Отчет по практике в налоговом органе Республики Казахстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 10:20, отчет по практике

Краткое описание

Егемен Қазақстанның даму жағдайында жаңа принциптерді қүру және енгізу кезінде, оның ішінде салық салуды қоса алғанда, үкімет алдында шешілетін сүрақтар түрды. Соның ішінде экономикалық, әлеуметтік және басқа да мөселелерді шешу үшін қажетті қаржы көлемімен мемлекетті толық қамтамасыз ету барлық кезеңнің, бар халықтың басты мәселесі болып келеді. Бүгінгі жағдайда салықтық түсімдерді көбейту мәселесін салықтық бақылау жүргізу ісін жетілдіру арқылы шешуге болады. Салықтар мен бюджетке түсетін төлемдерді жинау жұмысын ұтымды ұйымдастырмай, барлық фискалдық органдар бірлесіп қызмет етпей, мемлекеттік қазынаны жүйелі түрде толтырып отыруға қол жеткізу қиын.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................4
1 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Салық қызметін ұйымдастыру принциптері, құрамы, құрылымы.................6
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі салық комитетінің қызметі ..............13
Жергілікті салық органдарының қызметі ...............16
2 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Республикалық бюджет деңгейінде салықтық түсімдерді талдау.............23
2.2 Салықтармен бюджетке төленетін басқа міндетті
төлемдердің түсуінің қазіргі жағдайын талдау (ОҚО мысалы негізінде)
............................................................................................................................29
3 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Салық органдарының қызметін жетілдірудегі шетел тәжірибесі ...........................................................................................................................47
3.2 Салық органдарының қызметінің тиімділігін арттырудағы мәселелер және оны шешу жолдары...............................................................................54
ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................... 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................. 59

Прикрепленные файлы: 1 файл

отчет практика.doc

— 543.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.....................................................................................................4                                                                                                    

1 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН 
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 1.1Салық қызметін ұйымдастыру принциптері, құрамы, құрылымы.................6           

  1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі салық комитетінің қызметі ..............13
  2. Жергілікті салық органдарының қызметі ...............16

2 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1 Республикалық бюджет деңгейінде салықтық түсімдерді талдау.............23                                    

2.2 Салықтармен бюджетке төленетін басқа міндетті 
төлемдердің түсуінің қазіргі жағдайын талдау (ОҚО мысалы негізінде) 

      ............................................................................................................................29                                                  

3 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН 
ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Салық органдарының қызметін жетілдірудегі шетел тәжірибесі                                                                    ...........................................................................................................................47

3.2 Салық    органдарының    қызметінің    тиімділігін арттырудағы мәселелер және оны шешу жолдары...............................................................................54                                                                   

ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................... 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................. 59

 

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастардың  даму жағдайында экономикалық реформалаудың  негізгі міндеттерінің бірі тиімді салық механизмін қалыптастыру болып табылады. Салық механизмі әр деңгейдегі бюджеттің кірісін толтыру мәселелерін шешіп қана қоймай, сонымен бірге әрбір шаруашылық субъектілерінің не болмаса барлық экономиканың бүтіндей дамуына ықпал етеді.

Салық органдарының қызметінің маңызды элементі салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің ел қазынасына уақтылы және толық түсуіне бақылау  жасау. Сондықтан да салық органдарының бақылау қызметін жетілдіру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып табылады.

Бюджет толықтырудың басты көзі салықтан түсетін түсім  екені белгілі. Сол себептен республикалық  салық қызметінің мемлекет бюджетін толықтыру бағытындағы жұмыстарының тимділігін арттыру қажет.

Қазіргі уақытта елімізде салықтық реформа жүргізілуде. Ал салық  реформасын табысты түрде жүзеге асыру барысында, салық органдарының бақылау - экономикалық қызметінің мәнісі күшеюде.

Салықтық бақылауды  тек қана салықтардың толық және уақытылы түсуіне бақылауға әкеліп тіреуге болмайды. Өзінің кең мағыналығында салықтық бақылау - салық заңдарының орындалуына бақылау болып табылады. Салықтың уақытылы жиналып, салық заңдарының орындалуы, салықтық бақылауды өз деңгейінде болу үшін салық төлеушілер мен салық жинаушылар арасында рухани мәдениетті қалыптастыру керек.

