Менеджменттегі коммуникация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 20:19, реферат

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Елдің егемендігін, мемлекеттің тәуелсіздігін баянды етудің аса маңызды факторларының бірі – ұлттың тұтастығы мен бірлігі. Ал ұлттың ыдырамас тұтастығы, мызғымас бірлігі, түптеп келгенде, ұлт тілінің тұтастығы оның әдебилігімен тығыз байланысты. Өйткені ұлтты ұйыстыратын, оны өзге этностардан өзгешелігі мен айырмасын айқын аңғартатын негізгі белгісі де, бет-бедері де оның тілі, әсіресе ұлттық әдеби тілі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

солйеу.doc

— 387.50 Кб (Скачать документ)

5) кітаби мәндегі сөздерді, кәсіби сөздер мен салалық терминдерді талғап, таңдайды: зауыттың қызығын көру бақыты бұйырмады.

Міне, бұл талдаудан  біз БАҚ-тың коммуникативтік стратегиясында, әсіресе оппозициялық басылымдар мен  теле═,радио арналарда, адресатты басты тұлға етіп алғанын байқаймыз. Ал бұрынғы кеңестік дәуірдегі БАҚ-тың стратегиясында коммуникативтік актінің басты тұлғасы адресанттың өзі болатын: сөйлеуші не айтса да // жазса да адресат (тыңдаушы//оқырман) салғырт болатын. Әсіресе партия, комсомол ұйымдарына қарасты басылымдарда автор басты тұлға болып, адресаттың өзіндік ой-пікірі, пайымдауы ескерілмейтін. Осының салдарынан автор мен адресат арасында шынайы диалог болмайтын. Жоғарыда келтірілген тілдік бірліктердің құрамында сөйлеу тіліне тән қарапайым сөздердің (бәлду-бәлду, өтірікті соқтай дейсің, пысқырмайтын болды т.б.) прагмалингвистикалық тұрғыдан мәнді болғанмен, олардың талғамсыз жұмсалуы, сөз мәдениеті тұрғысынан орынсыз. Мәтін мазмұнын төмендетіп, тұрмыстық деңгейдегі, бейресми жағдайда сөзге ұқсатып жібереді. Бұндай элементтердің күнделікті тұрмыста, бейресми ортада қолдануы орынды саналады.

Автор өзінің мақсат міндетіне  жету үшін индивидуумның ақиқат дүниедегі  зат, уақиға, нәрселер жөніндегі біліміне байланысты рецепторлардың біріне қозғау салуы керек, ал ондай рецептор тілдік тұлғаның тезаурусы болып табылады.

Сөз актісінің вербалданған кезеңінде реципиент адресат  тарапынан тілдік құрылым арқылы кодқа салынған а) фактуальды, интеллектуальды, ә) эмоциональды, б) мәдени-әлеуметтік ақпараттарды қабылдайды, яғни кодты жоғарыда айтқан коммуникатор мен реципиентке ортақ білім өрісі негізінде ашады. Реципиент кодқа салынған ақпараттар жүйесін қабылдап, тіркеп қоятын салғырт субъект емес. Мәтіндегі ақпараттарды қабылдай отырып, оны зерделейді, ішкі белсенділігін күшейтеді. Сөйтіп, тілдік қарым-қатынасқа (коммуникацияға) белсенді қатысушы субъекті ретінде көрінеді. Реципиенттің санасында тіпті сөз субьектісінің моделі пайда болады: сөз субъектісінің білім өрісі (екі жаққа ортақ білім өрісінен басқа), әлеуметтік-мәдени бейнесі (әлеуметтік жасқа, топқа жататыны), психологиялық ерекшелігі т.б. Бұл айтылған сөз актісінің теориялық моделінің сөз мәдениетіне тікелей қатысты бірнеше жағы бар, соған сәйкес бірнеше қауіпті аймақ бар:

