Кәсіпорынның өндірістік құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 12:37, реферат

Краткое описание

Өндірісті ұйымдастыру, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру – өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа өнімнің тез енгізіліп, игерілуін, еңбек ресурстарымен материалдық ресурстардың, қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын және осы негізде өндіріс нышандарын оңтайлы ұштастыру, өнімнің кеңістік пен уақыт ішінде барлық дайындалу сатыларын келісіп алу жолымен өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндірісті ұйымдастыру үйлесімділік, ырғақтылық және өндірістің үздіксіздігі қағидаттарына негізделеді. Ол түрлі әдістермен жүзеге асырылады, олардың ең бастылары: тасқынды, топтамалық және жеке-дара әдістер. Өндірісті ұйымдастыру элементтік (атқарымдық), кеңістіктік, уақыттық бөліктерге ажыратылады

Содержание

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:
1. Өндірістік процестердің мәні және түрлері
2. Өндірістік процестерді ұйымдастыру принциптері
3. Өндірісті басқаруды ұйымдастыру механизмі
4. Ұйымдастыру заңдары.
5. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы

ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ондиристи уымдастыру.doc

— 130.00 Кб (Скачать документ)

Өндірісті ұйымдастырудың топтық (сериялы) әдісі өнімді сериялармен шығаруды білдіреді және осыған байланысты жұмыс орындарында өңделетін өнімдер түрінің өзгеріп отыруымен және өнімнің жаңа сериясын (партиясын) дайындау үшін орын алатын артығымен дайындауға байланысты жабдық жұмысындағы кезеңдік үзілістермен сипатталады. Бұл әдіс маманданудың төмен дәрежесін білдіреді. Оның артықшылығы өндірістің бір өнім түрінен кбасқасына көшу жеңілдігі болып есептеледі. Оны жаппай өндіріс кәсіпорындарының толассыз әдіспен ұйымдастырылған жекелеген учаскелерінде қолдануға болады.     

Өндірісті ұйымдастырудың бірлік әдісі өнімді жекелеген бірліктермен және уақ сериялармен шығарумен сипатталады. Бірлік өндіріс техника мен технологияның жетілуімен байланысты жаңа өнім дайындайтын тәжірибелі өндірістің дамуымен байланысты. Мұнда универсал жабдықтар қолданылады және біліктілігі жоғары универсал жұмысшылар қызмет атқарады.     

Неғұрлым  жетілген әдіс ретінде жаппай өндірісті  ұйымдастырудың толассыз әдісі өнеркәсіптің әртүрлі салаларында кеңінен  таралып отыр: машина жасауда, металл өңдеуде, металлургияда, химияда, тоқыма, аяқ киім, тамақ және ағаш өңдеу  өнеркәсіптерінде. 

 

  1. Өндірісті басқаруды ұйымдастыру механизмі

 

Өндірісті басқаруды ұйымдастыру механизмдері. Кез – келген әлеуметтік экономикалық қоғамда қалыптасқан өндірісті басқару сол қоғамда қалыптасқан өндіріргіш күштер мен өндірістік қатынастарды басқарудан тұрады. Өндірістік қатынастар: бөлу, айырбас, қайта бөлу. Өндіргіш күштер олар өндірістік құралдармен жұмыс күштері, ал өндірістік қатынастарға өндірістік процесс, өнімді өткізу, бөлу, айырбас және тұтыну жатады. Өндірігіш күштермен өндірістік қатынастар бір – біріне тығыз байланып жүйе, яғни өндіргіш күштер болмаса өндірістік қатынастар болмайды. Өндірістік қатынастар болмаса өндіргіш күштер дамымайды. Сондықтанда бұл жүйе дұрыс жұмыс істеуі үшін бірден – бір механизм . Механизм деп машинаның құралдық аппаратың қызыметін іске қосатын ішкі құрылымды айтады. (Ожогов С.И. сөздігі) Бұл техникалық тұрғыдан берілген ұғым болғанмен экономикалық маңызы бар анықтама. Яғни кез- келген өндіріс жүзеге асу үшін оны алға жетелейтін ішкі құрылым қажет сондада шаруашылық механизм экономикалық және ұйымдық деп қарастырамыз. Экономикалық механизмге жосапрлау, ішкі комуналдық есеп, еңбек ақы есептеу, пайдалану бөлу және т.б. көрсеткіштер жатады. Ал ұйымдастыру механизмін басқару құрылымының қалыптасуы және қызмет етуі, басқару шешімін қабылдау, басқару жүйесінің қалыптасуымен қызмет етуі жатады.

