Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Июля 2013 в 20:18, реферат
1. Кәсіпкерлік қызметтегі бәсекенің мазмұны мен түрлері
2. Кәсіпкерліктегі монополиялық бәсекенің ролі
3. Кәсіпкерлік қызметтегі монополияға қарсы реттеушілік және адал емес бәсекеге қарсы әрекеттер
4. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру шарттары мен жолдары
7 Тақырып: КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК
1. Кәсіпкерлік қызметтегі бәсекенің мазмұны мен түрлері
2. Кәсіпкерліктегі монополиялық бәсекенің ролі
3. Кәсіпкерлік қызметтегі монополияға қарсы реттеушілік және адал емес бәсекеге қарсы әрекеттер
4. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру шарттары мен жолдары
1. Кәсіпкерлік қызметтегі
“Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру ” стратегиясының негізіне ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен Қазақстанның халықаралық рыноктарға шығуы үшін өңірлік және жаһандық экономикаының артықышылықтарын пайдалану алынған”.
Елбасының 2006 жылдың 1-ші наурызындағы “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру ” стратегиясы халыққа жолдауының бесінші міндетіне сай бәсекелестікті дамыту кәсіпкерлікті дамыту үшін басымдыққа айналуы тиіс. Осыған орай әлемдік нарықта отандық тауарлар мен қызметтер өндірудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігі айқындалуда.
Жоғарыда аталған маңыздылыққа орай, кез келген эономиканың табысты қызмет етуі үшін, ерікті нарық үшін негізгі белгісі болып бәсеке саналатын айта кеткен жөн.
Экономикалық әдебиеттерде
Нарықтағы тұтынушылар сандарына және де олардың тауар бағасына әсер ету мүмкіншілігіне байланысты бәсекені жетілген және жетілмеген деп айырып қарастыруға болады (1-ші кестеге назар аударайық).
Кесте 1 - Бәсекенің жетілгендік дәрежесі бойынша түрлері
Атауы |
Сатушылардың саны мен сипаттамасы |
Өнім сипаттамасы |
Бағаны бақылау |
Нарыққа шығу шарты |
Нарықтық ортаның қолайлығы |
Өнімді өткізу әдістері |
Жетілген бәсеке Биржалық тауарлар (металдар, ағаш өнімдері, мейрамханалар,) |
Азғантай көпсанды |
Бірдей тұтынушылық қасиеттегі ұқсас атау |
Жоқ |
Ешқандай қиындық жоқ |
Барлық түрлеріне бірдей қолайлылық |
Нарықтық айырбас және биржалық сауда |
Жетілмеген бәсеке |
||||||
Монополиялық бәсеке (дүкендер, базар тауарлары, сүт, ет, нан өнімдері) |
Ұсақ, көп санды |
Әжептәуір ұқсас |
Кейбір уақытта |
Ешқандай қиындық жоқ |
Кейбір шектеулер |
Жарнама, сапа және баға |
Олигополия (рамстор, цум, абзал немесе технодом, сулпак, электроника) |
Азғантай сан, о.і., ірі |
Бірыңғай немесе әртүрлі |
Маңызды емес |
Жекелеген кедергілер |
Кейбір шектеулер |
Жарнама, сапа және баға |
Монополия (Қарағанды жылу, ҚТЖ, Қазақтелеком, Майкрасофт) |
Біреу |
Ерекше |
Маңызды |
Қиын жолмен өтелетін барьерлер |
Елеулі шектеулер |
Тікелей байланыстар |
Жоғарыда аталғандардан басқа, кәсіпкерлік қызметтегі бәсекені субъектілердің іс-әрекеттерінің сипаттамасы бойынша кепілденуші, үйренушілік, креативтік сипатында қарастыруға болады.
Өндірушілердің
нарықтағы қол жеткізген
Үйренушілік бәсеке қарсыластардың инновациялық мүмкіншіліктерін есептеуге және қолдануға негізделген.
Креативтік бәсеке өздерінің бәсекелестеріне қарағанда қалыптасқан сұраныс және ұсыныс құрылымын өзгертумен байланысты.
Қолданылатын әдістерге
Заңдылық дәрежесіне байланысты таза(адал) және адал емес бәсеке.
Кәсіпкерлік қызметтегі бәсекенің түрлері төмендегі суретте сипатталған (Сурет 1).
Американдық маман Ф.Котлер бәсекелестерді келесі типтерге бөліп қарастырады:
Лидерлер, лидерлікке үміткерлер, жетектегілер (ведомых), жаңалар.
Ресей экономисті А. Юдасин функционалдық белгілері бойынша қазіргі заманғы биология терминдерін қолдана отырып жоғарыдағы типтерді келесідей жіктейді: виоленттер, патиенттер, эксплеренттер және коммутанттар.
