Әлеуметтік қорғау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 10:28, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Адам факторы, адам дамуы – Қазақстан үшін стратегиялық мін¬дет. Адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктер¬ге жетуде негізгі рөл атқарады. Қоғамның барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының негізгі басымдығы болуы қажет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

менім дипломым.doc

— 855.50 Кб (Скачать документ)

Әлеуметтік қорғау жүйесі - нарықтық экономиканың дамуының маңызды  талаптарының бірі. Халықты әлеуметтік қорғау түсінігі мемлекеттің бүкіл  әлеуметтік саясатын және жүзеге асырылуын қамтитындығы сөзсіз. Ол жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін халықтың, зейнетақысымен қамтамасыз етілетін адамдардың әлеуметтік қорғауын, сондай-ақ халықтың әлеуметтік тұрғыдан нашар қамтылған топтарын және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдауды қамтиды.

Замануи нарықтың тиімді қызмет атқарылуының маңызды факторларының  бірі халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің  дамуы болып табылады. Халықты әлеуметтік қорғау - осы уақытқа дейінгі қалыптасқан түсініктерге қарағанда неғұрлым кең мазмұнды қамтиды. Егер күрделі экономикалық дағдарыс кезінде әлеуметтік қорғауға тиісті болса, қазіргі өркениетті заманда бұл түсінік мемлекеттің жалпы әлеуметтік саясатын және оның органдарын, сонымен қатар осы саясатты жүзеге асыру бойынша тәжірибелік қызмет толығымен қамтылады.

        Әлеуметтік қорғау - тұрақты ақы  төленетін еңбекке қатысу жолымен  өзін белгілі табыстармен қамтамасыз  етуге және экономикалық белсенді  болуға қабілетсіз жағдайларда  (кәрілік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан  немесе жұмысынан айырылуы және  де басқа заңды негіздер) азаматтардың әл-ауқатының белгілі деңгейін және өмірлік қажетті игіліктерге қол жеткізерлік деңгейді қамтамасыз етуге бағытталған жүйе [7,б.].

Халықты әлеуметтік  қорғау жүйесі - өмір сүру сапасын жоғарылату, кедейлікті төмендету, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу мақсатында пайда болатын қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысандарының, қаржы қорларының қалыптасуы мен пайдалану әдістерінің жиынтығы.

 Халықты әлеуметтік  қорғау жүйесінің әдістері:

  • халықты әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік әдістері;
  • халықты әлеуметтік қорғаудың ұйымдастырушылық әдістері;

Әкімшілік (ұйымдастырушылық)  әдістердің басқару тәжірибесінде  мағынасы ерекше. Олар басқару жүйесіне сәйкес келетін субординация, үкімет пен бағыну қатынастарына негізделген. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әдістері болып таблады.

Мемлекеттің көз қарасынан, халықты әлеуметтік қорғауды барлық азаматтарға ешбір жағдайлар  мен шектеулсіз әлеуметтік игіліктер  мен қызметтерді беруге бағытталған  ерекше қызметі ретінде қарастыруға  болады (еңбек салымы, жұмыспен қамтылу статусы, табыстар деңгейі).

Халықты әлеуметтік қорғау қиын өмірлік жағдайдағы еңбекке  қабілетті және еңбекке қабілетсіз азаматтардың өмірлік деңгейін қолдау бойынша мемлекеттің және қоғамның мақсатты бағытталған қызметі ретінде  орындайды.

Сонымен әлеуметік қорғау:

  • тұлғаның қалыптасуымен даму құралы, оның конституциондық құқығы қамтамасыз ету;
  • қиын өмір жағдайындағы халықтың жеке категориялары мемлекет пен қоғамның мақсатты қолдауы ретінде анықтауға болады.

Мемлекетпен қоғамның күшімен соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық салада өзгерістер болады. Сондай-ақ, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңдық база жасалынды, зейнетақы реформасы өткізілді, білім беру, денсаулық сақтау жүйелері реформаланды.

Халықты әлеуметтік қорғаудың атаулы жүйесінің көтерілуімен ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруі қарастырылды. Мемлекеттік саясат жалақының өндірісінің өсу деңгейімен байланысын белгілеуге мақсатталған [8, 8 б].

