Менеджмент стратегиясы және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2014 в 09:48, реферат

Краткое описание

Әр түрлі деңгейдегі экономикалық жүйелерді (елдер-аймақтар-компаниялар) басқарудың қазіргі тұжырымдамасы – бұл стратегиялық басқару тұжырымдамасы. Ол сыртқы ортаның қауіптеріне жауап ретінде туындаған, олар: тұрақсыздықтың жоғарылауы, глобалданудың тереңдеуі, бәсекелестік күрестің күрт өзгеруі мен шиеленісуі. Өндірістің өзгерісі әсерінен болған басқару жүйесінің эволюциясы нәтижесінде, XX ғ. 60-70 жылдары стратегиялық менеджмент пайда болды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Фирманың экономикалық стратегиясы және оның түрлері.doc

— 134.00 Кб (Скачать документ)

Менеджмент стратегиясы және оның түрлері.

Әр түрлі деңгейдегі экономикалық жүйелерді (елдер-аймақтар-компаниялар) басқарудың қазіргі тұжырымдамасы – бұл стратегиялық басқару тұжырымдамасы. Ол сыртқы ортаның қауіптеріне жауап ретінде туындаған, олар: тұрақсыздықтың жоғарылауы, глобалданудың тереңдеуі, бәсекелестік күрестің күрт өзгеруі мен шиеленісуі. Өндірістің өзгерісі әсерінен болған басқару жүйесінің эволюциясы нәтижесінде, XX ғ. 60-70 жылдары стратегиялық менеджмент пайда болды. Алғашында оның әдістері, негізінен, сыртқы ортадағы тұрақсыздық жағдайларында қызметін жүргізген және стратегиялық басқару жүйелерін зерттеуге  және өңдеуге құралдары бар ірі корпорацияларда қолданылған. Ары қарай стратегиялық басқару идеялары мен әдістері әртүрлі көлемдегі және бизнес сферасындағы компанияларда қолданылды, сонымен қатар, нарықтық жағдайда бәсекелестік артықшылықпен қамтамасыз ету үшін коммерциялық емес ұйымдар мен мемлекетік басқару органдарында қолданыла бастады.

Стратегиялық басқару теориясы басқаруға жалпы әдістемелік, яғни жүйелік, ұйымдық, үрдістік және т.б. тәсілдерге негізделеді.

Жүйелік тәсіл кез-келген экономикалық обьектіні жүйе ретінде қарастыруды ұсынады, яғни кіруі (ресурстар), шығуы (нәтиже, мақсат), сыртқы ортамен байланысы мен тікелей және кері байланысы бар өзара байланысты элементтердің жиынтығы. Жүйелік тәсілде негізгі болып экономикалық объектіні сыртқы орта бөлігі ретінде қарастыруы табылады. Стратегиялық басқару кезінде ұйым іс-әрекетінің кеңістігі ұлғая түседі және өзіне сыртқы және ішкі элементтерді қосып алады. Стратегиялық басқару макро, мезо және микродеңгейдегі экономикалық жүйелерде қалыптасады.

Ұйымдық тәсілде адамдық, әлеуметтік факторлар және олардың іс-әрекетінің тік және көлденең стратегиялық бағытталуының міндеттілігі басты рөлге қойылады. Экономикалық ұйым - бұл жасанды жүйе. Оның жиегінде адамдар жеке және ұжымдық экономикалық мақсаттарды нақтылап бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Ұйым жүйе сияқты деңгейлерге саралануы мүмкін. Өте жоғары деңгейдегі ұйым болып елдің бүтіндей экономикасы табылады.

Стратегиялық басқаруды үрдіс ретінде дәйекті түрде бірнеше кезеңмен көрсетсе болады. Стратегиялық басқарудың классикалық тәсілдерінің бірі осы үрдістің келесі кезеңдерін көрсетеді:

  1. Жоғарғы деңгейлі жүйедегі ұйым миссиясын анықтау;
  2. Ұйымның сыртқы және ішкі ортасын стратегиялық талдау;
  3. Даму параметрлерін болжамдау;
  4. Мақсаттарды әзірлеу;
  5. Стратегияны әзірлеу және таңдау;
  6. Стратегияны жүзеге асыру;
  7. Бақылау, түзету және реттеу.

