Ендірісті метрологиялық қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 13:35, курсовая работа

Краткое описание

Ауыр металдарға атомдық массасы 50 атом бірлігінен асатын немесе алтыдан аса тығыздықтағы қырық элемент жатады. Қауіпті ластаушылардың саны сыртқы ортадағы токсиндік, тұрақтылығын, жинақталуы мен аталған металдардың таралу масштабын ескергенде айтарлықтай аз. Ауыр металдар көптеген ферменттер құрамына кіріп биологиялық процестерге белсенді қатысады. «Ауыр металдар» тобы көбіне «микроэлементтер» түсінігімен сәйкес келеді. элементтердің экзогендік, жоғары концентрациясына «микроэлементтер» термині жарамайды. Ең алдымен өндірісте кең ауқымда және көп мөлшерде қолданылатын металдар зиянды. Олар биологиялық белсенді және токсинді.

Содержание

Кіріспе ........................................................................................................5
1. МЕТРОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ......................................................6
1.1 Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы..................6
1.2 Метрологияның ғылым мен өндірістегі рөлі..............................................7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БАЗАСЫ..................................................................................9
2.1 Метрологиялық қамтамасыз етудің құқықтық негізі...............................9
2.2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік негізі............................ 10
2.3 Қазақстанның заңды базасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру..............13
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БАЗАСЫН ЖЕТІЛДІРУ .......................................................22
Пайдаланылған әдебиет.........................................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая СМС.doc

— 300.00 Кб (Скачать документ)

2.2 Өлшем бірлігін  қамтамасыз етудің нормативтік  негізі

 
Саясатты жүргізу кезінде прогресстің  алғышарты мемлекетіміздегі 
Өнімнің сапасы мен қызметін жоғарлату мемлкеттін міндеті болып 
Өлшеу нәтижелері тұтынуды қанағаттандыру кезіндегі өлшем бірлігі, 
Мемлекет және халықаралық деңгейде өлшем бірлігін Жоғарыда айтылып кеткен мәселелерді жүзеге асыру үшін өлшеу құралдарының мемлекеттік сынаулар мен типтерін бекітеді; өлшеу құралдарының мемлекеттік метрологиялық аттестациялауын; өлшеу құралдарын мемлекеттік салыстырып тексеру; өлшеу құралдарын прокаттау, сату, жөндеу, салыстырып тексеру, жасау бөліп орау және сату кезінде түрлі қораптағы бөліп метрологиялық нормалар мен ережелерін сақтауын, өлшеуді орындауәдістемелерін,

Жанар-жағармай – біздегі ең өзекті мәселе. Содан ба, қалың көпшілік теңге бағамынан гөрі осы бензин бағасын қалт жібермей бақылайды. Өйткені қарапайым жандардың әл-ауқаты нақ осы жанармайға байланған.  
Ал осы нарыққа жыл сайын жүргізілетін сараптаманың ел ішіндегі отын бағасына әсер ететін бірнеше факторды анықтағаннан басқа пайдасы жоқ. Жоғары октанды бензиннің басым бөлігі Ресейден жеткізілетіндіктен, сол жақтың бағасына тәуелді екеніміз рас. Мұнай өңдеу зауыттарын шикізатпен қамтамасыз ететін жергілікті іскерлер де нарықтағы баға саясатына өз билігін жүргізеді. Бензин саудасымен күн көретін жекеменшік компаниялардың ең өтімді АИ-92 және дизель отынының әр литрінен кем дегенде 20 теңге пайда табатыны құпия емес. Жанармайдың сапасы өз алдына бөлек әңгіме.  
Қалай дегенде де, қарапайым халық жанармай нарығындағы түйткілдердің түпкілікті шешілгенін қалайды. Мәселенің шешімін кейбір сарапшылар жанар-жағармайды өндіру мен сату жүйесіне мемлекеттік монополия орнатудан іздей бастады. Шынында да, осы салаға мемлекеттік монополия керек пе?

– Жалпы, жанар-жағармай – қуат көзінің ең көп тараған түрі. Ел экономикасы, адамдардың тұрмысы осы жанар-жағармайға байланысты екені белгілі. Елімізде өндірілетін қуаттың 90 пайызы жанармай екенін ескерсек, бұл салаға сөзсіз мемлекеттік монополия керек деп ойлаймын. Жалпы, қандай да болсын стратегиялық сала мемлекет қадағалауында болғаны дұрыс. Ал жанармай өндірісі мен саудасы – стратегиялық сала. Қарап отырсақ, біздегі бензин бағасы Еуропаның көптеген елдерінен жоғары. Әрі егістік науқаны кезінде бензин бағасын қымбаттату үйреншікті әдетке айналған. Өзіміз  мұнай өндірісінің көлемін жыл өткен сайын ұлғайтып келеміз. Осы орайда қарапайым тұтынушының көкейінде бензин неге  қымбат деген сауал тұратыны түсінікті. 

