Халықаралық қауіпсіздікті сақтау және халықаралық ұйымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 21:13, реферат

Краткое описание

Халықаралық қатынастарда халықаралық ұйымдар маңызды орын алады. Қазіргі кезеңде үш мыңдай халқаралық ұйымдар бар. Бұрынғы кеңестік елдер ішінде, КСРО ның ісін жалғастырушы мемлекет ретінде Ресей, басқаларымен салыстырғанда ең көп 500 ден астам ұйымдар жұмысына қатысады.
Мемлекетаралық халықаралық ұйымдарға үкімет тағайындаған ресми өкілдер мен мүше мемлекеттер делегациясы қатысады.
Мемлекеттік емес халықаралық ұйымдарды ұлттық топтар, одақтар, ассоциациялар мен жекеленген тұлғалар құрайды.
Барлық ұйымдардың өз уставы, халықаралық статусы болуымен қатар, олар ашық түрде жұмыс істеуге тиіс. (Мысалы, Невада Семей т.б) халықаралық ұйымдарды төмендегідей түрде классификациялауға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Междунар безоп лек.doc

— 292.00 Кб (Скачать документ)
  1. Халықаралық қауіпсіздікті сақтау және халықаралық ұйымдар

 

1. 1 Халықаралық қауіпсіздікті сақтаудағы халықаралық ұйымдардың орыны мен ролі.

 

Халықаралық қатынастарда халықаралық ұйымдар маңызды  орын алады. Қазіргі кезеңде үш мыңдай халқаралық ұйымдар бар. Бұрынғы кеңестік елдер ішінде, КСРО ның ісін жалғастырушы мемлекет ретінде Ресей, басқаларымен салыстырғанда ең көп 500 ден астам ұйымдар жұмысына қатысады.

Мемлекетаралық  халықаралық ұйымдарға үкімет тағайындаған ресми өкілдер мен мүше мемлекеттер делегациясы қатысады.

Мемлекеттік емес халықаралық ұйымдарды ұлттық топтар, одақтар, ассоциациялар мен жекеленген тұлғалар құрайды.

Барлық ұйымдардың өз уставы, халықаралық статусы болуымен қатар, олар ашық түрде жұмыс істеуге  тиіс. (Мысалы, Невада Семей т.б) халықаралық ұйымдарды төмендегідей түрде классификациялауға болады.

1.1.1 Дүниежүзілік және аймақтық үкіметтік ұйымдар:

Біріккен Ұлттар Ұйымы;

Европадағы  қауіпсіздік және ынтымақтастық  ұйымы;

Европалық Одақ;

Америка мемлекеттері Ұйымы (АМҰ);

Араб мемлекеттері Лигасы (АМЛ);

Тәуелсіз мемлекеттер  Достастығы (ТМД),

 

1.1.2 Дүниежүзілік және аймақтық үкіметтік емес ұйымдар:

Бүкіләлемдік  бейбітшілік Кеңесі;

Бүкіләлемдік  еңбек Конфедерациясы;

Европарламент;

Отыздық тобы;

Халықаралық Қызыл Крест;

Халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК);

Халықаралық спорттық Ұйымдар (ФИФА, ФИДЕ және т.б.)

 

1.1.3 Әскери саяси ұйымдар:

Солтүстікатлантика  пактісі (НАТО);

Азия-Тынық мұхит кеңесі (АЗПАК);

Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері Ассоциациясы;

 

1.1.4 Экономикалық және қаржылық Ұйымдар:

Европалық экономикалық қауымдастық (ЕЭС, «Ортақ рынок» елдері)

Халықаралық валюталық  Қор (МВФ);

Бүкіләлемдік  сауда ұйымы (ВТО);

Халықаралық қайта  құру және даму Банкі (МБРР);

Мұнай экспорттаушы елдер Ұйымы (Организация стран  эспортеров нефти ОПЕК);

Париж клубы және т.б.

