Салық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 18:25, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемле- кеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт - мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі он жылдан астам уақыт бойы әрекет етуде және де осы уақытқа дейін қатаң сынаудың обьектісі болуын жалғастырып келеді. Еліміздің жеке салық қызметінің ұйымдасқан күніне бастағандығы он жыл ішінде біздің тәуелсіз мемлекетіміздің салық жүйесін қалыптастырып және оның, әрі қарай дамуына сәйкес біршама жұмыстар атқарылады.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………..3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1. Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері...................4
1.2. Салық жүйесінің түсінігі мен құрылу принциптері.....................8
1.3. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері..13

2. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫТ МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ
2.1. Мемлекеттік баж обьектілері.........................................................18
2.2. Мемлекеттік баж ставкалары.........................................................19
2.3. Мемлекеттік баж төлеуден босату.................................................26
2.4. Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі..................................................31
2.5. Консулдық алым..............................................................................33
3. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1. Сот шығындары туралы нормативтік қаулыда мемлекеттік баж.36
3.2. Мемлекеттік баждың бюджет кірістерінде үлесін көрсету...........40
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................44
Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................................45

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салық курсовой.doc

— 378.50 Кб (Скачать документ)

2) мемлекеттiк мекемелер  - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәлiктердi (куәлiктердiң дубликаттарын) бергенi үшiн, сондай-ақ осы куәлiктердi (куәлiктердiң дубликаттарын) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшiн;

3) жеке адамдар - оларға  мұраға құқық туралы куәлiктер  берiлгенi үшін:

Қазақстан Республикасын  қорғау кезiнде, өзге де мемлекеттiк  немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға  байланысты не адам өмiрiн құтқарып қалу, мемлекеттiк меншiктi және құқықтық тәртiптi қорғау жөнiндегi Қазақстан  Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкi;

егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнде мұра қалдырушымен кемiнде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейiн  де осы үйде (пәтерде) тұруын жалғастырып  жатса, тұрғын үйi (пәтерi) немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативiндегi пайы;

сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi, мемлекеттiк  заемдардың облигациялары, еңбекке  төленетiн ақы, авторлық құқық сомалары, авторлық қаламақы және ашқан жаңалықтары, өнертабыстары мен өнеркәсiптiк  үлгiлерi үшiн сыйақы сомалары;

ақталған азаматтардың мүлкi;

4) Ұлы Отан соғысына  қатысушылар мен оларға теңестiрiлген  адамдар, I және II топтардағы мүгедектер - барлық нотариаттық iс-әрекеттер  бойынша; 

5) оралмандар (репатрианттар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық iс-әрекеттерi бойынша;

6) Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкi, оның филиалдары  мен өкiлдiктерi - өз құзыретiне  кiретiн мәселелер бойынша нотариаттық  iс-әрекеттер жасау үшiн өтiнiш  берген кезiнде; 

6-1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жасауға өтiнiш жасаған кезде;

7) "Ардақты Ана"  атағы берiлген, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;

8) заңдарда белгiленген  тәртіппен қорғаншылық тағайындалған  созылмалы жүйке ауруымен ауыратын  жеке адамдар - өздерiнiң мүлiкке  мұрагерлiгi туралы куәлiктер алғаны  үшiн; 

9) "Қазақстан мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы" одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндiрiстiк кәсiпорындары барлық нотариалдық iс-әрекет бойынша мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар:

1) Ұлы Отан соғысына  қатысушылар, барлық топтардағы  мүгедектер, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдар  - тууы туралы куәлiктер тiркелгенi  және қайталап берілгенi үшін;

2) жеке адамдар - азаматтық  хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкелiктi анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актiлер жазбалары өзгертілген, толықтырылған және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер бергенi үшiн;

3) жеке адамдар - ақталған туыстарының қайтыс болуы туралы оларға бұрын берiлген куәлiктер қайталап немесе алмастырылып берiлгенi үшiн;