 

  1. сызба-   Қазақстан Республикасындағы  халықты әлеуметтік қорғау жүйесі



 


 

 


 

 

 



 

 

 

 



 

 

 

 

 

Ескеру мәлімет көзі: құрастырған: автор


 

Әлеуметтік қорғау деп - қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтарға қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейінің қамтамасыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін  айтады. Бұл деңгей қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ахуалына, қордаланған ұлттық байлыққа және оларды бөлудің сипатына, жүйені іске асыру механизмдерінің жұмыс тиімділігіне байланысты болады [9, 179-183 б.].

Осыған байланысты әлеуметтік қорғаудың нысандарын шартты түрде 3 топқа бөлуге болады. Бірінші топқа  ең төменгі табысы бар мұқтаж азаматтарға  берілетін әлеуметтік жәрдемақылар жатады.

Екінші топқа жұмыс  қабілетін жоғарылатқан жағдайда табыстың болмауы себебінен берілетін жәрдемақылар. Бұл жағдайда табыстың қайта бөлінуінің арғы жағында белгілі бір уақытта табыс пен әлеуметтік тәуекелдіктің бөлінуі көрсетіледі. Адамның экономикалық белсенді өмірін алатын болсақ, онда орташа әрбір жұмыспен қамтамасыз етілген азамат әлеуметтік қорғау жүйесіне өз табысынан қанша төлем беріліп отырса, сонша алатын болады.

Үшінші топқа жұмысқа  қабілеті жоқ халық топтары жатады, олар негізінде балалармен зейнеткерлер, бұл жерде табыстар адамдардың  өмір жасына байланысты бөлінеді [ 10, 32 б].

Əлеуметтік қорғау жүйесі тек халықтың табыссыз топтары мен өндіріске қатыспағандарды (оқушылар, зейнеткерлер, мүгедектер) ғана қамтымайды, ол сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысушыларды да, ең алдымен жалданып жұмыс істейтіндерді де қорғайды. Әлеуметтік қорғау - бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе. Қазір әлеуметтік қорғау жүйесінде толық ынтымақтастық және мемлекеттік институттардың қатысу деңгейі басым да, ынталандыру деңгейі төмен. Мүгедектеріне, асыраушысынан айрылуына байланысты, жұмыссыздығы мен жасы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі толық ынтымақтастық қағидатына негізделген. Барлық жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан аумағында  тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрі азаматтар) өмірдегі қатерлі жағдайлар туындаған кезде еңбек қызметіне қатысуына және жарнасына қарамастан, егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгедей көзделмесе, бірдей мемлекеттік жәрдемақылар алады. Бұдан басқа, әлеуметтік төлемдерді есептеудің экономикалық негізделген нормативтері мен еңбекақы жүйесінде өзара байланыс болуының салдарынан жұмыс істейтін халықтың табыс деңгейі мен әлеуметтік төлемдер арасында тиісті байланыс болмай отыр. Нәтижесінде халықтың бір бөлігі әлеуметтік жүйеге үлесі болмаған азаматтардың алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінен де аз жалақы алады.

Қазақстандағы әлеуметтік қорғау және қызмет көрсету жүйесінің қалыптасуы өтпелі кезеңнің күрделі уақытына тап келді. Қысқа мерзімде әлеуметтік қолдаудың бұрынғы тетіктері нарықтық экономикаға сай және халықтың әлеуметтік кедей және осал топтарының қажеттілігін қанағаттандыратын бейімді жүйеге айналды. 90-жылдардың алқашқы жартысында-ақ халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің құқықтық негізі қаланды, алайда әлеуметтік қызмет көрсетуде мемлекеттің рөлі басым болып қалды. 2009 жылы ТМД елдерінің ішінде алғаш рет Қазақстанда “Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы” заң қабылданып, оған қоса тегін көрсетілетін мемлекет кепілдендірген арнаулы әлеуметтік қызметтердің тізімі мен көлемі, өмірлік қиын жағдайларда жүрген адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетумен қорғау стандарттары әзірленді [11, 5-7б]. Кедейлікті қысқартуда әлеуметтік қорғау саясатымаңызды рөл атқарады. Күнделікті қиыншылықтарды жеңуге кепілдік беретін жәрдемақылар беру, қызмет көрсету шаралары іске асырылуда. Бұл саясат кедейшілік шегінен төмен тұратын халық топтарының қаржы ресурстарының уақытша көбеюіне жағдай жасайды. Әлеуметтік қамсыздандырудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін ресурстар тек қана мұқтаж адамдарға берілуі қажет.  Кедейленген топты азайту - нарықтық әлеуметтік саясатының негізгі міндеті. Тұтынудың әр түрлі деңгейінің еңбек пен жұмысшы күші факторларымен байланыстылығын атап өту керек.  Ондай факторлар:  отбасы мүшелерінің саны, ондағы жұмыс істейтіндер мен масылдардың ара-қатынасы, денсаулық жағдайы, географиялық, табиғат жағдайлары және т.б. Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметінің негізгі мақсаты – осы айырмашылықтарды азайтып, қоғамның барлық мүшелерінің өмір сүруіне қолайлы материалдық негіз жасау.  Ең төмен әлеуметтік төлемақылар мөлшерін есептеудің негізі орта есеппен жан басына шаққандағы тұтыну бюджетінің мөлшері болып табылады. Бұл үшін негізгі тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрі-дәрмек, от басына қажет қызметтер жиынтығының ең төмен тұтыну қоржынының құнымен есептеліп шығарылалы.

