Салық жүйесі қалыптасу кезеңдері мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 11:02, курсовая работа

Краткое описание

Курсық жұмыстың мақсаты - салық, салық салу және салық жүйесіне жалпы түсінік беру, қалыптасуы мен дамуына талдау жасау, Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің ішкі қасиеттері мен белгілерін білдіретін қызметтерін анықтау, салық түрлерінің жеке-жеке мәнін ашып көрсету, оның мемлекет экономикасындағы алатын орнын анықтау және ашу, Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі салық жүйесінің ерекшеліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Содержание

КIРIСПЕ .......................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСIНІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ДАМУЫ
1.1 Салық жүйесінің мазмұны, деңгейлері және принциптері ............................5
1.3 Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қалыптасуы және дамуы ............12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
2.1 Қазақстан Республикасында салық салуды ұйымдастыру .............................21
2.2 Қазақстан Республикасы салық жүйесін жетілдіру мәселелері ....................30
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................................41

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салық жүйесі қалыптасу кезеңдері мен дамуы ЮАЙБИ 2012-00 (2).docx

— 396.10 Кб (Скачать документ)

З. Прогрессивті салықтардың орнына тікелей пропорционалды салықтарды басымырақ пайдалану.

4. Салық   жүйесі   экономикалық   қызметтердің   жақсаруына   және   күрделі  жұмсамалардың өсуіне кедергі келтірмеуі тиіс.

Салық жүйесі экономикалық және әлеуметтік үдерістерге түрлі  бағыттағы орындалатын өзінің функциялары, оның ішінде, ең алдымен түрлі деңгейдегі бюджет пен бюджеттік емес қорларды құру және екінші жағынан қызмет етуші шаруашылық субъектілеріне ыңғайлы жағдай туғызу арқылы  әсер ете алады.

 Сонымен қатар, жеке  тұлғалардан алынатын табыс салығы,  шын мәнінде негізгі мүшесі  қоғамның болашағы және негізгі  құндылығы болып келетін отбасынан  алынады, олардың  материалдық  және әлеуметтік жағдайына әсер  етеді. Ол механизмді төмендегі  сызба түрінде келтіруге болады:

 

Жағымсыз әсері


Жағымды әсері


Салық жүйесі




Табысы төмен тұрғындарға салық ауыртпалығының  регрессивті сипаты


 

Мемлекет тарапынан көрсетілетін қоғамдық қызметтердің түрлері


 


 


 

          


Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік  қыз-метке деген мүд-десінің бәсеңдеуі


 

Әлеуметтік бағдарламалардың бюджеттік қаржыландырылуы


       


 


 

Жұмыс берушінің еңбек ақы қорына жоғары салық салу-дан  жалақының төмендеуі


 


                                                 

 

                                           


 

 

 

Сурет 1 - Салық жүйесінің  отбасының әлеуметтік жағдайына

 әсер ету механизмі

Ескерту - Автормен құрастырылды

 

Салық жүйесінің азаматтардың материалдық және әлеуметтік жағдайына  екі жақты әсері бар: жағымды және жағымсыз.

Жағымды жағы сол, заңды және жеке тұлғалар төлеген салықтар бюджет пен бюджеттік емес қорларға  жинақталып,  олар қайта бөлініп, көп бөлігі тұрғындардың кейбір бөлігіне (зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы аналар, балаларға) жәрдемақы ретінде беріледі және халыққа түрлі қоғамдық қызметтер көрсетіледі.

Фискалды және бөлу функциясы  бір бірімен тығыз байланысты және салық төлеушілердің табыстарын салық төлеушілерден мемлекетке қайта бөлген кезде бір уақытта орындалып отырады. Фискалды функцияның ойдағыдай орындалмауы әлеуметтік-экономикалық үдерістердің әлсіз түрде реттелуіне алып келеді.

Салықтардың бөлу функциясы  оның ұдайыөндірістік үрдістегі  атқаратын рөлінің көпқырлылығын  сипаттайды.  Мемлекеттің шаруашылық өмірге белсенді түрде араласуы қажет  екені белгілі болғаннан кейін, елде салық механизмі арқылы жүзеге асырылатын реттеушілік қасиет етек алды. Барлық өндірістік емес салалар  мен  қоғамдық қызметті қамтамасыз ететін қаржы ресурстары өндірісте пайда болады, сондықтан, өндіріс – салықтық ынталандырудың бірінші де негізгі объектісі болып табылады.

