ҚР-да сапа менеджментінің даму перспективасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2012 в 09:08, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасын жетілдіру болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қазіргі таңда ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеқабілеттілікке ие болуына алып келеді. Өнімнің бәсекеқабілеттілігі еліміздің беделін және ұлттық байлығымызды арттырудың негізгі факторы болып табылады.

Содержание

Кіріспе -3
1.1 ҚР-да сапа менеджментінің даму перспективасы -6

1.2 Өнімнің бәсекегеқабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы -14

1.3 Кәсіпорында өнім сапасын жетілдірудің негізгі
бағыттары -19

Қорытынды -24

Қолданылған әдебиеттер -27

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасында сапа мен менеджменттің дамуы.DOC

— 181.00 Кб (Скачать документ)

ҚР – дағы  кәсіпорындардың бәсекегеқабілеттілігін жоғарылату үшін келесідей шаралар қолдану қажет:

      ИСО 9000 стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу;

      ИСО 9000 стандарттарына сәйкес сертификаттау процесін жүзеге асыру:

      Көпсалалы және аймақтық стандарттар жүйесінің талаптарын сәйкестендіру және ИСО 9000 стандарттары арқылы сапаны басқару жүйесіндегі талаптарды үйлестіру;

      Сапаны сертификаттау жүйесінен, тоталдық сапа менеджментіне ауысу.

Осы халықаралық стандарттардың талаптарын қанағаттандыратын жүйелер, әлемдік тәжірибеде сапаны басқарудың ең тиімді жүйесі болып табылады. Кәсіпорындағы әрекет ететін сапа жүйелерінің ИСО 9000 стандарттарына сәйкестігі, бүкіл әлемдегі тұтынушыларға кепілдік ретінде өнім сапасының тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді.

Отандық өнімдердің бәсекегеқабілеттілігін арттыру – халықаралық стандарттарды енгізумен тығыз байланысты. Бұл аксиома  ҚР-ның ДСҰ-на кіруіне және әлемдік нарыққа шығуына жол ашады.

Отандық және шетелдік тәжірибелерді ескере отырып, өнім сапасын жетілдірудің келесідей бағыттарын ұсынуға болады:

      Өнім сапасын басқару жүйесін, өнімнің сапасын жетілдіруге, яғни тұтынушыға бағыттау. Барлық кәсіпорындардағы қызметкерлер мен жұмысшыларды  «жақсы және сапалы» өнім өндіруге ынталандыру. Кәсіпорын басшылығының саясаты бірінші орында өнімнің сапасын, ал содан соң өнімнің көлеміне бағытталуы қажет;

      Жоғарыда аталған бағытты үнемі жаңа инвестициялық және инновациялық саясатпен байланыстырып отыру, дәстүрлі өндірілетін өнімнің көлемін арттырудан, өнімнің сапасын арттыруға ауысу, негізгі қорларды жарақтау және жаңарту арқылы өнімнің сапасын көтеруге қол жеткізу;

      Өнім өндірушінің өнімнің сапасы туралы ақпараттарды рационалды таңдап алу жүйесін, оны өңдеу, талдау және сақтау шараларын міндетті түрде жүзеге асыру;

      Кәсіпорындағы әрбір өнімге талап етілген сапаны қамтамасыз ету үшін, кәсіпорында өнімнің арнайы сапасын басқару жүйесін құру;

      Материалдық-техникалық жарақтануды жетілдіру. Үнемі жабдықтаушылармен тығыз байланыста болу және ұзақ мерзімді келісімшартқа отыру;

      Басшылық ықпал нәтижелі және өнімнің әрбір өмірлік циклында орын алуы тиіс;

      Өнім сапасын басқару жүйесі – тұтынушылардың талаптарын қанағаттандырған жағдайда ғана тиімді болып саналады;

      Өнімнің сапасын басқару жөнінде үздіксіз білім беру жүйесін құру және барлық оқушылар мен студенттерді, жұмысшылар мен шеберлерді тұтынушылар мен тапсырыс берушілерге оң көзбен қарауға тәрбиелеу. Өнім сапасын басқару жүйесі барлық адамға түсінікті болу керек;

