазмұнын, қолданылу кеңістігін жаңа саяси әлеуметтік-экономикалық жағдайда айқындалған міндеттер бағытында кешенді түрде зерттеуге алып болмысын айқындауымыз қажет
4-тақырып: Қызметкерлердің
өтініштерін, еңбек
Әркімнің өтініштер жолдау
құқығын іске асыруды қамтамасыз
ету, еңбек үдерісін қоғамдық бақылауға
қою және соның негізінде өндірістің
тиімділігін арттыру болып
Әркімнің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселесі жөнінде конституциялық өтініш жолдау құқығы шектелінуге жатпайтын құқықтардың қатарына жатады. Конституцияның 13-бабының 1–тармағына сәйкес әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына деген құқығының бір бағыты ретінде осы негізгі заңмен айқындалған әркімнің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатында өтініштер жолдау құқығы танылады. Осы конституциялық норма еңбек заңнамасының негізін қалайтын ұстанымдардың, қағидаттардың бірі ретінде айқындалып қажетті құқықтық механизмдері мен тәсілдері айқындалуға тиіс. ҚР ЕК-нің 146-бабына сәйкес халықты жұмыспен қамтудың нысандары айқындалған, олардың құрамында – жұмыс берушілерге тікелей өтініш беру негізінде әркмнің осы бағыттағы құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Осы бап азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы құқықтары деп аталады. Осы мәселеде, аталған әркімнің құқығының жүзеге асырылу механизмдерінің айқындалмағанына байланысты белгіленген норма жәй декларация күйінде қалып отыр, оған себеп, осы бап көлемінде өтінішті қарау рәсімінің Қазақстан Республикасының ЕК-де айқындалмағандығында. Аталмыш бап сәйкес белгіленген құқықтарға байланысты, осы Кодекстің 147-бабымен, жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері белгіленген, бірақ, өкінішке орай жұмыспен қамтылуға ниет білдірген жеке тұлғаның өтінішін қабылдау, тіркеу және сол өтінішке байланысты шешім қабылдау рәсімі осы бапта не осы Кодекстің басқа баптарында айқындалмаған күйде қалып отыр. Нәтижесінде әркімнің Конституциямен жария етілген, кепілдік берілген жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға (24-баптың 2-тармағына сәйкес), қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға деген құқығы (24-баптың 1-тармағы) декларация күйінде қалып отырғандығын растауға мәжбүрміз. Еңбектік құқықтық бағытта, ҚР ЕК-нің 314-бабының 7) бөлігіне сәйкес, қызметкер жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі, өмірі мен денсаулығына төнетін қатер туралы, сондай-ақ, зиянды, қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғану жөніндегі шаралар туралы дәйекті ақпарат алуға деген құқығы бекітілген. Осы баптың 9) бөлігіне сәйкес жұмыс берушінің заңға қайшы әрекеттеріне қызметкердің шағымдануға деген құқығы бекітілген. ҚР ЕК-нің 1-бабы 1-тармағының 80) тармақшасына сәйкес «хабарлама» ұғымы келесі мәтінде айқындалған: «........». Бірақ осы ұғымның пайдалану механизімі айқындалмаған күйде қалдырылған, сәйкесінше осы ұғымның маңызын және қолданылу кеңістігін айқындауды негізгі мәселелердің бірі деп қарастыру қажет.
Еңбек қатынастары саласында, қызметкердің міндетін анықтауға байланысты, ҚР ЕК-нің 315-бабының 1) бөлігіне сәйкес, орын берген әрбір өндірістік жазатайым оқиғаның, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері, сондай-ақ, қызметкер өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы қызметкер өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға міндетті. Осы бапта «хабарлауға міндетті» ұғымы айқындалмаған күйде қалып отыр. Яғни ұйым деңгейінде тараптармен бірі-біріне берілетін хабарламаның және басқа да өтініштерді берудің рәсімі осы күнге дейін айқындалмаған күйде қалып отыр. Өндірістік ортада, осы бапқа сәйкес, адамның денсаулығына зиян келтіру жағдаяттары қызметкердің тікелей қызметтік жағдайларына ғана емес, сонымен қатар, ұйым аумағында жұмыс берушімен және қызметкермен қауіпсіздік шараларының сақталмауы, еңбек тәртібін басқа қызметкерлермен өрескел бұзу себептеріне байланысты да орын беруі мүмкін.