Өзіңізге белгілі, еліміздегі жанар-жағармай нарығын алыпсатарлық жайлап алған. Зауыт бағасына үстеме қосылған сайын,  тұтынушыға жеткенше ол кәдімгідей қомақтана түседі. Ал егер жанар-жағармай бекеттері тікелей мемлекеттің  қарамағында болса, онда мұндай жағдайды болдырмас еді.  Мемлекеттің бағаны тізгіндеп ұстауға шамасы жетеді.  Ол үшін жанармайдың нақты бағасын анықтап алса болғаны.  Бізде салыстырып қарағанда, әр  аймақтағы бензин бағасы бірдей емес. Тасымалға байланысты әр облыста  әртүрлі болуы мүмкін.  Дегенмен нарықтағы бағаны реттеуді мемлекет өз қадағалауында ұстап тұра алады.  Өйткені қай елді алып қарасақ та, ешкім де жанармай бағасын еркіне жіберіп қоймайды.

Көмірсутектермен қатар мұнай құрамында тағы басқа заттар да бар. Мырышы бар - H2S, меркаптандар, моно- және дисульфидтер, тиофендер мен тиофандар полициклдіктермен бірге т.б. (70-90% қалдық өнімдерде шоғырланады); азотты заттар – негізінен пиридин, хинолин, индол, карбазол, пиррол және порфириндер (үлкен бөлігі ауыр фракциялар мен қалдықтарда шоғырланады) гомологтары; қышқылды заттар – нафтен қышқылы, фенолдар, смолалы-асфальтты т.б. заттар (әдетте жоғары қайнайтын фракциларында кездесетін). Элементтік құрамы (%): С – 82-87, Н – 11-14.5, S – 0.01-6 (сирек – 8-ге дейін), N - 0,001—1,8, O — 0,005—0,35 (сирек – 1.2-ге дейін) және т.б. Барлығы мұнай құрамында 50-ден аса элементтер табылған. Мысалы, жоғарыдағылармен қоса V(10-5 — 10-2%), Ni(10-4-10-3%), Cl (іздерінен бастап 2•10-2%-ға дейін) т.с.с. Әр зат әр кен орнында әр мөлшерде кездесетіндіктен орташа химиялық қасиетттер жайлы тек шартты түрде ған аайтуға болады.

Мұнай дүние жүзілік жанар-жағар  май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді.

Химия мен мұнай-химия өнеркәсіптерінің қарқынды дамуына байланысты мұнайға деген сұраныс жанар-жағар майлар үшін ғана емес, синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар, пластмасс, жуу құралдарын, пластификатор, бояғыштар т.б. (әлемдік өндірістің 8%-нан астамы) өндіру шикізат көздері үшін өсуде. Осыларды шығаруға бастапқы заттар ретінде көп қолданылатындар: парафиндік көміртектер – метан, этан, пропан, бутан, пентан, гексан, және жоғарымолекулярлықтар (10-20 атомды молекулалы көміртектер), циклогексан; ароматты көміртектер – этилен, пропилен, бутадиен; ацетилен.

Мұнай-газ кендері[2] – бірыңғай құрылымдық элементтермен сипатталатын жеке алаң қойнауында орналасқан мұнай мен газ иірімдері шоғырларының жиынтығы. Мұнай-газ кендері мұнай немесе газ түрінде және аралас мұнайлы-газды, газды-мұнайлы кендер түрінде ұшырасады.

Оқшауланған жеке кендер өте сирек, көбінесе топталған иірімдердің  жиынтығы түрінде жатады. Қазақстанның мұнай-газ кендерігеологиялық құрылысы мен геотектоникалық дамуы әр түрлі болатын үш мұнайлы-газды аймақта орналасқан. Ең көне мұнайлы-газды аймақтың кендері Солтүстік Каспий синеклизасымен байланысты. Мұнда өндіруге тұрарлық мұнай мен газ жүздеген м-ден 5000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқан жоғарғы палеозойдан төменгі борға дейінгі шөгінділерде орналасқан.