Үрдістік тәсілде қайталанатын процедуралар, кезеңдер, яғни стратегиялық басқару функциялары бөлініп көрсетіледі. Жоғарыда қаралған стратегиялық басқару сатылары стратегиялық басқару функцияларын білдіреді, ол: стратегиялық талдау, стратегиялық болжау, стратегиялық жоспарлау, стратегиялық ұйымдастыру және мотивация, стратегиялық бақылау және реттеу. Стратегиялық басқарудың әрбір кезеңі, қызметі белгілі нәтижемен аяқталады:

  • ортаның стратегиялық талдауы – ұйымның қазіргі жағдайын және оның бәсекеге қабілеттілігін бағалауымен;
  • болжамдау – оның болашақтағы жағдайын болжаумен;
  • миссия, мақсат және стратегияны таңдау – жоспарланған және бейімділік стратегиясымен, стратегиялық жоспармен,  бағдарламамен;
  • бағдарламаны әзірлеу, қызмет ету  механизмдері, мотивациялар, қаржыландыру, ұйымдастырушылық және инвестициялық жобалау, бақылауға, реттеуге байланысты стратегияны жүзеге асыру, бақылау және түзету.

Стратегиялық басқаруда үш негізгі кезеңді бөлуге болады:

  • дайындық кезеңі – стратегияны әзерлеу үшін ақпаратпен қамтамасыз етудің негізі болып келеді;
  • негізгі кезең – стратегияны өңдеу сатысы;

- соңғы кезең – стратегияны жүзеге асыру, түзету және кері байланыс сатысы.

Стратегия – бұл көпжақтылы түсінік. Г. Минзберг, Б. Альтсренд, Д.Лэмпел оны бес бағытта анықтайды:

  1. стратегия – бұл жоспар, бағдар немесе қазіргі жағдайдан болашаққа бағытталуының дамуы.
  2. стратегия – бұл мінез-құлық қағидасы немесе мінез-құлық моделі.
  3. стратегия – бұл позиция.
  4. стратегия – бұл перспектива.
  5. стратегия – бұл бәсекелесті алдау мақсатындағы тәсіл мен айла.

Қазіргі жағдайда, сондай-ақ стратегиялық басқаруда стратегия екі бөліктен тұрады: 1) сыртқы ортаға бейімділік бойынша жоспарланған, алдын-ала қарастырылған тәсілдер мен іс-әрекеттер; 2) сыртқы ортадағы кездейсоқ жағдайларға байланысты тез арада шара қолдану, басқаша айтқанда, стратегия – бұл бекітілген миссия шегінде ұйымның позициясын ұзақ мерзімге нығайтуға бағытталған бекітулер мен шаралар жүйесі. Осыдан шығатын қорытынды, стратегия – бұл жоспарланып қойылған стратегияға қарағанда, стратегиялық жоспарда көрсетілген  жалпыланған іс-әрекет жүйесі.

Ішкі иерархиялық (құрылымдық) жүйесіне байланысты, стратегия ұйым үшін жалпы (жалпы, базалық, корпоративті жалпыфирмалық стратегия) және жеке (нақты бизнес түрі үшін – іскерлік, бәсекелестік, бизнес-стратегия; басқару қызметі үшін – функционалды; құрылымдық бөлімше үшін – операционды) болуы мүмкін.

Экономикалық басқару стратегиясы немесе экономикалық стратегия, бұл:

а) стратегиялық мақсаттарға жетуде экономика жағынан тиімділікті қамтамасыз ететін ережелер мен тәртіптерді әзірлейді;

б) стратегиялық мақсатқа жетуде ережелер мен тәртіптерді әзірлей отырып, осы мақсатқа тиімді жетуде стратегиялық бағдарламаларды құрастыру мен жүзеге асыруда барлық мүдделі қатысушыларды ынталандыруға негізделген.

Басқаша айтсақ, экономикалық стратегия дегеніміз экономикалық әдістермен  және құралдармен мақсаттарға тиімді жетуді айтамыз.

Мақсатты таңдау бұл ұйымда бар белгілі бір ресурстар жиынтығын осы мақсатқа жетуде бағыттау. Бұл ресурстар әр уақытта шектеулі болғандықтан, осы ресурсты қолданумен ең жоғарғы өнімділікті қамтамсыз ететінін, яғни ұйымның бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз ететінін кәсіпкер анықтау керек.

Стратегиялық мақсатты таңдау әр уақытта оның баламалы құндылығын анықтаумен байланысты, яғни осы мақсатқа жету үшін немен құрбандыққа баруды білдіреді.