1. Сөз мәдениетіндегі қауіпті аймақтардың бірі коммуникатордың когнитивтік санасында реципиенттің әлеуметтік-мәдени бейнесінің дұрыс модельденбеуі. Егер коммуникатордың когнитивтік санасында реципиенттің әлеуметтік бейнесі айқын болмаса, тілдік қарым-қатынастың этикалық нормаларымен байланысты жағында ақаулар болуы ықтимал, яғни коммуникатор тілдік қарым-қатынаста қолданылатын этикеттік формулаларды реципиенттің әлеуметтік моделіне сай қолдана алмаса, этикеттік нормалардан уәжсіз ауытқуларға әкеп саяды.

2. Коммуникатор мен коммуниканттың ортақ білім өрісі болатыны белгілі, осымен байланысты коммуникатор коммуниканттың білім өрісін дұрыс бағдарлай білуге, яғни білім өрісінің моделін дұрыс жасай білуге тиіс. Өйткені коммуникатордың тілдік құрылымға салған ақпараттар жүйесі коммуниканттың білім өрісіне сай келмесе, онда коммуниканттың тиісті ақпараттарды қабылдап, қорыту мүмкіндігі шектеледі де сөздің ықпал ету әлеуеті төмендейді.

3. Коммуникатордың ой-пікірі, сезімі тілдік құрылым арқылы дәл берілуге, яғни ондаған мүмкіндіктің ішінен ең тиімдісін талғай білуге тиіс. Коммуникатордың тамаша ой-пікірінің тілдік жарақталуы ойдағыдай болмаса, сөздің ықпал ету әлеуеті де төмен болады.

 “Ғылыми дискурс  және сөз мәдениеті” тараушасында ғылыми қарым-қатынас тілінің формалды-тілдік ерекшеліктері мен нормалары көрсетілді.

Көптеген сөз күнделікті тұрмыста кәдімгі лексикалық мағынасында  жұмсалса, ғылыми қарым-қатынаста (ғылыми дискурста) арнайы ұғымды білдіру қызметіне  төселіп, яғни терминдік мәртебеге  ие болады. Қазіргі қазақ әдеби  тілінің жаратылыстану, табиғат ғылымы мен қоғамдық ғылым салаларында мамандандырылған лексемалардың саны жүздеп, мыңдап саналады.

Жаңа пайда болған білімді атау үшін тұрмыста танылған ұғымды білдіретін сөз ғылыми дискурста  ғылымда танылған ұғымды білдіретін арнайы қызмет атқарады. Сөйтіп, қазақ тілінің негізінде ғылым тілі қалыптасып, жұмыс істей бастады, ал тілдік бірліктердің (лексика, фразеология, сөзжасамдық бірліктердің) ғылыми дискурста мамандануы ғылыми стильдің пайда болуында негізгі факторлардың бірі болды.

Ғылым тілі ағылшын, неміс, орыс тіл білімінде “арнайы мақсаттағы тіл” деп те аталады. Белгілі бір ғылыми дискурста терминдер қандай да бір ғылыми ұғымды ғана білдіріп қоймай, сонымен бірге маманданғандықты білдіретін ақпаратқа ие тілдік бірлік болып табылады, сөйтіп белгілі бір мәтінді біртұтас ғылыми тіл ететіндей тоғыстырушылдық (интеграциялауыштық) қызмет атқарады.

Ұлттық тілдің функционалдық  саласы болып табылатын ғылым  тілінің негізгі арқауы – термин. Басқаша айтқанда термин ғылымдағы  “орталық” ұғым, түпқазық ұғым. Қазіргі кезде мамандық тілінің тілдік, тілдік емес ерекшеліктері барған сайын күшейе түсуде. Мысалы, салалық ғылымдар тілінде формула, сызба, символ, схема, сурет т.б. бейвербалды таңбалардың қатары көбейе түсті. Тіпті ғылымның белгілі бір саласының өзінде әлденеше тармақтар пайда болып, олар өздерінің терминдік, терминдік элементтер жүйесі арқылы бір-бірінен алшақтай түсті. Бұл бағытты кәсібицентристік бағыт деп атауға болады.

