ҚР-да сапа менеджментінің даму перспективасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2012 в 09:08, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасын жетілдіру болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қазіргі таңда ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеқабілеттілікке ие болуына алып келеді. Өнімнің бәсекеқабілеттілігі еліміздің беделін және ұлттық байлығымызды арттырудың негізгі факторы болып табылады.

Содержание

Кіріспе -3
1.1 ҚР-да сапа менеджментінің даму перспективасы -6

1.2 Өнімнің бәсекегеқабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы -14

1.3 Кәсіпорында өнім сапасын жетілдірудің негізгі
бағыттары -19

Қорытынды -24

Қолданылған әдебиеттер -27

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасында сапа мен менеджменттің дамуы.DOC

— 181.00 Кб (Скачать документ)

Жүктердің тез өткізілуін ұйымдастыру жөнінде тиімді рәсімдер енгізу үшін көршілермен арадағы нақтылы уағдаластықтарды дамыту қажет.
        Осы және басқа да міндеттердің бәрі Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясын әзірлеу мен іске асыру барысында ескерілуге тиіс. Бұл мәселелерді шешуде біз мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті қамтамасыз ету тетіктеріне баса назар аударуға тиіспіз.

Халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс.
        Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің халықаралық стандарттарын енгізу

Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу, әлеуметтік жағынан қорғаусыз азаматтарға нақты қолдау жасау арқылы үлгі көрсетуде. Мұндай тәжірибе дамыған елдердегі сияқты бизнес-орта үшін қалыпты жағдайға айналуы керек.
Мәселен, экономика үшін білікті кадрлар даярлау саласында бизнес пен білім беру жүйесінің бірлескен қызметі компаниялар үшін де, тұтастай алғанда бүкіл еліміздің мүддесі үшін де пайдалы болмақ.
Әлбетте, бұл жерде байыпты түсінік жұмыстарының жүргізілуі және бизнес бастамаларына қолдау көрсету бағдарламасы қажет етіледі.
       Бізге бизнестің әлеуметтік есептілігінің жалпыға ортақ ережесін әзірлеп, жалпыұлттық міндеттерді шешуде осы саладағы халықаралық озық тәжірибелерге сүйене отырып, оның әлеуметтік жауапкершілігін арттыратын уақыт келді деп ойлаймын. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің стандарттары БҰҰ-ның Жаһандық шартында айқындалған.

     Мен бүгін сіздердің назарларыңызға өзіміз алдағы уақытта шешетін міндеттерді белгілеп, Қазақстанның бәсекеге қабілетті әрі дамыған мемлекеттер қоғамдастығынан орын алуына мүмкіндік беретін Стратегияны ұсындым. Астана, 2006 жыл 1 наурыз.

Отандық тауарлардың бәсекеқабілеттілігін арттыру, өндіріске халықаралық стандарттартты енгізумен байланысты. Бұл аксиома ҚР-ның ДСҰ-ға кіргеннен соң әлемдік нарыққа шығуына жол ашады.

Қазіргі таңда Қазақстанда, өкінішке орай, отандық кәсіпорындардың көпшілігі өндірістік техникалар мен технологиялық артта қалуымен байланысты бәсекегеқабілетсіз болып табылады. Осы мәселені шешу үшін Республиканың индустриалды-инновациялық даму стратегиясы кәсіпорындарға жаңа технологияларды қолдануға және ғылым саласын көп талап ететін өндірістік салаларға орта және ұзақ мерзімді, төмен пайыздық несиелерді беретін мемлекеттік даму институтын құру қажет. Отандық кәсіпорындардың сыртқы нарыққа шығуы үшін әлемдік стандарттарға, оның ішінде ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарын енгізу қажет. Бұл стандарттар қазіргі таңда әлемдегі ең танымал және ең көп таралған халықаралық стандарттардың бірі болып табылады. Бұл стандарттар әмбебап болып табылады, яғни кез-келген өндірістік және өндірістік емес салаларда қолдануға болады.

ИСО 9000 стандарттары негізінде құрылған сапа жүйесінің негізгі мақсаты - өнімнің сапасын қамтамасыз ету, тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру, сапаны қамтамасыз етуде кәсіпорынның мүмкіншілігін анықтайды. Жыл сайын бүкіл әлемде 2 500 кәсіпорын сапа жүйесін сертификаттайды.

Сапаны басқару жүйесі – қатаң және қызметтің регламенттелген тәртібімен, айқын міндеттемелерді нақты бөлістіріп, ол міндеттемелер атқарылған жағдайдағы жауапкершілік кешендерін анықтайды. Тек осы процесстер сақталған жағдайда ғана сапа менеджменті күтілген нәтижені береді. Осымен Қазақстандағы сапа менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындарға талдау жасағанда, бұл кәсіпорындардың табысы 10%-дан 20%-ға дейін артқан.