Ұйымдастыру механизмі  деп – шаруашылық механизм жүйесінде басқару мақсатын жүзеге асыратын шешім қабылдау процесін басқару және ұйымдастыруды және оны өндірістік ресурстарға әсер ету процесін айтады. Ұйымдастыру механизмі алдыңда мынадай міндеттер қолданады:

1. Өндірісті басқаруда экономикалық заңдарды қолдану механизмінің өндірістік процестермен қалыптастыру.

2. Қоғамдық қатынастарды ескере отырып басқару жүйесінде экономикалық заңдарды пайдалану және оның өндірісітк қызыметке сай болуы.

3. Кәсіпорын  мақсатын басқару шешімін ұйымның алдына қойған мақсатымен үйлестіре білу.

4. Басқару процесінің  әдістемелік жүйесін ж.а қызыметкерлерге жағдай жасау.

 

  1. Ұйымдастыру заңдары

Жалпы заң деп  табиғаттағы, қоғамдағы және адам ойындағы объективті және тұрақты байланыстар бейнесін айтады. Заңдар табиғи, жеке және ерекше сипатта болады, егерде байланыс сандық және сапалық сипатта болса, онда ол даму заңына жатады. Нақты жағдай мен оның болу себептерінің арасындағы объективті қалыптасқан тұрақты байланысты заңдылық деп айтады.

А.А. Богдановтың  ұйымдастыру қызметтеріне арнаған  еңбектері ұйымдастыру заңының негізін қалауға арқау болды. Ұйымдастыру заңдарын ұйымдық құрылымдар мен басқару қызметтеріне арналған деп бөліп қаруға болады. Енді ұйымдастыру заңдарына толығырақ тоқталайық.. Ұйымдастырылу құрылымына қатысты заңдар. Компазиция заңы – бұл ұйымдастырудың барлық мақсаттарының сәйкестігін сипаттайды. Яғни ұйымдастыру қызыметтінің алдына қойған барлық мақсаттары негізгі басты мақсатқа бағытталуы қажет.

Пропорцияналдық заңы құрылымдағы бөлімдердің бір – біріне сәйкес келуін, тәуекелдігін және олардың арақатынасын түсіндіреді. Әлсіз бөлшек-тер заңы - бұл құрылымның тұрақтылығы, ондағы ең әлсіз бөлшектердің тұратылығымен анықталады.

Онтогнез заңы - бұл заң әр бір ұйымның қалыптасуы мен дамуында бірден – бір сатылардан өтетіндігімен түсіндіріледі. Мысалы. Кәсіпорын пайда болуы қалыптасуы , дамуы, жойылуы.

Басқару қызыметтерне қатысты заңдар. Синергия заңы – бұл жүйенің яғни басқару құрылымының ұйымдық құрылымындағы қажетті элементер санына тең болуы немесе тең болмауы.

Өзін өзі  сақтау заңы – Бұл кез-келген ұйымдық  жүйенің тұтастығын сақтауға және ресурстарды үнемдеуге қатысты басқару шешімін қабылдау . Талдау мен синтездің біртұтастық заңы. Бұл талдау процесі синтезбен толықтырылатындығымен түсіндіріледі. Себебі бірінші талдау сосын синтез жүргізіледі. 
 

  1. Кәсіпорынның  өндірістік құрылымы

 

 

Мұнай-газ  өндірісіндегі еңбек заты - мұнай мен газдан тұратын қабат, еңбек құралы – эксплуатациялық және айдамалау жабдықтары, еңбек өнімі – шикі мұнай мен газ болып табылады.     

Мұнай-газ  өндірісінің ерекшелігі мұндағы  еңбек заты, яғни мұнай мен газдантұратын қабат табиғат сыйы болып табыладыы. Ол ең-бек нәтижесі емес және құнға ие емес. Сондықтан  да мұнай өндіру өнер-кәсібінде шикізат  шығындары болмайды және бұл оның құрылымына, дең-гейіне және кейбір техникалық-экономикалық көрсеткіштерді жоспар-лауға әсер етеді.     

