Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 08:21, лекция

Краткое описание

Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы 2013 жылғы толық заңы.docx

— 51.71 Кб (Скачать документ)

  9-бап. Қаржы бақылау шаралары      

1. Мемлекеттiк лауазымға  не мемлекеттiк немесе соларға  теңестiрiлген мiндеттердi атқаруға  байланысты лауазымға кандидаттар  болып табылатын адамдар тұрғылықты жерi бойынша салық органына:  
      салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі табыстары мен мүлкі туралы, көрсетілген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып, декларация; 
      банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар дербес немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге хақылы ақша қаражаты туралы;  
      заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі мен аталған ұйымдардың толық банктік немесе өзге де деректемелерін көрсете отырып, олардың акционері немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретінде өзінің қатысуы туралы; 
      егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;  
      адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi материалдық заттар мен ақша қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде онымен шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен реквизиттерi туралы мәлiметтердi табыс етедi. 
      2. Мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар өз өкілеттігін орындау кезеңінде жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырып отырады. 
      2-1. Жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырып отырады. 
      3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған адамдардың жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша салық органына:  
      салық салу объектісі болып табылатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі табыстары мен мүлкі туралы, көрсетілген мүліктің орналасқан жерін көрсете отырып, декларация тапсырады; 
      мыналар:  
      банк мекемесін көрсете отырып, банк мекемелеріндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар жеке немесе басқа адамдармен бірлесіп билік етуге құқылы акта қаражаты туралы;  
      заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі мен аталған ұйымдардың толық банктік немесе өзге де деректемелерін көрсете отырып, олардың акционері немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретінде өзінің қатысуы туралы; 
      егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трасттардың бенефициары болса, тиісті банк шоттарының нөмірлерін көрсете отырып, сол трастар және олар тіркелген мемлекеттер туралы;  
      адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесілі айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі материалдық және қаржы қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнінде онымен шарттық қатынастары, келісімдері және міндеттемелері (оның ішінде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелері туралы мәліметтерді табыс етеді. 
      3-1. Осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында аталған адамдардың жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларациялар табыс етіп отырады. 
      3-2. Арнаулы мемлекеттік органда қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелері тұрғылықты жері бойынша салық органына декларация мен осы баптың 3-тармағында аталған мәліметтерді табыс етеді. 
      Ескерту. Осы тармақта арнаулы мемлекеттік органда қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелері болып жұбайы (зайыбы), кәмелетке толған балалары мен оның асырауындағы және онымен тұрақты түрде бірге тұратын адамдар танылады. 
      4. Осы баптың 1, 2-тармақтарында аталған адамдар тиiсiнше өздерi лауазым атқаруға үмiткер органға немесе жұмыс iстейтiн жерi бойынша осы баптың 1 - 3-1-тармақтарында көрсетiлген мәлiмдемелер мен мәлiметтердi алғандығы туралы салық органынан анықтама әкелiп тапсырады. 
      5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдардың (мемлекеттiк қызметтен теріс себептер бойынша босатылған адамдарды қоспағанда) осы бапта санамаланған декларациялар мен мәлiметтердi ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы, егер жасалған әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, адамға тиiстi өкiлеттiктер беруден бас тарту үшiн негiз болып табылады не заңда көзделген тәртiппен тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады. 
      5-1. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген, қасақана жасалған, сондай-ақ бірнеше рет жасалған әрекеттер заңда белгіленген тәртіпте қолданылатын әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. 
      6. Адамдар мемлекеттік немесе оған теңестірілген міндеттерді атқарудан босатылғаннан кейін үш жылдың ішінде алғаш рет жасалған, осы баптың 5-тармағында аталған әрекеттер, сондай-ақ мұндай іс-әрекеттерді қайталап жасау заңда белгіленген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. 
      7. Жауапты мемлекеттiк лауазымдар атқаратын лауазымды адамдардың табыстарының мөлшерi туралы және олардың көздерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ сайланбалы мемлекеттiк қызметке ұсынылған кезiнде кандидаттардың табыстары туралы мәлiметтер заңдарда белгiленген тәртiппен жариялануы мүмкiн. 
      8. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдарға және соларға теңестiрiлген адамдарға өз атынан емес бөгде адамдар атынан, жасырын, бүркеншiк атпен және басқаша да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға тыйым салынады. Бұл мәмiлелер заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылады. 
      9. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мiндеттердi атқаруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мерзiмде мемлекеттiк меншiкке байланысты мүлiктiк сипаттағы барлық мәмiлелер мен қаржы қызметi туралы есептi мемлекеттiк мүлiкке қатысты меншiк иесiнiң құқықтық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органға табыс етедi. 
      10. Салық органына келiп түсетiн, осы бапта көзделген мәлiметтер қызметтiк құпия болып табылады. Оларды жария ету, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, кiнәлi адамды жұмыстан босатуға әкеп соғады. Бұл мәлiметтер осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған органдардың, сондай-ақ соттың сұратуы бойынша ғана заңда белгiленген тәртiппен табыс етiледi. 
      Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртіппен қызметтік құпияны құрайтын мәліметтер ұсынылады. 
      11. Осы бапта көзделген қаржы бақылау шаралары Қазақстан Республикасында тұрғын үйдi және тұрғын үй құрылысы үшiн құрылыс материалдарын меншiгiне сатып алуға байланысты құқық қатынастарына қолданылмайды. Тұрғын үйдi және тұрғын үй құрылысы үшiн құрылыс материалдарын сатып алу кезiндегi қаржы бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.  
       Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.    

