Ендірісті метрологиялық қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 13:35, курсовая работа

Краткое описание

Ауыр металдарға атомдық массасы 50 атом бірлігінен асатын немесе алтыдан аса тығыздықтағы қырық элемент жатады. Қауіпті ластаушылардың саны сыртқы ортадағы токсиндік, тұрақтылығын, жинақталуы мен аталған металдардың таралу масштабын ескергенде айтарлықтай аз. Ауыр металдар көптеген ферменттер құрамына кіріп биологиялық процестерге белсенді қатысады. «Ауыр металдар» тобы көбіне «микроэлементтер» түсінігімен сәйкес келеді. элементтердің экзогендік, жоғары концентрациясына «микроэлементтер» термині жарамайды. Ең алдымен өндірісте кең ауқымда және көп мөлшерде қолданылатын металдар зиянды. Олар биологиялық белсенді және токсинді.

Содержание

Кіріспе ........................................................................................................5
1. МЕТРОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ......................................................6
1.1 Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы..................6
1.2 Метрологияның ғылым мен өндірістегі рөлі..............................................7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БАЗАСЫ..................................................................................9
2.1 Метрологиялық қамтамасыз етудің құқықтық негізі...............................9
2.2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік негізі............................ 10
2.3 Қазақстанның заңды базасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру..............13
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БАЗАСЫН ЖЕТІЛДІРУ .......................................................22
Пайдаланылған әдебиет.........................................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая СМС.doc

— 300.00 Кб (Скачать документ)

Қызылорда облысындағы мұнай қалдықтарынан асфальтшайырлы-парфиндерді бөліп алу арқылы алынған жанармай брикетін жасау сол қалдықтары жергілікті өнеркәсіп орындарында пайдаға асырудың ең төте жолы. Әрі ондай өнімді қолданудың қоршаған ортаны қорғауда маңызы зор.

Мұндай өнімдерді Қазақстан  және ТМД елдері тұрғын үй – коммуналдық  шаруашылығында пайдалануға болады. Қызылорда облысында іске асырылуға  арналған жобаның экономикаылқ көрсеткішіне келер болсақ, жобаның бағасы 27 833 760 теңге, өнім құндылығы 0,49 пайыз. Ал жұмсалған қаржының қайту мерзімі 2 жыл 9 ай. «Оңтүстік Қазақстан облысындағы аумақтық технобағы» ЖШС инновациялық жобалардың дамуы үшін технологиялық бизнес-инкубациялау шегінде келесі қызметтер ұсынады: бухгалтер қолдау көрсету, заңдық қолдау көрсету, жобаны іске асыруға қолдау көрсету, маркетингтік зерттеу, бизнес-жобану жасау, патенттеу. «Оңтүстік Қазақстан облысындағы аймақтық технобағы» ЖШС-ы инновациялық жоблардың дамуы үшін технологиялық бизнес-инкубацияландыру шегінде ұсыныстарды қабылдауды жалғастыруда.

Серпінділік стратегиясының қарлығашы

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылдың мамырында қазыналы өлкедегі жұмыс сапарының екінші күнінде Атырау мұнай өңдеу зауытына (АтМӨЗ) барғаны есте. Бұл зауыт еліміздің осы саласында іске қосылған тұңғыш кәсіпорын екендігімен ерекшеленеді. Зауыттың құрылысы 1943 жылы басталып, төрт жылдан соң толыққанды өнім өңдей бастаған. Технологиясы өте күрделі, гудри катализдік крекинг және газ фракциялау қондырғыларымен жабдықталған. Электрмен тұзсыздандыратын “Петрико” қондырғысы зауытта шикі мұнайды терең өңдеуге жол ашты. Осы техникалық жобаны кезінде америкалық “Баджер және оның балалары” фирмасы жасапты. Бастапқыда зауыттың жылдық қуаты 800 мың тонна мұнай өңдеуге шақталғанымен, кейіннен елімізде “қара алтын” өндіру көлемі артуына байланысты 5 миллион тоннаға дейін жеткізілген. Әрине, бұл үшін зауыттың технологиялық қондырғыларын техникалық жағынан қайта жарақтандыру іске асырылған. Сөйтіп, ел тәуелсіздік алған тұста мұнда 16 түрлі мұнай өнімдерін шығаруға қол жетті. Зауыт мамандары 90-шы жылдардың басында Мұнай химиясы және табиғи тұздар институтының ғалымдарымен бірлесіп, ТМД-да алғаш рет тауарлық және өндірістік мұнайды сусыздандыру мен тұзсыздандыруға арналған “Атырау” деэмульгаторын ойлап тапты. Өндіріс орны мен ғылыми орталықтың іскерлік байланыс орнатқан ізденістерінің нәтижесінде 2011 жылы деэмульгатордың “Атырау-7020Б” деп аталатын және бір түрін өндіріске енгізу мүмкін болды. Осының бәрі Теңіз кенішінен өндірілетін құрамында күкіртті сутегі мол мұнайды өңдеуге де ықпал жасады. Маңғыстау мұнайы да әлі күнге осы зауытта өңделеді.

