Кәсіпкерлік қызметтегі бәсекенің мазмұны мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Июля 2013 в 20:18, реферат

Краткое описание

1. Кәсіпкерлік қызметтегі бәсекенің мазмұны мен түрлері
2. Кәсіпкерліктегі монополиялық бәсекенің ролі
3. Кәсіпкерлік қызметтегі монополияға қарсы реттеушілік және адал емес бәсекеге қарсы әрекеттер
4. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру шарттары мен жолдары

Прикрепленные файлы: 1 файл

7-ТЕМА КАЗ.doc

— 230.50 Кб (Скачать документ)

ҚР антимонопольдық  заңдылықтар “Бәсекені дамыту мен монополиялық қызметті шектеу турасында” Қаз КСР-ң Заңы (11 маусым 1991ж);  "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" Қаз КСР-ң Заңы (5 маусым 1991г), "Адал емес бәсеке туралы" ҚРЗ (9 маусым 1998ж. N 232-1);  "Табиғи монополия туралы" ҚРЗ (от 9 июля 1998 г. N 272-1). Бұл заңдар монополиялық қызметтердің ұштасуы мен шектеуін, және адал емес бәсекені айқындайды және де тауар нарықтарының қалыптасып, тиімді қызмет атқаруын қамтамасыз етуге бағытталған.

Тауар нарықтарын және бәсекені дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу үшін табиғи монополияларды реттеу мен бәсекені қорғау бойынша ҚР Агенттігі құрылған.

"Адал  емес (жозықсыз) бәсеке туралы" ҚР Заңы адал емес бәсеке болып табылатын, іс-әрекетті анықтайды, адал емес бәсекені болдырмау жолын қарастырады, сонымен қатар адал емес бәмекелік іс-әрекеттерге жауапкершілікті бекітеді.

  • "Табиғи монополия туралы" ҚР Заңы Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялардың қызметін реттейді және де тұтынушылар мүддесін және табиғи монополиялар субъектілерінің мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Төмендегі сызбада  бәсекені дамыту мен монополиялық қызметті реттеушілікпен сипатталатын заңнамалық негіздер көрсетілген (кесте 2).

Кесте 2 – Бәсекені дамыту мен монополиялық қызметті реттеушілікпен сипатталатын заңнамалық негіздер

 

Заң атауы

Сипаттамасы

Қабылданған жылы

Деңгейі

1

Шерманның монополияға қарсы  Заңы

“трестық  формадағы және басқа да формадағы  қандайда болмасын өзара шарттар  мен бірлестіктер құруға, сонымен  қатар, шет елдік мемлекеттер немесе штаттар арасында сауданы шектеуге бағытталған құпия мәмілелердің” болмауын сипаттайды

1890 жыл

Халықаралық

2

Клейтон заңы

  • баға саясаты бойынша дискриминацияның барлық формасына шектеу қойылды;
  • тауардың қосымша ассортиментін мәжбүрлеу арқылы сатып, өткізуге тиым салу;
  • егерде бәсекелестердің акцияларын иемдену арқылы фирмалардың бірігуі, бәсекелестік күресті азайтататын болса, шектеу қойылады;
  • әртүрлі фирмалардың директорлар кеңесінде және іскерлік кәсіпорындарда лауазымдық қызметтерді қоса атқаруға шек қойылады

1914 жыл

Халықаралық

3

Шерман заңы

Заңды түрде  тек қана көлденең, тік, және конгломеративтік бірігулерге (мысалы, мұнай компаниялары және бөлшек саудалық дүкендер) тиым салынды.

19ғ. екінші  жартысының басы

Халықаралық

4

Селлер заңы

Қазіргі алдынғы  қатарлы экономистер, нарықтың шоғырлануы туралы жағымсыз көзқарасты толығымен  құптамай, оның кейбір оң ерекшеліктерін алдыға тартты.  Компанияның бірігуі, өндірістік шығындарды қысқартады және өндірістің тиімділігін жоғарлатуға  себеп болады. Компанияның бірігуі бүгінгі таңда, акция пакеттерін иемдену арқылы сол компаниялардың басқару жұмыстарына араласа алады. Кейбір жағдайда, ұлттық компаниялардың әлемдік нарықта бәсекеқабілеттілігін арттырады.