Эпигерциндік платформа құрамына кіретін Маңғыстау мұнайлы-газды облысының қабатты кендері — 300 метрден 3000 метрге дейін тереңдіктегі құнарлы горизонттар төменгі бордан төменгі юраға дейінгі шөгінділерде орналасқан. Үшінші мұнайлы-газды аймақ герцин және каледон қатпарлы құрылымдарының арасынан орын алған Шу – Сарысу синеклизасында. Мұнда жанғыш және азот-гелий газдарының қоры шағын кендері ашылған.

Мұнай өнімдері – көмірсутектер  мен олардың туындыларының қоспасы; мұнай мен мұнай газдарынан алынатын жеке химиялық қосылыстар. Мұнай өнімдері отын, майлар, битумдар, ауыр көмірсутектер және әр түрлі мұнай өнімдері сияқты негізгі топтарға бөлінеді. Отын негізіндегі мұнай өнімдеріне көмірсутекті газдар мен бензин, лигроин, керосин, дизель отыны, мазут, т.б. жатады. Мұнайға серік газдар пайда болуы жөнінен табиғи газдарға жатады. Олардың бұлай ерекше аталуы мұнай кенімен бірге кездесуіне байланысты – олар мұнайда еріген күйде болады немесе мұнай кенінің үстін "бүркеп" жатады. Мұнай жоғары көтерілгенде, қысым кенет төмендейді, газдар сұйық мұнайдан бөлініп шығады. Ертерек кезде мұнайға серік газдар пайдаланылмайтын, мұнай өндіретін жерде оны жағып жіберетін. Қазір ондай газдарды жинап алады, өйткені олар, табиғи газ сияқты жақсы отын және бағалы химиялық шикізат болып табылады. Құрамында метанмен бірге басқа да көмірсутектер: этан, пропан, бутан, пентанның едәуір мөлшері болғандықтан, серік газды пайдалану мүмкіндігі табиғи газға қарағанда тіпті едәуір кең. Сондықтан табиғи газға қарағанда химиялық өңдеу жолымен серік газдан заттарды көп мөлшерде алуға болады. Серік газдарды тиімді пайдалану үшін оларды құрамдары жақын қоспаларға бөледі. Пентан, гексан және басқа көмірсутектердің қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын қоспалары газды бензин түзеді(олар мұнайдан ішінара газбен бірге ұшып шығады). Одан кейін пропан мен бутанның қоспасы бөлінеді. Газды бензин мен пропанбутан қоспасын бөліп алғаннан кейін құрғақ газ қалады, оның басым көпшілігі метан мен этан қоспасынан құралады. Газды бензин құрамында өте ұшқыш сұйық көмірсутектер бар, сондықтан оны двигательдерді от алдырған кезде тез тұтандыру үшін бензинге қосады. Пропан мен бутан сұйылтылған газ түрінде, жанармай ретінде тұрмыста пайдаланылады. Құрамы жөнінде табиғи газға ұқсас құрғақ газ ацетилен, сутегі және басқа да заттар алу үшін, сол сияқты отын ретінде пайдаланылады. Мұнайға серік газдар химиялық өңдеуге арналған және жеке көмірсутектер – этан, пропан, н-бутан, т.б. бөлініп алынады. Ал олардын қанықпаған көмірсутектер алады. Мұнай – молекулалық массалары әр түрлі, қайнау температуралары да бірдей емес көмірсутектердің қоспасы болғандықтан, айдау арқылы оны жеке фракцияларға(дистиляттарға бөледі, мұнайдың құрамында С5 – Сn көмірсутектері бар және 40-200°С аралығында қайнайтын бензин құрамында С8-С14 көмірсутектері болатын 150-200°С аралығында қайнайтын лигроин, құрамында С12-С18 көмірсутектері болатын және 180-300°С аралығында қайнайтын керосин алады, бұлардан кейін газойль алынады. Бұның бәрі – ашық түсті мұнай өнімдері. Бензин ұшақ пен көліктердің поршенді двигательдері үшін жанармай ретінде қолданылады. Сол сияқты бензин майды, каучукты еріткіш ретінде, матаны тазартуға, т.б. қолданылады. Лигроин трактор үшін жанармай болады. Керосин – трактор, реактивті ұшақтар мен зымырандардың жанармайы. Ал газойльден дизель жанармайы өндіріледі. Мұнайдан ашық түсті өнімдерді бөліп алғаннан кейін қара түсті тұтқыр да қоймалжың сұйықтық қалады, ол – мазут. Қосымша айдау арқылы мазуттан автотрактор майы, авиация майы, дизель майы, т.б. жағармайлар алады. Мазутты өңдеп жағрмай алумен қатар оны химиялық әдіспен өңдеу арқылы бензинге айналдыруға болады, бу қазаны қондырғыларында сұйық отын ретінде пайдаланылады. Мұнайдың кейбір сорттарынан қатты көмірсутектер қоспасы – парафиндер алынады; Қатты және сұйық көмірсутектерді араластырып вазелин алады. Табиғи газ – жер қойнауында анаэробты органикалық заттарндың ыдырауынан пайда болған газдар қоспасы.

