Салық жүйесі қалыптасу кезеңдері мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 11:02, курсовая работа

Краткое описание

Курсық жұмыстың мақсаты - салық, салық салу және салық жүйесіне жалпы түсінік беру, қалыптасуы мен дамуына талдау жасау, Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің ішкі қасиеттері мен белгілерін білдіретін қызметтерін анықтау, салық түрлерінің жеке-жеке мәнін ашып көрсету, оның мемлекет экономикасындағы алатын орнын анықтау және ашу, Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі салық жүйесінің ерекшеліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Содержание

КIРIСПЕ .......................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСIНІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ДАМУЫ
1.1 Салық жүйесінің мазмұны, деңгейлері және принциптері ............................5
1.3 Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қалыптасуы және дамуы ............12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
2.1 Қазақстан Республикасында салық салуды ұйымдастыру .............................21
2.2 Қазақстан Республикасы салық жүйесін жетілдіру мәселелері ....................30
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................................41

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салық жүйесі қалыптасу кезеңдері мен дамуы ЮАЙБИ 2012-00 (2).docx

— 396.10 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

 

КIРIСПЕ .......................................................................................................................3

 

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСIНІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ДАМУЫ

 

1.1  Салық жүйесінің мазмұны, деңгейлері және принциптері ............................5

1.3 Қазақстан Республикасы  салық жүйесінің қалыптасуы және  дамуы ............12

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА  САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІН  ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ

 

2.1 Қазақстан Республикасында  салық салуды ұйымдастыру .............................21

2.2 Қазақстан Республикасы салық жүйесін жетілдіру мәселелері ....................30

 

ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................39

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................................41

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КIРIСПЕ

 

           Зерттелген тақырыптың өзектілігі- Қазақстан Республикасында салық жүйесінің қалыптасуы және оның даму кезеңдері, сонымен қатар кезеңдерде еңгізілген өзгерістерді талдау, бюджеттің салықтық түсімдері және фискалдық саясатты ұйымдастыру тәсілдері болып келеді.  Бүгінгі күні салық жүйесінің төңірігінде елеулі проблемалар туып отыр. Ол негізінен салық түсіндерінің жеткіліксіз деңгеймен сипатталу қажеттілігін курсық жұмысының тақырыбын таңдауға ең негізгі себеп болып табылады.

Мемлекеттің салық жүйесі мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың  жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнаманы білдіреді. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу  мемлекеттің экономикалық дамуы  мен өркендеуінің сенімді арқауы болды. Біздің салық жүйемізді халықаралық  стандарқа жақындататын шаралар  – салық жүйесін төмендету  және салық түрлерін қысқарту болып  табылады.

Бүгінде Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға  өту кезінде экономиканы реттеуде бюджет-салықтық реттеу, яғни фискалдық  саясаттың маңыздылығы жоғары болып  табылады.  Өзінің тәуелсіздігін  және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база керек. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика  жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъектілерден және халықтардан  жиналған салық болып табылады.  Фискалдық саяссаттың маңыздылығы  ол мемлекеттің экономиканы рететудің  тікелей әдісі болып табылады, ьұл саясатты қолданудың нәтижесі тез  арада өз қызметін атқарып, нәтиже бере бастайды. Яғни экономикалық реттеуді дереу іске асырудың қажеттігі туындаған  жағдайда фискалдық саясаттың реттеу құралдары мен әдістерінің маңыздылығы  зор болып табылады.

Салықтар біздің өмірімізде көптеген нәрселерді анықтайды. Мемлекеттің  жағдайының жақсы болуы оның қанша  жиналғанына байланысты болады. Қоғамның даму тарихында бір де бір мемлекеттің салықтарсыз өмір сүре алмағанын байқаймыз, себебі өзінің коллективтік қажеттіліктерді қанағаттандыру қызметінде оған белгілі бір мөлшерде ақша қаражаттары қажет. Ал ол ақша қаражаттары тек салық салу арқылы ғана жинала алады. Осыдын шығатыны салық ауыртпашылығының ең аз мөлшері мемлекеттік қызметтердің басқару, қорғаныс, сот, тәртіп сақтау және т.б. кететін шығыстардың орындалу сомасымен анықталады.