Петиция – латын тілінен аударғанда (petitto) уәкілетті органдарға жазбаша түрде берілетін ұжымдық өтініш ретінде айқындалады (Экономический и юридический словарь под ред. А.Н. Азрилияна. – М.: Институт новой экономики, 2004. – С. 1088.). Осы ұғымның (терминнің) мазмұнын, сипатын анықтауда негізге алынатын белгі – ол әркімнің өз құқығы шеңберінде, өзінің жігерлі әрекетімен, өзіне тиесілі өтініш жолдау құқығын жүзеге асыру мүмкіндігі ретінде айқындалуында. Халықаралық стандарттарға сай өтініш жолдау құқығымен, жеке тұлғалармен қатар, жеке тұлғалардың өкілдік органы (өкілі) тең жағдайда иемденеді. Яғни, өтінішті беру – адамның жігерлі әрекеті және адамның құқығын қамтамасыз етудің бірден-бір тәсілі ретінде танылады. Д.Сон осы мәселеге байланысты өзінің келесідей пікірін білдіреді: «Көп жағдайда лауазымды тұлғалардың заңға қайшы әрекетке баруына, сонымен қатар, өрескел заңды бұзуына себеп болатын жағдай – халықтың жігерлігінің, құқықтық сауаттылығының төмен болуымен байланысты» (Д.Сон, Участие институтов гражданского общества в борьбе с преступностью и коррупцией. К обществу без коррупции. Информационно-аналитический журнал, № 4(21) декабрь 2004-47 с.)
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Заңының 1-бабына сәйкес, пәндік ерекшелігіне байланысты, өтініштер келесі түрлерге бөлінген: 1) ұсыныс; 2) арыз; 3) шағым; 4) пікір; 5) сұрау []. Осы заңда «хабарлама» өтініш түрі ретінде белгіленбеген Субъектілік құрамына байланысты өтініштер – жекелік және ұжымдық, берілу нысанына байланысты – жазбаша не (және) ауызша болып бөлінеді. Осы Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007 жылғы 30 мамырдағы №20 Бұйрығымен бекітілген «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесі және Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша №1-ОЛ нысанды статистикалық есептің және оның құрылуы бойынша» Нұсқаулыққа сәйкес өтініштердің пәндік белгілері, оларды тіркеу, олар туралы статистикалық ақпарат банкін қалыптастыру және аталмыш Комитеттің аумақтық органдарына өтініштерді қарайтын ұйымдармен есеп беру рәсімі айқындалған.
ҚР ЕК-нің 310-бабының 1-тармағына сәйкес зиянды өндірістік объектілер факторлардың қаншалықты адамның денсаулығына қатер тудыратыны және сол зиянды факторлардың деңгейі туралы ақпараттармен қызметкер еңбек шартын жасау барысында таныстырылуы тиіс. Ауыр, зиянды және қауіпті еңбек жағдайында қызмет атқаратын қызметкерлермен еңбек шартын жасауға байланысты айқындалған жұмыс берушінің міндеттері осы және басқа да баптарға сәйкес анықталады. ҚР ЕК-нің 157-бабының 2-тармағына сәйкес еңбек шартын жасасу кезінде, жұмыс беруші жұмысқа орналасқан жеке тұлғаға еңбек жағдайлары туралы дәйексіз ақпарат беру себебіне байланысты және, сонымен қатар, еңбек заңнамасының, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптары бұзылған жағдайда және сол себепті қызметкердің бастамасымен еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс беруші қызметкерге жұмысынан айырылуына байланысты үш айға дейінгі орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлеуге міндетті. Яғни, осы бапқа сәйкес, жұмыс беруші жұмыс орнының жай-күйі, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың бар-жоғын сипаттайтын ақпаратпен қызметкерді еңбек шартын жасау барысында таныстыруға міндетті. ҚР ЕК-нің 314-бабының 3-тармақшасына сәйкес қызметкер еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық бөлімшелеріне өзінің жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары жөнінде тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге құқылы. Осы баптың 4-тармақшасына сәйкес, тікелей өзі немесе өз өкілі арқылы ұйым деңгейінде белгіленген еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартумен байланысты іс-шараларды тексеруге және қорғауға қатысу құқығымен иемденеді. Осы аспектіде, Конституцияның 24 - бабының 2 - тармағымен айқындалған әркімнің құқығы және, сонымен қатар, өтініш жолдау құқығы ҚР ЕК-нің 314 - бабының 7 – тармақшасымен, құқықтық механизм ретінде, айқындалуға тиіс: «қызметкер жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғану жөніндегі шаралар туралы дәйекті ақпарат алуға» құқылы. Осы баптың таралу, қолданылу саласының ерекшелігін және адамның өмір сүруі мен денсаулық жағдайының табиғи ортамен тығыз байланыстығын ескере отырып аталған баптың Конституцияның 31 - бабының 2 - тармағына сәйкестігін, үйлесетіндігін анықтаймыз «адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады». Қазақстан Республикасының 2007 жылғы Экологиялық кодексімен мемлекеттің экологиялық қауіпсіздікті, азаматтардың өмірін, денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаның және оның жағдайы туралы әркімнің ескертілу, ақпарат алу құқығын қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздері анықталады.