  10-бап. Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын 
               қызмет     

1. Мемлекеттік функцияларды  орындауға уәкілетті лауазымды  және өзге де адамдарға және  оларға теңестірілген адамдарға  (өз қызметін тұрақты емес немесе  басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын, сондай-ақ осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге қызметпен айналысуға тыйым салынады. 
      Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарда басқару функцияларын атқаратын адамдар Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін өзге ұйымдардың басқару органдарында, қадағалау кеңестерінде, атқарушы органдарында ақы төленетін лауазымдар атқаруға құқылы. 
      2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелеріне, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелеріне, судьяларға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, егер шаруашылық жүргізуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу заңнамаға сәйкес олардың лауазымдық міндетіне кірмейтін болса, шаруашылық жүргізуші субъектіні басқаруға дербес қатысуға, материалдық игілік алу мақсатында өзінің қызметтік өкілеттігін құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке адамдардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге тыйым салынады. 
      2-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасына және оның орынбасарларына инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға тыйым салынады. 
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымдарға тағайындалған күндерінен бастап бір ай ішінде лауазымдарға тағайындалғандарына дейін сатып алған, инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. 
      3. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдар қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде өздеріне тиесілі, пайдаланылуы табыс табуға әкелетін мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы функцияларды орындау уақытына сенімгерлік басқаруға беруге міндетті, бұған осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақша, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлік қосылмайды. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылуға жатады. 
      4. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға, егер шаруашылық жүргізуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу заңнамаға сәйкес олардың лауазымдық міндетіне кірмейтін болса, шаруашылық жүргізуші субъектіні басқаруға дербес қатысуға, материалдық игілік алу мақсатында өзінің қызметтік өкілеттігін құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке адамдардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады, бұған ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымның дауыс беретін акцияларының жалпы санының бес процентінен аспайтын көлемдегі жай акциялар) сатып алу және (немесе) өткізу, сондай-ақ тұрғын үйлерді жалдауға беру қосылмайды. 
      Осы баптың 2-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар акцияларды сатып алған жағдайда оларды сатып алынған күнінен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге және мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде нотариалды куәландырылған шарттың көшірмесін жұмыс орны бойынша кадр қызметіне табыс етуге міндетті. 
      5. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде өзінің меншігіндегі, пайдаланылуы табыс алуға әкелетін мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы функцияларды орындау уақытына сенімгерлік басқаруға беруге міндетті, бұған осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақша, облигациялар, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайлары, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлік қосылмайды. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылуға жатады. 
      6. Осы баптың 1-тармағында аталған, осы функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметпен айналысатын адамдар заңда белгіленген тәртіппен жұмысынан шығарылуға немесе тиісті функцияларды орындаудан босатылуға жатады. Аталған функцияларды орындаудан мұндай функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметпен айналысуына байланысты босатылған мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға немесе оған теңестірілген адамға осы бапта көрсетілген қызметпен айналысуды тоқтатқанға дейін мұндай функцияларды орындауға қайталап уәкілеттік берілмейді. 
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.08 № 226-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.    

