Саяси мәдениет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 21:02, лекция

Краткое описание

Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................2
I. Саяси мәдениет және оның қоғамдағы саяси процесстерді
дамыту мен қалыптастырудың рөлі ..........................................................4
ІІ. Саяси мәдениеттің жіктелуі ..................................................................9
ІІІ. Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен мәні ..............................................12
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................14
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................................................15

Прикрепленные файлы: 1 файл

саясат.docx

— 40.34 Кб (Скачать документ)

  МАЗМҰНЫ

  КІРІСПЕ ....................................................................................................2      

  I. Саяси мәдениет және оның қоғамдағы саяси процесстерді

дамыту  мен қалыптастырудың рөлі ..........................................................4

          ІІ. Саяси мәдениеттің жіктелуі ..................................................................9

ІІІ. Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен  мәні ..............................................12

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................14

ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ ................................................................................15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Саясаттану  ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге мүмкіндік береді.

Бұл ұғымның  саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. XX ғасырдың 50 жылдарының екінші жартысы — 60 жылдардың басында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай  деген  Американың зерттеушілері мен олардың шәкірттері саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар бастырып шығарды. Олар кейін “саяси мәдениет” деген атпен кең тарап кетті.

Бірақ бұдан  саяси мәдениет жөнінде бұрын  ешқандай ой-пікір болмаған екен деген  ой тұрмауы керек. Себебі, антикалык  ойшылдар, атап айтқанда, Платон (“Мемлекет”, “Заңдар” деген еңбектерінде), Аристотель (“Саясат” деген еңбегінде), кеңірек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және басқа ойшылдар да бұл мәселеге көңіл аударған. Олар әр түрлі салт-дәстүрлерде тәрбиеленген, әрқилы әлеуметтік және саяси тәжірибе алған адамдар бірыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезіп, оған сан қилы жауап қайтаратындығын байқаған.

Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін жасауға М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты. Ал жалпы “саяси мәдениет” деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп XVIII ғасырда өмір сүрген немістің ағартушысы, фелсафашы Иоганн Гердерді санайды.

Бірақ олардың  қай-кайсысы болмасын “саяси мәдениетті”  саяси өмірдің белгілі бір  өрісін білдіретін саясаттанудың ұғымы  ретінде қолданбады, мұны жасаған  жоғарыда аттары аталған американдық  ғалымдар болды.

Саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Қазіргі саяси әдебиетте оның 30-дан астам анықтамасы кездеседі. Бұл мәселенің күрделілігімен әлі жете тексерілмегендігін білдірсе керек.

Саяси мәдениеттің  мағынасын айқындау үшін ең алдымен  оның құрылымын жақсы білген жөн. Америкалық саясатшылар Г. Алмонд пен С. Верба саяси мәдениетті адамдардың психологиялык бағдарларының жиынтығы деп түсінеді. Бірталай саясатшылар оны саяси қазыналардың, нанымдардың, нұсқаулардың жиынтығы деп санайды.

Сонымен қатар  басқа да көзқарастар бар. Мысалы, ағылшын саясатшылары  Р. Карр мен М. Бернстейн саяси мәдениетке саяси  идеялар мен әлеуметтік тәжірибе, адамдардың саяси өзін-өзі ұстауы да кіреді дейді. Олардың ойынша, саяси мәдениетке әлеуметтік топтардын саяси іс-әрекеттеріндегі тәсілдерді, саяси нанымның табиғаты және оның мүшелерінің қазыналары  жатады.

Кеңес өкіметі  кезінде бұл пікірге Ф. Бурлацкий мен А. Галкин қарсы шықты. Олар адамдардың саяси іс-әрекеттері саяси мәдениет ұғымынан кең, оны өз алдына бөлек зерттеу керек деп пайымдайды. Бірақ бұл көзқараспен келісу қиын. Себебі, біріншіден, саяси мәдениеттен саяси іс-әрекет пайда болады. Екіншіден, егер адамдардың саяси өзін-өзі ұстауын саяси мәдениеттен бөліп алсақ, оның іс-әрекеттік жағы ескерілмей қалады. Ал қандай мәдениет болмасын ол сананың элеметтерімен бірге нақтылы іс-әрекеттің бірлігін білдіреді. Сондықтан біз саяси мәдениетке саяси санамен қатар іс-әрекеттер де кіреді дейміз.

