Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 08:21, лекция
Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.
3-тарау. Сыбайлас
жемқорлықпен құқық
зардаптарын жою
18-бап. Заңсыз алынған
мүлiктi немесе заңсыз
көрсетiлген қызметтiң
құнын өндiрiп алу
1. Мемлекеттiк мiндеттердi
атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдар немесе
соларға теңестiрiлген адамдар сыбайлас
жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесiнде
негiзсiз байыған жағдайлардың бәрiнде
заңсыз алынған мүлiк мемлекет кiрiсiне
жатқызылуға ал заңсыз көрсетiлген қызмет
құны мемлекет кiрiсiне өндiрiлiп алынуға
тиiс.
2. Заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан
немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз
көрсетiлген қызметтің құнын төлеуден
бас тартылған жағдайларда прокурордың,
салық қызметi органдарының не заңмен
бұған уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк
органдар мен лауазымды адамдардың қуынымы
бойынша соттың шешiмiмен мемлекет кiрiсiне
өндiрiп алу жүзеге асырылады. Аталған
органдар құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкті
сот шешiм шығарғанға дейiн сақтау жөнінде
шаралар қолданады.
3. Егер мемлекеттiк мiндеттердi
атқаратын адам немесе оған теңестiрiлген
адам жасалған сыбайлас жемқорлықпен
құқық бұзушылығы үшiн қызметiнен босатылғаннан,
тиiстi мiндеттердi атқарудан өзгедей босатылғаннан
кейiн осы баптың 1-тармағында көзделген
талаптарды орындаудан бас тартса, мұндай
босату туралы шешiм қабылдаған лауазымды
адам немесе орган кiнәлi адамның тұрғылықты
жерi бойынша салық органына заңсыз алынған
кiрiстер туралы хабарлама жiбередi.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген
жағдайларда прокурор, салық қызметінің
органдары не заңмен бұған уәкілеттік
берілген басқа да мемлекеттік органдар
мен лауазымды адамдар мемлекеттік функцияларды
атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың
немесе оларға теңестірілген адамдардың
мемлекетке заңсыз алынған мүлікті қайтару
немесе оның құнын немесе заңсыз көрсетілген
қызметтердің құнын төлеу бойынша міндеттері
туындаған кезден бастап бір айдан кешіктірмей
заңсыз алынған мүлiктi мемлекет кірісіне
айналдыру және (немесе) заңсыз көрсетiлген
қызметтердiң құнын өндiрiп алу туралы
қуыныммен сотқа жүгінеді.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР
03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Конституциялық заңымен.
19-бап. Сыбайлас жемқорлықпен
құқық бұзушылық
нәтижесiнде жасалған
мәмiлелердi жарамсыз
деп тану және актiлер
мен iс-әрекеттердiң
күшiн жою
Сыбайлас жемқорлықпен
құқық бұзушылық жасауға
Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР
2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
4-тарау. Қорытынды ережелер
20-бап. Қолданылып жүрген заңдарды қолдану
Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және ол күшiне енген күннен бастап үш ай iшiнде оған сәйкес келтiруге тиiс.
Қазақстан
Республикасының
Президентi