  11-бап. Жақын туыстардың бiрге қызмет iстеуiне жол  
               бермеу      

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген лауазымды және өзге де адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың өздерiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметтерге тiкелей бағынысты лауазымдарды, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаруына болмайды. 
      2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын бұзған адамдар, егер олар аталған жолсыздық анықталған кезден бастап үш айдың iшiнде оны өз еркiмен жоймаса, мұндай бағыныстылықта болуына жол бермейтiн қызметке ауыстырылуға тиiс, ал бұлайша ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда бұл қызметшiлердiң бiреуi қызметiнен босатылуға немесе аталған мiндеттерден өзгедей түрде босатылуға тиiс. 
      3. Осы баптың 1-тармағында аталған негiздер бойынша жұмыстан босатылған адамдардың басқа органдарға, ұйымдарға мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарумен ұштасатын мемлекеттiк және өзге де қызметке кiруге құқығы бар. 
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.09.25 № 484, орыс тіліндегі мәтінге өзгерту енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді - 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.    

  12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық  
               бұзушылықтар және олар үшiн жауапкершiлiк      

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе соларға теңестiрiлген адамдардың мынадай: 
      1) басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың қызметiне заңсыз араласу; 
      2) аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалану; 
      3) мемлекеттік қызметке және мемлекеттік ұйымдарға және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарға, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, ұлттық даму институттарына, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларға қызметке тұратын және қызметін жоғарылататын кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық). 
      4) шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету; 
      5) кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету; 
      6) мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану; 
      7) берiлуi заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден негiзсiз бас тарту, оны кешiктiру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру; 
      8) жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету; 
      9) мемлекеттiк қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорына беру; 
      10) жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу; 
      11) жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету; 
      12) жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау; 
      13) кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалау өкiлеттiгiн сондай қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға беру; 
      13-1) мемлекеттік бақылау мен қадағалау міндеттерін мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беру; 
      14) қызметi немесе жұмысы жөнiнен жоғары немесе төмен тұрған не өздерiмен өзге де түрде тәуелдi лауазымды адамдармен ақша немесе өзге де мүлiк салынатын сипаттағы құмар ойындар ойнауға қатысу әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады. 
      2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағының 1), 6), 7), 8), 10), 11), 12), 14) тармақшаларында аталған қандай да болсын құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болмаса, қызметiнен төмендетуге, ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда – заңда белгiленген тәртiппен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрiнде тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады. 
      Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде аталған құқық бұзушылықтардың кез келгенiн қайталап жасау заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға әкеп соғады. 
      Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 9), 13), 13-1) тармақшаларында аталған қандай да бiр құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк функцияларды орындауын тоқтатуға әкеп соғады. 
      3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары немесе осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар осы баптың 1-тармағында аталған құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол бұларды материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.  
      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.04.28 № 46, 2003.09.25 № 484, 2007.07.21 № 308, 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.    