 

1.1.5 Мемлекеттік емес топтар мен клубтар:

  • Бильдерберг клубы; (Саясат, бизнес пен банк ісінің танымал тұлғаларының, барлығы 383 адамның, үштен бірі 128 і - американдықтар, ал қалғандары европалықтар мен азиялықтар);
  • Рим клубы итальяндық өнеркәсіп маманы Аурелио Печчеи өзі алғашқы президенті болып 1968 жылы 6-7 сәуірде ғылым жөніндегі бас директорАлександр Кингпен құрған қоғамдық ұйым. Әлемнің саяси, қаржылық, мәдени және ғылыми элитасы өкілдерін біріктіреді. Биосфераның даму келешегін зерттеді және адам мен табиғаттың үйлесімді даму идеясын насихаттады.
  • Пагуош қозғалысы және басқалары Бейбітшілік, қарусыздану, қауіпсіздік және ғылым әріптестік үшін біріккен ғалымдардың, саяси және қоғамдық қайраткерлердің халықаралық қозғалысы; ғалымдардың бейбітшілік карусызданужәне халықаралық қауіпсіздік үшін халықаралық қозғалысы.

Пагуош қозғалысы  өз атауын 1957 жылы 7-10 шілдеде американдық өнеркәсіп иесі С. Итонның қолдауымен әлемдік саясаттың маңызды мәселелері, әсіресе, ядролық соғыс қаупі туралы мәселелерді қарастырған ғалымдардың алғашқы кездесуі өткен канадалық Пагуош (Pugwash) жерінен алды.Пагуош қозғалысы қарусыздану мен қауіпсіздік саласында бірнеше маңызды халықаралық келісімдердің қабылдануына септігін тигізді: Атмосферада, ғарыштық кеңістікте, су астында ядролық қаруды сынауға тыйым салу жөніндеғі (1963), Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісім (1968), Зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу жөніндегі Келісім (1972), биологиялық (1972) және химиялық (1993) қару түрлерін шектеу жөніндегі Конвенция, Еуропадағы қарапайым қарулану жөніндегі Келісім (1993) және т.б. Пагуош қозғалысы Вьетнамдағы соғыстың аяқталуына және көптеген халықаралық қақтығыстар мен дау-жанжалдарды шешуге септігін тигізді.

1.1.6 Біріккен Ұлттар Ұйымы

Халықаралық саясаттағы ықпалды ірі субъектілер халықаралық  ұйымдар ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы 1945 жылы 26 маусымда екінші дүниежүзілік соғыста женген мемлекеттер қатысуымен Сан Францискода құрылды.

БҰҰ негізгі мақсаты:

  • Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;
  • Халықтардың өзін өзі билеуі мен тең құқықтығы принципі негізінде ұлттар арасындағы достық қарым қатынастарды дамыту;
  • Экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтасуды жүзеге асыру;
  • Жалпы ортақ мақсаттарға жетуде ұлттардың іс әрекетін үйлестіруде орталық болу;

Өз  қызметінде БҰҰ төмендегі принциптерді басшылыққа алады:

  • Ұйымның барлық мүшелерінің егеменді мен теңдігі;
  • Уставқа сәйкес өз еркімен қабылдаған міндеттерін адал орындау,
  • Барлық талас тудырған мәселелерді бейбіт жолмен шешу;
  • БҰҰ барлық мүшелерінің күшпен қауіп төндіру мен оны қолданудан бас тарту;
  • Ұйымның іс әрекетіне мүмкіндігінше көмек көрсету мен ықпал жасау және БҰҰ мәжбүрлеу сипатындағы немесе қарсы шара қолданған мемлекеттерді қолдамау және көмек көрсетпеу;
  • Ешбір мемлекеттің ішкі ісіне араласпау;

Ұйымның  Уставын  мойындайтын және орындайтын кез  келген мемлекет БҰҰ ның мүшесі бола алады. 90-шы жылдардың соңында 200  ден астам мемлекет мүшесі болды.

