Отчет по практике в налоговом органе Республики Казахстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 10:20, отчет по практике

Краткое описание

Егемен Қазақстанның даму жағдайында жаңа принциптерді қүру және енгізу кезінде, оның ішінде салық салуды қоса алғанда, үкімет алдында шешілетін сүрақтар түрды. Соның ішінде экономикалық, әлеуметтік және басқа да мөселелерді шешу үшін қажетті қаржы көлемімен мемлекетті толық қамтамасыз ету барлық кезеңнің, бар халықтың басты мәселесі болып келеді. Бүгінгі жағдайда салықтық түсімдерді көбейту мәселесін салықтық бақылау жүргізу ісін жетілдіру арқылы шешуге болады. Салықтар мен бюджетке түсетін төлемдерді жинау жұмысын ұтымды ұйымдастырмай, барлық фискалдық органдар бірлесіп қызмет етпей, мемлекеттік қазынаны жүйелі түрде толтырып отыруға қол жеткізу қиын.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................4
1 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Салық қызметін ұйымдастыру принциптері, құрамы, құрылымы.................6
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі салық комитетінің қызметі ..............13
Жергілікті салық органдарының қызметі ...............16
2 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Республикалық бюджет деңгейінде салықтық түсімдерді талдау.............23
2.2 Салықтармен бюджетке төленетін басқа міндетті
төлемдердің түсуінің қазіргі жағдайын талдау (ОҚО мысалы негізінде)
............................................................................................................................29
3 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Салық органдарының қызметін жетілдірудегі шетел тәжірибесі ...........................................................................................................................47
3.2 Салық органдарының қызметінің тиімділігін арттырудағы мәселелер және оны шешу жолдары...............................................................................54
ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................... 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................. 59

Прикрепленные файлы: 1 файл

отчет практика.doc

— 543.00 Кб (Скачать документ)

2.салық төлеушінің құқықтары мен мемлекеттің мүдделерін сақтауға 
және қорғауға;

  1. салық төлеушілер туралы ақпараттардың құпиясын сақтауға;
  2. салық заңын бұзу фактілерін жинақтау, талдау мен бағалауға және салық құқық   бұзушылықтары   мен   қылмыстық   орын   алуын   ықпал   ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізуге;
  3. салық қызметі органдарының басшылығының ұйғарымы бойынша салық төлеушілерге тексеру жүргізуге міндетті.

Салық қызметі органдарының    құқықтары:Салық қызметі органдарының:

- заңды және жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптарын, есептерін, сметаларын, қолда бар ақшасын, бағалы қағаздарын және басқа құндылықтарын, есеп айрысуларын, декларациялар және бюджетке салық пен басқа да төлемдерді есептеу мен төлеуге және мемлекет алдындағы өзге де қаржы міндеттемелеріне байланысты өзге де құжаттарын тексеруге, ұйымдардың лауазды адамдарына және басқа да қызметкерлерінен, азаматтардан аталған тескерулер барысында туындайтын мәселелер жөнінде анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алуға құқығы бар.

  • ұйымдар мен азаматтардың банктердегі және банк операцияларынның жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы банк шоттары 
    бойынша анықталған салық заңдарын бұзушылықты жою туралы талаптарды орындамаған, тексеру мен зерттеп қарауға жіберілмеген, салық қызметіне есеп айырысуларды, декларацияларды және табыс түсіруге, салық салынатын объектілерді ұстауға, қаржы есебін тапсырмағаны жөніндегі өзге де құжаттарды табыс етпеген жағдайда салық қызметінің талап етуі бойынша анықталмаған тәртіп бұзушылық жойылғанға дейін шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар.
  • салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазмды тұлғалар мен азаматтарға салық санкциясын және айыппұл салуды қолдануға;
  • ұйымдардың білікті мамандарын басқа да бақылаушы органдардың қызметкерлерін, салық қызметі органдарының қаражаты есебінен ақы төлей отырып, тексерулер мен сараптамалар жүргізуге, тартуға;
  • өз өкілеттілігін жүзеге асырған кезде ұйымдар мен азаматтардың табыс 
    түсіру үшін қолданатын салық салынатын объектілерді ұстауға байланысты кез келген өндірістік қойма, сауда және басқа үй-жағдайларын тексеруге құқығы бар.