  13-бап. Игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға  
               байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық  
               бұзушылықтар      

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мынадай әрекеттерi игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар болып табылады: 
      1) өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн, егер заңдарда өзгедей көзделмесе, өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау.  
      Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның шотына келiп түскен, аталған адам бiлмейтiн ақша қаражаты, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацы бұзыла отырып, тиiстi мiндеттерiн атқаруына байланысты алған қаражаты ол анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиiстi салық органына мұндай қаражат түсуiнiң мән-жайы туралы түсiнiктеме табыс етiле отырып, республикалық бюджетке аударылуға тиiс; 
      2) өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені үшін сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау.  
      Аталған адам бiлмей келiп түскен сыйлықтар, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып тиiстi мiндеттердi атқаруына байланысты алған сыйлықтары жетi күн мерзiм iшiнде арнаулы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзiлуге тиiс, ал адамға нақ сондай жағдайлар кезiнде көрсетiлген қызмет үшiн республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы ақы төлеуге тиiс. Өзiне сыйлықтар келiп түскен адам жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға хақылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша қаражатын арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады; 
      3) жұбайының (зайыбының), туыстарының шақыруы бойынша олардың есебiнен;  
      егер қарым-қатынасы шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетiнiң мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);  
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарының арасындағы өзара уағдаластыққа сәйкес тиiстi мемлекеттiк органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын;  
      жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келiсiмiмен, ұйымдардың қаражаты есебiнен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық шараларға қатысу үшiн жүзеге асырылатын, оның iшiнде осындай қоғамдық бiрлестiктердiң (қорлардың) жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарларды қоспағанда, шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдау; 
      4) несиелер, қарыздар алуда, бағалы қағаздар, жылжымайтын және өзге де мүлiктер сатып алуда заңдарда көзделмеген артықшылықтарды пайдалану. 
      2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның отбасы мүшелерiнiң аталған адам қызметi бойынша байланысты шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен сыйлықтар мен қызмет, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдауға құқығы жоқ. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адам немесе оған теңестiрiлген адам жетi күн мерзiм iшiнде өзiнiң отбасы мүшелерi заңсыз алған сыйлықтарды арнаулы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзуге және республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы өз отбасы мүшелерi заңсыз пайдаланған қызмет құнын өтеуге мiндеттi. 
      3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк функцияларды орындауын тоқтатуға әкеп соғады. 
      4. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары немесе осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде оларды Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.  
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.09.25 № 484, 2007.07.21 № 308, 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.    

  13-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды  
                 және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын  
                 құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк  
                 жаза қолдану мерзiмдерi      

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адам немесе оған теңестiрiлген адам сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей белгiленедi және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды. 
      2. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық істі тоқтатқан жағдайда, бірақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық немесе тәртіптік теріс қылық белгілері болған кезде жаза осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімде қолданылуы мүмкін. 
      Ескерту. 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.09.25 № 484, 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.     

  14-бап. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк 
               мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген 
               адамдарға немесе оларға теңестiрiлген адамдарға 
               заңсыз материалдық сыйақылар бергенi үшiн 
               жауаптылығы     

 Ескерту. 14-бап алынып  тасталды - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.     

  15-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi 
               басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi 
               жүзеге асырғаны және заңсыз табыстар алған үшiн 
               жауапкершiлiгi     

 Ескерту. 15-бап алынып  тасталды - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.     

  16-бап. Мемлекеттiк органдар басшыларының сыбайлас 
               жемқорлыққа қарсы күрес жөнiнде шаралар 
               қолданбағаны үшiн жауаптылығы     

 Ескерту. 16-бап алынып  тасталды - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.     

17-бап. Сыбайлас  жемқорлықпен құқық бұзушылық  фактiсi  
              туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған  
              адамдардың жауаптылығы      

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органға басқа мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi жөнiнде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органның ұсынуы бойынша тәртiптiк ретпен қызметiнен босатуға немесе тиiстi мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға дейiн жазаланады.  
      2. Алынып тасталды - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.  
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.

Информация о работе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы