Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2014 в 14:06, реферат
Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып шығады екен. Алайда сөзбе сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді.
«Менеджмент» (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «монус», яғни «қол», «күш» деген сөзінен шыққан. Бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:
1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
2. билік және басқару өнері;
3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
4. басқару органы, бөлігі.