Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 18:25, курсовая работа
Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемле- кеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт - мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі он жылдан астам уақыт бойы әрекет етуде және де осы уақытқа дейін қатаң сынаудың обьектісі болуын жалғастырып келеді. Еліміздің жеке салық қызметінің ұйымдасқан күніне бастағандығы он жыл ішінде біздің тәуелсіз мемлекетіміздің салық жүйесін қалыптастырып және оның, әрі қарай дамуына сәйкес біршама жұмыстар атқарылады.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………..3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1. Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері...................4
1.2. Салық жүйесінің түсінігі мен құрылу принциптері.....................8
1.3. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері..13
2. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫТ МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ
2.1. Мемлекеттік баж обьектілері.........................................................18
2.2. Мемлекеттік баж ставкалары.........................................................19
2.3. Мемлекеттік баж төлеуден босату.................................................26
2.4. Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі..................................................31
2.5. Консулдық алым..............................................................................33
3. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1. Сот шығындары туралы нормативтік қаулыда мемлекеттік баж.36
3.2. Мемлекеттік баждың бюджет кірістерінде үлесін көрсету...........40
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................44
Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................................45
4) мемлекеттiк бажды
төлеген адамдар заңдық маңызы
бар iс-әрекеттердi жасаудан немесе
осы заңдық маңызы бар iс-
5) Қазақстан Республикасының
заң актiлерiнде белгiленген
Салық органы мемлекеттiк
бажды қайтару үшiн негiз
Қайтару салық төлеушiнiң банк шотына жүргiзiледi.
Консулдық алым - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң консулдық iс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергенi үшiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларынан, сондай-ақ шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан, шетелдiк заңды тұлғалардан алатын мемлекеттiк баж түрi.
Өз мүдделерi үшiн консулдық iс-әрекеттер жасалып, заңдық маңызы бар құжаттар берiлетiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар консулдық алым төлеушiлер болып табылады.
Консулдық алымдардың ең төменгi және барынша жоғары базалық мөлшерлерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi консулдық алымдардың базалық ставкалары шегiнде нақты ставка мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
Консулдық алым мынадай консулдық iс-әрекеттер жасау:
1) қызметтiк паспортты,
Қазақстан Республикасы
2) шетелде болу мәселелерi
бойынша Қазақстан
3) Қазақстан Республикасының
азаматтығы мәселелерi
4) азаматтық хал актiлерiн тiркеу;
5) құжаттарды талап ету;
6) құжаттарды заңдастыру;
7) нотариаттық iс-әрекеттер жасау;
8) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өзге де iс-әрекеттер үшiн алынады.
Консулдық алым:
1) консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы Қазақстан Республикасымен келiсiмдерi бар елдердiң жеке және заңды тұлғаларынан;
2) Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарттар жасасқан елдердің өкiмет орындары мен жекелеген азаматтарының сұрау салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық iстер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттiк жәрдемақылар мен зейнетақылар, бала асырап алу туралы құжаттар сұратып алдырғаны үшiн;
3) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өзге де жағдайларда алынбайды.
Консулдық алым консулдық iс-әрекеттер жасалғанға дейiн төленедi.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық iс-әрекеттер төлеушi консулдық алымды төлегеннен кейiн жүзеге асырады.
Консулдық алымды төлеу
аумағында консулдық iс-әрекеттер
жасалатын елдiң валютасымен
Ставкасы АҚШ долларымен белгiленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алымды төлеу сәтiне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргiзiледi.
Консулдық алым:
1) Қазақстан Республикасының
аумағында - банктер немесе банк
операцияларының жекелеген
2) Қазақстан Республикасының
аумағынан тыс жерлерде
Қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
Консулдық алымдар сомасын бюджетке есептеу тәртiбiн, сондай-ақ шетелде қолма-қол ақшамен төленген консулдық алымдарды дипломатиялық өкiлдiктiң немесе консулдық мекеменiң арнаулы (транзиттiк) банк шотына есепке алу тәртiбiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
Төленген консулдық алымдар сомасы қайтарылуға тиiс емес.
3. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1. Сот шығындары туралы нормативтік қаулыда мемлекеттік баж
Соттар азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқару кезінде сот шығындарымен байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің ережелеріне, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 90-тарауының 1-параграфына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешуі тиіс.