Келесі  маңызды сәт, мұнай өндіруші кәсіпорындарда еңбек затының ау-мақтық белгіленіп қойылуы болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорынды жобалау жәнеөндіріс  пен еңбекті ұйымдастыру орындарын  таңдау жергілікті жағдайларға (өнеркәсіптік ғимараттар, тұрғын үйдің болуы, климаттық  жағдайлар, жер бедері) тәуелді болады.     

Сонымен қатар, мұндағы тағы бір ерекшелік  еңбек заты мен эксплуа-тациялық жабдықтың  жер асты бөлігінің тікелей бақылау  мен әсер етуден қашық болуы. Бұл  мұнай өндірісіндегі күрделі  құрылыстың қажеттілігін білдіреді. Еңбек  заты мен эксплуатациялық жабдықтың  жер асты бөлігі-нің қашықтығы  арнайы зерттеу жұмыстарын, сондай-ақ ұңғыларды ағым-дық және күрделі  жер асты жөндеуді ұйымдастыру мен  жоспарлау қажет-тілігін тудырады.     

Еңбек затын өңдеу процесінде табиғи фактордың  әсер етуі, атап айтсақ өнімділіктің негізгі  факторы – қабат қысымының  табиғат сыйы болуы да мұнай өндірісі ерекшеліктерінің бірі болып есептеледі. Ұңғылардың аумақтық оқшаулануы, олардың  жекелігі және өндірісті ұйымдастырудың кен орнын өңдеу жүйесіне тәуелділігі  ұңғыларға қызмет көрсетуден, олар-дың  технологиялық режимін реттеуден  және ұңғылар қорын жұмысқа қа-білетті  жағдайда ұстаудан тұратын негізгі  процесті ұйымдастыру ерекшелік-терін анықтайды. Бұл ерекшелік көмекші және қосалқы шаруашылықтарды ұйымдастыру ерекшеліктерін, олардың аумақтық орналасуын білдіреді.     

Мұнай-газ  өндірісінде оның тек дайын өнім беретіндігі де, яғни аяқталма-ған  өндіріс пен жартылай фабрикаттардың болмауы да маңызды болып та-былады.     

Мұнай мен газ өндірісінің өндірістік процесі әртектес жеке өндірістік процестердің кешенін білдіреді:     

• мұнай мен газ өндірісі;      

• механикалық және энергетикалық  жабдықты монтаждау және демон-таждау;      

• ұңғыларды жер асты жөндеу;     

• ұңғылар мен жабдықтарды жер  үсті жөндеу;     

• ұңғыларды  күрделі жөндеу;     

• мұнайды тасымалдау және сақтау;     

• газды жинау және қолдану;     

• мұнай мен газды кешенді дайындау;      

• ұңғылар мен қабаттарды зерттеу;     

• жұмыс агентін қабатқа айдау  және т.б.     

Мұнай мен газ өндіру процесі – бұл барлық қабат пен кен орнын жобаға сәйкес ұтымды өңдеуді, сондай-ақ негізгі процесті әртүрлі энергия түрлерімен, көлікпен, жөндеумен, материалдармен, құрал-жабдықтармен және т.б. қамтамасыз етуді талап ететін негізгі мұнай-газ өндіру кәсіпорындарындағы негізгі өндірістік процесс.     

Мұнай өндіру процесі бірнеше өзара  байланысты жекелеген процестерден тұрады: сұйықтың забойға келуі, сұйықтың забойдан ұңғы аузына көтерілуі, мұнайды  өңдеуге дейін тасымалдау және сақтау, мұнай мен газды өңдеу не-месе кешенді дайындау және тауарлық мұнайды  тұтынушыға тапсыру. Осы аталған  процестер біріге отырып мұнай мен  газ өндірісінің өндірістік циклын құрайды және ол қысқа мерзімділігімен  және үздіксіздігімен сипат-талады.      

Өндірістік  процестің үздіксіздігін  қамтамасыз ету шарттары: 

  1. кен орнын  өңдеу жүйесіне сәйкес қабат жұмысының  технологиялық режи-мін қатаң  сақтау;
  2. мұнай өндіру процесіне қатысатын жекелеген өндірістік бөлімшелердің өндірістік қуаттарының ұңғылардың өндіру мүмкіндіктеріне сәйкес келуі;
  3. көмекші процестердің негізгі процестерге кесте бойынша қызмет көрсетуі.

 

     Мұнай-газ  өндіру кәсіпорынының өндірістік құрылымының  негізінде ма-мандану, көмекші өндірістің негізгі өндірістен бөлінуі және өндірістің барынша шоғырлануы жатыр.     