Нарықтық экономика  жағдайындағы Қазақстан Республикасында  қоғамдағы қандай болмасын процестерге мемлекеттік әкімшілік жүргізу арқылы тікелей ықпал ету мүмкіндігінің тарыла бастағаны бүгінде баршаға аян.

Салық жүйесі - реформаланып жатқан экономикамыздың осал жері. Ол Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі шарттарының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта салық алдында тұрған негізгі міндеттерді орындауға бағытталған жүйелі жиынтық реформалардың бір тармағы болуға тиісті.

Салық жүйесін қалыптасуы мен дамуын зерделеу кезінде танып білудің    негізгі    әдісі    -    материалистік    диалектикалық-тарихи    әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, салық жүйесінің дамуы мен құрылымын зерттеуді болжайды.

    Курсық жұмыстың зерттеу объектісі - Қазақстан   Республикасының салық жүйесі және оның қалыптасуы, даму тарихы, нарықтық экономикадағы рөлі, проблемалары мен жетілдіру жолдары қарастырылады.

Курсық жұмыстың мақсаты - салық, салық салу және салық жүйесіне жалпы түсінік беру, қалыптасуы мен дамуына талдау жасау, Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің ішкі қасиеттері мен белгілерін білдіретін қызметтерін анықтау, салық түрлерінің жеке-жеке мәнін ашып көрсету, оның мемлекет экономикасындағы алатын орнын анықтау және ашу, Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі салық жүйесінің ерекшеліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер шешімін табуы тиіс:

  • Салық және салық жүйесінің түсінігі мен оның экономикалық мәнін қарастыру;
  • салық жүйесінің принциптеріне сипаттама беру;
  • салық салу функцияларын ашып көрсету;
  • салық жүйесінің шетелдік тәжірибесі;
  • салық жүйесінің реформаларына талдау жасау;
  • Салықтың жалпы экономикалық мәнiн ашу;
  • Салық салудың негiзгi элементтерi мен оның құрылымдарын талдау;
  • Салықтың экономикадағы атқаратын қызметтерiн көрсету;
  • Салық салу қағидаларын жан-жақты қарастыру;
  • Қазақстан Республикасының салық жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуын және оны басқару шараларын атап өту;
  • Бүгінгі таңдағы салық жүйесінің басты мәселесі болып отырған салықтан жалтару, яғни көлеңкелі экономиканы жоюдың шараларын қарастыру;
  • Бүгінгі салық жүйесінің экономикада атқарып отырған салық-бюджет саясатының 2010-2012 жылдарға арналған бағдарламасы тоқталып өту;
  • ҚР-ның Салық комитетінің қызметтерін, салықтан жалтару кезіндегі салық комитетінің іс-әрекеттеріне тоқталу;
  • салық жүйесінің өзекті проблемаларын қарастыру.

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  САЛЫҚ ЖҮЙЕСIНІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ДАМУЫ

 

1.1  Салық жүйесінің мазмұны, деңгейлері және принциптері

 

Салықтар қоғамдақ қатынастары  біртіндеп дамып келе жатқан адамзат  өркениетінің бастапқы кезеңдерінде пайда  болған болатын. Кезінде Інжілдегі  Ізгі хабарын жазғанда Лука Исаның (Христостың) тууы туралы өзінің баяндауын  «Сол күндері кесарь (патша) Август жер жүзінің барлық тұрғындары салық  төлеу үшін тізімге тіркелсін  деген бұйрық берді» деп бастаған еді. Осы оқиға салықтар мен алымдарға байланысты санақ есебін алу және тізімге тіркеу ісінің бастамасы болды, сондай-ақ халық санағы мен жерлерді есепке алу жөніндегі аталмыш өктем іс-кимылдар Сирияны Квирини басқарып тұрған кезде, астарлы мағынада жүргізілген болатын.

Салықтар баршамызға белгілі  көптеген ғасырлар бойы қоғамның экономикалық базалық құрамы және мемлекеттің  кірісін қалыптастырудың маңызды  қаржылық құралы ретінде қолданылып келеді. Теориялық жағынан салық  салу жүйесі – қоғамның әлеуметтік құрылымын танып білудің шартты жағдайы және объективті қажеттілігі.