Қазақстан Республикасының  салық комитеті - Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін орталық атқарушы орган болып табылады. Ол барлық деңгейдегі бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына жауапты және мынандай қызметтерді атқарады:

- салық мәселелерін реттейтін салық заңдылығы мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін орындауын бақылау;

-салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық және уақытылы аударылуының дұрыстығын қамтуды бақылау;

- салық төлеуден жалтару мен байланысты немесе мемлекет алдындағы басқа да төлемдерді орындамаумен байланысты жұмыстар бойынша өндіру;

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік салық комитетінің  тікелей бағынатын органдары  бар. Оның ішінде облыстық, қалалық  және аудандық басқармалар мен бөлімдер бар.

Мемлекеттік салық комитетінің  алдында мынандай негізгі мақсаттар  қойылған:

  • сәйкес жылда республикалық және жергілікті бюджеттерде бекітілген мөлшерде   және   сомадағы   бюджетке   салық   және   басқа   да   міндетті 
    төлемдердің толық және уақытылы түсуіне қамтамасыз ету;
  • салық заңдылығының орындалуын қамтамасыз ету және оның тиімділігін талдау;
  • салық төлеушілірге олардың құқықтары мен міндеттерін анықтау, салық төлеушілерге   салық   заңдылығымен   нормативтік   актілердегі   өзгерістерді уақытылы хабарлау, салық қызметі органдарының жұмыс істеуіне басшылықты жүзеге асыру.

Мемлекеттік салық комитеті мынадай қызметтерді атқарады:

  • бюджетке салықтар мен басқа да төлемдердің барлығының түсуінің қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізеді және салық заңдарының орындауына бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
  • халықаралық келісімдер, келісім-шарттар, келісім-шарттардың жобасына салықтық тексеру жасауға қатысады;
  • салық  салу   мәселелері  бойынша заң мен   басқа да нормативтік - құқықтық актлерді, құжаттардың жобасын әзірлеуге қатысады;

- салық заңдарын бұзу жөнінде өтініштер, мәліметтер мен басқада ақпаратты тексеруді жүзеге асырады;

-салық заңдылығын қолдау бойынша жұмыстарды анықтауды салық төлеушілер арасында жүргізеді;

  • салық заңын бұзушылыққа талдау жасау және бага беру және осыған сәйкес себептер мен жағдайларын жою бойынша ұсыныстар береді;
  • салықты түсіру жөнінде есептерді алады, оларды жалпылайды және талдайды, сондай-ақ бюджетке аударылған не төленген салықтар есебін 
    жүргізеді;
  • облыстар   бойынша   мемлекеттік   салық   органдарының жұмысының ұйымдастырылуына    тексерістер    жүргізеді,         нәтижесінде    табылған 
    кемшіліктерді жоюға шаралар жасалады, салық органдарының басшыларының есептері тыңдалады, тәжірибелерді енгізеді;
  • облыстар бойынша мемлекеттік салық органдарының салық және басқа да міндеттерді жинауға бақылауды жүзеге асырады;
  • кадрларды кәсіпкепкерлік дайындау бойынша шаралар жүргізеді;
  • келісімдерге сәйкес шетелдік мемлекеттер мен халықаралық салық ұйымдарымен байланыс орнатады, шетелдердің салық қызметінің іскерлігін ұйымдастыру тәжірбесін зерттеп, оны Қазақстан Республикасының салық қызметінің іскерлігінде оны қолдану бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  • салық салу мәселесі бойынша үкімет аралық келісімдерді жүзеге асырады және келісім-шарттар жобасын әзірлеуге қатысады;
  • ақпараттық жүйелер мен басқа да ақпараттық   құралдарын орнату бойынша шараларды жүргізеді;

- салықтық қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

-табысты төмендетіп көрсету, заңы және жеке тұлғалардың салық салу объектілерін жасырып қалу, салық және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеуден қашу жолдары, сондай-ақ салық төлеуге байланысты мемлекетке зиян тигізетін өзге де қылмыстар мен заң бұзушылықтардың бетін ашып, алдын алады;

-салық қызметінің жұмысының қауіпіздігін өз құзіреті шегінде ұйымдастырады, қызметін орындау барысындағы қылмыстық және басқа да заңсыз әрекеттерден өз қызметкерлерлерін қорғайды;