      Мемлекеттік және аймақтық деңгейде сапа төңірегінде дәріс беру үшін БАҚ- ты, оның ішінде радио, теледидар, басылымдарды қосу керек;

      Сапа төңірегінде және өнім сапасын жетілдіру үшін білім беретін  және жұмысшылардың біліктілігін арттыруда арнайы мамандандырылған орталықтарды, яғни мектептер мен сапа курстарын ашу қажет және мұнда білім беруде шет елдердің мамандарын қатыстыру. Өйткені, тек жоғары білікті мамандар, жоғары сапалы өнімді жасай алады;

      Жоғары және тұрақты өнім сапасын қамтамасыз ету үшін өндірісте ынталандыруды күшейту. Ол үшін жоғары сапа мен еңбекке марапаттау, сыйақы беруді ұйымдастыру. Сонымен қатар өнімнің белгілі бір талаптардан ауытқығаны үшін, нормативтік-технологиялық құжаттарға сәйкессіздігі үшін қатаң сөгістерді қолдану. Өнім сапасын жақсарту және жетілдіру мақсатында түрлі конкурстар өткізу;

      Жұмысшылардың жұмыстарын жетілдіру және тиімділігін арттыру. Ол үшін арнайы сапа тобын құру қажет;

      Өндірістік ортада әлеуметтік, адамдық факторды ескеру;

      Өнім сапасын басқару жүйесін жетілдіру. Ол үшін өнімнің сапасын басқаруда тәжірибелі мамандарды қолдану.

Қазіргі уақытта өкінішке орай, отандық кәсіпорындардың көпшілігі өндірістік техникалар мен технологиялардың артта қалуымен байланысты бәсекегеқабілетсіз болып табылады. Сондықтан өнімнің сапасы төңірегіндегі сұрақтар қазіргі таңда өте күрделі экономикалық және ұйымдық мәселелердің бірі болып келеді.

Мен осы отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҚР-да өнімді басқарудың сапалық жүйесін енгізуді және оны сертификаттауды құруды ұсынғым келеді. Бұл жүйе:

Біріншіден: - ұлттық және халықаралық деңгейде отандық кәсіпорындардың бәсекегеқабілеттілігін арттыруға, өнім өндірушілерге тұтынушылардың сенімділігін артуына, өткізу нарығын, жұмыс көлемін, пайдалылықты жоғарылатады.

Екіншіден: - тауар өндірушілер қоғам мен тұтынушыға өнімнің халықаралық және мемлекеттік стандарттарға сай және экологиялық таза, тұтынушылардың барлық талаптарының қанағаттануына және қызмет көрсетудегі барлық талаптарды орындайтынына кепілдік береді.

Үшіншіден: - Қазақстанда мұндай сапа жүйесін құру және оны сертификаттау ұзақ процесстер мен жеткілікті қиыншылықтарды алдынан өткереді. Сондықтан өнімнің сапасын арттыруда мемлекетпен қатар жеке кәсіпкерлер де ат салысуы керек.

Бұл жүйе мемлекетте келесідей талаптар қояды және оның негізгі принциптеріне төмендегілерді жатқызамыз:

      сапа;

      өнімді өндіруде үнемі тұтынушылардың талғамын ескеру;

      сапалы кадрларды сақтау, бұл сапаны жетілдірудегі негізгі бағыт болып табылады;

      сапаны үнемі жетілдіру арқылы жаңа бір ашылымдарға қол жеткізу;

      айқындылық;

      тұтынушылар мен жабдықтаушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы кәсіпорын имиджін қалыптастыру;

      сапаны басқаруда барлық кәсіпорын персоналының қатысуы;

 

Бұл сапа жүйесі келесі жағдайлар орындалғанда ғана жүзеге асырылады:

      кез-келген кәсіпорындағы персонал өндіріс нәтижелері мен процесстері туралы ақпарат алып отырса;

      белгілі бір нәтижелерге жеткен жұмысшылар аймақтық және ұлттық дәрежеде ынталандырылып отырса;

      сапа төңірегінде белгілі бір дәрежеге жеткен кәсіпорындардың тәсілдері мен амалдарын көшіруге рұқсат етілмесе;

      кәсіпкерлер мен басқарушылар өнім сапасына үнемдемесе;

      өнім сапасын арттыру – кәсіпорынның негізгі нәтижесі болып қарастырылса және сапа жүйесін ендіру мен жасауларды жүзеге асыруда персоналды оқыту дұрыс ұйымдастырылса.

