Кәсіпорын тәуекелін бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 20:00, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік қызмет әрқашанда белгісіздіктің үлкен немесе кіші деңгейімен байланысты болады. Белгісіздіктердің қайнар көздері болып өндірістің барлық сатылары саналады,яғни қажетті құрал-жабдықтарды сатып алудан тауар өндіру мен өткізуге дейін. Мұндай жағдайда кәсіпкердің әрбір іс-әрекеті қолайсыздықтардың пайда болуына,әр түлі жоғалтулардың болуына (қаржылық,материалды,еңбек және т.б.) әкелуі мүмкін. Нарыққа қозғалыс ең алдымен экономикалық еркіндікке жол болып табылады,ал тәуекелді күшейту — кәсіпкерлік еркіндіктің кері жағы және ол үшін өтелетін өзіндік төлем. Дер кезінде тәуекелге бара алатын кәсіпкер табысқа жете алады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.docx

— 62.29 Кб (Скачать документ)

  •  сақтандырушы тәуекел  сақтандыру қорын құрумен және  оны  басқарумен,

және де жеке мүлікпен ,ақшалай  қаражатпен,персоналмен байланысты;

  •  инновациялық       тәуекел    осы     сферадағы     белгісіздіктерден     пайда  болады(идеяларды ойлап табудан  бастап,       оны          тауарларда        немесе  технологияларда  жүзеге  асырып,соңында   сәйкес өнімді нарыққа      өткізуге дейін). 

   Көлеміне байланысты кәсіпкерлік  тәуекелдер  үш түрге бөлінеді:

      • локальды        тәуекел        –              жеке        фирманың               тәуекелі (компаниялар,бірлестіктер,олардың  бөлімшелері);

      • салалық тәуекел  – саланың мамандануына байланысты  тәуекел;

      • мемлекеттік  тәуекел – мемлекеттегі әлеуметтік    саяси      жағдайлардың  нашарлауымен ,инфляцияның өсуімен,төлемсіздік  мәселесімен,заңдылықтың орындалмауымен  ббайланысты болады.

   Пайда болу табиғатына  байланысты тәуекелдердің келесі  түрлері бар:

      • субъективті  тәуекел  кәсіпкердің жеке  тұлғасымен байланысты   болады.

Мұндай тәуекелдің пайда    болуына     тәуекелділікке     дұрыс      дамымаған қабілеттілігі     себеп:       тәжірибесінің,          білімінің,             кәсібилілігінің

жетіспеушілігі,нарықтағы тәртіпті бұзуы және т.б.

      • объективті  тәуекел       ақпараттың         жеткіліксіздігі,             нарықтық конъюнктураның ,заңдылықтардың ,    несиелеу      жағдайларының  ,     салық салудың, инвестициялаудың  және т.б. күтпеген кезде өзгеруімен  байланысты болады.

    Пайда   болу     саласы        бойынша     тәуекелдер    келесідей болады :

      • сыртқы тәуекел  саясаттағы күтпеген   өзгерістермен,   өндірістің    макро жағдайындағы  үлкен  аймақтардағы    апат      жағдайларымен,       валюталық  тәуекелмен және т.б. байланысты;

      • ішкі      тәуекел       кәсіпорынның           мамандануымен       байланысты  тәуекелдер,өндірістік, қаржылық, сақтандыру  және т.б.

   Сақтандыру мүмкіндіктері  бойынша тәуекелдің келесі түрлері  бар:

      • сақтандырылатын  тәуекелдер сандық    анықтама     беруге         жататын  жәнесақтандыру қаупін   өз  мойнын   алатын     ұйымдарды     сақтандырумен байланысты ;

    • сақтандырылмайтын  тәуекелдер деңгейін   бағалау   мүмкін    емес    форс -мажорлық  тәуекелдерге жатады.Сонымен қатар,  сақтандыру       қаупін      өз мойындарына алуға  даяр  емес жағдайдағы кең көлемді  тәуекелдер.

  Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады. 
Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына тәуелді. 
Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік. 
Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық). 
• Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды. 
• Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек. 
• Нарықтық тәуекел – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты. 
Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады. 
Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б. 
Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т.б.) қатынасы процесінде пайда болады 
Қаржы тәуекелінің туындау себептері – инфляциялық факторлар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т.б. 
Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді: 
1) ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер; 
2) капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер). 
Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі. 
Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция – инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді. 
Ø Инфляциялық тәуекел – инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады. 
Ø Дефляциялық тәуекел – дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс төмендейді. 
Ø Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі. 
Ø Өтімділік тәуекелі – тұтынушылық құнының және сапалық бағаның өзгерісі себебінен бағалы қағаздар немесе басқа да тауарларды өткізу кезіндегі мүмкін болатын жоғалтулармен байланысты тәуекелдер. 
Инвестициялық тәуекелдер келесі ішкі жүйелік тәуекелдерді қамтиды: 
1) жіберіліп қойған пайда тәуекелі; 
2) табыстылықтың төмендеу тәуекелі; 
3) тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейіне әсер етуші факторлар

 

   Кәсіпкерліктегі  тәуекел  факторлар деңгейімен шартты  түрде    байланысты болады, яғни әр түрлі іс - әрекеттердің  белгісіздік, сенбеушілік ,   күтпегендік жағдайлар жоғалтулар  мүмкіндігін жоғарылатады.

   Бұл шарттар кәсіпкердің  өз нақты іс- әрекеттерінің нәтижесінде  кәсіпкерлік фирманың  ішкі  қызметінің  сферасында   да ,   сонымен    қатар      бизнестің сыртқы  ортасының әсерінен   пайда  болуы мүмкін,    яғни      бәсекелестердің, жеткізіп берушілердің,мемлекеттік  органдардың және т.б. іс әрекеттері.

   Бірінші жағдайда  кәсіпкер     тәуекел    көлемін     төмендету     мақсатында       бұл факторларға  белсенді  басқарушылық әсер етуі керек,ал  екінші жағдайда, әрине ол бұл  шарттарды өзгертуге немесе олардың    деңгейіне       әсер      ете алмайды.

   Осылайша, кәсіпкерлік қызметінің  тәуекел   факторлары     кесте      түрінде көрсетіле  алады (2-кесте).

   Берілген классификация  кәсіпкерлік тәуекелдің    деңгейіне     әсер      етуші негізгі  жалпы шарттарды анықтайды. Бірақ  бұл  факторлардың      әсер     етуі нақты экономикалық        жүйенің         артықшылығына                байланысты

болады.Осылайша,Қазақстандағы кәсіпкерлік  қызметтің шарттары  нарықтық экономикасы  қалыптасқан елдерден ауқымды түрде  айырмашылығы бар.Осы елдердегі  кәсіпкерлік тәуекел   деңгейіне     әсер      етуші       факторларының қатарымен , тек Қазақстанға  тән   отандық   экономикада      бар      факторлар кездеседі. 

 Кесте-2. Кәсіпкерліктің даму жолындағы кездесетін кедергілер ( %)

      Мүмкін болатын  факторлар

Сұрағалдардың %-дық саны

Жоғары салықтар

                    63,6

Кредиттардың жоғары бағасы

                    55,6

Бақылаушы органдардың қарым-қатынасы

                    36,5

Халықтың  төмен тұтынушылық  сұранысы

                    28,6

Электр энергиясын берудегі кедергілер

(коммуналдық қызметтер)

                    22,2

Ақпараттық қамтамасыз етудің төмендігі

                    22,2

Қызметтегі партнерлардың жауапкершілігінің  болмауы

                    22,2

Нарықтағы жоғары бәсекелестік

                    14,3

Маманданған жұмысшы күшінің жетіспеушілігі

                     9,5

Тасымалдаушы инфрақұрылымның  дамымауы

                     6,3


Ескерту: google.kz сайтынан алынған.

   Кестеден көрініп тұрғандай,  салықтық жүйе мәнді сыртқы   фактор    болып саналады.

   Салық салу Қазақстандағы  шағын және орта бизнестің    дамуында      үлкен роль  атқарады. Экономикалық тәжірибе салық төлеушінің табысын 30% дейін

алынып  тастауы экономикаға инвестициялар     салынуының       қысқаруына әкеледі.Ал егер, табыстың 40- 50% алынса, онда  бұл өндірісті  кеңейту    мен кәсіпкерлік инициативаның  жойылуына әкеледі.   Кәсіпкерлік       тәуекелдің деңгейіне әсер ететін келесі  фактор–партнерлармен қарым-қатынас. Мұндай жағдайда тәуекелді күшейту ,бір жағынан    жеткізіп берушілермен  ,екінші   жағынан    тұтынушылармен         келісімшарттардың бұзылуына әкеледі.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1."Алматы №1 Сыра өндіру  зауытының" қызметін талдау талдау

 

    "Алматы №1 Сыра  өндіру зауыты"  ертеден жұмыс  істеп келе жатқан ,сыра өндіруге  мамандандырылған кәсіпорындардың     бірі     болып        табылады. Алкогольді сусындармен  бірге     алкогольсіз         сусындарды        өндірумен  айналысады.