Қазіргі жағдайда халықты әлеуметтік қорғау жүйесі ары  қарай жетілуді талап етеді. Осы  бағытта 2004 жылы мемлекеттік әлеуметтік реформаларды 2005-2007 жылдары одан әрі қарай тереңдету Бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның мақсаты қаржылық тұрақты, экономикалық тиімді, әлеуметтік әділетті үш сатылы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құру болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік құрылымы 1999 жылдардан қалыптасты.  2001 жылы 27 маусымды «Халықты әлеуметтік қорғаудың концепциясы» қабылданды. Қазіргі жағдайда халықты әлеуметтік қорғау жүйесі ары қарай жетілуді талап етеді. Осы бағытта 2004 жылы мемлекеттік әлеуметтік реформаларды 2005-2007 жылдары одан әрі қарай тереңдету Бағдарламасы қабылданып жұмыс жүруде. Бұл бағдарламаның мақсаты қаржылық тұрақты, экономикалық тиімді, әлеуметтік әділетті үш сатылы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құру болып табылады.

 Бұл маңызды құжат мемлекетте әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге құжат бойынша  халықты әлеуметтік қорғау үш деңгейде жүзеге асады. Олар:

  • базалық, мемлекеттік бюджет есебінен төлемдер: зейнетақы төлемдері, мүгедектік бойынша төлемдер, асыраушысынан айрылуына байланысты төлемдер, әлеуметтік қорғау мекемелері бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мекен-жайлық әлеуметтік көмектер.
  • міндетті, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша төлемдер: еңбек етуге қабілетсіз болған жағдайда, асыраушысынан айрылу жағдайында, жұмысынан айрылу жағдайында.
  • қосымша, жұмыс беруші жауапкершілігімен сақтандыру.

Осының аясында жыл  сайын үкімет пен министрлікте ауқымды бағдарламалар қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітіліп отырады.   

 Қоғамның тағы да бір әлжуаз таптарына арналған мемлекет тарапынан жасалынатын қолдаулар жүйесі көрсетілген «Мемлекеттік атаулы көмек туралы»  Қазақстан Республикасының  Заңы қабылданды.  Мемлекеттік атаулы көмек көрсету қаржылай төлемдер арқылы атқарылады. Атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы төлемдерінің 4  түрін қамтиды:

  • тұрғын үймен қамтамасыз ету;
  • кедейлік шегіне жеткен жандарға қаржылай көмек көрсету;
  • 4  балалы және 7 жасқа дейінгі балалары бар жұмыс істемейтін аналарға көмек;
  • үйде оқытылып, тәрбиленетін мүгедек-балаларға [12]. 

Жалпы барлық жәрдемақылар категориялық санаттық негізде беріледі: тек қана республикалық деңгейде бекітілген екі әлуметтік төлемдер - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  және тұрғын-үй жәрдемақысы - мұқтаж адамдардың табысын тексеру арқылы орташа табысы кедейшілік деңгейінен төмен отбасыларына беріледі (егер олардың табысы күнкөріс минимумынан 40%-дан төмен болса).

          Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік тәуекелдікті басқаруда қоғамдық тәжірибеде  әртүрлі әдістер қолданылады. Бұл әдістердің әрқайсысы ұлттық ерекшеліктермен айқындалса да жалпы біркелкі әлеуметтік экономикалық мазмұнға  ие. Қазіргі жағдайдағы халықты қорғау деңгейі мен халық өмірінің сапасын талдау барысында жалпы әлеуметтік қорғау жүйесінде мынадай құрамдас бөлікті көрсетуге болады:

  • әлеуметтік сақтандыру;
  • әлеуметтік қамсыздандыру;
  • әлеуметтік көмек немесе қызмет;
  • жұмыс берушілердің қаржы  есебінен корпоративтік қорғау;
  • салық жеңілдіктермен несиелер;
  •    қайырымдылық қорлар.

Аталған әлеуметтік-экономикалық құралдар бір-бірін толықтырып отырады. Олардың қолдануы әлеуметтік тәуекелдіктің түріне, халықтың әлеуметтік-демографиалық топтарын қорғаудың деңгейіне, мемлекеттің әлеуметтік саясатына байланысты болады. Мысалы әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруды  қолдау әлеуметтік тәуекелдіктің табиғатына байланысты. Егер әлеуметтік тәуекелдік жұмыс қабілетін жоюға алып келсе онда әлеуметтік сақтандыру қолданылады.  Егер әлеуметтік тәуекелдік күнкөріс минимунынан төмен табысқа алып келсе онда әлеуметтік қамсыздандыру қолданылады. Әлеуметтік қызмет натуралдық нысанда көмек қажет жағдайында   қолданылады. Салық жеңілдіктері жұмысқа қабілеті бар халықты еңбек етуге талпындырады. Соңғы кездері жұмыс берушілердің өз жұмыстарын қорғауда қосымша ұжымдық сақтандыруды  немесе медицина, спорт, бала бақша тәрізді ақысыз қызмет нысандарын қолданатынын айта кету керек [13, 34 б.].

Әлеуметтік  төлемдердің ішінде көлемі жағынан  екінші орында тұрған әлеуметтік көмектің бір түрі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер болып табылады: оған тұрғын-үй жәрдемақысы, бала тууға байланысты берілетін және басқа да әлеуметтік көмектің түрлері жатады.

Атаулы әлеуметтік көмек  Қазақстан Республикасында 2001 жылғы  шілдеде шыққан №246 ˮМемлекеттік атаулы көмек туралыˮ Заңына сәйкес беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек табысы аз отбасыларына, соның ішінде орташа табыспен кедейшілік шегіннің айырмашылығы ретінде нақты аймақта төленіп отырады. Халықтын тұрмыс деңгейін-халықтың ауқаттылығын көрсететін категория, адамның материалдық, әлеуметтік қызметтер мен игіліктерді тұтынуы және нақты сұраныстарын толығымен қамтамасыз ететін жиынтық көрсеткіш. Осы қызметтер мен игіліктердің бір мезгілде үй шаруашылығында тұтынылуының ақшалай көрінісінің жиынтығы өмір құны деп аталады.

Мемлекеттің атаулы көмегін алушылар-балалар, балалары бар отбасылар кедей халықтың  ішінде көп. Сондықтан ана мен баланы қолдау республикада өзекті міселеге айналған.

Бүгінгі күнде  ана мен баланы әлеуметтік қорғауда төлемдердің үш түрі қолданылады:

  • жүктілік және босану бойынша төленетін жәрдемақы;
  • көп балалы аналарға төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.

Бала мен  ананы қорғау жүйесі жақсы жолға  қойғанымен қатар, әйелдерге толыққанды жұмыс істеуге, еңбек процесіне  қатысуға, өзіне және балаларына қалыпты тіршілік қамтамасыз етілуде [14, 180 б.].

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі басқару процесі  ретіндегі әлеуметтік жұмыстың негізгі  міндеті - өкілеттіліктер мен әкімшілік әдістерінің көмегімен пайдалана отырып әрбір индивидте бар шығармашылық және өмірлік әлеуметті дамытуға көмек жасау, кедейленген топтарды стихиялық нарықтық қатынастардың теріс ықпалынан қорғау, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың жағымсыз салдарынан қорғауды қамтамасыз ету.

Информация о работе Әлеуметтік қорғау жүйесі