Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 10:28, дипломная работа
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Адам факторы, адам дамуы – Қазақстан үшін стратегиялық мін¬дет. Адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктер¬ге жетуде негізгі рөл атқарады. Қоғамның барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының негізгі басымдығы болуы қажет.
Регрессиялық талдау атаулы әлеуметтік көмек пен тұтыну индексінің арасындағы байланыс төмендігін көрсетеді, сондықтан бюджеттен берілетін мұндай жәрдемақылар халықтың табысын жоғарылатуға, кедейлік шегінен шығуға, қоғамда қалыптасқан орташа өмір сүру деңгейіне жетуге септігін тигізбейді.
Бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін бекітуде арнаулы әдістеменің жоқтығынан бұл жәрдемақылардың кедейлікті қысқартудағы тиімділігі төмен.
Адами капиталдың өсуін қамтамасыз ететін бюджеттік шығындарға баса назар аудару қажет. Нәтижеге бағдарланған бюджетті қалыптастыру аясында осы функциялық топқа арналған шығындардың тиімділігін анықтайтын критерийлерді бөліп қарастыруға болады. Оларға жататындар: халықты әлеуметтік қорғауды жүзеге асыратын орталық және жергілікті органдардың трансакциялық шығындарының әлеуметтік жәрдемақыларға ара қатынасы, атаулы әлеуметтік көмектің өсу қарқыны мен кедейлердің үлес салмағының байланыстылығы, әлеуметтік жұмыс орындарының өсу қарқыны мен жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін салықтық реттеу, кедейлік пен жұмыссыздықты төмендетудің қаржылық-кредиттік механизмдері, корпоративтік деңгейдегі әлеуметтік қорғау жүйесі және әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациялар әлеуметтік проблемаларды шешуде маңызды рөл атқарады. Атаулы әлеуметтік көмек адамның өмірлік проблемаларын түбегейлі, яғни біржола шешуді көздемейді, ол кедейлікті төмендетудің қосымша шарасы болып табылады. [19, 44-49 б.]. Әлеуметтік қорғаудың негізгі саясаты адамдардың лайықты еңбек етулеріне жағдай туғызуға бағытталуы керек. Халықты әлеуметтік қорғау шараларын қаржыландыратын бюджеттік бағдарлама бойынша экономикалық тиімділікті егжей-тегжейлі анықтау үшін есепті кезеңде жұмсалған сомаларды әлеуметтік қорғауға арналған əрбір іс-шара бойынша бөлек көрсеткен жөн.
Кредиттік серіктестіктердің
даму нарықта, олардың жиынтық-кредиттік
портфелі мен клиенттерді қамту
деңгейі банктің осы
Микроқаржыландыруды дамытуды тежеп отырған негізгі фактор осы секторды мемлекет тарапынан кешенді қолдаудың, тұжырымдамалық көзқарастың болмауымен байланысты. Кредиттік серіктестіктер мен микрокредиттік ұйымдар ұтқыр және мамандандырылған қаржы институттары бола отырып, банктік қызметтерге бәсекелестілік тудыра алады.
Кредиттік серіктестіктер мен микрокредиттік ұйымдарды мемлекеттік қолдау құралын одан әрі жетілдіру, микроқаржылық ұйымдардың кәсіби қызметтер мен ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту, кредиттік серіктестіктер мен микрокредиттік ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізу өзекті проблемалар болып табылады. Микрокредиттік ұйымдар беретін кредиттердің көлемін 1000АЕК-тен 8000АЕК-ке жоғарылату ұсынылды. Бұл өз кезегінде микрокредиттік ұйымдардың инвестициялық тартымдылығын жоғарылатады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету аясында халыққа түсетін салық ауыртпалығын анықтаудың маңызы зор.
Салық салу әділеттігі
қоғамда қалыптасқан «
«Утилитарлық» көзқарас бойынша қоғам жалпы жиынтық молшылық, әл-ауқаттылықты қамтамасыз етеді, ал азаматтар арасында оның әділетті бөлуі қадағаланбайды. Салық арқылы халықтың әл-ауқаттыларының табысын «әлжуаз» табысы төмен халық топтарына бөлу мәселесі шешілмейді.