 

Салықтық төлемдер



 



Баға, тарифтер


Тауардың өзіндік құны


Тауарлардың өндірілу және сатылу көлемі


Тауарлардың бәсекелестік қабілеті



 

 


 

Ұйымдар қызметінің қаржылық нәтижесі



 

 


 


Ұйымдардың  таза табысы

Ұйымдардың өз міндеттерін орындауы



 

 

 

 

Сурет 2 -Салық жүйесінің  коммерциялық ұйымдар қызметінің нәтижесіне әсер ету механизмі

 

Сызба салық жүйесінің  өндірістік өнімдердің бәсекеге қабілеттілігіне, баға мен тарифке, өнімнің өзіндік  құнына, сату көлеміне және ең соңында  қаржылық нәтижеге және таза пайдаға  тигізетін әсерінің бар екенін  көрсетеді.

Салық салу принциптері  мүмкіндігінше: заңдылық пен негізділік; жалпыға бірдейлік және нақтылық; тенділік пен әділеттілік; ыңғайлылық және жеткілікті; қарапайымдылық және бейтараптық; жоспарлық және нормативтік; тиімді және үнемді; жеңілдік пен бірдүркінділік болуы қажет.

Мемлекеттiк бюджеттiң  кiрiс көзiн құрайтын негiзгi қаржылық көздер – салықтар болып табылады. Салықтар өз кзегінде олардың құрылымы мен алыну ерекшеліктеріне, сипатына және мақсаттарына байланысты әр түрлі  болып келеді.

Салық Кодексіндегі 13 салық  түрінің екеуі, яғни қосылған құнға  салық пен акциздер жанама салық  түрлеріне жатады. [7, 223 б]

Жаңа Салық Кодексi Қазақстанда  мынадай салықтар енгiзiлдi:

    • корпоративтік табыс салығы;
    • жеке табыс салығы;
    • қосылған құн салығы;
    • акциздер;
    • экспортқа рента салығы;
    • жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
    • әлеуметтік салық;
    • көлік құралы салығы;
    • жер салығы;
    • мүлік салығы;
    • ойын бизнесі салығы;
    • тіркелген салық;
    • бірыңғай жер салығы;

Мұндағы қосылған құнға салық  пен акциздер жанама салықтарға жатады. Ал қалған салықтың жетi түрi тiкелей  салық салу болып табылады. Ендi осы  салық түрлерiне және олардың ерекшелiгiн  қарастырайық.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қызмет етуінің тиімділігі ондағы жұмыс істейтін қызметкерлердің  жалақысының жоғарылауына мүмкіндік  береді, ол сәйкесінше орта топ өкілдерінің  қалыптасуына   жағдай жасайды, ұлттық экономиканың дамуына оң әсер береді.  Оны төмендегі сызба түрінде  келтіруге болады:                          

 

   

Оңтайлы құрылған салық жүйесінің  нәтижесі





 

Инвести


ция көлемінің

жоғары болуы

Мемлекет


тің өз функцияларын толық қанды атқаруы

Түрлі деңгейдегі бюджеттер мен  бюджеттік емес қорлардың толықтығы


Азаматтар


дың  материал

дық жағдайы

ның жақсаруы. Орта топ өкілдерінің құрылуы

Шаруашы


лық жүргізуші субъектлер

дің тиімді қызмет етуі


 

 

 

 

 

 



Ұлттық экономиканың дамуы және әлеуметтік мәселелердің шешілуі



 

 

Сурет 3 - Салық жүйесінің  әлеуметтік және экономикалық үдеріске

тигізетін әсері

 

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе салықтардың әлеуметтік мақсаттарға жетудегі атқаратын рөлін төмендегі сурет түрінде келтіруге болады (6-сурет).

Халықтың  әлеуметтік қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік төлемдердің  өңірлер арасында теңестірілуі


Жеке тұлғалардың табыстарын теңестіру және олардың жеке кәсіпкерлік бастамаларын қолдау


Салық жүйесінің әлеуметтік ортадағы атқаратын рөлі


Әлеуметтік  топтардың қоғамның жиынтық табысын  бөлу және қайта бөлу кезінде көрінеді (бөлу функциясы)

Фискалды  функция арқылы

Реттеу функциясы  арқылы

Салықтардың атқаратын рөлі көрінетін әлеуметтік салалар

Мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысының теңестірілуі

Ұсыныс пен  сұранысты реттеу және инфляция мен  бағаның өсуін шектеу

 


 

Мемлекетте және әрбір өңірлерде жоғары деңгейдегі әлеуметтік инфро – құрылымның қалыптасуы


Орта және шағын кәсіпкерлік  қызмет саласын дамыту және қоғамға тиімсіз саланы шектеу



 


 

Ғылым, білім, денсаулық сақтау, мәдени қажеттіліктерді қамтамасыз ету


Жаңа жұмыс орындарының қалыптасуына мүмкіндік жасау



 


 

Сурет 4 - Салық жүйесінің әлеуметтік рөлінің нақты практикада көрінуі

 

Салық жүйесінің реттеуші функциясы коммерциялық ұйымдардың қызметінде маңызды рөл атқарады. Бұл функция коммерциялық ұйымдардың қызметін ынталандырушы және шектеуші бола алады.  Салық жүйесінде кейбір шаруашылық жүргізуші субъектіге (шағын  кәсіпкерлерге) салық жеңілдігі  берілетін болса, ол, аталған субъектінің  қызметін экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан ынталандырады.