Лидерлерге (виоленттерге) нарықта 40%-дан астам сату үлесін қамтитын жалпылай өндіріспен айналысатын ірі кәсіпорындарды жатқызамыз. Белгілі бір тауар өндірісі бойынша өндірістік қуаттылық жағынан басым болып, төменгі өндірістік шығындарды иемденеді және де басқа топтардан едәуір алда болып саналады. Жоғарғы емес бағада лидер көп пайданы қамтамасыз етеді. Үлкен өндіріс масштабы оларды икемсіз қылады, сәйкесінше нарықтық өзгерістерге шұғыл жауап бере алмағандықтан, олар монополистер болып саналмайды (Microsoft, ФудМастер, Арселор-Миттал, McDonald’s т.б. ірі корпорациялар).
Сурет 1 – Кәсіпкерлік қызметтегі бәсекенің түрлері
Лидерлікке үміткерлер (патиенттар) – тауардың шектелген ассортиментімен сипатталатын (сату көлемі 30%) нарықта (1-3 тауар түрлері) қызмет атқаратын мамандалған кәсіпорындар. Олар осы нарықтағы өзгерістерге икемделгендіктен табыстылыққа қол жеткізеді. Бұл топтардың монополиялық ынталылықтары жоғары және олардың арасында бәсеке өте өткір (Aplle, Yahoo, Nәtige, Nokia, Nike т.б.).
“Жетектегілер” (эксплеренттер) – ірі компаниялар жүріп, сүрлеп өткен бағыттар бойынша табыс алуды көздейтін шағын және орта кәсіпорындар. Осының арқасында олар өздерінің күштері мен қаражаттарын үнемдейді және де нарықта 20% үлеске дейін сатуды қамтамасыз етеді (Canon, МузТВ, HitTV, Umbro, Puma, Neo байланыс жүйесі, т.б.).
“Жаңалар (нарыққа жаңадан енгендер)” (коммутанттар) – ірі өндірушілер көз салмаған, назар аудармаған нарықтық қуыстарды әмбебабтық негізде меңгеріп қызмет көрсетуші ұсақ кәсіпорындар. Нарықтағы жоқ тауармен сипатталатын нарық қуыстарын өздерінің инновациялық белсенділігінің арқасында меңгеру оларға тән болып саналады. Бұл кәсіпорындар тауарды ендірудің бастапқы кезеңінде өз саласында кішігірім монополист болуына мүмкіндік береді., яғни бәсекелестік күрес болмайды. Бірақта осы салада олардың табысты қызмет етуі басқалардың көңілін аударып, бәсекелестіктің пайда болуын туындатады (СпортТВ дәмханалары, ескі тауарларды сату не жөндеу орталықтары, ескі қару-жарақ дүкендері, шиномонтаж орталықтары қызмет көрсету салалары к/о).
Сурет 2 – Бәсекелестіктің типтері
Жоғарғы сызбада американдық маман Ф. Котлер мен ресейлік маман А. Юдасинның кәсіпкерліктегі бәсекелестік типтері сипатталған.
2. Кәсіпкерліктегі монополиялық бәсекенің ролі
Монополиялық бәсеке өзінің мағынасы жағынан жетілген бәсекеге жақын. Оның ерекшелігі жекелеген сатушылардың өнімдері басқа сатушылардың ұқсас өнімдері мен қызметтеріне қарағанда ерекшеленеді. Олардың әрқайсысы өздерінің тауарларына бағалық бақылауды жүргізеді, өздерінің сегментінің сатушыларына белгілі бір ықпалын тигізеді және де өз кезегінде олардың кері әсер ету іс-әрекеттерімен санасу керек. Мұндай бәсекенің қатысушылары болып әдетте ресторандар, наубайханалар, техникалық қызмет көрсету станциялары, баспалар және т.б. тиесілі.
Бәсекенің қарсысы монополия. Монополия түсінігінде өндіріс саласы және де айналым саласында да өндірістік ресурстарды иемденудің бір ерекшеліктері қарастырылады. Монополия максималды пайда алу мақсатында белгілі бір өнімді өткізу мен өндірісін шоғырландыру негізінде пайда болған ірі бірлестіктерді сипаттайды.
Монополиялық
қатынастардың болуы шаруашылық
субъектілердің олардың өндірістік
және коммерциялық қызметіндегі тең
құқықтылықтың болмауы
Экономикадағы монополизм жағдайында бәсекелестік күрестің нәтижесінде басқа шаруашылық субъектілеріне және қоғамға біртіндеп қысым көрсететін қуаттылығы күштірек, экономикалық тиімді және рентабелді кәсіпкерлік қызметпен айналысатын фирмалар айқындалады., өз кезегінде бәсекенің әрі қарай ширығуына байланысты ондай қысым күшейе түседі.