Майлар – мұнайдың қалдық фракциялары мен ауыр дистилляттарын арнайы тазартудан алынады. Ауыр көмірсутектерге парафиндер, церезиндер, озокериттер және олардың майлармен қоспасы жатады. Битумдер – гудронды ауамен тотықтыру арқылы немесе гудронды тереңдетіп айдау арқылы алынған май фракцияларынан кейін қалатын жартылай қатты және сұйық күйдегі өнімдер.

Әр түрлі мұнай өнімдеріне мұнай коксы, күйе, мұнай пиролизінің әр алуан өнімдері (бензол, толуол, ксилол, тағы басқалары),  асидолдар, деэмульгаторлар, хлорпарафиндер, тағы басқалары жатады. Мұнай өнімдерінің сапасы физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты бағаланады.

 

2.3 Қазақстанның  заңды базасын қамтамасыз етуді  ұйымдастыру

 

Мұнай саудасы, негізінен, жекеменшіктің қолында болғандықтан, алыпсатарлық, көзбояушылық көп.  Делдал көп.  Ал еліміздегі автокөлік саны жыл сайын көбейе түсуде.  Көлік көбейсе, тиісінше, бензинге деген сұраныс та ұлғаятыны белгілі.  Сұраныс көбейсе, жанармай сататындар бағаны көтергісі келіп тұрады.  Өзге мұнайлы елдермен салыстырып көрсек, Иранда жоғары октанды жанармай бағасы – теңгеге шаққанда  20 теңге шамасында.  Сапасы да жоғары. Бізде сатылатын жанармай құрамына  сараптама жүргізілгенде еуропалық қалыптан әлдеқайда артта қалатынын байқау қиын емес.   
Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні –  бензиннің бағасын да, сапасын да жөнге келтіру үшін бұл сала түгелдей мемлекет қолында болуы қажет. Мұнай өнімдері саудасы мемлекет монополиясында болуға тиісті емес. Онда кеңес кезіндегі нашар, қисайған жанармай құю бекеттеріне қайта ораламыз. Бізде мемлекетке қарасты жанармай бекеттерінде тәртіп жоқ. Кейде жанармай болмай қалады, кейде сынып, жұмысы тоқтап тұрады. Сондықтан бензиннің бөлшек саудасында мемлекеттік монополия орнату мүлде дұрыс емес дер едім. Бұл арада мұнай өнімдері емес, мұнай өндірісіне тоқталған дұрыс. 90-жылдары шетелдік компаниялардың қолына беріп қойған кен орындарын өз қолымызға алуымыз керек.  

Рас, қиын жылдары қолда  қаражат тапшы болғандықтан, шетелдіктердің қолына игеруге бердік. Енді соны қайтарып алатын кез жетті. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, Норвегия, Араб елдерінде мұнай өндірісі – мемлекеттің қолында. Сонда бюджетке еселеп қаржы түсер еді. Қазір мұнай өндірісінен түскен пайданың ары кеткенде 20-30 пайызына ғана иелік ете аламыз. Біз де осы елдер сияқты бүкіл қазба байлық өндірісін өз қолымызда ұстасақ, олардан еш кем түспес едік. Қазір, мәселен, халық санын көбейту керек дейміз. Ал жастардың 70 пайызында баспана жоқ. Баспанасыз отбасын құрып, дүниеге бала әкелудің өзі қиындап барады. Егер біз өз байлығымызға өзіміз қожалық етсек, онда баспана да, балабақша да, мектеп те көп салынады, жол құрылысы, ауызсу мәселесі, экология мәселесі шешіледі, ауылдарды көтерер едік.   
Сондықтан әлгіндей мәселе көтерген адамға менің жауабым: мәселені жанармай бекеттерінің, мұнай өнімдерін шығаратын жеке кәсіпорындардың жолын кесу арқылы шешуге болмас. Олар қаншама адамға жұмыс беріп отыр. Кеңес дәуірінде бүкіл Алматыда небәрі сегіз «заправка» бар еді. Күн ұзаққа ұзын сонар кезек тұратын. Қазір оңтүстік астанада 500-ге тарта жанармай бекеті жұмыс істейді. Ең бастысы, нарықта бәсеке бар. Жекеменшік кәсіпорын пайда табуға мүдделі болғандықтан қызмет сапасын да жақсартуға ұмтылады. Қазір біздегі жанармай құю бекеттерінде қызмет көрсету сапасы нашар деп айта алмайсыз. Ал бағаны мемлекет онсыз да шекті баға қою арқылы реттеп отыр. Тек сапа жағын жөнге келтіретін шараларды қолға алуы керек.  Бензин саудасы  мен өндірісінде түгелдей мемлекеттік монополия орнаса, барлық түйткіл шешіледі деген болмас.