Жоғарыда жасаған ұсыныстарымды жүзеге асыруда мекемелер басшылары, кәсіпкерлермен қатар мемлекет тікелей араласу қажет. Мемлекет сапаны бақылаумен қатар, оны ұлттық дәрежеде ынталандыру жүйесін жүзеге асырып отыру қажет. Мұндай жүйелер АҚШ, Жапония, Германия, Ресей және көптеген Европалық елдерде қолданылады. Сапаны тек жүйелік және кешенді басқару – оның қажетті деңгейге жетуін қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Технологиялардың жоғарғы қарқынмен дамуымен қатар тұтынушылардың талғамы да артуда. Бұл құбылыс арқылы сапа көрсеткіштерінің маңыздылығы өсіп келеді. Осыған байланысты әлемнің көптеген елдерінде халықаралық стандарттарды енгізу талабы қойылды.

Халықаралық деңгейдегі сапаға қойылатын талаптар ИСО 9000 сериясымен анықталады. 1987 жылы Стандарттау жөніндегі ХҰ  және АҚШ, Канада, ФРГ елдерінің қатысуымен ИСО 9000 сериялы 5 Халықаралық стандарт бекітілді. Бұл стандарттарда өнімнің сапасын қамтамасыз ету жүйесіндегі талаптар, өнімді дайындау, ұйымдық бақылау және өнімді сынақтан өткізу, өнімді қолдану, сақтау және тасымалдауда қолданылатын талаптар жасалып бекітілді.

Американдық маман А. Фейгенбаумның пікірінше: «сапа бұл эвангелизм емес, рационалды ұсыныс емес, бұл өмір сүру образы».

Американдық фирмалар барлық назарды өнімнің сапасын бақылауға аударады. Өнімнің сапасын басқаруда арнайы бөлімшелер өндірісті сапалы өнімдермен қамтамасыз ету үшін өндіріске кететін шығындарды зерттеп, талдап отырады. Өнімнің сапасын жетілдіруде американдық фирмалар орташа шамамен өнімді өткізілген соманың 3-5%-ын жұмсайды. Ал, фирма басшылары өзінің жұмыс уақытының 50%-ын сапа төңірегіндегі сұрақтарға бөледі.

Батыс Еуропалық елдерде өнімнің сапасын қамтамасыз етуде ISO 9000 сериялы халықаралық стандарттары негізінде құрылған сапа жүйесінің ұлттық стандарттары  және 29 000 сериялы EN Еуропалық стандарттары қолданылады. Белгіленген стандарттар жоғары сапаның кепілі болып табылады.

Еуропалық нарықта кәсіпорындар бірқалыпты қызмет жасауы үшін, өндірілетін өнімдер тәуелсіз ұйыммен сертификатталады. Сонымен қатар өнімнің сапасын бақылауды және бағалауды жүзеге асыруда сынақ зертханалары және қызметкерлер аккредитациядан  өткізіледі.

«КТЗ» ААҚ - ның стратегиялық мақсаты ҚР-да үнемі шығарылатын өнімнің сапасын жетілдіру арқылы өткізу нарығын жоғарылату, тұтынушылардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру, өндірістік және менеджменттің алдыңғы қатарлы технологиясын енгізу. Бұл мақсатқа жету үшін осы кәсіпорында ISO 9001:2000 халықаралық стандарттарға сай сапа жүйесі енгізілді. Компанияның негізгі мақсатының бірі ТМД нарығын жаулап алу. Қазіргі кезде бұл кәсіпорынның өнімдері Әзірбайжан, Түркменстан, Ресейге таралуда.

2006 жылға арналған кәсіпорынның алдына қойған негізгі мақсатына:

      Өнімнің 1 жылдық тауар өндірісін 3 млрд. теңгеге жоғарылату;

      Кәсіпорынды басқаруда ұйымдық тиімділікті арттыру;

      Өндіріске жаңа технологияларды енгізу;

      Өндірілетін өнімдерге өзгерістер енгізу және жаңа өнімдерді өндіру;

      ISO 9001 халықаралық стандарттарға сай сыртқы аудиторлық тексеруге дайындалу.