Ал «роулсиандық тұжырымдама» (американ экономисі Джон Роулстың атымен аталған) қоғамның әл –ауқаттылығы, қоғам мүшелерінің тұрмысы ең кедей деп саналатындардың жағдайымен сипатталады. Қоғам мүшелерінің табыстары халықтың әр түрлі санаттарының арасында бөлініп, табыстардың әркелкілігі төмендетіледі.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде жеке сектормен мемлекеттік ынтымақтастық құру жолдары қарастырылып, халықты әлеуметтік қорғауда корпоративтік қаржылық институттарды дамытудың механизмдері айқындалды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерінің шығындарының құрамында әлеуметтік инвестицияларының негізгі үш бағытын бөліп көрсетуге болады:
- жұмыскерлердің денсаулығын нығайтуға арналған қаражаттар;
- жұмыскерлердің кәсіби біліктілігін жоғарылатуға арналған шығындар, (қайта оқыту, тренинг өткізу, қосымша оқытуды ұйымдастыру);
-қоғамдық маңызы бар шығындар (тұрғын-үй коммуналдық шығындар, мәдени, экологиялық, қайырымдылық бағдарламалар);
Әлеуметтік инвестициялар ұзақ мерзімде көрініс табатын арнаулы әлеуметтік тиімділікті алуға бағытталған. Халықты әлеуметтік қорғаудың корпоративтік жүйесін мемлекет тарапынан ынталандыру екі бағытта жүргізілуі шарт:
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде жеке сектормен мемлекеттік ынтымақтастықты нығайтудың үйлесімді құралдарын қолдану арқылы әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің қосымша көздерін тартуға болады. Әлеуметтік инвестициялар арнаулы әлеуметтік тиімділікті тек қана келешекте алуға мүмкіндік жасайды. Әлеуметтік шараларға қысқа мерзімде арналған шығындар корпоративтік сектордың қаржы ағындарын айналымнан бұрады, ал бұл өз кезегінде бәсекеге қабілеттілік факторын төмендетеді.
Қазақстандық корпоративтік жүйе қаржымен қамтамасыз етудің басым көзі болуы қажет. Әлеуметтік инвестицияларды мемлекет экономикалық тұрғыдан ынталандыруы қажет. Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғауда мемлекеттік және корпоративтік саясаттың жаңа құралдарын жүйелі түрде әзірлеу халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етуде тұрақтылыққа қол жеткізеді [20, 614 б.].
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің бюджеттен тыс көздерінің маңызы мен тиімділігін, әлеуметтік стандарттарға сай келетін табыстылығын қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін жоғарылатуға септігін тигізеді.
1.3 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің шетелдік тәжірибесі
Халықты әлеуметтік қорғау мәселесін әр мелекет өзінің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігінің шеңберінде шешіледі. Әр аймақтық бөлініске сай әр мемлекеттің әлеуметтік саясатты жүргізудің өзіндік үлгілері болады. Мәселен, Ресейде, Ұлыбритания, Жапония, Канада, Жерорта теңізі және т.б. елдерінің әлеуметтік қорғау үлгілері сияқты Қазақстанның да өз үлгісі бар. Соның ішіндегі Ресей елінің халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызы.
Әлеуметтік саясат-әлеуметтік жүйені, қоғамның жағдайының жетістікке жетуін қадағалау мен реттеушісі. Әлеуметтік қағидасы білім, денсаулық, тұрғын үй, әлеуметтік қоры және жеке капиталының қызметі, мемлекеттегі әлеуметтік жүйе, зейнетақы, жұмыссыздарға көмек, ұжымның келісім шарты, өндірушілерді басқару мен еңбекке қатысушылардың, еңбек қатынасын реттеу және қамтамасыз етілуі - әлеуметтік жүйе болып табылады.
