2014 жылына Салық кодексіне енгізілген өзгерістер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2014 в 16:25, статья

Краткое описание

Корпоративтік табыс салығы бойынша:
Салық кодексінің 147-бабына енгізілген өзгертулермен ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынған табыс деп ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғаларға осы бапта белгіленген бағыттар бойынша берілген бюджеттік субсидиялар танылады, демек осындай субсиялар түріндегі табыстар 10 % ставкамен салықтандырылуға жатады. Аталған норма 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

НАЛОГ.docx

— 42.61 Кб (Скачать документ)

6.3 Салық кодексінің 315-бабында жалпыға  ортақ пайдаланылатын автомобиль  жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды  салу (реконструкциялау) және жөндеу  кезінде пайдаланылатын кең таралған  пайдалы қазбаларды барлауға  немесе өндіруге арналған жер  қойнауын пайдалану құқығына  жазбаша рұқсат алынған кезде қол қойылатын бонус осындай рұқсат алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде төленетіні туралы қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмдерi нақтыланды.

6.4 Салық кодексінің 332 және 334-баптарында  мынадай өзгерістер енгізілді:

өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газ ұғымы нақтыланды;

өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газ ұғымына, сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және осы жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт шеңберінде бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде мұнайгаз аумақтарындағы қабаттық қысымын қолдау мақсаттарында жер қойнауына кері айдау үшін қолданылған табиғи газ да жатқызылады;

ҚР-ның ішкі нарығында өткізілген сұйытылған мұнай газына сәйкес келетін көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газ ұғымы енгізілді.

Сәйкесінше, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың салықтандыру объектісі жоғарыда көрсетілген газ мөлшері бойынша қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарымен және ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, 20 пайызға ұлғайтылған өнім бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құнынан анықталады.

Бұл норма 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

7. Мұнай өңдеу  зауыттарын салықтандыру бойынша

2009 жылдың 1 қаңтарына дейін, сондай-ақ одан кейінгі кезеңде алыс-беріс шикізатынан өндірген бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизельдік жанармайды беру кезінде салықтандыру тәртібін заңнамалық реттеу мақсатында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңына және «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына келесі өзгерістер енгізілді.

Осылайша, Салық кодексінің 84-бабының 2-тармағына бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизельдік жанармайды алыс-беріс шикізатынан өндірген тұлға үшін - алыс-беріс шикізатынан өңделген өнім болып табылатын акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін осындай тұлғаның орындау есебінен алуға жататын (алынған) өтем сомасы салық салу мақсатында табыс ретінде қарастырылмайтынын реттейтін өзгерістер енгізілді.

Салық кодексінің 238-бабының 7-тармағына енгізілген өзгерістерге сәйкес, алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша қызметтер көрсететін, бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизельдік жанармайды өндірушінің салық салынатын айналым мөлшерiне алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын осындай тауарларды берген кезде Салық кодексінің ережелеріне сәйкес төлеуге жататын (төленген) акциз сомасы енгізілмейді.

Салық кодексінің 280-бабында алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизельдік жанармайды беру кезінде акциз сомасын есептеу мақсатында ставкасы анықталды.

Салық кодексінің 283-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизельдік жанармай бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.

«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында мұнай жеткізуші, егер осындай өтеу жеткізуші мен өндірушінің арасындағы шарт талаптарында көзделген болса, өндірушінің алыс-беріс шикізатынан қайта өңделген өнімдер бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген акцизді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындауы бойынша шығыстар сомасын өндірушіге өтейтіні анықталған.

Бұл нормалар 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

2009 жылғы дейінгі кезеңде корпоративті  табыс салығы мен қосылған  құн салығын есептеуді қарастыратын  ұқсас өзгерістер «Салық және  бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңына енгізілді.

8. Акциздер бойынша

2014 жылдан бастап күшті алкогольды өнімдерге акциздер ставкасын екі есеге ұлғайтып, 100 %-дық спирттың литры үшін 1000 теңгеге дейін,  2016 жылға дейін 1600 теңге деңгейіне дейін жеткізу, ал темекі өнімдеріне (фильтрлы және фильтрсыз) 1000 данасы үшін 3000 теңгеге дейін ұлғайту және 2016 жылға дейін 5000 теңге деңгейіне дейін жеткізу жеткізу қарастырылған.