Қазір әлемдік нарықта қара алтынның құны біршама төмендеді. Соған орай, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 25 маусымда мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы шекті бағасына өзгерту енгізген еді. Ол бойынша 1 шілдеден бастап дизель отынының бір литрі – 90 теңге (қосымша құн салығын қосқанда) , АИ-80 - 86 теңге, АИ-92/93  106 теңге деп белгіленді. Бұл бұйрық Мұнай және газ министрлігі, Экономикалық даму және сауда министрліктерімен келісілген. Осылайша бензин бағасын шекті баға арқылы тізгіндеуге тырысқанымен, сапасын жөндеуге ешбір құзырлы мекеменің шамасы келмей отыр. Биылғы көктемде тек оңтүстік астананың өзінде қымбат бензинге арзан түрін қосып сатқан бірнеше жанармай бекеті әшкереленді. Ал кейбір сатушылар тіпті «қолдан жасалған» жанармайды сатуға да дағдыланып алған. Алайда бензин сапасын үнемі қадағалау қиынға соғады. Жанармай құю бекеттерін жиі тексеруге «Кәсіпкерлік туралы» Заң кедергі. Ал азын-аулақ айыппұл алаяққа тоқтау бола алмайды. Сарапшылар мұны басқаша жолмен шешу қажет деп санайды. Мәселен, арнайы заң қабылдаумен.

Жанармай  брикеттерін өндіру маңызды

Өз қызметтерін Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының экономикасын шикізат, өндіріс, зияткерлік, қаржы және ғылыми және еңбек рессурстарын пайдалану үшін бағыттайтын «ОҚО аймақтық технобағы»Қызылорда облысы аумағында мұнай қалдықтарынан жанармай брикетін өндіру жобасын ұсынады. Аталған жобаның мақсаты – облыстағы мұнай қалдықтарын, яғни жанармай брикеті үшін бөлінген асфальтшайырлы парафинді кәдеге жарату болып табылады. Геожүйенің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қатты қалдықтардың технологиясының ғылыми және тәжірибелік негіздерін жасақтау қажет-ақ. Бұл, сонымен қатар, экологиялық, - техникалық және жаңа концептуалды тәсілдемені дайындаудың жолын қарастыратын маңызды шешім болмақ. Осы мақсатта өндіріс орнының жанармай – шикізаттық базасы мұнай қалдықтары арқылы кеңейтілетін болады.

Ал бұл өз кезегінде  Қызылорда облыс аумағындағы  мұнай өндіру аумақтарының экологиялық проблемаларын оңтайландыру үшін де қажетті жоба.

Жоба бойынша алынған ғылыми нәтижелерді басқа да мұнай өндіру орындарында, еліміздің өзге де жұмыс  істеп тұрған немесе енді жобаланып  жатқан кәдеге аспай жатқан қалдықтардан тазалауға арналған мұнай газ кешендерінде қолдануға әбден болады. Асфальтшайырлы-парафин – мұнай өндіру кезінде бөлінетін қалдық. Сондай-ақ ол мұнай сақтайтын орынның технологиялық жабдықтарын, булиттер мен кәріз құдықтарын, депарафинизациялауға арналған арнайы қондырғысы бар сорғы құбырларын тазалау кезінде пайда болады. Қазіргі таңда мұндай қалдықтар мұнай өндірісінде іске алғысыз күйде көптеп жинақталып қалған. Ал ол басқа да қатты қалдықтарға қарағанда топырақпен араласпаған таза органикалық өнім.

Информация о работе Ендірісті метрологиялық қамтамасыз ету