Салықтар мемлекетпен  бірге пайда бола отырып, шаруашылық субъектілері арасындағы экономикалық байланыстардың негізгі объектісі  бола алады. Бұл өзара байланыстар  күрделі де қарама – қайшы сипатқа  ие, өйткені салық жүйесі саласында  әртүрлі бағыттағы мүдделер орын алады: мемлекет, кәсіпорын және жеке тұлға. Осындай жағдайларға көңіл  аудара келіп, А.Смит өз еңбегінде былай  деп жазды: «... жалпы қоғамдық капитал  мен жер мемлекет немесе патшалыққа қарайтын болғандықтан ірі және өркениетті мемлекеттің барлық шығындарын жабуға көптеген аумақты көлемдегі шығынды  жабу көздері қажет, ал мұндай шығындардың  басым бөлігін қандай да бір салықтар арқылы жабуға тура келеді, ал, мемлекет пен патшалықтың қоғамдық табыстарын қалыптастыру үшін тұрғындар өздерінің  жеке табыстарының бір бөлігін беріп  отырады»[2].  А.Смиттің топшылаған бұл ойы қандай да бір нысандағы  салықтарды қолдану кез келген өркениетті қоғамның өмір сүруі үшін қажетті  жағдай екеніне және салықтар –  мемлекет пен адамдар арасындағы маңызды байланыс құралы болып табылатындығына  дәлел бола алады.

Сонымен қатар, салық жүйесінің  өзіне тән табиғи ерекшеліктері  мен жалпыға бірдейлігі оның кең  көлемді үдерістерге әсер етуіне мүмкіндік береді: жұмыссыздық, инфляция, тұрғындардың өмір сүру деңгейі және т.б. Сонымен қатар оның экономикалық құрал ретіндегі икемділігі әлеуметтік қарама- қайшылықты шешуге немесе шиеленістіруге жағдай жасайды. Сондықтан да, салық  жүйесін әлеуметтік  көзқарастар  тұрғысынан қарастыру немесе  зерттеу  қоғамды және оның әлеуметтік-экономикалық ресурстарын танып-білудегі маңызды  мәселелердің бірі болып табылады.

Салықтар дегеніміз мемлекеттік  бюджетке заңды және жеке тұлғалардан  белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып  табылады.

Салықтардың функциялары  белгілі кезеңде өздері атқаратын  рөліне байланысты, мемлекет алдында тұрған негізгі мәселелерді шешуге себін тигізуге қажетті экономикалық тұтқа және реттеуші болып табылады.

Салықтардың қалыптасқан  түрдегі негізгі үш функциясы  бар. Олар: фискалдық, қайта бөлу және реттеуші функциялар.

Бірінші, фискалдық  функция - салықтардың және басқа  да міндетті төлемдердің бюджетке толығымен және уақытылы түсіп отыруын қамтамасыз етеді. Фиск - латын тілінде мемлекеттік қазына деген мағынады айтылған. Сондықтан, фискалдық қызмет - салықтық - бюджеттік қызмет, яғни мемлекеттік қазына - бюджетті төлемдер арқылы ақшалай қаражаттарымен қамтамасыз ету жөніндегі қызмет болып табылады, қаражаттарды бюджетке жүмылдыру қызметі. Тауарлық - ақшалай қатынастардың, өндірістің дамуына байланысты бұл функция мемлекет қарамағына түсетін ақшалай кірістерді ұлғайта түседі.

Қайта бөлу функциясы, әртүрлі шаруашылық субьектілерінің табыстарының бөлігін мемлекет пайдасына қайта бөлу қызметі. Бүл қызметтің барысында жалпы ұлттық өнім көлеміндегі салықтарды үлесі анықталады, яғни ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу арқылы оның қандай бөлігінің мемлекет меншігіндегі қорға қосылғанын көрсетеді.

Реттеуші функция - салық нарықтарының мөлшерін өзгерту, салық түрлерін азайту жіне негізделген салық жеңілдіктерін енгізу арқылы, заңды және жеке тұлғалардың рынокқа бағытталған экономикалық белсенділіктерін, сондай-ақ мүдделерін қамтамасыз ету. Бұл функция ынталандырушы, тежеуші ұдайы өндіруші деп бөлінеді [7,156 б].

Салықтық реттеу мүмкіндігінше  тиімді салық түрлерін таңдау, олардың мөлшерін өзгерту, жеңілдік көрсету, кейде кейбір түрлерін алу тәсілін өзгерту сияқты әрекеттерден түрады. Әсіресе, бүл функцияны ғылыми - техникалық процестерді ынталандыру кезінде қолдану өте тиімді болады.