- ресми мәліметтер бойынша салық және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеуден жалтарған тұлғаларды іздеуді ұйымдастырады және жүзеге асырады;

    - салық заң  бұзушылықтары бойынша мемлекетке зиянның орнын толдыруды толық және уақтылы жүргізу үшін өз құзіреті шегінде шараларды   ұйымдастырады;

       - өз қүзіреті шегінде салықтық қылмыстар мен заң бұзушылықтары бойынша мәліметтерді жинайды және талдайды;

- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен мерзімде және нысанада және қаржылық органдарға салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуі жөнінде есептерді тапсырады;

Мемлекеттік салық комитетінің қызметкерлері өз жұмысын орындау барысында заңмен қорғалады. Олар мемлекеттік бюджет қаражаттарының есебінен міндетті және сақтандырылуға жатады.

Мемлекеттік салық комитетінің  құрылымы мен саны Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі, ал аталған құрылым шегіндегі штаттық тәртібін салық комитетінің төрағасы белгілейді. Штаттық несиелер мемлекеттік салық органның басшылықтарымен бекітіледі.

Салық қызметі органдарында әлеументтік даму қоры құралады, оның материалдық-техникалық қамытылуы мынадай көздерден алынады;

1) осы органдардың қызметкерлердің еңбек ақы қоры сомасының 2,5 пайызы мөлшеріндегі республикалық бюджет қаражаттары;

2)жыл ішінде құрылған еңбек ақы қорының жиналымдары.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік салық комитетінің  қызметкерлері өз салық төлеушілірі  туралы анықталған мәліметтерді құпияда сақтауға міндетті. Салық комитетінің қызметкерлері өз міндеттерін орындамаған жағдайда заңда бекітілген, тәртіптік материалдық немесе басқа жауапкершілікке тартылады. Салық комитетінің қызметкерлеріне кәсіби орнын толтыруға сот шешімімен республикалық бюджеттен жасалады. Са-лық комитеті салық төлеушілердің арыз шағымдарын қарап, олар бойынша 30 күннен сондай-ақ міндетті зейнетақы қорларына толық және уақытылы аударуына бақылауды жүзеге асыруға;

Салық комитеті органдары:

  1. белгіленген мерзімде төленбеген салықты, айыппұлды ұйымдардан, олардың    лауазымды    тұлғалары    мен    азаматтардан    бірінші    кезекте 
    өндіріп алуға;
  2. салық, айыппұл, өсім белгіленген мерзімде төленбеген ағдайда ұйымдар мен азаматтардың жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, ақшасын хаттауға құқығы бар.

3)салық комитеті органдарының басшылары ұйымдар мен азаматтардың бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жасау мерзімін ұзартуға және бөліп төлеуге рұқсат береді.

Құрылғаннан бастап жарты жылдан кейін Бас Мемлекеттік Салық Инспекциясы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бас салық инспекциясы болып өзгертілді.

Қаржы министрлігі және халық қарамағындағы барлық ведомстволар мына сұрақтармен макроэкономикалық деңгейде айналысу керек болды. Атап айтсақ:

        -мемлекеттік шығындарды  қаржыландыру үшін жалпы мемлекеттік 

кірістердің ішінен салықтың төлемдердің үлесін анықтау;

- фискальдық қызмет атқаратын салықтар мен ақша айналымын сұраныс 
пен ұсыныстарды реттейтін салықтардың арақатынасы;

- салық ауыртпалдықтарды бөлу принциптері мен жергілікті салықтар мен алымдардың түсімдері;

  • бюджеттен тыс қорларға түсетін төлемдердің көлемі мен оларды есептеу;
  • халықаралық келісім шарттарға отыруы принциптері;
  • салық саясатының басқа да сұрақтары микроэкономикалық деңгейде шешіледі. Бұларға мыналар жатады:
  • салық ставкалары мен олардың құрылымын әзірлеу оларды төлеу және 
    аудару тәртібі, салық салу объектілері, салықтық есеп, салық төлеушілердің жеңілдіктері туралы ұсыныстарды қарастыру;

- салықтарды   басқару   механизмін  және  салық  саясатын жетілдіру мақсатында ұсыныстар әзірлеу;

  • басқа елдердің салық салу жетістіктерін оқып шығу;
  • әртүрлі деңгейдегі салық инспекцияларының салықтарды басқару жүйесін 
    ұйымдастырудың жобасын әзірлеу;
  • салық төлемейтіндерге қолданатын экономикалық санкцияларды әзірлеу;
  • салықтың экспертизаның формасы мен әдістерін жасап шығару;
  • салықтық төлемдерді болжау.