БҰҰ негізгі органдары болып саналады:

  • Бас Ассамблея Ұйымның барлық мүшелерінен тұрады, әрбір мемлекеттің бестен астам өкілі бар. Бас Ассамблея жыл сайын сессияға шақырады.
  • Қауіпсіздік кеңесі. Устав бойынша 15 мүшесі бар, олардың ішінде, Қытай, Ресей, Франция, Англия және АҚШ тұрақты мүшесі бола отырып «вета» құқын иеленген. Басқа қатысушы мемлекеттер екі жылға сайланады.

Қазіргі уақытта Қауіпсіздік Кеңесінің  тұрақты және сайланбалы мүшелері қатарын ұлғайту процессі жүруде.

1. Экономикалық және әлеуметтік Кеңес. Бас Ассамблеяда үш жылға сайланады және БҰҰ 54 мүшесінен тұрады. Кеңес экономикалық және әлеуметтік проблемаларды зерттейді, осы проблемалар бойынша Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесіне ұсыныстар мен пікір дайындайды.

2. Қамқорлық кеңесі. Өзін өзі билеуге толық ие бола алмаған территорияда тұратын халықтарының жағдайы жөнінде зерттеп, Қауіпсіздік Кеңесіне ақпарат пен ұсыныс береді.

3. Халықаралық Сот. Құрамында 15 мүшесі бар тәуелсіз соттар коллегиясынан тұрады. Оның құрамында бір мемлекеттен екі адамның болуға тиіс емес. Соттарды Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесі 9 жыл мерзімге сайлайды.

4. Хатшылық. Бас секретарь мен қажетті қызметкерлерден тұрады. 1997  жылдан бастап ұзақ уақыт Ганада туған Кофи Аннан болса, кейін оны ауыстырды. Бас секретарь БҰҰ басты әкімшілік қызметтік тұлға болып саналады.

БҰҰ құрылымында 16 арнайы мекеме мен көптеген қосымша органдар, комитеттер және комиссиялар бар. Олардың ішіндегі неғұрлым маңыздылары:

  • Білім, ғылым және мәдениет мәселесі бойынша БҰҰ ұйымы (ЮНЕСКО);
  • Өнеркәсіпті дамыту мәселесі бойынша БҰҰ ұйымы.
  • Экономикалық комиссия. Европалық экономикалық комиссия (ЕЭК), Азия мен Тынық мұхит аймағындағы экономикалық және әлеуметтік комиссия (ЭСКАТО); Латын Америкасындағы экономикалық комиссия (ЛАЭК), Африкадағы экономикалық комиссия (АЭК);
  • Даму мен сауда мәселесі бойынша БҰҰ конференциясы;

БҰҰ ның «көгілдір  берет» деген атаумен белгілі көп ұлтты әскери құрамалар негізінде құрылған қарулы күштері бар. Ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешімімен құрылған және халықаралық бейбітшілік пен кауіпсіздікті сақтау, қолдау мен қалпына келтіру міндетін орындайды.

1.1.7 Қосылмау қозғалысы

Қосылмау  қозғалысы 50-60 жылдары қалыптасқан дамушы елдердің ірі мемлекетаралық саяси бірлестігі, оның құрамына әскери саяси топтарға қатыспайтын 100 ден астам елдер кіреді. Қозғалысты кезінде ұзақ жылдар бойы империализмге және жаңа отаршылдық саясатқа қарсы күрес органы ретінде, Кеңес Одағы белсенді түрде қолдады. 90-шы жылдардан бастап қозғалыстың қызметі бәсеңдеді.

1.1.8 Европалық экономикалық қауымдастық  (ЕуроОдақ)

Европалық экономикалық қауымдастық – 1957 жылдары тауар, қызмет көрсету, капитал мен жұмыс күшінің ортақ рыногын жасау және қатысушы мүше мемлекеттердің экономикалық саясатын жақындастыру мақсатында құрылды.

Оның негізгі  органдары:

  • Европалық қауымдастық кеңесі
  • Еуро Одақтың министрлер Кеңесі;
  • Еуроодақ комиссиясы;
  • Еуропалық парламент;
  • Еуро Одақ Соты;
  • Экономикалық және әлеуметтік комитеттер;

ЕО  қызметіне 150 дей бақылаушы елдер қатысады.