Арнаулы кәсіби тіл – көпфункционалды сипаттағы тіл. Ал арнаулы тіл кемел әдеби тілдің функционалдық бір түрі. Оның а) ақиқатты бейнелеу; ә) білімді сақтау (эпистемалық); б) жаңа білім алу (когнитивтік); в) арнаулы ақпарат беру (коммуникативтік) қызметі бар.

Арнаулы кәсіби тілдің лексика-семантикалық ядросы терминдер болып табылады, ал оған жақын қабатта дайын құрылымдар (стандарттар); шеткері қабатта индивидуалды-авторлық ерекшеліктерді байқататын тілдік бірліктер болады. Индивидуалды-авторлық ерекшеліктер арқылы маман кәсіпке байланысты категория, ұғым, арнаулы реалийлерді сөз қолданыста дәл айқын етіп бере алмайды.

Кәсіби тілде стильдік нышаны бар сөздер (эмоционалды, экспресоид сөздер) мүлде кездеспейді деуге  болмайды. Эмоционалды бағалауыш  сөздердің қолданылу мүмкіндігі шектеулі. Олар деңгейі жоғары, көлемі тым үлкен, сирек кездесетін, ұшырасатын жайтты, аса ірі, тым ұсақ, қызғылықты көрініс т.б. Сондай-ақ айқын, анық, бұлдыр, құнды, құнсыз, тұрақты, тұрақсыз, мүмкін, мүмкін емес, жеткілікті, жеткіліксіз т.б. тәрізді субъективті бағалауыштар. Бұлар арнаулы емес, жалпылама лексикаға жатады. Қызметі жағынан полифункционалды элементтер деп аталады. Бұлардың қайсыбірі белгілі бір кәсіптік салада терминдік мағынада да қолданылуы мүмкін.

Ғылыми дискурс негізінен  қарым-қатынастың жазба түрінде  жүзеге асады, ал ғылым-білім саласындағы жаңалықтар негізінен алдымен, ғылыми мақалаларда жарияланады. Қазіргі кезде ғылыми дискурстың ауызша түрі жиналыстардың ғылыми конференция, семинар, дөңгелек үстел, симпозиум тәрізді түрлерін өтуімен байланысты бұрынғыдан гөрі жанданып, ғылымдағы ауызша сөздің рөлі арта түсті. Ғылыми мәтіннің лексика-фразеологиялық жүйесі терминдер, ғылыми атаулардан, бейтарап лексикалық бірліктерден тұрады. Жалпылама тілдегі бейтарап, көпмағыналы лексикалық бірліктер дара мәнде қолданылады. Мұндай бірмәнділікке түптеп келгенде, есептейміз, есептеймін, болып табылады, бірінен саналады, санаймыз, нәтижеге қол жеткізуге болады т.б. тәрізді штамптардың қолданылуын жатқызуға болады. Бұларды реципиент бір нәрсенің “санын”, “есебін”, “болжамын”, “табылғанын” көрсету мағынасында емес, белгілі бір нәрсе жайында тұжырымға, қорытындыға келу деген мағынада түсінеді. Осымен байланысты рецепиент ғылым саласында болмаса да, мәтіннің ғылыми сөзге жататынын ажырата алады.

Ғылыми мәтінде сөз  желісі логикалық жүйеге бағынады, өзара бірімен бірі байланысты арнаулы ақпараттар баяндалады, сөз сипаттау түрінде болып, дәлдікке ерекше мән берілді. Мұның өзі ғылыми дискурстың мамандандырылған ақпарат беру//қабылдау жағынан өзге де коммуникацияның түрінен (көркем дискурс, публицистикалық дискурстан) ерекше екенін көрсетеді.