Әркімнің өзіне тиесілі құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, қай салаға және қандай мәселеге қатысты болмасын, барлық уақытта өтініш беру тәртібінде жүзеге асырылатындығы баршаға мәлім жағдаят екендігі белгілі.
ҚР ЕК-нің 174-бабының бірінші
бөлігіне сәйкес келісім комиссиясына
келіп түскен өтініш аталған комиссияда
міндетті түрде тіркелуге тиіс. Осы
мақсатта адамның және азаматтың
конституциялық өтініштер жолдау құқығын
қамтамасыз ету мәселелері мемлекетімізде
азаматтық қоғам институттарын
жетілдіру қарсаңында терең теориялық
және практикалық талдауды және зерттеуді
қажет етеді, оған себеп, өтініштерді
қарау рәсімін айқындайтын
Адамның және азаматтың өтініштерін белгіленген тәртіпте уәкілетті мемлекеттік органдармен, заңды тұлғалармен қарау міндеттілігі ерекше бақылауға алынатындығы көзделген. Азаматтық қоғам – мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, сонымен қатар азаматтардың мемлекетті, қоғамды басқаруға қатысуының үдерісі және соның негізінде құқықтық тәртіпті орнықтыруыға бағытталған институт ретінде айқындалады. Осы мәтіндегі ұғым, саяси, әлеуметтік экономикалық, мәдени, ұлттық, діни, отбасылық және басқа қатынастардың барлық жиынтығын білдіреді және жеке мүдделердің әралуандылығын көрсетеді.
Азаматтық қоғамның басты тармағы, бөлігі болып кәсіптік одақтар танылады. Кәсіптік одақтар - азаматтардың кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде құрылатын, сондай-ақ, өз мүшелерінің басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру мен оларды қорғау, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту үшін ерікті түрде құрылатын дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер болып танылады.
Қазіргі уақытта, әркімнің өтініштерін қарауды құқықтық аспектіде реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жеткілікті екендігіне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары және басқа да лауазымды тұлғалармен өтініштерге байланысты дәйекті, дәлелді шешім қабылдау, оларды тіркеу туралы іс-қағаздар өндірісін сол ұйымдарда ұйымдастыру мәселелері жетілдіруді қажет етеді. Осы мәселе төңірегінде нақты құқықтық тәсілдердің бекітілу қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді. 2009 жылғы 25 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрінің м.а. № 128 «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік ережелері мен жасалатын үлгілік құжаттарды сақтау туралы» Бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың Үлгілік Ережелеріне сәйкес ұйымдарда іс жүргізу мен мұрағаттық құжаттардың сақталуының жай-күйі айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Заңының 1-бабының 5-тармақшасына сәйкес өтініштерді тіркеу, қарау және соларға байланысты шешім қабылдау тәртібі мемлекеттік органдарда, мекемелерде, мемлекеттік кәсіпорындарда міндетті түрде іс жүргізу өндірісі ретінде ұйымдастырылуға тиіс. Аталған бапқа сәйкес өтініштерді қарайтын субъектілер болып – мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттің қатысуы жүз процентті құрайтын не мемлекеттік тапсырыс және (немесе) мемлекеттік сатып алу шарттарына сәйкес тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) ұсынатын, заңды тұлғалар танылады. Осы заңға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өтініштерді қарауға уәкілеттігі бар органдардың құрамына, уәкілеттігіне байланысты, екі түрге бөлінеді: сотта іс қарау өндірісі тәртібінде; мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың басшыларымен және басқа да лауазымды тұлғалармен қаралатын өтініштер ретінде. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132-II “Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы” Заңының 1-бабына сәйкес сотта іс қарау тәртібінде қаралуға тиісті арыздар мен шағымдар басқа органдармен, лауазымды тұлғалармен қаралуға және қадағаға алынуға жатпайды”.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы №107-II “Әкімшілік рәсімдері туралы” Заңына сәйкес өтініштерді қарау рәсімінің екі түрге бөлінеді: мемлекеттік қызметкер болып танылмайтын жеке тұлғамен құзыретті мемлекеттік органға берілетін, мемлекеттік органның шеңберінде, яғни ішкі қатынастарда, мемлекеттік қызметшінің сол органның басшысына берілетін өтінішін қарау мәселесіне байланысты. Осы Заңды қабылдауда көзделген мақсат – мемлекеттік басқару қызметін жетілдіру, тәртіптік бағыныштылықта қызмет функциясын атқаратын мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру, құқықтық тәртіпті орнықтыру, ішкі еңбек тәртібін қатаң сақтау, келеңсіз әрекеттерге жол бермеу болып табылады. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453-I “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметші, осы бапта анықталған басқа да міндеттермен қатар, азаматтардың өтініштерін заңнамаға сәйкес қарау, өтініштерге байланысты уақытылы шешім қабылдау және сол өтініштерді қанағаттандыруға байланысты шаралар қолдануға міндетті. Конституцияның 33-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ, жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар”.