Бұл дегеніміз, экономикалық стратегия сол немесе басқа мақсатты жүзеге асыруда қандайда бір ресурстың бағыты стратегиялық мақсаттың біреуіне де теріс әсерін тигізбейтіндей мақсатты таңдаудағы ережелер мен тәсілдерді және оған жету құралдарын әзірлеу керек. Яғни экономикалық стратегия – бұл ұйымды (сала, жалпы ұлттық экономика) Паретто-тиімділік критериясына сәйкес ұстап тұру.

Бірақ осымен қатар ескеретін жағдай, ұзақ мерзімді перспективада ұйымның өміріне әсер ету ауқымы жағынан қарағанда мақсаттар, оған жетуге бағытталған ресурстар, біртектес болуы керек. Бұл туралы Э. Дж. Долан мен Д.Е. Линдсей былай дейді: «Инвестиция дегеніміз болашақтағы тұтыннудың пайдасына ағымдық тұтынудан бас тартуын айтады. Яғни көбірек фабрика, жол, компьютерлер жасау үшін біз нан, кинофильм, қызмет және біздің тез арададағы қажеттілікті қанағаттандырудағы басқа да заттардан ресурстар алуымыз керек. Осыған қарамастан біз ертеңгі қажеттілікті қанағаттандыруда ең жақсы орында боламыз...»

Сонымен, экономикалық стратегия біртектес стратегиялық мақсаттарға экономика жағынан тиімді жетуде, ұйымның бәсекелестік мәртебесіне әсер ету ауқымы бойынша, ережелер мен тәсілдерді әзірлеуді айтамыз. Мұндай локалды стратегиялық мақсаттың уақыт пен ресурс бойынша өзара байланысы экономикалық стратегияның глобалды стратегиясына жетуге көмектеседі, яғни бәсекелестік артықшылығын құру және қолдап тұру.

Бұл қызмет бағыттарын тиімді жүзеге асыруда ережелер мен тәртіптерді әзірлеуде ұйымның экономикалық стратегиясы – оның миссиясын анықтаудан бастап, оның өндірістік профилін құрастыру және қызмет етудің барлық кезеңінде бәсекелестік артықшылықты қолдап тұруға, оның банкроттығын алдын-алуда, үнемі өзгеріп тұрған әлемде ұзақмерзімді өркендеуді қамтамасыз ету.

Ұйымның экономикалық стратегиясы келесі негізгі құраушыларға бөлінеді (сызба-нұсқа 2).Сызба-нұсқадан көріп отырғанымыздай, олардың барлығы ұйым қызметінің сыртқы және ішкі ортасына бағытталған. Бұл дегеніміз, ұйым басшылығымен стратегиялық шешімдерді жүзеге асырудың нәтижелері сол немесе басқа дәрежеге байланысты, бұл бір жағынан, шешімге қарай осы орталардың әсері, екінші жағынан, ішкі және сыртқы ортада жүретін үрдістерге стратегиялық шешімдердің өзінің әсері. Экономикалық стратегия құраушыларының барлығына ортақ болып келетін, ол – қажетті қоздырушы мотивтерді құрастыру табылады.

Баға белгілеу стратегиясы. Баға белгілеу стратегиясының негізі болып, келесілер:

  • баға саясатын таңдау ережесін әзірлеу;
  • нарық коньюктурасына байланысты ұйым іс-әректінің ережесін әзірлеу;
  • бағалық бәсекелестік тәсілдерін әзірлеу;
  • өндірістік факторлар, бағалы қағаздар және валюта нарықтарында қалыптасатын жағдайлар мониторингі тәсілдерін және осы жағдайларға байланысты баға құру принциптерін әзірлеу;
  • сұраныс пен ұсыныстың өзгеру үрдістерінің мониторингін әзірлеу;
  • сұраныстың бағалық икемділігін бағалау әдістерін әзірлеу;
  • баға құру үрдістеріне макроэкономикалық және микроэкономикалық факторлар әсері есебінің қағидаларын әзірлеу.

Өндірістік ресурстар нарығымен ұйымның өзара әрекеттестік стратегиясы. Бұл, ресурстарды тиімді бөлуде, өндірістік ресурс жабдықтаушылары арасында ең қажеттісін таңдауда принципиалды ережелер жиынтығымен ерекшеленеді.

Ақша және бағалы қағаздар нарығында ұйымның іс-әрекет стратегиясы.

Бұл инвестицияға, сондай-ақ ағымдағы қаржылық мәселелерді шешуге бағытталған қосымша қаржылық ресурстарды мобилизациялау ережелерін әзірлеумен ерекшеленеді.

