Құю цехын жобалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Августа 2013 в 17:22, реферат

Краткое описание

Тапсырманы талдау және жобалауда пайдаланылатын негізгі мәліметтер
Тапсырмадағы берілген жобаның тақырыбы Қарағанды құю зауыты «Қазақмыс» корпорациясының жағдайында қуаттылығы жылына 5 мың тонна болат құю сериялық өндіріс бөлімінің жобасы.
Корпорация «Қазақмыс» өнеркәсібінің тағайындауы бойынша болатты құймалар өндіреді, құйма салмағы 0,5 кг-нан 5 тоннаға дейін, сонымен қатар құм қалыптарға сәндік құю, қолмен және машинамен қалыптау түрлері жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

болат 5.doc

— 1.40 Мб (Скачать документ)

Барабанның дірілдеуімен және онымен байланысты шуды төмендеті үшін сырттан  термотөзімді резеңкелі бетпен жабыстырады, оны одан кейін барабанға хомут  және болатты сызығымен қысады. Мұндай конструкцияда құймалардың соқтығысуы барабанның бүкіл бетінде емес, обечайканың бөлігінде ғана дірілдеуді туғызады. Сонымен бірге, дірілдеу аудандары азайған кезде дірілдеу жиілігі өседі, ал жоғарғы жиілікті тербелістер үйкелісу күші арқылы жоғалады. Осы шаралар шудың дауысын 3 – 4 есе төмендетеді.

Скиптің жетегі екі барабаннан және айналмалы подшипниктерде айналатын, рамада бекітілген скипті көтергіштен  тұрады.

 

 

3.2 Құрылғының негізгі  көрсеткіштерін есептеу

 

Құрылғының негізгі  көрсеткіштерін есептеу үшін бастапқы мәліметтер [2]:

  • барабанның өнімділігі, Q = 7т/сағ;
  • бір құйманың салмағы, m1 = 6,225 кг;
  • құйма жадығатының тығыздығы, ;
  • жұлдызшалар жадығатының тығыздығы, ;

Құймаларды тазалаудың бір циклдің уақыты құйма массасына, конфигурациясына және жадығатына байланысты болады. Болат құймалар үшін: m1, кг 10 – ға дейін 10...50  50...100 100...200 200...500, , сағ. 0,5...0,75 1,0...1,3 1,5...3,0 3...6  6...8.

Шойын құймалар үшін құйма тазалау  уақыты 1,5...2 есе кіші болғандықтан жоба үшін тазалау уақытын 0,3 сағ. деп қабылдаймыз. 

Барабанға жүктелетін орта шамамен құймалар саны i, дана [2]:

                                                        

                                                     (2.1)

мұндағы: Q – барабанның өнімділігі, т/сағ;

            m1 – бір құйманың салмағы, кг;

           – тазалау уақыты, сағ.

Барабанды жүктеудін  жалпы массасы (жұлдызшаларды қоса есептегенде) mз, кг [2]:

                                                                                                    (2.2)

мұндағы: m1 – бір құйманың салмағы, кг;

           – жұлдызшалар массасының құймалар массасына қатынасы,

           = 0,3...0,35. = 0,3 деп қабылдаймыз.

Жалпы жүктеудің көлемі , м3 [2]:

                                                                                             (2.3)

мұндағы: - барабанның ішіндегі жұлдызшалардың және құймалардың орналасу тығыздығын ескеретін коэффициент, бұл коэффициент құйманың конфигурациясына байланысты, орта шамамен = 0,4 деп қабылдаймыз;

         – барабанға жүктелетін орта шамамен құймалар саны, дана;

        – жұлдызшалар массасының құймалар массасына қатынасы,

        = 0,3...0,35. = 0,3 деп қабылдаймыз;

          m1 – бір құйманың салмағы, кг;

        – құйма жадығатының тығыздығы, ;

       – жұлдызшалар жадығатының тығыздығы, .

Барабанның көлемі, м3 [2]:

                                                                                         (2.4)

мұндағы: Q – барабанның өнімділігі, т/сағ;

    – тазалау уақыты, сағ.

    – барабанды жүктеу коэффициенті, домалақ барабандар үшін

    = 0,7...0,8. Бізде домалақ барабан болғандықтан барабанды жүктеу коэффициентін = 0,7 деп аламыз;

    - барабанның ішіндегі жұлдызшалардың және құймалардың орналасу тығыздығын ескеретін коэффициент, бұл коэффициент құйманың конфигурациясына байланысты, орта шамамен = 0,4 деп қабылдаймыз;

    – жұлдызшалар массасының құймалар массасына қатынасы,

    = 0,3...0,35. = 0,3 деп қабылдаймыз;

   – құйма жадығатының тығыздығы, ;

   – жұлдызшалар жадығатының тығыздығы, .

 

    

 

3. 3 Барабан есебі мен баяндамасы

 

Ұсақ қарапайым құймаларды тазалау үшін домалақ қимасы бар  барабандар қолданылады. Құймаларды домалақ  барабанның 70 – 80% - ін толтырады. Барабанның айналуы кезінде құймалар бір  – біріне және жұлдызшаларға үйкелісу арқылы тазаланады. Күйіп жабысудың мөлшеріне байланысты бір жүктемені тазарту үшін барабанның айналу ұзақтылығы 0,5 – 1,5 сағат. Бұл операциялардың ұйымдастыруына байланысты құймаларды жүктеу және шығару ұзақтығы үлкен шектерде ауытқиды. Жүктеуді скипті көтергішпен механикаландырғанда және құймаларды барабаннан колосникті торға төгу арқылы бір ауысымда құйма тазалау циклдерін 5 – 12 шамасында алуға болады. Домалақ барабанда тазалағанда құймадан қарапайым өзекшелердің босатылуы қатар жүргізіледі.

Құймаларды тазалау үшін қолданылатын домалақ барабаннан басқа тіктөртбұрыш қимасы бар айналмалы барабандар бар, олардың формасы параллелепипедке жақын.  Тіктөртбұрышты барабанға құймаларды рет ретімен ұқыпты барабанның бүкіл көлемі бойынша толтырылады. Тіктөртбұрышты барабанның айналуы кезінде құймалардың орын ауыстыруы шектелген, тазалау негізінде жұлдызшылардың циркуляциясы арқасында жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта осындай барабандар қолданылмайды.

Біздің жобаланып отырған барабанымыз  электроқозғалтқыш және редуктор арқылы қозғалысқа келтіріледі, ал электроқозғалтқыш редуктормен жарты муфта арқылы бекітілген. Люкпен төмен немесе жоғары күйде барабанның тоқтатылуы айнымалы тоқтың тежегіші арқылы іске асырылады.

Барабан құйылған қақпақпен қосылған обечайкадан тұрады. Қақпақтарға тіреуіш подшипниктерге кіретін тесігі бар цапфалар орнатылған. Барабанның шеттері екі қабырғадан тұрады: қақпақтарға ауа мен шаң өтетін тесіктері бар дисктер бекітіледі. Жоғарыда айтылып кеткендей, цапфалардың біреуі сорғыш желдеткішпен қосылған, ал екіншісі арқылы ауа барабанның ішіне сорылады. Обечайканың үстінгі бөлігінде құймаларды салуға және шығаруға арналған люк бар.

Барабанның дірілдеуімен және онымен байланысты шуды төмендеті үшін сырттан  термотөзімді резеңкелі бетпен жабыстырады, оны одан кейін барабанға хомут және болатты сызығымен қысады. Мұндай конструкцияда құймалардың соқтығысуы барабанның бүкіл бетінде емес, обечайканың бөлігінде ғана дірілдеуді туғызады. Сонымен бірге, дірілдеу аудандары азайған кезде дірілдеу жиілігі өседі, ал жоғарғы жиілікті тербелістер үйкелісу күші арқылы жоғалады. Осы шаралар шудың дауысын 3 – 4 есе төмендетеді.

Барабанның көлемін V және формасын біліп, оның өлшемдерін анықтаймыз. Барабанның жұмыс істейтін ұзындығын (обечайка) L, м, әдетте тең  деп алынады [2]:

                                                                                                           (3.1)

мұндағы: – барабанның көлденең қимасының диаметрі, м;

    – барабанның ұзындығының диаметрге қатынасы. Біздің жобамыз үшін

    = 1,5 тең.

Сонда домалақ барабан  үшін оның ішкі диаметрі келесі формула  бойынша анықталады, м [2]:

                                                                                                         (3.2)

мұндағы: V – барабанның көлемі, м3;

- барабанның ұзындығының диаметрге  қатынасы. Біздің жобамыз үшін 

= 1,5 тең.

Ұсыныс бойынша барабанның қолайлы айналу жиілігі  , 1/рад [2]:

барабандар үшін ;                           (3.3)

барабандар үшін .                            (3.4)

Біздің есептеулеріміз бойынша  болғандықтан айналу жиілігін (3.4) формула бойынша табамыз:

 

 

3.4 Жетек есебі мен  баяндамасы

 

Жетек – бұл технологиялық, тасымалдау, қосымша және басқа да машиналар мен механизмдерінің жұмыс органдарын қозғалысты келтіретін кешенді құрылғы [3]. Жетек – бұл машинаның құрама бөлігі, жетектің түрі, конструкциясы мен сипаттамалары құю машиналарының өнімділігіне, үнемділігне және атқарылатын процестің сапасына тікелей байланысты.

Жетектің түрлері: пневматикалық  жетек, гидравликалық жетек және электр лік жетек.

Жетектің негізін атқарушы, реттеуші (распределительные), басқару құрылғылары  құрайды.

Атқарушы құрылғы немесе қозғалтқыштар энергияны механикалық энергияға түрлендіріп, технологиялық операцияны орындайтын машинаның жұмыс органдарының қозғалысының сипаттамаларын қамтамасыз етеді.

Реттеуіш құрылғылар (распределительные) атқарушы құрылғыларға энергияны беру үшін тағайындалған.

Басқару құрылғылары  машинаның жұмыс органдарының орын ауыстыруын белгіленген қозғалыс заңдылығы  бойынша бір – бірінен кейін  орындалуын қамтамасыз етеді.

Егер де пневматикалық  және гидравликалық жетек негізінен  машинаның жұмыс органдарының түзу сызықты ілгерілмелі қозғалысы үшін қолданылса, электрлік жетек жұмыс органдарының айнымалы қозғалысы үшін қолданылады. Электрлік жетек көбінесе қоспа лақтыру, қалыптау қоспаларын дайындау және тасымалдау үшін, үздіксіз құю машиналарда, тазарту машиналарда, жүгіргіштерде және т.б. машиналар үшін қолданылады.

Қазіргі машина жасау  өндірісінде жеке электрлік жетек  өндірістік машиналар жетегінің  негізгі түрі болып табылады. Машинаның  жұмыс органдарының үздіксіз орын ауыстыруы  немесе жоғарғы периодты жүрісі кезінде электрожетектің қарапайымдылығы, сенімділігі және үнемділігі бойынша басқа жетектерге қарағанда айтарлықтай асып түседі. Электрлік жетекте энергия түрлендіру процесі басқа жетектерге қарағанда жоғарғы үнемділігімен (ПӘК – тің жоғары болуы) айырылады.

Біздің жобалап отырған  галтовты барабанның жетегі электрлік  жетек болып табылады. Барабанымыз электрлік қозғалтқыш және редуктор арқылы қозғалысқа келтіріледі, ал электрлік қозғалтқыш редуктормен жарты муфта арқылы бекітілген. Галтовты барабан жетегінің қуатын табу үшін келесі есептеулерді жүргіземіз:

Барабан жетегінің қуатын келесі формула бойынша анықтаймыз, кВт: [2].

          кВт                                       (4.1)

мұндағы: 10-3 – Вт – ты кВт – қа удару үшін;

    – барабанның айналуына қарсыласудың жалпы момент күші;

    – жетектің ПӘК, =0,90 ;

    К – қуат  қорының коэффициенті, К= 1,0…1,2. Біздің  жобамыз бойынша К= 1,1.

Барабанның айналуына қарсыласудың жалпы момент күші, [2]:

 

                                        (4.2)

мұндағы: – жүктеу кезінде пайда болатын момент күші, ;

    – құймалардың барабан қабырғасына үйкелісу кезіндегі моменті, ;

    – тіреуіш цапфалардағы үйкелісу моменті, .

Жүктеу кезінде пайда  болатын момент күші, [2]:

                                              (4.3)

мұндағы: – жүктеудің ауырлық центрінен барабан осіне дейінгі арақашықтық, м;

    – жүктеудің ауырлық центрінің көтерілу бұрышы, град;

   – жүктеу күші, Н.

Жүктеудің ауырлық центрінен  барабан осіне дейінгі арақашықтық  , м келесідей табылады [2]:

                                                  (4.4)

мұндағы: – барабанның радиусы, м;

           – сегменттің орталық бұрышы, град.

мәні жүктеу коэффициенті арқылы табылады [2]:

                                                                                          (4.5)

мұндағы: – жүктеу коэфициенті;

            – сегменттің орталық бұрышы, град.

 – жүктеу күші, келесі формула бойынша анықталады, Н [2]:

                                                                                    (4.6)

мұндағы: – барабанды жүктеудін жалпы массасы, кг;

     – еркін түсу үдеуі, .

Жүктеудің ауырлық центрінің  көтерілу бұрышы , град. келесідей анықталады [2]:

                                                                                       (4.7)

мұндағы: – көтерілу бұрышы, град;

           – сегменттің орталық бұрышы, град.

Көтерілу бұрышы келесідей  анықталады, град. [2]:

                                                                               (4.8)

мұндағы: – ішкі үйкелісу бұрышы, град.

Ішкі үйкелісу бұрышы келесі формула бойынша анықталады, град. [2]:

                                                                                        (4.9)

Информация о работе Құю цехын жобалау