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері және дамуы

 

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі»  ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің,оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттік салық жүйесін  құрайды1.

Салық жүйесі мемлекет пен  қаржы көздерін жасау үшін құраған. Ел экономикасын қайта құруға, өндірісті  ұлғайтып дамытуға және саяси әлеуметтік шараларды толығымен іске асуға  мүмкіндік береді.

Салықты және басқа да төленетін  бюджетке міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен тәртіп жөніндегі  биліктік қатынастарды, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салықтық  міндеттемелерді орындауға  байланысты қатынастар салық заңнамасыман реттеледі.

Нарықтық экономика мен  демократиялық мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастары тек заңды негізде  құрылады. Бүгінгі күнде олар басты  табыс болып келмей, сонымен қатар  қоғамды өзгертудің басты құралы болып табылады. Ең басында біріншіден салық рефоромасын жүргізбей  тұрып, оның стратегиялық мақсаттары, өткізу мерзімі мен бағыттарын анықтауымыз  қажет. Салық жүйесі дүниежүзі тәжірибесінде  қолданылатын есептеулермен санасуы  қажет. Олар: әділдік, қарапайымдылық пен  экономикалық бейтараптылық.

Яғни әділдік қағидасына келетін болсақ, онда әділдіктің төмендегі екі белгісі сақталуы қажет:

  • тік
  • көлденең

Тік әділдіктің негізгі белгісі  ұқсас жағдайларда салық төлеушілерге шамамен тең  салық салуды қарастырады.

Ал көлденең әділдіктің негізгі  белгісі салық салу табыстың өсуіне байланысты прогрессивті қарастырады. Мұндай қағидат тек жеке тұлғалардың  табысынан алынуы қажет. Бірақ мұндай прогрессивті шәкілді жағдайда салық  салынғанда адамдардың мөлшерлеме салығы жоғары болмауы қажет.

Ал қарапайымдылық пен экономикалық бейтараптылық қағидатының негізі бұл бюджетке тиімді төлемдердің әрдайым түсуінің басты себебі, ол – салық жүйесінің қарапайымдылығы. Салық жүйесі салық төлеушілерге қарапайым және түсінікті болуы қажет. Бұл үшін төмендегі әрекеттерге мөлшерлеме сүйену қажет:

    • салықтың ең басты түрлеріне бірқалыпты мөлшерлеме орнату;
    • салық салу базасының қарапайым ретін орнату;
    • бюджеттік есептеу жүйесін максималды жеңілдету, есептеме және құжаттарды тапсыру мерзімін қысқарту, берілетін құжаттардың мазмұнын жеңілдету;
    • салықтың әрбір түріндегі жеңілдіктерді максималды түрде қысқарту.

Қарапайымдылықпен қамтамасыз етудің басты белгісі бұл –  төлеу орнының қайнар көзінен  алынатын салық тәртібін орнату. Жұмыс  ақының табыс салығы, дивидендтерге  салық және пайыздары міндетті түрде  қайнар көзде қалуы қажет. Экономикалық бейтараптықтың негізгі көрсеткіші, ол – барлық басқарушы субъектілерге  салық салудың теңдігі. Мысалы, бейтараптылық  қағидаты қосымша бағаға салықтың бірлік мөлшерлемесін қолдану, тауарды  өткізу операциясына қосалқы құн  салығын тарату, барлық басқарушы  субъектілерге бірдей салық базасын  қолдану.

Кеңестік кезеңді еске алатын болсақ, онда ол кезде жалпы  мемлекеттік және жергілікті салықтардың, төлемдердің, алымдардың жетпістен  астам түрлері болған.

1991 жылға дейін, яғни  КСРО ыдырағанға дейін елде  көбінесе экономиканы басқарудың  әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға  қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес  келетін салық жүйесі қызмет  етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің  бірі болған айналым салығы  тіркелген бөлшек сауда және  көтерме сатып алу бағаларын  қолдануға және мемлекеттік реттеп  отыруға бағытталған болатын.  Қазақстан егемендікке ие болғаннан  кейін 1991-1995 жылдары қабылданған  бірқатар заңдарға сәйкес республикада  жаңа салық жүйесі қалыптасты.

Екінші кезең «Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы»  заң 1991 жылы 24 желтоқсанда қабылданды. Сол салық заңына сәйкес республика  территориясында 45 салық жұмыс істеді.

Информация о работе Салық жүйесі қалыптасу кезеңдері мен дамуы