Ұйымның тауарлық стратегиясы перспективті ҒЗТКЖ (НИОКР), кадрлік саясатты, инвестициялық саясатты жоспарлау үшін негіз болып келеді. Тауарлық стратегия негізінде экономикалық стратегияның басқада құраушылары шегінде қабылданатын шешімдер әзірленеді. Осылармен тауарлық стратегия диалективті өзара байланыста болып келеді.

Ұйымның тауарлық стратегиясы. Ұйым миссиясына жауап беретін потенциалды тауарлар мен қызметтер нарығын зерттеу мен құрастыруда ережелер мен тәсілдерді әзірлеу. Тауарлық стратегияның басты міндеті болып:

  • стратегиялық перспективада иемдене алатын ұйымның перспективті міндетімен (миссиясы) нарықтың потенциалды мүмкіндігі мен ұйым ресурстарына байланысты;
  • тауарлар (тенологиялар) сұранысының өмірлік циклын талдау;
  • ұйымның бәсекелестік артықшылығын қамтасыз ететін тауар ассортиментін құрастыру ережелерін әэірлеу және осының негізінде ұзақмерзімді перспективада экономикалық пайданы максимизациялау.

Трансакциялық шығындарды төмендету стратегиясы. Бұл, қызметкерлердің есесі қайтпайтын қымбат іс-сапарлардан, сенімді емес ақпаратты жинау мен өңдеуден алшақ болуға көмектесетін келісім шарттарды және басқа да әр түрлі заңнамалық келісімдерге (трансакциялар) отыру және дайындау үрдістерін жүргізу болып табылады.

Ұйымның сыртқы экономикалық қызметінің стратегиясы. Бұл сыртқы нарықта тауарлар мен қызметтердің экспортеры немесе импортеры ретінде ұйым іс-әрекетінің ережесі мен тәсілдерін әзірлеу болып табылады.

Өндірістік шығындарды төмендету стратегиясы. Оның негізі болып шығындарды төмендету  негізінде бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жерде стратегия өнімнің төменгі өзіндік құнына жету тәсілдерін әзірлеу және осының негізінде бәсекелестік күресте лидерлік позицияны жаулап алу болып табылады.

Ұйымның инвестициялық қызметінің стратегиясы. Бұл стратегия бәсекеге қабілеттілікті үнемі ұлғайтып тұруда ұйымның материалдық-техникалық базасын және тауарлы-материалдық қорларын сәйкес дәрежеде қолдап тұру әдістерін таңдау болып табылады. Бұл дегеніміз инвестициялық стратегияны жүргізген уақытта ең тиімді ұдайы өндіріс түрін таңдау болып табылады, ол: техникалық қайта қорлану, модернизация, реконструкция, қайта өндіру циклдарының қажетті кезеңділігі және бұл үрдістердің басқа да сипаттамасы.

Ұйым персоналын ынталандыру стратегиясы. Бұл ұйымның стратегиялық мақсаттарына жету үшін ұйым қызметкерлерін ынталандыру жүйесін әзірлеу болып табылады. Стратегиялық ынталандыру жүйесі «мотивациялық алаң» құруы керек, осының әсерінен тиімді, жоғарғы сапалы және уақытылы нарық талаптарын қанағаттандыратын ұйымның мүдделі персоналын қоздыру болып табылады.

Ұйымның дәрменсіздігін (банкроттылығын) алдын-алу стратегиясы. Мәні бойынша барлық экономикалық стратегия құраушыларының жалпыламасы болып келеді. Оның басты міндеті болып алдын-ала дағдарысты тенденцияларды табу және бұл жағдайларға қарсы тура алатын шараларды әзірлеу болып табылады.

Сонымен, экономикалық стратегия – бұл ұйымның жоғарғы деңгейдегі бәсекелестік артықшылығын құру және қолдап тұруда – жалпы глобалдық мақсатта біріккен жеке, өзара байланысқан құрама элементтердің жиынтығы. Басқаша айтсақ, экономикалық стретегия – бұл ұйымның бәсәкелестік артықшылығын қамтамасыз ететін жүйе.

Тауар стратегиясы және бәсекеге қабілеттілігін басқару.

Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің проблемасы қазіргі әлемде әмбебап сипат алуда. Бұл мәселенің қаншалықты дәрежеде сәтті шешілуіне елдің, тұтынушылардың, экономиканың және әлеуметтік өміріндегі көп нәрсеге тәуелді болып табылады.

Информация о работе Менеджмент стратегиясы және оның түрлері