Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 21:02, лекция
Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге мүмкіндік береді.
КІРІСПЕ ....................................................................................................2
I. Саяси мәдениет және оның қоғамдағы саяси процесстерді
дамыту мен қалыптастырудың рөлі ..........................................................4
ІІ. Саяси мәдениеттің жіктелуі ..................................................................9
ІІІ. Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен мәні ..............................................12
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................14
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................................................15
ІІ. Саяси мәдениеттің жіктелуі
Қоғамдық
жағдайға және ондағы қалыптасқан саяси
үлгілер мен ережелерге байланысты
әр елдің саяси мәдениеті
Мәдениеттің өзгешелігі болмысты ұғынудың, оны бағалаудың, соған байланысты әрекет ету тәсілінің ерекшеліктеріне әкеледі. Белгілі бір жағдайға сай келетін саяси жүйелер басқа жағдайларда күйзеліс тауып жатады, белгілі бір әрекеттер бір халықты ойдағыдай жетістікке жеткізсе, екіншісін сәтсіздікке ұшыратады. Мұның бәрі көп жағдайда саяси мәдениетке байланысты екен. Егер біз неше түрлі әлеуметтік болмыста өмір сүріп, еңбек етуіміз мәдениеттің әрекеттестігінен десек, артық айтқандық болмайды.
Саяси мәдениеттің бірлігі қоғамның тұрақтылығын нығайтады, көптеген саяси процестерді дұрыс болжауға ықпалын тигізеді. Ал әр түрлі саяси субмәдениеттер, керісінше, қоғамдық саяси өмірді тұрақсыздандырудың көзі болуы мүмкін. Қоғамдағы жағдай көбінде әр түрлі болғандықтан, субмәдениеттің де сан түрлілігі қалыпты құбылыс. Сондықтан олардың мүдделерін үйлестіріп, бастарын қосып, бірлестіре жұмыс істеуге тура келеді. Ол үшін қоғам терең ойластырылған мәдениет саясатын жүргізуі керек. Жұртшылықтың саяси мәдениеті жоғары болуы үшін мемлекет ел ішіндегі және басқа елдердегі болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар жөнінде жан-жақты хабардар етіп отырғаны орынды. Сонда ғана елдің азаматтары бұл мәселелер жөнінде жетік біліп, дұрыс баға бере алады. Көлемді және сенімді мәлімет алып тұруы, дамыған хабарламалық жүйенің болуы — қоғамның саяси мәдениетінің, саяси қатынастарының қаншалықты дамығандығын көрсетеді.
Халық арасында мәдениет саясатын жүргізгенде мына мәселелерге ерекше мән берген жөн: сол елдің Конституциясын, өзінің саяси құқығын, бостандығы мен міндеттерін білуі; мемлекеттік құрылыс, саяси жүйе, қоғам мен мемлекетті басқару түрлері мен тәсілдері жөнінде де хабардар болу, саяси мәселелерді шешу; мемлекеттің, халықтың асыл мұратын білу; билік пен саясат жөнінде жалпы білім беру; әлеуметтік процестерді басқарудың негізінде жатқан саясаттың, ережелер, принциптер, идеялардың мәнін түсіну және т. с. с.
Мәдениет саясатын жүргізудің жолдары мен тәсілдері мол. Оған ең алдымен оқу-ағарту жүйесін жетілдіру, халықтың білімін көтеру жатады. Бұл жолда әсіресе қоғамдық ғылымдардың рөлі зор. Олар адамдарға өздерінің саяси қатынастарының қожасы болуына, әлеуметтік тұрмысының зандылықтарын меңгеруге көмектеседі. Бұл ғылымдар халықтарға өмірді жаңа негізде құруға, қоғамдық қатынастарды жетілдіруге, әлеуметтік, экономикалық процестердің болжамын жасауға кең өріс ашады.
Халықтың саяси мәдениетін көтеруге тек белгілі саяси білімді меңгеріп, саяси құбылыстар мен процестерді, заңдылықтар мен принциптерді түсіну ғана емес, сонымен қатар қоғам алдында өз жауапкершілігін сезініп, жалпы адамзаттық қазынаны сақтап, молайтуға тырысу, Отанға қауіп төнсе, оны қорғай білу де жатады.
Енді бүгінгі Қазақстанға келсек, еліміздің саяси мәдениетін тап басып айту қиын. Себебі, республикамыз өтпелі кезенді басынан кешіріп отыр. Халықтың санасында, іс-әрекетінде өткен дәуірдің де, бүгінгінің де, болашақтың да мәдениетінің көріністерін байқаймыз. Мәселен, біраз адамдардың санасында жеке тұлғадан гөрі бұрынғыдай мемлекеттің басым тұрғандығы сезіледі. Бірталайы болашақты күтумен күн кешуде. Ал болашақ дегеннің өзі бүгіннен басталады ғой. Сондықтан әркімнің қазіргі саяси өмірге белсене араласып, қоғамымыздың тезірек демократиялануына ез үлесін қосқаны абзал.
Қазір біздің Қазақстан — егеменді ел. Алғашқы Ата Заңымызда демократиялық зиялы мемлекет құру жолында кептеген бостандықтар мен еркіндіктер берілген болатын.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында да адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Әркімнің өмір сүруге, жеке басының бостандығына құқығы бар. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Адамның қадір-қасиетіне, жеке өміріне қол сұғылмайды. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Ата Заңымызда бұдан басқа да құқықтар мен еркіндіктер берілген. Мұның бәрі Қазақстан халқының демократиялық жолмен даму тарапындағы алғашқы қадамдары деп білеміз. Сонымен қатар ол саяси мәдениеттің даму деңгейін де аңғартады.
Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ, алдыңғы ұрпақтың үлгі-енегесінен үйреніп отырады. Мұндай процесті ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді.
«Әлеуметтену» деген ұғымды XIX ғ. аяғында Америка әлеуметтанушысы Ф. Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологі Г. Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтену деп тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасуын айтты. XX ғасырдың 50-60 жылдарында осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және саясаттанушылары «саяси әлеуметтену» деген ұғымда ойлап шығарды. Г. Алмонд, С. Верба, Д. Истон еңбектерінде бұл үғым кеңінен пайдаланылды. Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелерді өз бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды.
Ресей саясаттанушысы Е. Б. Шестопал саяси әлеуметтану деп тұлғаның саяси санасы мен іс-әрекетінің қалыптасу, саяси рөлдерді қабылдау және орындау, саяси белсенділік таныту процесінің барлық жиынтығын айтады.
Саяси әлеуметтену мәселесі XX ғасырдың 50-жылдары кеңінен көтерілді. Оған себеп болған Батые саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік әлі жойыла қоймаған, саяси билік адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси абсинтеизм (саясатқа селқос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және т.б. көбейді. XX ғасырдың 70 - 80-жылдарында Батыс елдерін негрлер, соғысқа қарсы, экологиялық, феминистік қозғалыстар дүр сілкіндірді. Бұрынғы дәстүрлі материалдық құндылықтарды (жеке табыс, байлыққа тырысу) қарсы шыққан субмәдениет пайда болды. Мысалға XX ғ. 60-жылдары дамыған хиппилер қозғалысын алайық. Оған ірі саясаткерлердің, бизнесмен, заңгерлер сияқты ауқатты отбасыларының балалары қатысты. Олар жеке адамның өзін-өзі толық көрсетуіне жағдай жасалмағандығы, адамдар арасында теңсіздіктің, алалаушылықтар бар екендігіне сол кездегі қоғамдық тәртіпті кіналады. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қарсы шықты. Мысалы, дәстүрлі мәдениетте адам өзін-өзі ұстауы, шектеуі керек, бүтін, таза киінуі, сақал-шашын алуы, мәдениетті сөйлеуі, нашақорлықпен айналыспауы керек болса, олар, керісінше, шаштарын жалбыратып өсіріп жіберді, жыртық-тесік киім киді, өз диалектілерінде сөйледі, нашақорлықпен айналысты және т.б. қоғамда үстемдік еткен адамгершілік қалыптарына қарсы шықты. Мұның бәрі америка қоғамын қатты толғантты. Ғалымдар бұл құбылыстың себептері мен сырын ашу үшін зерттеулер жүргізді. Сөйтіп саяси әлеуметтену мәселесі бұл кезде күн тәртібіне қатты қойылды.
Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:
— қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;
— қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;
— саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту.
Адамның саяси әлеуметтенуі үздіксіз өмір бойы жалғасады. Әлеуметтік-саяси тәжірибе жинақтауына қарай оның саяси белсенділігінің түрі әрқашан өзгеріп немесе бекіп отырады.
Қорыта айтқанда, саяси мәдениеттің жоғарыда айтылған тұрпаттарынан басқа жеке әлеуметтік, этникалық, аймақтық және басқа саясат субъектілеріне тән құрылымдары да қалыптасады. Олардың билікке, саяси өмірді ұйымдастыруға, бақылауға және т. б. өзіндік көзқарастары пайда болады. Мұндай құрылымды субмәдениет дейді. Басқа сөзбен айтқанда, субмәдениет деп қоғамда үстемдік еткен мәдени бағыттап айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдарды айтады. Сонда субмәдениеттің пайда болу себебі кандай? Ол коғамдық топтардың экономикалық, әлеуметтік жағдайларын, этникалық, діни, нәсілдік, білімдік, жыныстық, жас ерекшеліктеріне және т. с. с. белгілеріне байланысты. Мысалы, америкалық зерттеушілердің байқауынша, негрлердің субмәдениеттік өзгешелігіне олардың қатардағы адамдардың саяси белсенділігіне сенбеушілігі жатады. Олар саясат ақ нәсілділердің ісі деп есептейді.
Кейбір ерекшеліктер әйелдердің саяси субмәдениетінде де кездеседі. Мәселен, батыстың әйелдері консервативтік бағыттағы партиялар мен ұйымдарды қолдайды (бұл әйелдердің әлеуметтік қатынастарының төмендігінен, ерлерге қарағанда қоғамдық қозғалыстарға аз араласқандығынан, қалыптасқан әдеттен шықпауға тырысушылықтан болар.)
Айтарлықтай айырмашылық жастардың саяси субмәдениетінде де кездеседі. Батыстың жастарын алсақ, олар адамдар арасындағы қарым-қатынас пен өмірдің сапалылығы сияқты құндылықтарды алға тартса, қариялар материалдық молшылықпен қамтамасыз етілуді ұнатады.
Ал Қазақстанда болса оқуға түсе алмаған ауыл жастарының көбі жұмысқа орналасып, жұмысшылар жатақханасында жүр. Олардың арасында жартылай ауылдық, жартылай қалалық саяси субмәдениеттің пайда болуын байқаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