Әлеуметтік жүйенің негізгі факторлары әлеуметтік-экономикалық жағынан көмек және халықты әлеуметтік қорғау саласы. Адамның даму кезеңінен бастап, салт-дәстүріне, жеке өміріне, әлеуметтік көмек көрсету мен әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандырудың нормалық негізінде қалыптасқан. Халықты әлеуметтік қорғау әр ұлттың тарихын, мәдениетін сақтап олардың отбасыларымен-туыстарына көмектесу мемлекеттің өз мойнында. Нарықтық қатынастың қолайсыздығын қорғау, өзіндік қайраткерлер нарықтың жаңа мағынасы мен маңызын табу, халықты әлеуметтік қорғау ерекшелінгі нарықтық экономиканың дамуына әкелді. Факторларлық жүйенің қажеттілігінің ескеру. «Жүйенің өзара қатынасын анықтау және оның құқығы» халыққа әлеуметтік көмек, қоғамның негізі болатын факторларға, адамның тұтастай субьектісіне, әлеуметтік тіршілік қажеттілігіне, мемлекеттің қоғам өміріндегі азаматтардың тәуелсіздігі кепілдеме беру. Әрбір қоғамда халықтың кейбір бөлігі, қандайда жеке меншіктегі еңбек қатынасындағы күшінің хал-жағдайларының болмауы: аурулар, адамдар мен өндіріс арасындағы қатынастар, үлкен жастағы адамдардың жұмысқа қабілеттігінің жоқтығынан, экологиялық салдарынан, экономикалық, әскери шиеленіс, табиғи апаттан және т.б. Бұл категорияға мемлекеттің көмегінсіз өмір сүре алмайды және бұған басты өндірісті таратылуымен капитал дәрежесінің үлкен болуынан. Әлеуметтік қорғау- қоғам мүшелерінің қызметін қалыптастыру, іс-шаралар мен психикалық кепілдеме, әлеуметтік-экономикалық және моральдық заңдылық жүйесі негізінде әлеуметтік сапалы өмірді қамтамасыз ету.
КСРО халықты әлеуметтік қорғаудың негізін құраушы бөлігі болып мемлекеттік бюджет көмегімен қаржыландырылатын әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесі болды. Әлеуметтік сақтандыру қосымша рөл атқарды. Нарықтық экономиканы қолданатын индустриалдық қоғамда әлеуметтік қорғаудың рөлі өзгереді, ол әлеуметтік қорғаудың базалық институты болып саналады. Алайда Ресейде және бұрынғы кеңес мемлекеттерінде оны қалыптастыру тәжірибесі және құқықты тетіктерін тез арада құрып, әлеуметтік және сақтандыруинфрақұрылымын жүзеге асырды.
Халықты әлеуметтік қорғаудың алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибесінен әлемдік экономикалық және қаржы дағдарысы кезеңінде әлеуметтік сақтандыру мен қорғаудың маңызы зор. Өндірісі дамыған елдерде (ӨДЕ) халықты әлеуметтік қорғаудың базалық институты соңғы жүз жыл ішінде, міндетті әлеуметтік сақтандыру институты: зейнеттік, медициналық, өндірістегі жазатайым оқиғадан және кәсіптік аурулар, жұмыссыздыққа байланысты уақытша еңбек ету қабілетінен айырылу болып табылады. Ол 2008-2009 жылдардағы дағдарысты қоса алғанда, қаржы дағдарыстары кезеңіндегі ерекше көрінетін қаржылық тетіктердің қызмет ету тұрақтылығы мен сенімділігі сияқты сипаттарға ие.
Ресей Федерациясы халықты әлеуметтік қорғауды дамытуды реформалауда еңбек және әлеуметтік сақтандырудыру рөлі. Жұмыс істеушілерді зейнеттік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру табыстардың және халықты әлеуметтік қорғаудың маңызды институты. Ресей Денсаулық және әлеуметтік дамыту министірлігі еңбек және әлеуметтік сақтандыру ғылыми-зерттеу институты осы салада соңғы 55 жыл бойы ғылыми қызметпен шұғылданып келеді. Осы кезең ішінде Институт аясында еліміздегі ғылымдарға ʺзейнеткерлерʺ деген атпен белгілі ғылыми мектеп қалыптасты. 1956 жылы 14 шілдеде ʺМемлекеттік зейнетақы туралыʺ және 1964 жылдың 15 шілдесінде ʺКолхоздардың мүшелеріне зейнетақылар мен жәрдемақылар туралыʺ заңдарыф қабылданды. Институттың ғалымдары 1989-1990ж. зейнетақының концепциясы негіздерін, 2001ж. зейнетақы заңдарының пакетін, сонымен бірге 2009ж. зейнетақы заңдарын жасауда маңызды үлес қосты. Институт қызметінің негізгі бағыттары; еңбекті қорғау және жағдайы, ұйымдастыру, нормалау, еңбекақы және өмір сүру деңгейі, әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру, әлеуметтік серіктестік, еңбек бойынша салааралық нормативтік материалдарды жасау, жалпыресейлік жұмысшылар мамандығын тарифтік-біліктілік сипаттама беру саласында қолданбалы және іргелі зерттеулер болып табылады.
Негізгі обьектілер болып табылатындар: қарттар, зейнеткерлер, мүгедектер, жетімдер және т.б. қазіргі таңда Ресейдегі соңғы сатистикалық мәліметтер бойынша олардың саны төмендегідей:
жылдар |
||||||
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2010 жылды 2006 жылмен салыстырғанда | |
аналарға көмек |
395.12 |
400.95 |
401.5 |
421.6 |
447.5 |
113,2 |
табиғи аппаттарға байланысты |
35.95 |
38.56 |
39.8 |
40.95 |
41.1 |
114,3 |
қарттар |
28.5 |
29.1 |
29.14 |
30.1 |
34.8 |
122,1 |
мүгедектер |
4.25 |
4.95 |
5.11 |
5.6 |
6 |
141,1 |
бала мүгедектерге |
429.1 |
430.1 |
445.9 |
450.1 |
453.6 |
105,7 |
Ескерту: |
1-кесте Ресей елінің атаулы әлеуметтік көмекгі
Кестеде көріп орырғанымыздай аналарға берілетін көмек 2010 жылды 2006 жылмен салыстырғанда 13,2 пайызға өскен, табиғи аппаттарға байланысты мемлекет тарапынан берілетін көмек 2010 жылды 2006 жылмен салыстырғанда 14,3 пайызға артқан, қарттарға берілетін көмек 2010 жылды 2006 жылмен салыстырғанда 22,1 пайызға артқан, мүгедек жандарға берілетін көмек 2010 жылды 2006 жылмен салыстырғанда 41,1 пайызға жоғарлаған, бала мүгедектерге мемлекет тарапынан көмек 2010 жылды 2006 жылмен салыстырғанда 5,7 пайызға артқан.
Ресей Федерациясын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі. 2010 жылы зейнетақымен қамтамасыз ету шығыны 4,4 трлн. рубьлді құрайды. 2010 жылғы бюджеттің шығыны 9,9 трлн. рубльді құрау керек, ал 2009 жылғы бюджеттік шығын 9,8 трлн. рубьлді жұмсалған. Сонымен қатар 2009 жылдың желтоқсанында базалық зейнетақының мөлшері 30 пайызға өскен, бұл келе жатқан жылмен салыстырғанда жалпы зейнетақы 46 пайызға өсетіндігін көруге болады. Ресейдегі қазіргі зейнетақымен қамтамасыз ету моделі 2002 жылы сақтандыру ұстанымдары негізінде қалыптасқан. Бұл алдыңғы жылдардағы модельдермен салыстырғандағы өзгешелігі мынада: яғни зейнетақы алу тек еңбек өтіліне ғана байланысты емес, сонымен қатар ай сайын аударатын аударымдары мен жалақысына байланысты. Бүгіңгі күні қартаю бойынша және мүгедектігі бойынша берілетін зейнетақы үш бөлімнен тұрады – базалық, сақтандыру, жинақтаушы. Мүгедектігі бойыша берілетін зейнетақы мүгедек болып танылған кезден бастап, арнайы медициналық тексеруден кейін 1, 2, 3 мүгедектік топтары бойынша зейнетақы тағайындалады. Базалық зейнетақы мемлекетпен қаржыландырылады және барлығына бірдей беріледі. Ал, жинақтаушы немесе сақтандыру зейнетақысы жұмыс берушінің төлемдерімен аударымдары бойынша қалыптасады. Зейнатылық жиналымдары жинақтаушы адамның жалақысына тікелей байланысты болады. Ресей Федерациясының Зейнетақылық жүйесінің құрылымы 2007 жылдан бастап Аналық немесе отбасылық капиталға ие екендігіне байланысты сертификат берілетін болған. Бұл іс – шаралар 2010 жылдан бастап жүзеге асырылатын болған, алайда 2008 жылден бері экономикалық дағдарысқа орай балаға 3 жастан кейін берілетін ақшаны кредитті жабу үшін төленуге рұқсат берілген. 2000 жылдан бастап Ресей Федерациясының зейнетақымен қамтамасыз ету фонды мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларға қатыса бастады.