9. Арнаулы салық  режимдері (АСР) бойынша

9.1 Салық кодексінің 428-бабының 2-тармағына 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға  бірдей салық салу тәртібіне  көшкен жағдайда, жалпыға бірдей  салық салу тәртібін күнтізбелік бір жыл қолданғаннан кейін арнаулы салық режиміне көшуге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді.

9.2 Салық кодексінің 451-бабының 2-тармағына  корпоративтік табыс салығының  сомасын азайту сондай-ақ:

1) осы Кодекстің 141-бабына сәйкес  айқындалатын корпоративтік табыс  салығы бойынша аванстық төлемдердің  сомаларын есептеу кезінде;

2) осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында  көрсетілген бағыттар бойынша  ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін  өндіруші заңды тұлғаларға берілген, бюджеттік субсидиялар түрінде алынған табыстарға қолданылатынын көздейтін өзгерістер енгізілді.

Бұл нормалар 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

9.3 Заңды тұлғалармен арнаулы салық режимін қолдану үшін шектеу қарастыратын Салық кодексінің 448-бабының 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларының қолданылуы 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды.

10. Мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдарына салынатын салық бойынша

10.1 Мүлік салығы бойынша Астана  және Алматы қалалары бойынша  тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны 30,0 мың теңгенеден 60,0мың теңгеге дейін өсіп екі есеге ұлғайтылды, облыс орталықтары бойынша да 18,0мың теңгеден 36,0мың теңгеге дейін екі есеге ұлғайтылды.

Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлік салығының салық базасын анықтау барысында ставкалар шкаласы қайта қаралды.

10.2 Салық кодексінің 387-бабына енгізілген  өзгерістерге сәйкес түрлі объектілер  салуға арналған, тұрғын жай салуға арналған жер учаскелерін қоса алғанда, және пайдаланылмайтын жер учаскелері он есе ұлғайтылған ставкамен салықтандырылатын болады.

Бұл ретте, тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау тәртібін ҚР Үкіметі белгілейді. Салық органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді жер ресурстарын басқару саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынады. Атап өту керек, жер салығының базалық ставкаларын он есеге ұлғайту бойынша салық міндеттемесі осы норманың қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жылдық мерзім өткен соң, яғни 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болады.

10.3 Көлік құралдарына салынатын салық бойынша негізгі толықтырулар Салық кодексінің 365 және 367-баптарына тиесілі. Осылайша, 2014 жылдың          1 қаңтарынан бастап, Салық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 4) - 6) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғалардың жекелеген санаттары үшін 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті органда тіркелген (қайта тіркелген), қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер бойынша жеңілдіктер алынып тасталады.

Одан басқа, ҚР-да 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе ҚР-ның аумағына 2013 жылғы               31 желтоқсаннан кейін әкелінген, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер үшін салық ставкасын өзгерту қарастырылған. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұндай жеңіл автомобильдер қозғалтқыш көлемі      3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда -  35 АЕК, 3 200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда – 46 АЕК, 3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда – 66 АЕК, 4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда – 130 АЕК, 5 000-нан жоғары – 200 АЕК ставкасымен салықтандырылады. Бұл ретте, қозғалтқыш көлемінің тиісті төменгі шегінен асқан әрбір бірлікке салық сомасы 7 теңгеге ұлғайтылады.

11. Төлемақылар, алымдар және басқа да төлемдер бойынша

11.1 Аукционнан алынатын алым  бойынша декларация тапсыру мерзімі айдан тоқсанға өзгертілді.

11.2 Салық кодексінің 495-бабына енгізілген  толықтыруларға сәйкес, көң, құс  саңғырығы ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтарының санатына жатқызылып, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 тоннасы 0,009 АЕК-пен салықтандырылады.

11.3 Кеме жүзетiн су жолдарын  пайдаланғаны үшiн төлемақыны  есептеу тәртібі нақтыланып, бұл  норма 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

11.4 Сондай-ақ, Салық кодексінің 528, 530-баптарына сыртқы (көрнекі) жарнама  объектілерін анықтау бөлігінде өзгерістер енгізілді. 

Аталған өзгерістер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР-ның Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес енгізілді, осыған сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы  (астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тіркелген көлік құралдарында орналастырылған жарнамалар үшін төлемақыны қоспағанда) жергілікті атқарушы органдардың арнайы шотына есептелетін болады.

Бұл ретте, аталған төлемақы бойынша мәліметтерді салық органдарына автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы тапсырмай, оның орнына Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор тапсырады.

12. Салық есептілігі  нысандары бойынша

12.1 Салық кодексінің 69-бабының 2-тармағына  енгізілген толықтыруларға сәйкес, жою әдісімен Салық кодексінің 70-бабы 5-тармағының талаптарын бұза  отырып және қуынымның ескіру  мерзімі аяқталғаннан кейін салық төлеушi табыс еткен салық есептілігiн кері қайтарып алу жүргізіледі

12.2 Одан басқа, Салық кодексінің 584-бабының 5-тармағына енгізілген  толықтыруларға сәйкес, салық есептілігі егер:

салық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда салық есептілігін ұсыну тәсіліне қатысты Салық Кодексінің 72-бабы 1-тармағының талаптары бұзылса (бұл норма 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі);

салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдерін қосылған құн салығы декларациясымен бірге бір мезгілде ұсынуға қатысты осы Кодекстің      270-бабы 2-тармағының талаптары бұзылса (егер қосылған құн салығының төлеушісі  салық кезеңінде шот-фактураларды тек электронды түрде берген жағдайларды қоспағанда), салық қызметі органдарына табыс етілмеген деп есептеледі.

Бұл норма 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Осылайша, аталған салық заңнамасының талаптарын бұза отырып тапсырылған аталған салық есептілігі табыс етілмеген деп есептеледі және жою әдісімен кері қайтарып алынады.

Сондай-ақ, осы бап 4-1-тармағымен толықтырылып, салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесімен салық есептілігін қабылдау және өңдеу кезінде оның толық және дұрыс толтырылуын тексеруден тұратын пішімді-логикалық бақылау жүргізілетінін белгілейді.

Осыған орай, Салық Кодексінің 584-бабының 5-тармағының                           7) тармақшасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, салық есептілігі нысанының электронды түрдегі құрылымында аталған пішімді-логикалық бақылау талаптары бұзылған жағдайда, салық есептілігі табыс етілмеген деп есептеледі.

Бұл норма 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

12.3 Салық Кодексінің 72-бабына енгізілген  өзгерістерге сәйкес, салық есептілігін  табыс ету мерзімін ұзарту  хабарламалық сипатта болады, яғни  салық төлеуші салық өтінішінің  орнына салық органына салық  есептілігін табыс ету мерзімін  ұзарту туралы хабарламаны тапсырады.  

Салық Кодексінің 71-бабына ұқсас өзгерістер енгізіліп, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің рұқсат беру сипатындағы табыс ету мерзімін ұзарту туралы салық өтінішінің орнына хабарламалық тәртіп енгізілді. Бұл ретте, салық төлеуші өзі тіркеу орны бойынша салық органына осындай салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарлайды. 

 

 

  

 

13. Салықтық әкімшілендіру бойынша

13.1 Сәйкес мемлекеттік органдардың мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы соттарға қуынымдар беруге Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, сондай-ақ арнайы заңнамалық актілермен белгіленеді.

Осыған орай, салық қызметі органдарына жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Салық кодексінің 19-бабына салық қызметі органдарына мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы соттарға қуынымдар беруге құқықтары үлестірілген өзгерістер (толықтырулар) енгізілді. 

Салық кодексінің 19-бабына енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулармен қатар, сондай-ақ Салық кодексінің 115 және 257-баптарына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілді. Осыған орай, соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша шығындар КТС есептеу кезінде шегерімге жатқызылмайды және ҚҚС сомасын есептеу кезінде есепке жатқызылмайды.

13.2 ҚР заңнамасы нормаларының түрліше түсіндірілуін болдырмау мақсатында Салық кодексінің 557-бабына салық қызметі органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың қарым-қатынасы бөлігінде толықтырулар енгізілді. Салық құпиясына рұқсат алған мемлекеттік органдардың тізбесі кеңейтілді.

ҚР-ның заңнамасында белгiленген өкiлеттiктердi жүзеге асыру үшiн монополияға қарсы органға салық құпиясын құрайтын мәлiметтерді бойынша аталған өзара қарым-қатынас барысында берілетін мәліметтер тізбесін нақтылау үшін өзгерістер енгізілді.

Информация о работе 2014 жылына Салық кодексіне енгізілген өзгерістер