Өндірістік  құрылым дегенде кәсіпорынның өндіріс ішілік бөлімшелері мен қызметтерінің жиынтығын, олардың арасындағы арақатынас пен өзара байланысты түсінеді.     

Мұнай-газ  өндірісінде құрылымдық бірлік ретінде  цех - өндірістік әкімшілік оқшауланған  бөлімше орын алады. Оның міндеті  өнім дайындау немесе белгілі бір  жұмыс түрін орындау болып  табылады.     

Негізгі өндіріс өнімді дайындаумен тікелей байланысты процестерді қамтиды.

Көмекші өндіріс негізгі өндіріс бөлімшелерінің өнімді кедергісіз шығаруына қажетті қалыпты жағдайларды қамтамасыз етеді. 
     Негізгі өндіріс ретінде орталық инженерлік-технологиялық қызметпен (ОИТҚ) біріккен аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер (АИТҚ) бөліп көрсетілген.     

ОИТҚ-тің  негізгі міндеті  – белгіленген технологиялық тәртіпті сақтай отырып МГӨБ-ғы мұнай мен газ өндірісі бойынша жоспарлық тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету. ОИТҚ төмендегі жұмыс түрлерін орындайды:     

• АИТҚ жұмысына басшылық ету;     

• негізгі өндіріс объектілерінде (АИТҚ) жұмыстарды орындау барысын-да  МГӨБ-ның барлық өндірістік бөлімшелерінің қызметін тәулік бойы жедел бақылау  және үйлестіру;     

• барлық өндірістік объектілер бойынша  ақпараттар жинау және өңдеу;     

• апаттарды жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;     

• бақытсыз жағдайларда көмек көрсету  және басқалар.     

Жұмыстарды  жоспарлауға маңызды мән беріледі. ОИТҚ ұңғылар бойын-ша барлық қажетті  жұмыстардан тұратын айлық кешенді  жоспар-кестелерді өңдейді.     

АИТҚ – ИТҚ-тің мұнай өндірісіне тікелей қатысатын негізгі техноло-гиялық органы. АИТҚ-ның басты міндеті – мұнай мен газ өндірісі бойынша жедел жоспар-кестелер мен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету, тәулік бойы ұңғыларды техникалық сауатты меңгеру мен пайдалануды жүзеге асыру, оларды пайдалану тәртібін сақтау, АИТҰ аумағында орналасқан ұңғылар мен басқа да объектілерді жер асты және күрделі жөндеу бойынша өндірістік процестердің барысын технологиялық бақылау. АИТҚ жұмысына қызмет бастығы басшылық етеді. Мұнай өндірісі операторлары технологиялық топтарға бөлінген және аға инженерлердің басшылығымен ұңғыларды пайдалануға қызмет көрсету, оларды тексеріп, қадағалау, жабдық ақауларын жөндеу, жұмыс тәртібін сақтау, ұңғыларды іске қосу және т.б. бойынша жұмыстар жүргізеді. Бұл топтар диспетчерлік пунктпен және оның басшылығымен тұрақты байланыста болады.АИТҚ мұнай, газ, ауа жинау және сумен қамту жүйесінің, ұңғылар коммуникациясының, ауа мен газды бөлістіру қондырғыларының, компрессорлық станциялардың және т.б. технологиялық схемаларымен жабдықталған.      

Ұңғыларға өндірістік қызмет көрсетумен байланысты көмекші өндірістер өндірістік қызмет көрсету базаларына (ӨҚКБ) біріккен. ӨҚКБ құрамына мыналар жатады:     

• эксплуатациялық жабдықтың прокаттық-жөндеу цехы (ЭЖПЖЦ);     

• электрлік жабдықтар мен электрмен  жабдықтаудың прокаттық-жөндеу цехы (ЭЖмЭЖПЖЦ);      

• ұңғыларды жер асты және күрделі  жөндеу цехы (ҰЖАжКЖЦ);     

• өндірісті автоматтандыру цехы (ӨАЦ).     

ӨҚКБ  басшылығы цехтар қызметін үйлестіреді  және өңғылар мен негіз-гі өндірістің барлық объектілерінің жоспар-кестелерге сәйкес үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұнай-газ өндіру басқармасына тікелей бағынатын  құрылымдық бөлімшелер де бар, атап айтсақ:     

Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік құрылымы