Әр жылдарда зауытта  жаңа қондырғылар іске қосылғанымен, негізгі технологиясының ескіре бастағаны, сол себептен шикі мұнайды  өңдеу үдерістерінің қиындай  түсетіні өткен ғасырдағы 80-ші жылдардың аяғына таман байқалды. Алайда, бертінге дейін бұл мәселе толыққанды шешімін таппады. Бірақ түптің түбінде зауыт технологиясын қайта жарақтамай, өнім өңдеу көлемін арттырудың мүмкін еместігі аңғарылды. Бұған дәлел ретінде бұрын зауытта жылына 5 миллион тоннаға дейін мұнай өңделетін болса, қазіргі көрсеткіштің осы деңгейден әлдеқайда төмендігін алға тарта аламыз. Мәселен, 2010 жылы 3 миллион 514 мың тонна мұнай өңделсе, ал 2011 жылы зауытта 4004,012 мың тонна мұнай өңдеуден өткізілді. Бұл зауытта дәл осынша көлемде 12 жылдан, яғни 2010 жылдан бері мұнай өңделіп келеді. Атырау Мұнай өндеу зауытының отандық рынокты осындай жанар-жағармай түрлерімен үздіксіз қамтитындай екінші тынысы 2011 жылғы мамыр айынан бері қайта ашылды деуге болады.

– Бүгін біз зауыттың қайтадан түлеу оқиғасының куәгері  болып отырмыз. Қазақстан индустриясының қарлығашы – Атырау мұнай өңдеу  зауытына 1994 жылы Жапонияға барған сапарымда ұзақ мерзімді мемлекеттік  несие есебінде 300 миллион доллар қаржы алуға келісім жасаған болатынмын,– деді Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы мамырда аталған зауыттың қайтадан ашылу салтанатында. —Бұрыннан да ел экономикасына қызмет жасап тұрған зауыттың жаңа өмірі басталды. Ең қиын кезеңнің өзінде де бұл зауыт тоқтаусыз жұмыс істеп, өз өнімдерін беріп тұрды. Бұдан былай зауытты қайта жаңалаудан кейін енді автокөлік жанар-жағармайы өндірісі 2,5 есе артады. Жоғары октанды жанармай өндіру 9 есе өседі. Ең бастысы, атмосфераны ластау 3 есеге төмендейді. Ал суды ластау деңгейі 130 есе азаяды.

Осыдан кейін Мемлекет басшысы Атырау мұнай өңдеу зауытының  қайта жарақтандырылған бөлігін іске қосу үшін басқару тетігін өз қолымен басты. Зауытты жарақтандырудан өткізуге қаржы бөлген Жапонияның Қазақстандағы елшісі Тэцуо Ито Қазақстан экономикасының қарқынды даму жолындағы болашағы зор ел екенін, таяудағы жылдарда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының маңыздылығын атап өтті.

Шындығында, АтМӨЗ-ді қайта  жарақтандыру мәселесі Елбасының тікелей араласуымен оң шешімін тапты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға сапары барысында Қазақстан Үкіметі мен Жапонияның “Марубени” компаниясы арасында аталған зауытты қайта жарақтандыруға келісім-шарт жасалған еді. Іле-шала осындай келісім-шартқа “Қазақойл” (қазіргі “ҚазМұнайГаз”) ҰМК мен аталған жапондық компания қол қойды. Бұл келісім-шартты жүзеге асыру үшін Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі (JBІC) мен “Марубени” компаниясы ауқымды көлемде инвестиция салуға міндеттенді.

Содан бері зауытта қарбалас қимыл әсте тоқтаған жоқ. Сан түрлі әзірлік жұмыстары қолға алынды. Жобаны іске асырушы мердігерлер таңдалды. Әрине, бас мердігердің бірі – несие беруші Жапонияның JGC компаниясы. Онымен бірге түріктің “ГАТЕ Иншаат Таахют Санаи Тиджарет” компаниясы да жобаның мерзімінен кешікпей іске асуына тікелей жауапты болды. Бұлармен қоян-қолтық жұмыс атқаруға отандық бірнеше кәсіпорын да тартылған. Зауытқа әлемде үлкен сұранысқа ие болып жүрген ең сапалы қондырғылар орнатылды.