Зерттеліп отырған кәсіпорындағы сапа менеджменті жүйесін, сапаны қамтамасыз ету инженері Кудеров Л.М. басқарады. Оның негізгі мақсаты кәсіпорынның қызметін ISO 9001:2000 стандарттарына сәйкестендіру.

Кәсіпорынның өндірістік және сынақтау базасы өнімді өндіруде прогрессивті технологиялық процесстер мен жаңашыл технологиялық құралдармен қамсыздандырылған. Өнімді сынақтау, ұлттық және халықаралық стандарттар мен тапсырушылардың талаптарына өнімді сәйкестендіреді. Кәсіпорында тұтынушылардың өнімді қабылдауы және олардың қанағаттануы сапа менеджменті жүйесі жұмысының бір көрсеткіші ретінде бақыланады.

«КТЗ» ААҚ  40 – жылдан астам бойы электротехникалық тауарларды өндіріп, тұтынушыларына жеткізуде. Кәсіпорын жыл сайын нарықтағы жағдайы туралы маркетингтік зерттеулер жүргізіп отырады. Бұл зерттеулер кәсіпорынның алдағы уақыттағы перспективалы дамуын және нарықтағы үлесінің деңгейін көрсетуде. Өнімдердің тұтынушылар талабына сәйкестігі, өнімнің икемді бағасын, өнімнің сапасы, осы факторлар тұтынушылардың осы кәсіпорынның өнімін тұтынуына алып келеді. Бұл құбылыс кәсіпорын пайдасының өсуін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігіне бақыланатын және бақылан байтын факторлар әсер етеді. Зерттеліп отырған кәсіпорынның күшті жақтарына:

      тұтынушының тұрақты деңгейі

      өзіндік құнның төмендігі

      бұл өнімге сұраныстың артуы

      өндіріс дамуының перспективасы ұзақ мерзімді болып табылады.

Отандық кәсіпкерлердің өнім сапасын жетілдіру Қазақстан экономикасы үшін өзекті мәселе болып табылады. Әлемдік нарықта бәсекелесу үшін отандық таурлар мен қызметтердің сапасы халықаралық стандарттарға сай болуы қажет.Отандық тауарлардың бәсекеқабілеттілігін арттыру, өндіріске халықаралық стандарттарды енгізумен байланысты. Бұл аксиома ҚР-ның ДСҰ-ға кіргеннен соң әлемдік нарыққа шығуына жол ашады.

Біздің еліміз экономикалық позициямызды жақсартуда және әлемдік нарыққа интеграциялануға потенциалды болып табылады. Бұған себеп ҚР-ның ДСҰ кіру бағдарламасы, Әлемдегі бәсекегеқабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, 2010 жылға дейін отандық кәсіпорындарындарында ИСО 9000 халықаралық стандарттарын енгізу бағдарламасы және т.б.     Бірақ осы артықшылықтарды жүзеге асыру үшін сапа мәселесін шешуді және оны арттыруды кешенді түрде қарау керек. Ол үшін бәсекеқабілеттілігі мықты дамыған елдердің сапа менеджменті жүйесінен Қазақстанға үлгі алу қажет.

 

 

 

                            Қолданылған әдебиеттер

 

1. «Управление качеством»   С.Н.Нысанбаев, Н.А.Урузбаева,               

     Г.А. Садыханова,  Алматы «Қазақ университеті» 2000ж

2. «Системы менеджмента качества организаций высшего 

     профессионального образования»  Ж.А.Кулекеев, Г.Г.Пивень,

    М.Р.Нургужин, Ш.М.Капанова, И.П.Падиарова, Караганда

     Издательство КарГТУ –  2004

3. «Стандартизация, метрология и сертификация»  И.М. Лифиц                 

     3-е издание   Москва.Юрайт.2004

4. «Сертификаттау» К. Сағадиев, А. Смағұлов, Б. Барақбаев, А. Қалиев,

     Алматы 2000

5. «Экономика и право Казахстана»  №23/2004

6. «Основы маркетинга» Филип Котлер  Москва «Бизнес-книга» 1995

Информация о работе ҚР-да сапа менеджментінің даму перспективасы