Егер азаматтық іс бойынша тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері болса, мемлекеттік баж мөлшері және оны өтеу тәртібі Әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасындағы шаруашылық дауларын қарау кезінде мемлекеттік баж мөлшері және оны өтеу тәртібі туралы келісіміне (1993 жылдың 24 желтоқсаны, Ашгабат) сәйкес анықталады.
АІЖК 100-бабына сәйкес азаматтық істердің сот шығындары мемлекеттік баждан және іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.
Мемлекеттік баж Салық кодексінің 493-бабына сәйкес, Салық кодексінің 495-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген азаматтық істер бойынша заңды мәні бар іс-әрекеттерді жасау және (немесе) құжаттарды беру үшін алынатын міндетті төлем болып табылады.
Сотқа берілетін талап қоюлар және арыздар, сондай-ақ қарсы талап қоюлар қарастыруы мүмкін бірнеше талаптарының әр қайсысы мемлекеттік баж алудың объектісі болып табылады. Талап қоюдың бағасын көтеру туралы қосымша талап арыз да мемлекеттік бажбен төленуге жатады.
Азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж сот шешімдерінің, ұйғарымдарының және басқа да сот қаулыларының қайта берілген көшірмелерін, сонымен қатар істегі басқа да құжаттардың көшірмелерін тараптардың және басқа да іске қатысушы тұлғалардың өтініші бойынша беру кезінде алынады.
Азаматтық сот ісін жүргізудегі мемлекеттік бажды төлеушілерге Салық кодексінің 494-бабының ережелеріне сәйкес жеке және заңды тұлғалар жатқызылады:
Мемлекеттік баж жоғарыда көрсетілген тұлғалардан басқа тұлғамен төленсе төлем тапсырысында (түбіртегінде) қандай әрекет жасағаны үшін және төлеуші кім үшін төлегенін көрсетуі тиіс.
Салық кодексінің 496-бабымен соттардағы мемлекеттік баж мөлшері белгіленген. Мұндай жағдайда мыналар ескерілуі қажет:
Мүліктік сипаттағы даулар бойынша апелляциялық шағымнан алынатын мемлекеттік баж мөлшерін белгілегенде апелляциялық шағымда көрсетілген арыз берушімен дауланатын сомадан алынуы керек.
Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылған тұлғалардың (жеке және заңды) түбегейлі тізімі Салық кодексінің 501-бабында көрсетілген.
Судьяға талап арызды (шағымды) қабылдау кезінде:
Заңдарға сәйкес талапкерді мемлекеттік баж төлеуден босату тек қана заңда тікелей көрсетілген реттерде мүмкін болады, сондықтан бұл жөнінде арнайы ұйғарым шығару қажет емес.
Талап арыз беру кезінде мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат тіркелмей, талапкерді оны төлеуден босататын негіздер болмаған жағдайда, талап арыз АІЖК 155-бабына сәйкес, талап арыз төленетін мемлекеттік баж сомасы, оны төлеу мерзімі және төленбеуінің салдары көрсетілген ұйғарыммен қозғалыссыз қалдырылуға жатады.
Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін дәлелдейтін құжат болып Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237-І "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Заңының талаптарына сәйкес келетін төлем құжатының түпнұсқасы танылады.
Сот мемлекеттік баждың төленгенінің дәлелі ретінде төлем құжаттарының көшірмелерін қабылдамауы тиіс, сондай-ақ төлем құжаттарының тұпнұсқасын, оны көшірмеге ауыстырып, тараптардың өтініші бойынша азаматтық істен алып беруге болмайды.
Салық кодексінің 507-бабы 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік баж заңды мәні бар іс-әрекеттің жасалған жері бойынша есепке алынады. Осыған байланысты мемлекеттік баж талап қою жері бойынша төленгенін растайтын құжаттарды сот дәлел ретінде қабылдауы тиіс.
Талап қоюдың бағасы АІЖК 102-бабына сәйкес, анықталады және талапкермен көрсетіледі. Талап арызда бағасының көрсетілмеуі талап арыздың қозғалыссыз қалдырылуына негіз болуы мүмкін.
Нарықтық бағасы ескеріліп жылжымалы (жылжымайтын) мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның немесе бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғамен анықталатын талап қоюдың бағасы іздеу салынған мүліктің шынайы бағасы талапкер көрсеткен бағамен айқын сәйкес келмеген жағдайда, талап қоюдың бағасы сотпен анықталады.