Мемелекет аталған  салықтардың функциясын қолдана  отырып салық салу, салық қызметі саласындағы әртүрлі шараларды жүргізеді және салық жүйесін анықтап, олардың қызмет атқару нұсқасын әзірлейді. Салық салу шараларын қоғамның нақты бір даму кезеңіндегі әлеуметтік - экономикалық мақсаттарына байланысты экономикалық саясатпен ұштастыру осы функциялар арқылы жүргізіледі.

Белгілі экономист - ғалым Қарағүсова Г.Ж. айтуынша салықтар атқаратын функциялар:

-  фискалдық немесе  жұмылдыру функциясы арқылы мемлекет  тиісті шығындарын қаржыландыру қажетті салықтарды жиыстырады.

Қайта бөлу функциясы  арқылы мемлекет экономика афсының  әртүрлі саласына ықпал етеді, әлеуметтік саясатты жүзеге асырады, табыстарды халық арасындағы әлеуметтік топтарға қайта бөледі, табысы өте төмен топтарға жәрдем береді. Мысалы үдемелі ставкалы табыс салығын көрсеткен. ЬІнталандыру функциясы - экономиканы дамыту, техникалық жаңарту және тағы басқа әртүрлі жағдайлар жасауды жүзеге асыртады.

Шектеу функциясы, салық  саясаты арқылы мемлекетке тиімсіз  өндірістердің дамуын шектеу немесе тоқтата түру болып табылады.

- Бақылау - есептеу функциясы,  кәсіпорындар мен азаматтардың  табыстарын, өндірістің құрылымы  мен көлемін және қаржылардың  қозғалысын есептеп, бақылаудан түрады.

Салық салу кезінде  мемлекет белгілі бір принциптерді салық теориясының басты элементі.

Салықтар жөніндегі ілімнің  түңғыш қарлығаштары, саяси экономикалык теорияның ірі классиктері Адам Смит, Уильям Петти.

Адам Смит салық  жүйесін құрудың төрт қағидасын  ұсынған. Лар дамыған елдерде қазір де салық салуды ұйымдастыру принциптері ретінде қолданылады.

1-қағида. Салық әрбір салык  төлеушінің тапқан табысына сәйкес  алынуға тиісті.

  1. қағида. Салық мөлшері мен оны төлеу мерзімі заң жүзінде күні бұрын және дәл белгіленуі қажет;
  2. қағида. Ыңғалылық қағидасы, әрбір салық төлеушіге қолайлы уақытта және осы салық төлеушіге ыңғайлы әдіспен алынуға тиісті.

4-қағида.  Үнемділік қағидасы,  салық  алу  кезінде  салық төлеушінің 
шығындары мейлінше аз болуға тиісті [6, 48 б].

Салық салмағының халық арасында бөлінуінің екі приципі  бар:

1.Тапқан     игіліктерге негізделген, мемлекет  тарапынан көрсетілген қызметтердің бірін оның азаматтарына кәдімгі тауар ретінде берілуге тиісті. Мемлекеттік жәрдем ақыларды, субцидияларды тек табысы төмен, тұрақты табыс көзі жоқ адамдарға беру қажет.

2. Төлеу қаблеттігі  принципіне негізделген. Салық  ауыртпалығы салық төлеушілердің нақты табыстарына, тұрмыс деңгейіне байланысты болады.

Мельников В.Д  өз еңбегінде дүние жүзілік мәні бар салық салу принциптерінің ұтымды түрлерін атап көрсеткен:

1. Салық салу  формаларын белгілеу барысында  қарапайым формаларды колданған жөн. Сонда төлеушілер салық төлеуден жалтара алмайды.

2. Салық жүйесі  мүкіндігінше бейтарап болуы  тиіс, мемлекет салық төлушілерді салық жүйесі арқылы ынталандыруға (жеңілдік беру арқылы) немесе жазалауға жол бермеуі керек. Өнімдердің қызметтердің жеке түрлерін салық салудан орынсыз босатуға әлеуметтік салаларын мемлекет қаржыландарғанмен, бұл қаржыларды салық ставкаларын өзгерту жолымен алуға болмайды.

Информация о работе Салық жүйесі қалыптасу кезеңдері мен дамуы