1950 жыл

Халықаралық

5

“Бәсекені дамыту мен монополиялық қызметті шектеу турасында” Қаз КСР-ң Заңы

Бәсекені дамыту және монополиялық қызметті реттеу

11.06.1991 ж

Республикалық

6

"Тұтынушылар  құқығын қорғау туралы" Қаз  КСР-ң

Тұтынушылар құқығын  қорғау мақсатында бәсекені дамыту және монополияға қарсы реттеушілік

05.06.1991ж

Республикалық

7

"Адал емес  бәсеке туралы" ҚРЗ

адал емес бәсеке болып табылатын, іс-әрекетті анықтайды, адал емес бәсекені болдырмау жолын  қарастырады, сонымен қатар адал емес бәмекелік іс-әрекеттерге жауапкершілікті  бекітеді.

09.06.1998ж.

Республикалық

8

"Табиғи монополия туралы" ҚРЗ

Қазақстан Республикасындағы  табиғи монополиялардың қызметін реттейді және де тұтынушылар мүддесін және табиғи монополиялар субъектілерінің  мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған.

09.07.1998ж.

Республикалық


 

 

4. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін  жоғарлату

 

Бәсекеге қабілетті  кәсіпорынды құру үшін тек қана өндіріс  пен басқаруды жаңартып қоймай, қандай мақсатқа қол жеткізу керек екендігі айқындалуы қажет. Келесі негізді ұстану керек: бәсекелестік күресте өздерінің артықшылықтарын анықтап, оны тиімді және жылдам қолдану керек. Өндіріс пен басқаруға жұмсалатын барлық күштер, сол кәсіпорынның өзі мен оның өнімдерінің әлеуетті және нақты бәсекелестер өнімдерінен табысты түрде айрықшалайтын бағытта болу керек.

Көптеген алдынғы  қатарлы компаниялар, өздерінің  салыстырмалы артықшылықтарын ұрандар, ережелер ретінде қолданып, сол ережелерді барлық жұмысшылардың ұстануына  жетелейді.

Алдыңғы қатарлы компаниялар  өздерінің табыстылығына осы  жағдай арқылы қол жеткізуде. «Роллс-Ройс» бүкіл әлемге автокөліктің  “люкс” классын өндіруші ретінде бүкіл танымал, және осы автокөлік салоннан бастап қозғаушының сенімділігіне дейін қолдан жинағандықтан, барлық сапасы жағынан жоғарғы дәрежеде бағаланып, қоғамның элиталық тобына арналған болып саналады. «Феррари» өздерінің жоғарғы жылдамдығымен және де техникалық деңгейімен атақты. «Тойота» автокөліктік бизнесте заңды түрде сәнділікті ұстанатын сипатта танымал.

Кәсіпорынның  бәсекеқабілеттілігін сипаттау үшін бәсекеқабілеттіліктің төрт деңгейі мен дәрежесін бөліп қарастырамыз.

Бірінші деңгейдегі кәсіпорынның басшылық деңгейі, олардың өнімдерінің техникалық деңгейі мен конструкциясы әдеттегідей емес, ең жоқ дегенде, өздерінің бәсекелестерінің өнімдеріне қарағанда жағымды өзгерістер бар, ал олардың өткізушілік бөлімшелері мен маркетинг бөлімшелері тұтынушыларға жарнамада көрсетіліп, таныстырған тауарды тез арада ұсынатындай қуаттылықты иемденуі қажет. 

Бәсекенің екінші деңгейіндегі кәсіпорындар өздерінің компанияларын бәсекелестерінің деңгейіне өндірісті ұйымдастыру әдістері, мен техникалық әдістемелері мен технологияларды жалға алу негізінде қол жеткізуге ұмтылады. Олар бәсекелестері қолданылатын шикізаттар мен материалдар көздерін меңгереді, бәсекелесуші фирмалардан мамандарды жұмысқа тартады.

Осы талаптарды орындайтын компаниялар, бәсекеқабілеттіліктің үшінші деңгейіне жақындайды. Мұндай компанияларда, басқару деңгейінің жүйесі олардың дамуы мен жетілуіне белсенді түрде әсер етеді. Бәсекелестік күрестегі сәттілік, басқару фнукциясының бір бөлігі ретінде қарастырылып, басқарудың тиімділігі мен өндірісті ұйымдастырудың  сапасына байланысты болуы мүмкін.

Бәсекеқабілеттіліктің төртінші деңгейіндегі компаниялар, өз бәсекелестерінен қаншама жылдар алдыға озық кетеді. Осы жағдай, кәсіпорынның нарықтағы перспективалық сәттілігін, табыстылығын қамтамасыз етеді және де бәсекелестерден ұзақ мерзімді басымдылыққа көшуге себеп болады, өйткені мұндай компаниялар бәсекелестерінің іс-әрекеттерін көшіріп қана қоймай, сонымен қатар, осы бәсекелестердегі қатаң стандарттардан да басым түсуге ұмтылады. Мұндай компаниялар әлемдік класстағы болып саналады. Мұндай компаниялар, бәсекелестерге қарағанда жоғарғы дәрежеде рентабелді болып табылады.