Тауар маркасы мен сапа жүйесі бір-бірімен тығыз байланыста болады және бұл байланыс тауар өндіруден, оны таратуға дейінгі аралықтағы ИСО 9000 стандарртар талаптарын сақтай отырып өнім сапасын үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Тауар белгісін әлемге әйгілі ету үшін бірінші кезекте сапаны басқару  сертификатының болуы, бұл сертификат сыртқы нарықта отандық өндірушілердің біліктілігін, профессионалдылығын сипаттайды.

Біздің еліміз экономикалық позициямызды жақсартуда және әлемдік нарыққа интеграциялануға потенциалды болып табылады. Бұған себеп ҚР-ның ДСҰ кіру бағдарламасы, Әлемдегі бәсекегеқабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, 2010 жылға дейін отандық кәсіпорындарындарында ИСО 9000 халықаралық стандарттарын енгізу бағдарламасы және т.б.

Бірақ осы артықшылықтарды жүзеге асыру үшін сапа мәселесін шешуді және оны арттыруды кешенді түрде қарау керек. Ол үшін бәсекеқабілеттілігі мықты дамыған елдердің сапа менеджменті жүйесінен Қазақстанға үлгі алу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Өнімнің бәсекегеқабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы

Өнім мен қызметтерді сертификаттаудың негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.

Республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелінетін азық-түлік пен тағамдық өнімдердің, шикізаттардың адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірілетін сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға және ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етілуі қажет.

ҚР – ның мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі:

      өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;

      өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;

      сынақтың кәсіби түрде өтуі;

      шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;

      өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;

      сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сертификат уақытының біткендігі, жойылғандығы  жөніндегі ақпарат;

      сертификаттау объектілерінің ерекшелігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі;

      сертификаттау жұмысында ИСО/ХЭК аймақтық ұйымдардың, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;

      ҚР қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдік сертификаттау органдарының аккредитацияланған сынақ зертханаларының сертификатталатын және сәйкестік белгісін ҚР-да тану.

ҚР – ның мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70%-ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп есептелетін өнімнің үлесі 85%-ды құрайды. Сондықтан өнімді сертификаттау қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің біріне айналды.{6}

ИСО Халықаралық Ұйымының сертификаттау саласындағы негізгі қызметі – ұйымдастырушылық-әдістемелігімен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда бұл аумақта сапа және сертификаттау комитеті (ССК) жұмыс жасайды. Бұл ұйым халықаралық электр комитеті (ХЭК), халықаралық сауда орталығы (ХСО), БҰҰ, сауда және өркендеу конфедерациясы ұйымдарымен бірігіп жасаған «Сертификаттау принципі мен тәжірибесі» жасаған зерттеулері нәтижесінде құрылды.

ССК ұйымына 50 ел қатысады. Олардың қызметіне:

      әртүрлі елдерде өнімді бағалау және сапаны қамтамасыз ету жүйесінің тәсілдерін зерттеу;

      өнімдерді, процестерді, қызметтерді сонымен қатар сынақ лабораторияларының сертификаттау органдарының сапа жүйесін қамтамасыз етудегі сынақ басшылығын, инспекциялық бақылауды сертификаттауды дайындау;

      ұлтық регионалды сапа жүйесін қамтамасыз етіп және халықаралық сынақ стандарттарын сынауды, бақылауды, сертификаттауды өзара тануда көмек жасау.

ИСО сертификаттау саласында ХЭК-пен бірге жұмыс жасауда негіз болатын ИСО/ХЭК  28 нұсқауы «Үшінші жақпен өнімді сертификаттаудың жалпы типтік ережесі» ұлттық сертификаттау жүйесінің негізі ретінде пайдаланылады.

ҚР – да өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік Комитет жұмыс істейді. Бұл орган мемлекеттік стандарттарға сәйкес талаптардың дұрыстығына бақылау жасайды. Бұл органнан басқа өнімнің сапасын бақылауда сапаны мемлекеттік реттеу және  бақылаудағы экология жөніндегі инспекция, халықаралық санитарлық – эпидемиологиялық шарттарды орындауы, өнеркәсіп комитеті және т.б. Бұл жоғарыда аталған органдарды сапаны реттеудегі мемлекеттік институттарға жатқызуға болады. Олар өз қызметтерін сапаны реттеу жөніндегі  заңдық актілері негізінде жүргізеді. Оларға: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау», «Стандарттау», «Сертификаттау» «Бірлік өлшемді қамтамасыз ету» заңдары жатады.

Сертификаттау – бұл өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің нормативтік құжатта белгіленген белгілі бір талаптарға, стандарттарға сай екендігін білдіретін жазбаша құжат болып табылады.

Стандарттау басқарудың нормативтік әдістерімен сипатталады. Ол объектілерге белгілі бір нормалар мен ережелер арқылы әсер етеді және нормативтік құжат түрінде жазылып, заңдық күшке ие құжат болып табылады.