Саяси мәдениет коғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстауы, осы саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар жатады. Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.

І. Саяси мәдениет және оның қоғамдағы саяси процесстерді

дамыту  мен қалыптастырудың рөлі

 

Саяси мәдениеттің  қоғамның саяси жүйесінің негізгі  құрамдас бөліктері  есебіндегі мән - мағынасы, орны, атқаратын қызметі  қандай деген мәселелер осы тақырыптың мазмұны болып табылады.

  1. Саяси идеология және осы заманғы саяси - идеялық ағымдар.
  2. Саяси мәдениет және саяси әлеуметтену.

Саяси мәдениет нақты әлеуметтік және саяси  практика негізінде қалыптасады  және олардың бейнесі, көрінісі болып  табылады. Саяси өмірге қатысушылардың түсінігі, мәнділік бағдарлары мен  ұмтылыс - мақсаттары, сондай - ақ, олардың  сезім - күйлері, наным пиғылдары  мен мінез - құлықтары саяси сана мен саяси мәдениеттің мазмұның құрайды.

Саяси мәдениеттін  өзіндік міндеттері, қызметтері бар. Оларға танымдық, реттеушілік, тәрбиелік, біріктірушілік, қорғау, сабақтастық қызметтері жатады.

Танымдық қызметі — қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып  білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру.

Реттеушілік қызметі — саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік-таптық, ұлттық қатынастарды реттеу.

Тәрбиелік қызметі — әркімді коғамдық-саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшілікке, төзімділікке, қоғам алдында жауапкершілікке баулу.

Біріктірушілік  қызметі — қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын баскаруға жұмылдыру.

Қорғау қызметі  — қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау.

Сабақтастық қызметі — саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып  дамуын  қамтамасыз ететін тарихи сабақтастық.

Саяси мәдениеттің құрылымы және оны қалыптастыратын қоғамдық күштер.

Жоғарыда  біз саяси мәдениетке саяси сана мен саяси іс-әрекеттер жатады дедік. Кең мағынасында бұл дұрыс. Сонымен бірге ол — күрделі мәселе. Сондықтан өз кезегінде олар нені қамтитынын тереңірек білген жөн. Енді соған келейік.

Саяси сананың  ішінде саяси мәдениетке ең алдымен  қоғамның саяси өмірінің әр түрлі  жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан  түсініктері жатады. Ол  саяси жүйе  мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, шешімдерді қабылдау мен іске асыру, билік өкілеттігінің иелері, саяси өмірдегі өз орны, саяси қызметке қатысудың құдіреттілігі мен тиімділігі жөніндегі және т. с. с. түсініктерді қамтиды.

Саяси мәдениеттің  келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол «еркіндік», «тендік», «әділдік», «әлеуметтік қорғанушылық», «автономия», «төзімділік» және т. б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылык беруінен байқалады. Мысалы, біріншісі — кейбір адамдар, топтар, тіпті тұтас ұлттар тендікті қастерлеп, соған тұрақты бет бұрады. Екіншісі — еркіндікті, бостандықты аңсайды, ең басты байлық  деп санайды. Үшіншісі — әлеуметтік қорғанушылықты (тіпті, ол тоталитарлық тәртіптің  күшімен орнаса да) бәрінен артық көреді. Төртіншісі — автономияны қалайды  және т. с. с. Мысалы,  қойылған  сұраққа жауап берген американдықтардың 74%-і еркіндікті бірінші орынға қойса, 20%-і тендікті жақтапты. Ал еуропалықтар болса, тең жартысы бостандықты, соншасы тендікті жоғары қойған. Бұдан біз кімдер қандай саяси бағдар ұстанатындығын байқаймыз.