 

 




 


 

 

 


 

 

 

Сурет 3 – Әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті

          компаниялардың негізгі белгілері

 

 

ҚОЛДАНУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Сабден О.С., Токсанова А.Н. Управление малым предпринимательством: вопросы теории и практики. – Астана: Елорда, 2001.-308 с
  2. Токсанова А.Н. Основы предпринимательской деятельности. – Астана, 2007.-480 с. 
  3. Бизнес в стиле KAZ. Под редакцией Мади Нусупбаева и Ерлана Сейтимова. Алматы, Издательство «ПрессАТАше», 2005, 400с.
  4. Хейг М. Выдающиеся брэнды. – Ростов н/Д: Феникс, 2006.-368с.
  5. Предпринимательство в РК. Сборник нормативных актов. – Алматы: ЮРИСТ, 2002-245с.
  6. Хозяйствующие субъекты в РК: Сборник законодательных актов. – Алматы: ЮРИСТ, 2002.-131 с.
  7. Лапуста М.Г., Поршнев А.Г. и др.  Предпринимательство. М.: ИНФРА-М, 2001. - 448с.
  8. Пелих А.С., Чумаков А.А. и др.  Организация предпринимательской деятельности.  Ростов-на-Дону, Издательский центр "МарТ", 2002. - 335с.
  9. Бусыгин А.В. Предпринимательство. Основной курс. М: ИНФРА-М, 1997. - 607с.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Постижение бизнеса: пер. с англ. –Толъятти: «Издательский дом ДОВГАНЬ», 1996.-928 стр.
  2. Осипов М.Ю. Основы предпринимательского дела. - М.: Век, 1996.
  3. Основы предпринимательской деятельности: экономическая теория. Маркетинг. / Под. редакцией Власовой В.М. - М.: "Финансы и статистика", 1996.
  4. "Адал емес бәсеке туралы" ҚРЗ (9 маусым 1998ж. N 232-1). www.zakon.kz;
  5. "Табиғи монополия туралы" ҚРЗ (от 9 июля 1998 г. N 272-1). www.zakon.kz.

 

 

 

7 Тақырып:  КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК

 

Сабақ жоспары:

Студенттердің қатысушылығын түгендеу – 2 минут

1. Кәсіпкерлік  қызметтегі бәсекенің мазмұны мен түрлері (23 минут)

2. Кәсіпкерліктегі   монополиялық бәсекенің ролі (20 минут)

3. Кәсіпкерлік  қызметтегі монополияға қарсы  реттеушілік және адал емес  бәсекеге қарсы әрекеттер(20 минут)

4. Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігін арттыру шарттары мен жолдары (20 минут)

Қосымша – 15 минут

Сабақ мақсаты – кәсіпкерлік қызметтегі бәсекенің (бәсекелестіктің, бәсекеге қабілеттіліктің) маңыздылығы, ерекшелігі, түрлері мен басқа факторлық негіздерін айқындау, жүйелеу.

Сабақ міндеті – студенттердің бойында осы тақырып, яғни кәсіпкерліктегі бәсеке бойынша мазмұнды, негізді түсініктерді қалыптастыру.

Қолданылатын  тәсілдемелер – тақырыпқа байланысты шет елдік, ресейлік, отандық әдебиет көздеріндегі материалдарды қолдана отырып, өзіндік факторлық және жүйелік, салыстырмалы, жағдайлық талдау әдістері.

Алынатын нәтиже – студенттердің осы тақырыпқа қатысты түсініктерін түбегейлі қалыптастыру, кәсіпкерлік қызметтегі бәсекенің маңыздылықтарын өздерінше бағалай алуына қол жеткізу. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

 

“ФУДМАСТЕР” КОМПАНИЯСЫНЫҢ

 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ  ҚҰПИЯСЫ

 

  1. Қазақстанда сүт өндірісін қолға алып, арттыру және тұрғындарды осы өнім өндірісімен жоғарғы деңгейде қамтамасыз ету.
  2. Қазіргі заманғы кадрлық саясатты ұстану.