Стандарт – бұл өнім сапасына негізгі талаптарды бекітетін нормативтік-техникалық құжат болып табылады.

Мемлекеттік стандартау – басқару деңгейінің барлық сатыларында таралып, қоғам мен өнім мен қызметті негізгі тұтынушылардың қызығушылықтарын қорғау ретінде қолданылады.

ИСО 9000 сериялы стандарттары - өнімнің жасалу процесіндегі өнім сапасына әсер ететін заңдық базаларын, тұтынушылардың рөлін, талаптарының сақталуына кепілдік береді.

Өнімдер, қызметтер мен процестерді ҚР – ның заңнамасына сәйкес стандарттаудың мақсаты төмендегідей:

      өнімдер мен қызметтерге нормалар белгілеу;

      қоршаған ортаны қорғау, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      өнімнің бәсекегеқабілеттілігін сыртқы және ішкі нарықта қамтамасыз ету;

      бірлік өлшемді қамтамасыз ету;

      барлық ресурстарды сақтау және тиімді пайдалану;

      Еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету;

      сапа төңірегінде тұтынушылар қызығушылықтарын қорғау.

Сапаны қамтамасыз етуде жоғарыда аталған заңнамалардан басқа, Үкіметтің «Сапасыз тауарлардың ҚР территориясына кіруіне кедергі жасау» 29 сәуір 1999ж. жеке қаулысы да қызмет етеді.

Бұл Үкімет қаулысы ҚР – на келетін сапасыз импорт тауарларының жойылуына, тұтынушыларды сапасыз тауарлардан сақтауға қол жеткізеді. ҚР территориясына импорт тауарлары келесідей жағдайда кіргізілмейді:

      егер өнім сертификатталатын өнімге жататын болса және ол өнім сертификатталмаған жағдайда;

      өнім қорабында мемлекеттік және орыс тілінде ақпарат берілмесе (тауар түрі, өндірілетін ел және өндіруші, өндірілген уақыты және жарамдылық мерзімі, сақтау белгілері және қолдану үлгісі, құрамы).{7}

ИСО стандарттарын енгізу мәселесі Астана қаласында өткен «TQM-2004» Халықаралық конференциясында талқыланды. Онда ҚР – ның «Стандарттау, метрология және сертификаттау» индустрия министрлігі Комитетінің төрағасы Әбілғазы Құсайнов сөз сөйледі: - ҚР – да әрекет ететін кәсіпорындарға  ИСО стандарттарын енгізуге, салық кодексіндегі өзгерістер ықпал етеді. Мұнда сапа менеджментін, экология стандарттарын  енгізген  кәсіпорындар үшін корпоративтік табыс салығын төмендету қарастырылуда. {8}

2010 жылға дейін Үкімет ИСО 9000 сериялы стандарттарын ҚР-да әрекет ететін барлық кәсіпорындарға енгізуге қол жеткізуге тиіс. Ол үшін мемлекеттік тендерлер, мемлекеттік сатып алулар жариялағанда осы стандарттар ескерілуі тиіс. Бұл процесс кәсіпкерлердің бұл стандартарды енгізуге қызығушылықтарын ынталандырады.

Осы стандарттардың енгізілмегендігінен сыртқы нарықта біздің тауарларымыз өте төмен бағамен сатылуда. Егерде отандық кәсіпорындар, әсіресе мұнай және газ секторындағы кәсіпорындар сапа менеджментін енгізсе біздің тауарларымыз жоғарғы сұранысқа ие болар еді.

Қазіргі таңда ҚР стандарттау және сертификаттау жүйесін жетілдірудің негізгі бағыты болып, сертификаттау мен аккредитациялаудың нормативтік базасын ИСО, Халықаралық электротехникалық комиссия, Европалық стандарттарға EN 45000 талаптарына сәйкес өзгерту. ҚР-да осы аккредитациялау жүйесін жетілдіру мақсатында халықаралық стандарттар мемлекеттік стандарттар ретінде қабылданды: ҚР СТ ИСО 17025-2001 «сынақтау және зертханалық зерттеулерге қойылатын жалпы талаптар», ҚР СТ ИСО/ХЭК 65-2001 «өнімді сертификаттау органдарына қойылатын жалпы талаптар».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Кәсіпорында өнім сапасын жетілдірудің негізгі бағыттары

Жапония, АҚШ елдері өндірушілер арасындағы бәсекені ынталандыру арқылы, бұл кәсіпорындардағы  жұмыс орындарына жоғары білікті, тәжірибелі мамандардың жұмыс істеуіне қол жеткізді. Бұл мамандар кәсіпорындағы сапа мәселесін шешуде жаңа методтарды қолдану арқылы кәсіпорынның әлемдік нарықта бәсекегеқабілеттілігін артырды.

Информация о работе ҚР-да сапа менеджментінің даму перспективасы