     Кәсіпорын 1993 жылдан  бастап Акционерлік қоғам болды,   сол       кезден бастап  кәсіпорынның  техника мен    технологиясы     жаңартылды.     Құрал- жабдықтарды атақты КЫС  компаниясынан    сатып    алынған.Осы       кезден  бастап,кәсіпорын өнімдерінің сапасына  күмән болмады десек те болады.2010 жылы зауыттың бродильді лагерьлі цехы толығымен жаңартылды.     Зауытта орта есеппен 250 адам жұмыс    істейді. Бұл       көрсеткіш     жыл      мезгіліне байланысты ауытқып отырады.  Жұмысының      орта      айлық        жалақысы 25000теңгені құрап отыр.

    "Алматы №1 Сыра  өндіру зауыты"   кәсіпорынының     шығарылған     өнім көлеміне  тоқталар болсақ,жыл  сайын     зауыттың     өнім      көлемінің      өсу тенденциясы  байқалады.Мұның себебі, кәсіпорын   өнімі      сапа       жағынан алғанда, басқа да кәсіпорындармен  салыстырғанда бірде- бір кем  емес    және бағасы тұтынушылар  үшін оптималды болып келеді. Сонымен   қатар      жыл сайын халқымыздың саны  өсуде,мүның    өзі      маңызды      фактор      болып табылады.

     Бәсекелік нарықтағы  сыра  өндіруші      "Алматы        №1     Сыра     өндіру  зауытының"  техника -экономикалық  талдауын жүргіздік.

     Жоғарыда айтып     кеткеніміздей,        кәсіпорында        құрал  - жабдықтар жаңартылды,нәтижесінде  негізгі қордың орташа құны  салмақты сома болды.

Бұл қор сыйымдылығы , қор қайтарымдылығы және   қормен       жарақтануға тікелей әсер ететінін білеміз.

    Төменде көрсетілген  кестеде кәсіпорынның қаржылық  талдауын   екі   жыл бойынша  жүргіздік. Талдау нәтижесінде  көптеген мәліметтерді     анықтадық.

 

 

    Кесте-3.  Кәсіпорынның техника -   экономикалық көрсеткіштері.

Көрсеткіштер

өлшем

бірлігі

2009

жыл

2010

жыл

Ауытқуы

%-бен

1.

Өнім өткізуден түскен табыс

Мың тг

1182644

470392

-712252

39

2.

Өткізілген өнімнің өзіндік  құны

мың тг

394542

155227

-239315

39

3.

Жалпы табыс

мың тг

788102

315165

-472937

39

4.

Кезең шығындары

мың тг

755822

264372

-491455

34

5.

Негізгі қызметтен түскен табыс

мың тг

32280

50793

18513

157

6.

Негізгі емес қызметтен түскен

табыс

мың г

596

-1155

559

193

7.

Салық салуға дейінгі қызметтен

түскен  табыс

мың тг

35871

49638

19077

158

8.

Корпаративтік табыс салық бойынша

шығыстар

мың тг

9861

9526

-3335

93

9.

Таза табыс

мың тг

23010

40112

+17102

174

10.

Негізгі қордың орташа құны

мың тг

834204

114118

307683

136

11.

Қор сыйымдылығы

мың тг

0,70

2,42

+2,35

35

12.

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны

мың тг

250

300

+50

120

13.

Еңбекақы қоры

мың тг

81276

82404

+116440

101

14.

Орташа жылдық еңбекақы

мың тг

325104

274680

-50424

64

15.

Орташа айлық еңбекақы

мың тг

27092

22880

-4202

81

16.

Сату көлемінің табыстылығы

мыңтг

0,66

0,67

+0,1

101

17.

Қор қайтарымдылығы

мың тг

1,41

0,41

-1

95

18.

Қормен жарақтану

мың тг

3336,8

3806,2

+4694

95

19.

Айналым коэффициенті 

 

2,30

0,66

-1064  

43

20.

Сатылған өнімнің 1тг шаққандағы

шығындары

мың тг

1,97

0,89

-0,08

91,8

21.

Өндіріс пайдалылығы

%

1,9

8,5

6,6

4,5есе

Информация о работе Кәсіпорын тәуекелін бағалау