4) жеке адамдар - бала  асырап алу мен әкелiктi анықтауға  байланысты актiлер жазбаларына  өзгерiстер, толықтырулар енгiзiлгенi үшiн мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

Мыналар:

жаппай қуғын-сүргiндер, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, өзге де имандылыққа жат саяси акциялар салдарынан Қазақстан Республикасының  аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар  және олардың ұрпақтары Қазақстан  Республикасының азаматтығын қалпына келтiру туралы өздерi тiлек бiлдiрген жағдайда;

оралмандар Қазақстан  Республикасының азаматтығын қабылдаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

Аталған мемлекеттiк баж  төлеуден босату бiр рет берiледi.

Қазақстан Республикасынан кету жөнiндегi iстер бойынша мыналар:

1) Кеңес Одағының Батырлары  мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен  және Еңбек даңқы орденiнiң  үш дәрежесiмен, "Алтын Қыран", "Халық қаhарманы", "Отан" ордендерiмен наградталған адамдар,  Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген басқа да мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, І топтағы мүгедек және оны ертiп жүретiн адам, сондай-ақ ІІ топтағы мүгедектер, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;

2) азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердiң соттарына азаматтық және қылмыстық iстер бойынша тараптар, куәлер және сарапшылар ретiнде шақырылған жеке адамдар - оларға шетелге кетуге құжаттар берiлгенi үшiн мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

Қазақстан Республикасына келу жөнiндегi iстер бойынша оралмандар олардың паспорттарына немесе солардың орнына берілетін құжаттарына Қазақстан  Республикасына келуге рұқсат берілетін  виза берілген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

Зияткерлік меншік саласындағы  уәкілетті орган заңды мәні бар  іс-әрекеттер жасаған кезде:

1) қарттар мен мүгедектерге  арналған интернат-үйлерде тұратын  қарттар мен мүгедектер;

2) мектеп-интернаттардың, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлердің мемлекет толық қамсыздандыратын және жатақханаларда тұратын оқушылары;

3) оралмандар (репатрианттар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын  алғанға дейін;

4) Кеңес Одағының Батырлары,  Социалистік Еңбек Ерлері, үш  дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын Қыран", "Халық қаhарманы", "Отан" ордендерімен марапатталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;

5) Ұлы Отан соғысының  қатысушылары мен мүгедектері және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оларға теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, І және II топтағы мүгедектер, Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады. 

Тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн мыналар:

1) қарттар мен мүгедектерге  арналған интернат-үйлерде тұратын  қарттар мен мүгедектер;

2) мектеп-интернаттардың, кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк  лицейлердiң мемлекет толық қамсыздандыратын  және жатақханаларда тұратын  оқушылары; 

3) оралмандар (репатрианттар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн;

4) Кеңес Одағының Батырлары,  Социалистік Еңбек Ерлері, үш  дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі  Еңбек Даңқы, "Алтын қыран", "Халық қаһарманы", "Отан" ордендерімен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

5) Ұлы Отан соғысына  қатысушылар мен оның мүгедектері  және Қазақстан Республикасының  заң актілеріне сәйкес, оларға  теңестірілген адамдар; бала кезінен  мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедектер; Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн: аңшылық мамандары, қорықшылар мен штаттағы аңшылар - оларға аң аулау құқығына рұқсаттар берiлгенi немесе ұзартылғаны үшiн мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

Мыналардан:

3) қылмыстық iсте азаматтық  талап қоюды табыс ету кезiнде; 

4) Қазақстан Республикасының  дипломатиялық өкілдіктері мен  консулдық мекемелері арқылы  апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қою кезінде;

5) Қазақстан Республикасының  дипломатиялық өкілдіктері мен  консулдық мекемелері арқылы  өтініш жасаған азаматтарға азаматтық  хал актілерін тіркеу туралы  қайта куәліктер берілгені үшін  мемлекеттік баж алынбайды. 

Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктері, сондай-ақ, шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерiн берілгені үшін: Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек даңқы, "Алтын Қыран", "Халық қаһарманы", "Отан" ордендерімен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оларға теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, І және ІІ топтағы мүгедектер, қарттарға арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар, мемлекеттiң толық қарамағындағы және балалар үйлерi мен интернат ұйымдарында тұратын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

 

 

 

 

    1. Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі

Мемлекеттiк баж қолма-қол ақшамен, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен төленедi.

Мемлекеттiк баж:

1) сот қарайтын iстер  бойынша - тиiстi арыздар (шағымдар) немесе апелляциялық шағымдар, сот  бұйрығын шығару туралы өтініш  бергенге дейiн, сондай-ақ сот құжаттардың көшiрмелерiн берген кезде;

2) нотариаттық iс-әрекеттердi орындағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың  көшiрмелерiн, дубликаттарын бергенi үшiн - жасалған нотариалдық іс-әрекетті  тіркеген кезде; 

3) азаматтық хал актiлерiн  мемлекеттiк тiркегенi үшiн, тиiстi арыздар берген кезде азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына түзетулер мен өзгерістер енгiзгенi үшiн, сондай-ақ куәлiктер мен анықтамаларды қайтадан бергенi үшiн - оларды берген кезде;

4) кәмелетке толмаған  балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенi бұзуды мемлекеттiк тiркегенi үшiн - актiлердi тiркеген кезде;

5) азаматтардың тұрғылықты  жерiн тiркегенi үшiн - тиiстi құжаттарды  бергенге дейiн; 

6) Қазақстан Республикасы  азаматтарының паспорттары мен  жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, сондай-ақ шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бергені үшін тиісті құжаттарды бергенге дейін;

6-1) жүргізуші куәлiктерін, тракторшы-машинист куәлiктерiн,  механикалық көлік құралдарының  мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктерiн, мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбаларын бергені үшін тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбаларын бергенге дейін;

7) аң аулау құқығына  рұқсат бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды  бергенге дейiн; 

7-1) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

8) қаруды және оның  патрондарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсаттар бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

9) жеке және заңды  тұлғалар азаматтық, қызметтiк  қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

10) Қазақстан Республикасының  азаматтығын алуға немесе Қазақстан  Республикасының азаматтығын тоқтатуға,  сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты iстер бойынша - тиiстi құжаттарды алғанға дейiн;

11) Қазақстан Республикасының  мемлекеттік органдары мен нотариустарынан  шығатын ресми құжаттарға Қазақстан  Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк  берген мемлекеттiк органдар апостиль қою үшін апостиль қойғанға дейін;

12) зияткерлік меншік  саласындағы уәкілетті органның  алдын ала патенттер, патенттер,  куәліктер, сертификаттар беруге, шарттарды тіркеуге, патенттік сенім  білдірілген өкілдерді аттестаттауға және тіркеуге байланысты заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.

Мемлекеттiк баж соған  уәкiлеттік берілген мемлекеттiк органдардың  немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар іс-әрекеттер жасаған  және (немесе) құжаттарды берген жері бойынша есепке алынады.

Төленген мемлекеттiк  баж:

1) баж талапкер өз  талаптарын азайтатын жағдайларды  қоспағанда, осы Кодекс бойынша  талап етiлгеннен көбiрек мөлшерде  енгiзiлген;

2) арыздар (шағымдар) қайтарылған  немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкiлеттi адамдар нотариаттық iс-әрекеттердi жасаудан бас тартқан;

3) iс жүргiзу тоқтатылған  немесе, егер iс соттың қарауына  жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер  осы iстер санаты үшiн белгiленген  дауды алдын ала шешудiң тәртiбiн сақтамаған не талап қоюды әрекетке қабiлетсiз адам табыс еткен жағдайда талап қою қараусыз қалдырылған;

Информация о работе Салық жүйесі