Саяси мәдениеттің  тағы бір ерекшелігі — адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Мысалы, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немістер болса, мемлекетке әрқашан түзу ниет білдіреді. Немесе партияға деген көзқарасты алайық. Францияда бірпартиялықты шеттен шыққан жөнсіздік деп санайды. Сондықтан онда бірпартиялық  жүйе орнауы мүмкін емес. Ал кейбір елдерде оған үйреніп кеткен, оның ешқандай сөкеттігі жоқ сияқты. Демек, әрбір елдің, халықтың өз көзқарасы, қатынасы қалыптасқан.

Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау да кіреді. Ол субъектінің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол  саяси білімін  көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және тағы басқалардан көрініс табуы мүмкін. Мысалы, ағылшын сайлаушылары саяси серкеге емес, партияға бағдар алады. Ал АҚШ-та мемлекет басшысын сайлағанда партияға емес, президентке үміткердің тұлғасына бағдар ұстайды. Үндістанда да солай, кімді жақсы білсе, соған дауыс береді.

Саяси мәдениетте әдет- ғұрып, жүріс-тұрыстың да орны зор. Мысалы, екі жапондық кездессе бір-біріне иіліп сәлем береді. Сонда ол елдің ғұрпын білетін адам қайсысының қызмет бабында төмен тұрғанын бірден байқайды. Себебі, ол төменірек иіледі. Ал бұрынғы КСРО-да өтірік айту етек алған. Өтірік «халық жауы» деп соттау, интернационалдық борышымызды өтейміз деп Чехословакияның, Польшаның, Венгрияның, Ауғанстанның ішкі ісіне араласып, әскер кіргізу, сайлау кезінде сайлаушыларды алдау және т. с. с.

Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнұран, Ата Заң, ақша белгілері және т. б. енеді.

Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйенің және оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т. б. сайлауды қалай ұйымдастырудын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды. Әр түрлі елдерде бұл әрекеттердің үлгілері біркелкі емес. Мәселен, саяси шиеленістерді алайық. АҚШ-та әлеуметтік саяси кикілжіңдерге қалыпты жағдай, тіпті, қоғамның ілгері дамуы үшін керек нәрсе деп қарайды. Сондықтан онда саясатшы даудамайдан қашпайды. Ол шиеленісті шешуге, саяси қопарылысқа жеткізбеуге, оны басқара білуге үйренеді.

Саяси мәдениеттің  негізгі құрылымы осындай. Енді оны  қалыптастыратын қоғамдық күштер қандай, оның мазмұны мен түрін кімдер айқындайды деген сұрақ туады. Соған келейік.

Саяси мәдениетті қалыптастыруға ең бірінші мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін заң шығару, атқару және сот органдары арқылы атқарады. Мемлекет ұлттың саяси рәміздерін (Туын, Елтаңбасын, Әнұранын және т. б.), адамның саяси өзін-өзі ұстау үлгілерін (мысалы, Кенес екіметі кезінде Павлик Морозовтың әкесін ұстап беру «ерлігі») қалыптастырады. Егер мемлекет тоталитарлық сипат алса, онда оның рөлі тіпті жоғарылай түседі. Себебі, ол демократиялық жағдайда азаматтық коғамның қолында болатын міндеттердің бәрін жеке өз қолына жинап алады.

Мемлекетпен қатар (көп жағдайда сонымен тығыз байланыса отырып) саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар, әсіресе партиялар қатысады. Олар азаматтарды өз партиясының бағдарламаларымен таныстырады, партияларға және партиялық системаларға белгілі бір көзқарасты, қатынасты қалыптастырады, партия мен мемлекеттің қатынасы жөнінде мағлұмат береді. Партияның рөлі әсіресе мемлекетпен сіңісіп, тұтасып партиялық-мемлекеттік құрылыс құрған елдерде өте биік келеді. Мұндай жағдай көбіне партия бүкіл билікті қолына алған бірпартиялық системада орнайды.