Егемен Қазақстанның даму жағдайында жаңа принциптерді қүру және енгізу кезінде, оның ішінде салық  салуды қоса алғанда, үкімет алдында  шешілетін сүрақтар түрды. Соның  ішінде экономикалық, әлеуметтік және басқа да мөселелерді шешу үшін қажетті қаржы көлемімен мемлекетті толық қамтамасыз ету барлық кезеңнің, бар халықтың басты мәселесі болып келеді. Бүгінгі жағдайда салықтық түсімдерді көбейту мәселесін салықтық бақылау жүргізу ісін жетілдіру арқылы шешуге болады. Салықтар мен бюджетке түсетін төлемдерді жинау жұмысын ұтымды ұйымдастырмай, барлық фискалдық органдар бірлесіп қызмет етпей, мемлекеттік қазынаны жүйелі түрде толтырып отыруға қол жеткізу қиын.

Жалпы барлық мемлекеттік  мәселелерді шешу түптеп келгенде әрбір қазақстандықтың әлеуметтік жағдайының өсуі салық қызметі жмысының сапалылығына тікелей байланысты. Сондықтан салық саясатын жүргізуде отандық тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау және секторлардың жедел дамуына жағдай жасау, яғни мемлекет пен салық төлеушілердің талап тілегімен ортақтасуы қажет.

 

 

 

 

 

Магистрантың өндiрiстiк тәжiрибесi жоғары оқу орнындағы оқуды қорытындылаушы кезең болып табылады және келесi негізгі мақсаттардың жетуін қарастырады:

  • теориялық бiлiмдердi жетілдіру мен қорытындылау, таңдалған мамандық бойынша нақты қаржылық – экономикалық есептердiң шешiмін табу және жаттығу дағдыларын дамыту: қаржылық жоспарлау және болжау, бақылау - аналитикалық жұмыстың жүзеге асырылуы, барлық есептеулер және шаруашылық субъектiң қызметімен жүргізілетін төлемдердiң орындауы;
  • кәсіпорынтегi ғылыми зерттеулердiң тәжiрибесi және ұйымдастырушы жұмысының алуы;
  • тәжiрибе, бiтiретiн мамандыққа қатысты жұмыстың өтуi туралы есептеу нәтижесiнiң жазуына қажеттi материалдардың жиын, жалпылау, талдау және жүйелеуi көкейкестi қаржы мәселелерi бойынша iс жүзiнде айқындалған ғылыми баяндамалар;

      - өзiндiк жұмысты жүргiзудiң дағдыларын  дамыту және зерттеу әдiсiмен  меңгеру, сұрақтардың есептеу  нәтиже жасалатын тәжiрибе жасауларының қаржы қорларының басқаруды ұйымдастыру;

     - жаттығу жұмысына студенттердiң  дайындығының анықтауы.

Қойылған мақсаттар  келесi міндеттердің орындалуын қарастырады:

•   қаржы және кәсiпорын, ұйым немесе тәжiрибенiң өтуiн басқа орындағы бақылау - аналитикалық жұмыстың барлық бағыттардың мазмұнының терең игеруi;

•  тәжiрибенiң өтуi ұйымдастырылған кәсіпорынтiң (басқару, департамент ) қаржы бөлiмiнiң қызметiндегi тiкелей қатысуы;

•  тәжiрибенiң бағдарламасын орындауы;

• мамандыққа қатысты бiтiруші (магистрлық ) жұмыстың шеңберiнде дербес ғылыми зерттеу таңдалған тақырыбының жеке тапсырмасының орындауы;

•  қағаз сақтаушысында өндiрiстiк тәжiрибенiң өтуi туралы жазбаша есептеу нәтижесiнiң әзiрлеуi.

 

1 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ  ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ

ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Салық қызметін  ұйымдастыру принциптері, құрамы, құрылымы

Алғашқыда 1991 жылдың 9 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің  бұйрығымен Қаржы министрлігінің мемлекеттік  кірістерді басқару шеңберінде Бас Мемлекеттік салық Инспекциясы құрылады. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында мемлекеттік салық инспекциясы және салықтық саясаттың мазмұнынан ғана емес, оны жүргізу тәртібі мен әдістерін түбегейлі өзгерту қажет болды.

Қазақстанда салық қызметін дамыту, ұйымдастыру мақсатында көптеген қиындықтарға, атап айтсақ, өте қиын жауапты, бір бірімен байланысты мәселелерді шешу үшін мамандарды іріктеу және қайта дайындау, қазіргі жаңа техникамен танысу, салық төлеушілерді оқыту, жаңа салықтық заңдылықтарды әзірлеу сияқты қиыншылықтарға төзуге тура келді. Мемлекеттік Қаржы Министрлігінің Салық комитеті бірқатар іс-шараларды өндеген. Біріншіден, елде және жекелеген аймақтар бойынша экономикалық және қаржылық көрсеткіштерді талдау жүргізілген. Бұл бюджеттің кіріс бөлігінің резервтерін және министрліктің басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Екіншіден, республиканың салық органдарын құрылымдық жағынан құру қарастырылған және қызметтік құрылымға көшу өндірілген.

Үшіншіден, салық органдары мен салық төлеушілер арасындағы қарым-қатынастар жүйесі қайта қаралған. Басты мақсат бюджет орындалуын қамтамасыз ету мен салық төлеушілердің қаржы экономикалық көрсеткіштерінің өсуін реттеу мүмкіндігі арасында нақты тепе-теңдікті анықтау. Салық жинауда жағдайды жақсарту бойынша бекітілген шараларды жүзеге асырудағы жүйелі талпыныс салық ставкасының деңгейін көтеру есебінен емес, салықтық әкімшілдеу сапасын көтеру есебінен республика үкіметінің қадамдары ықпал еткен.

Қазақстан Республикасындағы салық қызметін ұйымдастыруға келетін болсақ, тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономика кешу шарттарында елдің табысты болуы үшін және мемлекеттік жандандыру мақсатында барлығын нөлден бастау керек болды. Республика экономикасын терең әрі ұзаққа созылған тоқыраудан шығару мақсатында елде қоғам мен нарық қатынастарының қажеттіліктерін. өтейтін жоғары нәтижелі салық жүйесі қалаптасты.

Қазақстанда алғашқы  бес жыл ішінде мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі жағдайында елімізде маңызды түбегейлі үлкен көлемді салық реформасын дайындау және оны жүзеге асыру барысында басты назарды қолда бар ресурстарға аудару қажет.

Мемлекеттік экономикалық саясаттың бір аясы салық саясаты  болып табылады. Салық салу аясында  мемлекет экономикалық мәселелерді  өзінің міндеттері және өзін ұстау жөніндегі мәселелерді ғана әзірлеумен айналысып қоймай, сонымен қатар өте ауқымды әлеуметтік және саясат тұрғысындағы мәселелерді шешуге атсалысатын саясатты да жүргізеді. Бұл жөнінде Ел басымыз Н. Назарбаев экономиканы дамыту үшін «таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторы, оны сауықтыру, фискалды және монеталық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз» деген болатын.

Салық қызметінің қағидалары мемлекеттік жалпы экономикалық бағдарламасына негізделеді және онымен тығыз байланысты болады. Экономикалық бағдарламаны әзірлеу ісі салық қызметінің алға қояын талаптарын, оның принциптерін ескере отырып жүзеге асырылады. Салық қызметінің ықпал ету аясы өте ауқымды, оны реттейтін қатынастары әр алуан болғандықтан оны тек қаржылар аясына жатқызуға болады деген көз қарас дұрыс емес. Өйткені, салық саясаты талаптарымен мен азаматтың салықтық міндеттемелерін атқару сатысында ғана қаржылық қатынастарға айналады. Салықтық қатынастардың қаржылық қатынастардан айрықшалануы салық саясаты бойынша мемлекеттің алдында тұрған міндеттемелерді талдау кезінде көрініс табады.

Салық қызметінің негізгі  принциптерін конституциялық деңгейде бекіту қажеттілігі салықтардың  мемлекет өмірінде атқаратын рөліне байланысты туындайды. Мемлекеттің  материалдық базасын қалыптастырудың  өте маңызды әдістері және қоғамды басқару аппараты ретінде салықтар мемлекет пен оның азаматтарының арасын байланыстыратын күрделі де елеулі буынға айналды. Сондықтан да барлық мемлекетерде, оның ішінде өзімізде де салықтарды төлеу азаматтардың конституциялық міндеттері болып табылады.