Зауытты қайта жарақтандыруға Ұлыбритания, Үндістан, Ресей елдерінен де озық технологиялар алынған. Қажетті жабдықтарды дайындауға арналған тапсырыстар әлемнің әр түкпіріне таратылды, өйткені бізге ең сапалы жабдық қажет болды. Және оны мерзімінде жеткізуді талап еттік, деп өз ойымен бөліскен зауыт директоры Талғат Байтазиевтің айтуына қарағанда, зауытты қайта жарақтандыру кезінде жаңа қондырғылар орнатумен бірге, бұрыннан жұмыс істеп тұрған қондырғыларды жетілдіруге де көңіл бөлінген. Жаңа технологияны енгізу мұнай өңдеу мүмкіндігін 92 пайызға жеткізіп, Еуро-3 стандарты бойынша жанармай түрлері және осындай Еуро-4 сапасымен дизель отынын шығаруға жол ашты. Бір ерекшелігі, күзгі, қысқы кезеңдердің 35 градустық салқынында мүлдем қатпайтын дизель отыны шығарылады. Ең бастысы, зауыттан аймақтың экологиясына таралатын зиянды қалдықтарды барынша болдырмауға баса назар аударылып отыр. Бұл су мен ауаны ластамауға негіз қалайды, дейді мамандар.

АтМӨЗ-ді қайта жарақтандырудан  кейінгі күтілген үміт ақталып келеді. Алдымен, еліміздің мұнай өңдеу  саласындағы тұңғыш кәсіпорын қайта түлеп, екінші тынысы ашылды. Бұл осында жұмыс істейтін 2314 адамның қатарын тағы жүздеген жұмысшы-маманға көбейтті. Екіншіден, өңделетін өнімнің сапасы да, көлемі де артты. Бұл еліміздің ішкі тұтыну рыногын жанар-жағармаймен қамтудағы қиыншылықты болдырмауға ықпал етеді. Үшіншіден, ел бюджетіне түсетін салық және басқа түсімдер молаяды. Ең бастысы, тәуелсіз еліміздің отандық мұнай өңдеу рыногында ұлттық саясатты жүргізудегі, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әлеуеті арта түсетіні айдан анық ақиқат.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  атап өткендей, қайта түлеген зауыт  өнімі әлемдік стандартқа толық  жауап береді. Енді еуропалық стандарт деңгейінде сапалы мұнай өнімдерін  шығаратын зауытта Қытайдың “Синопек инжиниринг” компаниясы хош иісті көмірсутектер шығаратын кешен құрылысын қолға алмақ. Осыған орай былтырғы жыл аяғына таман АтМӨЗ және “Синопек инжиниринг” компаниясы арасында өзара шартқа қол қойылды. Жоба бойынша қадасы қағылатын кешенге салынатын инвестициялық қаржының көлемі 1 миллиард 40 миллион АҚШ долларын құрайды. “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының мұнай өңдеу және маркетинг жөніндегі басқарушы директоры Данияр Тиесов мәлім еткендей, бұл Елбасының 2015 жылға дейінгі мерзімде мұнай өңдеу зауыттарын қайта жаңғырту жөніндегі тапсырмасына орай қолға алынған алғашқы жоба болғалы отыр.

Жобаны іске асыру  еліміздегі мұнай-химия өнеркәсібін  дамытуға тың серпін береді. Нақтылай айтқанда, алдымен, жылына 133 мың тонна  бензол және бір жылда 496 мың тонна  параксилол шығаруға қол жеткізеді. Сонымен бірге, осы жоба арқылы АтМӨЗ-де шығарылатын тауарлы бензиндердің сапасын Еуро-4 стандарты деңгейіне жеткізуге болады. Ал экологиялық тұрғыдан айтқанда, жанармай түрлеріндегі бензолдың мөлшері 1 пайыздан, хош иісті көмірсутегілер 35 пайыздан аспайды деп түсіндіреді мамандар.

Мотор майларының сапасы мұнай өнімдерінің түр-түрін көбейту  есебінен жақсартылмақ. Соның ішінде Еуро-2 стандартына сәйкестендірілген  Регуляр-92, Премиум-95, Супер-98 маркілі  бензиндерінде бензол мен күкірттің  мөлшерлі көрсеткіштері бойынша сапа қоры сақталады. Еуро-2,3,4 стандарттарымен шығарылатын қысқы және жазғы дизель отындарында қоспа қолданылмаса да 35 градустық салқында қатпайтындығымен ерекшеленеді.

“ҚазМұнайГаз” өкілі  Д. Тиесовтің айтуынша, жоба құрылысына шамамен 2500-ге дейін жұмысшылар тартылмақ. Сонымен бірге, жобада қазақстандық үлесті арттыру мәселесіне баса назар аударылмақ. АтМӨЗ-дің бас инженері Қ. Оразбаев түсіндіргендей, жоба құрылысын жүргізу барысында зауытта өнім өңдеу үдерісіне еш кедергі болмайды. Өнім түрлері тұрақты өндіріле береді. Жаңа жоба іске қосылғанда оған шамамен 300-ден аса маман қажет болады екен. Мұның 200-ден астамын зауыттың қазіргі мамандары есебінен толықтыруға болатындығы айқындалған. Ал 100-ден аса маманды мүмкіндігінше шетелде оқыту жоспары жасалыпты.

Міне, еліміздің мұнай  өңдеу саласындағы тұңғыш зауытты  қайта жаңғырту бәсекеге барынша  қабілетті мемлекеттер қатарынан  табылу мақсатындағы нақты қадамдардың  бірі екені даусыз. 

Хош иісті көмірсуларын өндіру кешенінің  құрылысы ҚР жоғары сапалы бензин шығаруға мүмкіндік береді. Осы туралы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин баспа конференциясында, ақпарат берді. «Құрылғы автокөліктерден бес есе бензолдың қоршаған ортаға қалдықтары үнемделмек, өйткені біз әлі төмен сапалы бензин қолданамыз» — хабарлайды Қабылдин. ҚМГ басшысының айтуы бойынша, «Аксес» француз компаниясы технология ұсынды, ал қаржыландыру Қытайдың даму банкі арқылы жүреді. «Біз мазуттың өндіруін азайтып, мұнай химия саласы үшін жаңа өнімдер шығарамыз»- сенім білдіреді Қабылдин. Жобаның әлеуметтік бағыттарын қарайтын болсақ, оның құрылысына төрт мың адам қатысады, болжам есептер бойынша, оны пайдалануға берген соң қосымша 300 жаңа жұмыс орындары ашылады. Құрылыс, ағымдағы жылы басталды. Еліміздің негізгі мұнай компаниясы басқармасының төрағасы 2014 жылы ҚМГ өзінің жеке бензині және авиа жағар майымен толық елімізді қамтамасыз етеді деп ескертті. Бұл ҚМГ үш мұнай өндіруші зауыттарды жетілдіру арқасында мүмкін болмақ. Бұл зауыттардың жалпы қуаттылығы жылына 14 млн тоннадан 17 млн тоннаға дейін ұлғаймақ», — деді сөзін қорыта Қ. Қабылдин.

Мұнай - көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.

Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды,нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.

Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері,кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.

Қазір "Қара алтын" деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынанЕуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған.[1]

  Мұнайдың, ал ертеректе оны «тас майы» деп атаған, болашағы зор екенін болжаған орыс ғалымы М.В. Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын ұсынған еді. «Жер қойнауында тереңнен орналасқан шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып, саңылаулар арқылы ағады... Бұл дегеніміз – сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы – мұнайдың негізі...», – деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов.

Мұнайды қыздыру кезінде  мұнайға біраз ұқсайтын қарамайларды беретін көмір мен тақтатастардан шығу теориясы да орыс ғалымдары – академиктер Паллас пенАбихтікі болған еді. Алайда ол кезде олардың қорытындыларының мұнайды іздестіруде практикалық мағынасы аз еді.

Ең жемісті болғаны  өткен ғасырдың соңында Д. И. Менделеев ұсынған мұнайдың бейорганикалық шығу теориясы еді. Ұлы орыс химигінің айтуы бойынша, жер шарының орталық ядросы темір және құрамдарында көміртегі бар басқа металдардың қоспаларынан құралады. Жер қыртысындағы жарықтардан өткен сулардың әсерінен бұл ядро жеңіл көмірсуларды – ацетилен,этилен және т.б. түзеді. Жер жарықтары арқылы жоғары жер қыртысының суық бөліктеріне көтеріле бере олар мұнайдың негізгі құраушы бөліктері болып табылатын ауыр көмірсулар қоспасына айналады.

Информация о работе Ендірісті метрологиялық қамтамасыз ету