Саяси мәдениетті қалыптастырушы күштерге зерттеушілер әрдайым діни ұйымдарды (шіркеу, мешіттерді) қосады. Олар мынау дұрыс, мынау бұрыс деген түсінік тудырып, бағыт беріп, адамдарға саяси сана мен өзін-өзі ұстаудың негізгі үлгі-өнегесін жасайды. Мысалы, олардың көбі қазір зорлық-зомбылыққа, озбырлыққа, күш көрсетуге қарсы. Мұндай жағдайларды олар көпшілік алдында айыптап, бетке басады. Сондықтан біраз елдерде олармен мемлекет басшылары санасуына тура келеді. Діннің, рөлі, Ватиканды айтпағанда, әсіресе Италия, Иран, Польша сияқты елдерде кең өpic алған.

Саяси мәдениетті қалыптастыруда елеулі рөл атқаратын көпшілік аппарат құралдары: баспасөз, радио, теледидар. Қазір оларды биліктін төртінші саласы деп жүргені тегін емес. Әсіресе, ғылыми-техникалық революция жағдайында теледидардың рөлі орасан өсті. Бүгін әлемде, өз елінде болып жатқан жаңалықтарды миллиондаған адам теледидар арқылы көзімен көре алады. Сондықтан ішкі және сыртқы саясат бойынша қабылданып жатқан шешімдер саяси сананы қалыптастыруға зор әсерін тигізетіндігі сөзсіз.

Бұл салада бизнес әлемі де белгілі рөл атқарады. Дамыған капиталистік елдердің саяси өміріне саудагерлік пен бәсекелестік едәуір әсер етеді. Мысалы, АКДІ-та және т. б. елдерде, әсіресе сайлау алдында кепшілік дауыс алу үшін саяси қайраткерлерді.

Қайткенде жағымды  жағынан жариялап, оның озық қасиеттерін суреттеп, жарнама жасауға баса назар аударылады. Басқа сөзбен айтқанда, саудагерлер өз тауарын тиімді сату үшін қаншалықты тырысса, сондай көріністі мұнда да байқауға болады.

Саяси мәдениетті қалыптастыруға тікелей және мақсатты түрде қатынасушылардың қатарына академиялық қауым да жатады. Оның рөлі әсіресе Америка Құрама Штаттарында өзгеше көзге түседі. Онда мемлекет пен университеттер, зерттеу орталықтарының арасында үздіксіз алмастыру тәртіпке айналып кеткен. Үкімет кабинеті ауысқанда, отставкаға кеткенде жоғары төрелер академиялық кауымға келеді (олардың көбі кезінде сол кауымнан кетерілуі мүмкін). Ал сайлауда жеңген партияны колдаған көрнекті саясатшылар, экономистер, юристер үкімет үйіне көшеді (мысалы, У. Ростоу, Г. Киссинджер, Э. Бжезинский сияқтылар солай болған). Басқа сөзбен айтқанда, гуманитарлық ғылымдардың ірі өкілдері қоғамдық санада және қызметте бір принциптерді, нұсқаулар, ережелерді дайындап, екіншілерінің күйреуіне жол ашып, саяси ұсыныстарды дайындайтын теоретиктер ғана емес, оларды іске асыруға да белсенді араласады.

Кейбір елдерде саяси мәдениетті қалыптастыруға әскер қатысады. Мысалы, бұрынғы Пруссияның немесе фашистік Германияның, тіпті бұрынғы Кеңес Одағының саяси мәдениетінің біраз жақтары осыған айғақ бола алады. Онда армия жұмысының кейбір принциптері, ережелері, өнегелері азды-көпті болсын саяси өмірге ауады (мәселен, жеке-дара басшылық ету, бұйрық бойынша жұмыс істеу, асқан құпиялылық, күш қолдануға бейімділік, казармалық тәртіп және т. с. с).

Информация о работе Саяси мәдениет