Монополияның сипаттамалары:
Монополиялық бәсеке өндірушілердің азғантай бөлігі бір-біріне ұқсас, бірақта бірдей емес тауарды ұсынатын нарықтық жағдайды сипаттайды. Әр фирма өз нарығының азғантай үлесін қамтиды, сондықтанда нарықтық бағаларға ықпал ету мүмкіншілігі шектелген. Фирмалардың бірқатар көптілігі олардың арасында өнім өндірісін шектей отырып бағаны жоғарлату бойынша құпия келісімділік орнатуы мүмкін емес. Фирмалардың көптігі олардың бір біріне еш тәуелсіздігін айқындап, өз алдына жеке саясат ұстануын танытады.
Монополиялық бәсекенің белгілерінің бірі болып өнім (саралануы) дифференциясы саналады. Өнім өзінің физикалық және сапалық параметрлері бойынша ерекшеленеді. Өзіне функционалдық ерекшеліктер, материалдар және дизайнды және де жұмыс сапасын енгізетін «шынайы» ерекшеліктер, осы дифференцияның маңызды жақтары болып табылады. Дербес компьютерлер қуаттылық, бағдарламалық қамтамасыз ету, сызбалық таңдау және де “тұтынушыларға бағдарлану” тұрғысынан айрықшалануы мүмкін.
Өнімді сатумен байланысты қызметтер
мен шарттар, олардың саралануының
маңызды аспектілері болып
Өнімдер олардың қолайлығы мен
орналасуы бойынша саралануы
мүмкін. Кішігірім дүкендер ірі сауда
орталықтарына қарағанда
Өнімнің саралануы жарнама, қораптану және сауда белгілері мен маркаларын қолдану арқылы айырмашылықты иемденуі мүмкін. Мысалға: иіс су мен спорттық киімдер атақты атаулармен байланысты болса, ол сатып алушылар тарапынан болатын сұранысқа әсер етуі мүмкін.
Монополиялық бәсеке шартында экономикалық тайталастық тек қана баға емес, сонымен қатар, бағалық емес факторларға сүйенеді (сапа, жарнама, өткізу шарты).
Монополиялық бәсекелі салаға ену салыстырмалы түрде жеңіл. Монополиялық бәсеке шартындағы өндірушілер көлемі шамасынан аса үлкен емес болғандықтан қажет капиталдың шамасы да үлкен емес.
Осындай
жолмен, монополиялық бәсеке түсінігіне
біршама фирма саны ішінен сараланған
өнімдер өндірісінде өзара
3. Кәсіпкерлік қызметтегі монополияға қарсы реттеушілік және адал емес бәсекеге қарсы әрекеттер
Кәсіпкерлердің қызметін антимонополдік реттеу нарықтық экономикалы елдердің бірқатарында іске асырылады. АҚШ-да 1890 жылдардан бастап Шерманның монополияға қарсы Заңы қызмет атқаруда. Осы заң “трестық формадағы және басқа да формадағы қандайда болмасын өзара шарттар мен бірлестіктер құруға, сонымен қатар, шет елдік мемлекеттер немесе штаттар арасында сауданы шектеуге бағытталған құпия мәмілелердің” болмауын сипаттайды..
1914 жылы Клейтон заңы қабылданды, олардың негізгі жағдайы келесідей:
Қабылданған заңдар келесі сауалдарды қарастырады: бағаны тіркеу, фирмалар мен кәсіпорындардың бірігуі және де осы саладағы шектеулер, баға дискриминациясы.
Фирмалардың бірігуіне бақылау Шерман заңына және оған түзетулер 1950 жылы қабылданаған Селлер заңы арқылы орындалады. Заңды түрде тек қана көлденең, тік, және конгломеративтік бірігулерге (мысалы, мұнай компаниялары және бөлшек саудалық дүкендер) тиым салынды. Селлер заңы бүгінгі күнге дейін өз күшін жоймасада, АҚШ үкіметі өткен ғасырдың 50-60 жылдарына қарағанда бірқатар жеңілдіктер енгізілді. Қазіргі алдынғы қатарлы экономистер, нарықтың шоғырлануы туралы жағымсыз көзқарасты толығымен құптамай, оның кейбір оң ерекшеліктерін алдыға тартты. Компанияның бірігуі, өндірістік шығындарды қысқартады және өндірістің тиімділігін жоғарлатуға себеп болады. Компанияның бірігуі бүгінгі таңда, акция пакеттерін иемдену арқылы сол компаниялардың басқару жұмыстарына араласа алады. Кейбір жағдайда, ұлттық компаниялардың әлемдік нарықта бәсекеқабілеттілігін арттырады.
Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтегі бәсекенің мазмұны мен түрлері