Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 15:17, реферат
Жалпы жүк жіберу қызметі бойынша қызмет саласын жақсарту үшін:
халықаралық стандарттарға сай технологиялық процесстерді енгізу және қызмет көрсету сапасын жақсарту;
жүк тасымалдаудың технологиялық және экономикалық жоғарылауының басты ынталандыруы ретінде жүк тасымалдау қызметін көрсететін тасымалдаушылар арасында бәсекелестікті қамту қажет. Бұл ең алдымен, тасымалдаудың жылдамдығын арттырады, жүк өңдеу орындарында жүк вагондарының еш, ақтаусыз тұрып қалуын болдырмайды;
көлік қызметінің нарығын дамыту;
бақылаушы органдарға ортақ бекеттер ұйымдастыру есебінде кедендік, көліктік және басқа да бақылау түрлерін жүргізу уақытын қысқарту және процедураларды жеңілдету қажет; жүк арту ресурстарын босату және кәсіпорынның кіру жолдарында жүк операцияларында қозғалушы құрамның тұрып қалуын төмендету мақсатында жүк жөнелтуші – кәсіпорындар теміржол инфрақұрылымдық модернизациясы мен дамуы қажет.