 Компанияның  құнды әрі қозғаушы күші –  “адамдар”: АҚШ, Ресей, Франция, Германия, Польша мемлекеттерінен арнайы мамандар келіп, тәжірибелерімен бөлісіп оқытуда. Жыл сайын 20-25 қызметкер осы шет мемлекеттерде біліктіліктерін жоғарлатуда. Осы саладағы ұран – “кәсіби жетілу және белсенділік, арақатынастағы ашықтылық пен жариялылық, шынайылық, лайықты әрі дер кезіндегі еңбекақыға құқықтылыққа” негізделген адамдарға сену мен тұлғалық қасиетін жоғары ұстанушылыққа бағытталған демократиялық басқару.

  1. Сапа.

Үнемі жоғарғы  сапа мен дағдылы тартымды дәмді  өнімдер “ФудМастер” компаниясының бәсекелік артықшылығын айқындайтын тұтынушылар алдындағы визиткалық карточкасы. Есік қаласында 2001 жылы екі жылдың ішінде 2,6 млн доллар қаражатына жаңартылған зауыт салынды. Қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген осы зауыт - 2002 жылы ISO 9001-2000 стандартына сай сертификатты иемденді.

  1. Жаңа өнімдер және жаңа нарықтар.

Белсенді  қорғанушылықпен шабуылға ауысу стратегиясын қолдана отырып, компания жаңа өнімдермен тұтынушылардың жаңа қажеттіліктерін қамтамасыз етуде. Tetra-top қорабы ішіне өнім толтырылғаннан кейін, арнайы машинаның жабық вакумдық кеңістігінде түйінделеді. Өнімнің өзі ешқандай қосалқы өңдеулерге ұшырамай, машина ішіндегі кеңістік арнайы тәсілдермен залалсыздандырылады. Бұл жағдайда, өнім ашық ауамен ешқандай қатынаста болмайды. Нәтижесінде сақталу мерзімі бұрынғы 7 күннен 21 күнге ұзарды. Бұл қорапты ашып қайта қораптау оңай жүргізіледі. Жаңа қораптың арқасында 600-1000 шақырым қашықтықтағы елді мекендерге жабдықтау жүргізілді: Тараз, Шымкент, Байқоңыр, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Өскемен нарықтары жауланып алынуда. Емдік-профилактикалық өнімдер – лактулоза қосылған Lakta+ сүт өнімі. Кремери, Страдивариға қоса ФудМастер және балмұздақтың жаңа 10 түрі.

  1. Шикізат.

Алматы облысында 2002 жылы сүт-тауарлық фермасы сатып алынды;  Осы фермада күніне 5000 литр сүт сауылуда. Қырғыз елінен Нарынқолға дейінгі өңірлерден табиғи шикізат өнімі тасымалданады. Алматы және басқа да облыстардағы ауылдық мекендерде “Альфа-Лаваль” сүт танкаларының 72 данасымен жабдықталған сүт қабылдаушы  пункттер ашылды.

 

“ФУДМАСТЕР” КОМПАНИЯСЫ ТУРАСЫНДА  ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

::

:

:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 1 - Бәсекенің  жетілгендік дәрежесі бойынша түрлері

 

Атауы

Сатушылардың  саны мен сипаттамасы

Өнім  сипаттамасы

Бағаны бақылау

Нарыққа шығу шарты

Нарықтық ортаның  қолайлығы

Өнімді өткізу әдістері

Жетілген  бәсеке

Биржалық  тауарлар(металдар, ағаш өнімдері, мейрамханалар,)

Азғантай көпсанды

Бірдей тұтынушылық  қасиеттегі ұқсасатау

Жоқ

Ешқандай қиындық  жоқ

Барлық түрлеріне бірдей қолайлылық

Нарықтық айырбас  және биржалық сауда

Жетілмеген  бәсеке

           

Монополиялық  бәсеке (дүкендер, базар тауарлары, сүт, ет, нан өнімдері)

Ұсақ, көп санды

Әжептәуір  ұқсас 

Кейбір уақытта

Ешқандай қиындық  жоқ

Кейбір шектеулер

Жарнама, сапа және баға

Олигополия (рамстор, цум, абзал немесе технодом, сулпак, электроника)

Азғантай сан, о.і., ірі

Бірыңғай немесе әртүрлі

Маңызды емес

Жекелеген кедергілер

Кейбір шектеулер

Жарнама, сапа және баға

Монополия (Қарағанды жылу, ҚТЖ, Қазақтелеком, Майкрасофт)

Біреу

Ерекше 

Маңызды

Қиын жолмен өтелетін барьерлер

Елеулі шектеулер

Тікелей байланыстар

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтегі бәсекенің мазмұны мен түрлері