Салықтардың мемлекет өміріндегі атқаратын рөлінің екінші аспектісі  мемлекеттің егемендігіне қатысты  болады. Осыған байланысты мемлекет егемендігінің  басты белгісі салық егемендігі деп айтсақ, оның дәлелдемесі ретінде  салықтық реттеудің бірыңғай дүниежүзілік жүйесінің әлі күнге дейін жоқ екенін атап көрсетуге тиіспіз. Салық егемендігі жоғарыда айтып кеткеніміздей басқа мемлекеттер шектей және қол сұға алмайтын мемлекеттің салық салу жөніндегі құқығы. Мемлекеттің салық салу қүзіретін шектеудің тағы бір қажеттілігі - мемлекет салықтық міндеттемелердің атқаруын бақылай отырып, коммерциялық құпияларды біліп, оларды өз пайдасына және төлеушіге жаңағы коммерциялық құпияны дұрыс сақтай алмаған жағдайда зиян-залал келтіруіне тосқауыл қою.

Салық жүйесінің құрамына мемлекетте алынатын барлық салықтар, салықтық қатынастар мен оларды реттейтін құқықтық нормалар, салық төлеушілер мен салық қызметі орындарының құқықтары мен міндеттері және тағы да басқа кіреді. Салықтарды қоғам өмірінің әртүрлі аяларын мемлекеттік реттеудің құралы ретінде қарайтын тұжырымдама бар. Салық қызметінің негізгі міндетерінде бірінші кезекте қандай да болмасын өндіріс, сала, аумақ және тағы басқаларды дамытуға жағдай жасау қарастырылады.

Салық қызметі мемлекеттің  экономикалық дамуымен тығыз байланысты. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша салықтар, салық салу жөніндегі заңдарды жоғарғы өкімет органдары қабылдайды. Бұл заңдарда салықтардың объектісі, субъектісі, есептеу, төлеу тәртібі, мерзімі және тағы басқалар белгіленеді. Ал салық ставкалары мен салық жеңілдіктері жөніндегі мәселелерді оларды реттеу құралы ретінде-пайдаланатын атқарушы билік органдары айқындайды.

Салық қызметін ұйымдастыруда мынадай маңызды мәселелердің де көрініс табу қажет:

  • салық төлеушілерді жаңа салықтардың енгізілгені жөнінде міндетті түрде хабардар ету;
  • салықтарды төлеу, аудару жөніндегі сауалдарға кеңес беру;
  • салық міндеттемелерін атқаруды ерікті түрде атқару әдістері мен   салық 
    санкцияларын пайдалану арқылы мәжбүр ету түрінде төлетуді қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заң (салық кодексі) және де Қазақстан Республикасының заңдары салық қызметі жұмысының құқықтық негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасының салық қызметінің құрылымына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті аудандық, ауданаралық, қалалық салық комитеттері кіреді.

Салық қызметінің аумақтық органдары жоғары тұрған тиісті салық қызметі органдарына тікелей жоғарыдан төмен бағынады және жергілікті атқарушы органдарға кірмейді. Салық комитетін төраға басқарады. Оны қызметке Қаржы министрі салық комитетінің төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының үкіметі, ал оның орынбасарларын салық комитетінің төрағасының ұсынысы бойынша Қаржы Министрлігі салық комитетінің төрағасы тағайындайды. Қалалар, аудандар бойынша салық комитетінің терағаларын салық комитенің төрағасының ұсынуы бойынша қызметке Қаржы министрлігі салық комитетінің терағасы тағайындайды.

Салык кызметінің органдары:

1.тәлкіленіп және иесіз  қалып, мемлекет меншігіне кешкен мүліктерді есепке алу, бағалау және сату жөнінде жұмыс жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  Қаржы  министрлігі   бекіткен   көлемде   және  тәртіппен 
жүргізілген жұмыстар туралы есеп әзірлеп, оны кіріс министрлігіне беріп отыруға;

Информация о работе Отчет по практике в налоговом органе Республики Казахстан