Салықтық саясаты жетілдіру  мақсатында Қазақстандағы салықтық органдары бюджетке түсетін салықтардың дұрыс есептелуін бақылау жасауға көңіл бөлінген. Салық қызметін ұйымдастыру барысында мына негізгі қызметтер жүзеге асырылады: заңдардың жобасын жасау, жүргізіліп жатқан салық саясатына талдау жасау салықтарды басқару жүйесінің жобасын жасау; салық заңдылықтарын қолдану үшін нормативтік актілерді әзірлеу, тексерудің әдістері мен олардың орындалуын қамтамасыз ететін бағдарламаларды жасап шығару, жүргізілген реформалардың нәтижесіне баға беру, салық формаларын құру, салық органдарының қызметкерлерінің міндеттерін түсіндіру, салық жинау бойынша мәліметтерге талдау жасау, мамандарды оқыту бағдарламасын және мамандарды қайта даярлауды жүзеге асыру, төменгі тұрған бөлімдердің жұмыстарының сапалылығына жалпы бақылау жасау.

Ал енді салық қызметінің құрылымына тоқталатын болсақ, мұнда арнайы бақылау бөлімшесі ең алдымен салық комитетінің басшысына бағыну керек және мыналар бойынша:

- қабылданған заңдардың дұрыс жүзеге асырылуына бақылау жасау;

-салықтық  зерттеу  қызметін  басқару  және  ұйымдастыру  бойынша жұмыстар атқару қажет.

Сонымен қатар салық  комитеті бүкіл салық қызметінің бюджетіне жауапкершілікте болады.

Республиканың   салық   органдарының   алдына   қойылған   мақсаты шаруашылық етуші субъектілердің әрекет жасауына жағдай жасау, сол арқылы салық төлеушілердің және салық  алаңының көлемін кеңейту. Фискальдық құрылымдар мен салық төлеушілер бюджеттің кіріс бөлігін орындауда өзара жауапкершілікті түсінуі шарт.

Ал облыстық салық инспекциясының алдында тұрған міндеттерге тоқталсақ, ол мемлекет мүддесін, салық төлеушілердің құқықтарын қатаң сақтай отырып, бюджетке түсуге тиісті табысты қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік ортақ қазынаны молайтуға бюджеттің қаража қазанын  әркез олқы түсірмей, толықтырып отыруға салық жинау ұлан-ғайыр істер атқарады. Мұның маңыздылығы табыс кірісі жөніндегі сала өз алдына дербестеніп, жеке министрлік болғандығынан да айқын көрінеді.

1.2 Қазақстан  Республикасының Қаржы министрлігінің  салық комитеті

Қазақстан Республикасының  Салық комитетінің ең басты қызметі-салықтар, алдымен, кедендік төлемдер және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің бюджетке толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ еліміздің экономикалық қауіпсіздігін нығайту, экономикалық қылмыскерлікпен күресудің дамуын көтерудің өз бағытында алып отыру.

Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігінің Салық комитеті Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады, ол мемлекеттік кейбір аясындағы мемлекеттік басқарумен салааралық координацияны жүзеге асырады. Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Президент актілері, Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулылары және басқа нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ ережеге сәйкес жүзеге асырады. Қаржы министрлігінің салық комитеті құзіретінен тысқары жерлердегі олардың аумақтық органдарының шешімі барлық мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының басқа да ұйымдары жеке тұлғалардың орындалуына міндетті түрде жүктеледі. Министрлік оған берілген мүліктерге қатысты оперативтік басқару құқығын жүзеге асырады. Қаржы министрлігінің Салық комитетінің құрылымы мен құрамын Қазақстан Республикасының үкіметі анықтайды.

Информация о работе Отчет по практике в налоговом органе Республики Казахстан