Бірінші жақтық тұлға  бейтараптанады, баяндауыш көбіне ырықсыз  етіс тұлғасында болады: жасалды, көрсетілді, анықталды, айқындалды т.б. Бұлай болу себебі, ғылыми мәтіндегі сөз нақты ситуациядағы сөзден, я болмаса жалпы тілдік мағынасынан дерексіздену арқылы өзгешеленуге тырысады. Құбылыстың, заңдылықтың объективтілігін көрсету, өзінің ой-пікірін субъективті етіп көрсете үшін автор ғылыми мәтінде өзін-өзі шеттету тәсілін жоғарыда айтылған тілдік-прагматикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырады. Сондай-ақ деп айтуға болады, деп бағаланады, осылай деуге негіз бар т.б. тәрізді тілдік құралдар автордың “тасада тұруының” өзін салғырт субъект ретінде көрсетуінің ғылыми дискурс прагматикасына тән тәсілдердің бірі.

 «Іскери дискурс және сөз мәдениеті” тараушасында іскери қарым-қатынас тілінің формалды-коммуникативтік ерекшеліктерін, тек мәтінішілік талдауға сүйеніп сөз ету жеткілікті нәтиже бермейтіні айтылады. Өйткені мәтін - тіл жүйесі, формалдық-тілдік білімдер жүйесі, ал іскери сөз мәдениетін қарастыруда тек формалды білімдер жүйесімен шектелу іскери қатынастың мәнділіктерін толық ашпайды, өйткені мәтін коммуникацияның бір ғана бөлігі. Ал іскери сөз мәдениетін дискурс тұрғысынан талдау тілдік емес жағдаяттарды да қамтиды. Ал тілдік емес факторлар мәтінтүзілімге типтік ситуацияға лайық болуын қамтамасыз ететін мәнділіктер болып табылады.

Олай болса, іскери дискурс  – мәтін және мәдени-әлеуметтік, психологиялық факторлардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді.

Кез келген тілдік коммуникацияда когнитивтік компонент болады. Ал когнитивтік компонент коммуникацияға қатысушылардың санасындағы тап сол коммуникация жүзеге асыруға қажетті білімдердің жиынтығы дегенді білдіреді. Коммуникациядағы когнитивтік компонентке коммуникацияға қатысушылардың нақты қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін қажетті әртүрлі білімдер жүйесін яғни коммуниканттар ресми сөзде отбасындағыдай сөйлеуге болмайтынын, әлеуметтік ситуацияны басқа екені жөнінде ресми қарым-қатынастың этикасы, этикеті болатынын жөнінде білім жүйесінің болуы, сонымен бірге адресанттың өз әріптесінің әлеуметтік сипаты (қай әлеуметтік жікке жататыны, жасы, интелектуалдық сипаты, темпераменті, жынысы т.б.) жөнінде білімінің болуы іскери дискурстың когнитивтік компонеттері болып табылады.

Ал ресми дискурста  морфологиялық құрылымы күрделі бірліктерден (құлақтандырылмағандықтарыңыздың салдарынан т.б.), күрделі синтаксистік құрылымдардан гөрі ықшам, күрделі емес тілдік бірліктердің болуына, ойша, тыңнан құрастырылатын конструктілерден, тілдік құрылымдардан гөрі стандарт, штамптардың дайын үлгілер болуына қарай сөз үрдісінің ойысуы – іскери дискурстың прагматикалық қырлары болып табылады.

Сөз актісінде стандарт, клишелер хабарлау, бұйыру, өтіну, уәж  айту тәрізді мағыналарды жүзеге асыруға қатысады. Стандарт, клишелер – ойланбастан ойға оралатын дайын күйдегі оралымдар, сондықтан іскери қарым-қатынасты жеңілдетеді. Суреткер қиыннан қиыстырып сөз “азабын” тартса, іскери қарым-қатынастағы сөздің авторы суреткер сияқты сөз азабын бастан кешірмейді, уақыт тапшылығы сөз субъектісінің дайын үлгілерді, дайын сөз орамдарын қолдануға мәжбүр етеді. Дайын үлгідегі сөз тіркесі, сөздің құрылыс материалы болып жұмсалады, бұл жағынан фразеологиялық тіркеске ұқсас, ал екінші жағынан еркін сөз тіркесіне ұқсас, өйткені олардың қайсыбір түрлерінде компоненттері мағыналарын сақтап, өзара синтаксистік байланыста болады. Мысалы: Біз төменде қол қоюшылар, … кезекті еңбек демалысы т.б. қызметке тағайындау, түсініктеме беру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау т.б. “Қол қою”, “демалыс сұрау”, қызметке тұру үшін, қызметтен шығу үшін “өтініш жазу”, “шағым түсіру”, “түсініктеме жазу” т.б. – ақиқат өмірде қайталанып отыратын перцептивті денотаттар адам санасында фреймдік форматқа түседі. Сөйтіп “қабылдау”, “өтініш”, “арыз”, “сенімхат” т.б. вербалданады. Сөздердің дайын үлгілерінің болуы, белгілі бір әлеуметтік ситуацияда қолданылатын сөздердің дайын тұруы, іскери дискурс стилінің қалыптасқандығын байқатады. Ал номенклатуралық атаулардың (мекеме, ұйым, қызмет атаулары т.б.) жиі, тұрақты жұмсалуы іскери дискурстың өзіне тән тілдік нышаны болып табылады. Стандарт, клише, штамп, номенклатуралық атаулар сондықтан да стильтүзуші категориялық бірліктер болып есептеледі.Мұндай формальды-тілдік бірліктермен қоса іскери дискурста прагматикалық мақсатта жұмсалатын тілдік тәсілдері болады.

Ісқағаз стилінде объекті жұмыс істеді деудің орнына объекті іске қосылды, жәрдемдесті-нің орнын жәрдем көрсетеді, газ құбырларын ауыстырды деудің орнына ауыстырылды деп пассив субъекті формасына беріледі. Бұлайша белсенді субъектілер орнына салғырт субъектіні қолдану құқықтық ақпараттың ресмилік мәнін баса көрсетудің прагматикалық құралы.

Бір сөйлемге мүмкіндігінше  молырақ ақпарат сыйғызуға тырысушылық  ісқағаз тілінің нормасына тән  сипат, сондықтан сөйлем әдеттегіден  аса күрделі болуы мүмкін. Мысалы: Қаладағы ұзындығы 50 км ескірген суқұбырды ауыстыру жұмыстарына кеткен шығынға байланысты су бағасының тарифін 20%-ға көтеруге мәжбүр болып отырмыз. Функционалдық стильдердің басқа түрлерінде мұндай күрделі құрылымдағы тиісті ақпаратты күрделі емес бірнеше сөйлеммен беруге болады: Қалада суқұбыры ескіріп кетті. Оның 50 км жуығын ауыстыру керек. Бұл жұмысқа едәуір қаржы қажет. Оны қайдан аламыз? Сондықтан суық судың бағасын 20 пайызға амалсыз көтеріп отырмыз. Күрделі құрылымдарды синтаксистік жаймалау тәсілі БАҚ тілінің, сөйлеу тілінің синтаксистік нормасына жат емес. Ал ісқағаз стилінің синтаксистік нормасы тиісті ақпаратты барынша күрделі бір құрылымға жинақтауға тырысады. Нормамен байланысты бұл ерекшелікті синтаксистік жинақтау тәсілі деп аталады. Мұндай қолданыстар ісқағаз дискурсының прагматикасына жатады. Синтаксистік жаймалау тәсілі мен синтаксистік жинақтау тәсілі бір-біріне қарама-қарсы қойылатын стильдік айырым белгілер.

Информация о работе Менеджменттегі коммуникация