1.1.9 Еуропарламент

Еуропарламент ЕО кеңесші орган болып саналады және соңғы жылдары ықпалы өсті неғұрлым дербестігі арта түсті. Қатысаушы мемлекеттердің құқықтық нормативті жүйесін жақындастыра түсті. Еуропарламентке сайлау қатысушы елдерде тікелей жүзеге асырылады және жалпыға бірдей. Парламент президентті, президиумды, президент көмекшісін сайлайды. Дауыс беру нәтижесінде партиялық фракциялар құрылады.

Еуропарламент қызметінің басты бағыттары:

  • ЕуроОдақ бюджетін талдауға қатысу және 30% сумма көлемінде өзгеріс енгізу немесе бюджетті тұтастай қабылдамау құқына ие болып қайта қарауға жіберуі;
  • ЕО атқарушы органдары Комиссиялар есептерін талдау;
  • ЕО министрлер Кеңесі қызметіне бақылау жасау;

1.1.10 Солтүстікатлантика Шарты Ұйымы  (НАТО)

Солтүстікатлантика Шарты Ұйымы (НАТО) ірі әскери саяси ұйым. 1949 жылы құрылды. НАТО ның басқару органдары болып саналады:

  • НАТО Кеңесі Сессиясы жоғары орган. Жылына екі рет министрлер деңгейінде өткізіледі.
  • Тұрақты Кеңес. Кеңес сессиясы аралығында өз жұмысын жүргізеді.
  • Халықаралық секретариат (хатшылық) НАТО ның Бас секретары басшылығымен күнделікті жұмыстарды жүргізеді.

НАТО әскери ұйымын әскери жоспарлау Комитеті сессиясы басқарады, оған әскери комитет пен ядролық жоспарлау комитеті бағынышты.

НАТО ның  географиялық принцип бойынша төрт негізгі бірлескен командованиясы бар.

  • Европадағы НАТО ның біріккен қарулы күштерінің жоғары командованиясы;
  • Атлантикадағы жоғары командования;
  • Ла Манш аймағындағы жоғары командования;
  • АҚШ пен Канаданың стратегиялық жоспардағы біріккен командованиясының аймақтық тобы;

Халықаралық қауіпсіздік  мәселесі мемлекеттердің халықаралық  қызметі сыртқы саясатымен байланысты. Мемлекет сыртқы саясатын жүргізу үрдісінде  экономикалық, демографиялық, әскери, ғылыми техникалық және мәдени потенциалына сүйенеді.

1.1.11 Мемлекеттің сыртқы саясаттағы  қызметінің формалары, негізгі  құралдарі мен әдістері

Мемлекеттің сыртқы саясаттағы қызметінің формалары:

  • Басқа мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнату (сонымен қатар, қарым қатынасты бәсеңдету, тоқтату, үзу және соғыс жариялау)
  • Бүкіләлемдік және аймақтық халықаралық ұйымдарда мемлекеттердің өкілдігін ашу және оларға мүше болу;
  • Достас мемлекеттердің шетелдік саяси партияларымен, қоғамдық ұйымдармен және қозғалыстармен ынтымақтасу;
  • Мемлекет дипломатиялық қатынас орнатпаған, бірақ олармен белгілі себептермен байланыс орнатуға мүдделі болып мемлекеттермен, шетелдік партиялар мен қозғалыс өкілдерімен байланыс орнату мен қолдау;

Өзінің  сыртқы саясаттағы қызметінде мемлекет төмендегідей негізгі құралдар мен  әдістер қолданады:

  • Ақпарат алмасу;
  • Әр түрлі деңгейде іс шараларды бірлесіп жүргізу, алмасу;
  • Халықаралық ұйымдарда бірлесе жұмыс жүргізу;
  • Халықаралық мәселелерде екі жақты және көп жақты шарттар мен келісімдерді дайындау мен жасау;
  • Ішінара немесе толық түрде блокада жасау, дайындау және жүзеге асыру;
  • Соғысқа дайындалу және соғыс жүргізу үшін қолайлы халықаралық жағдай қалыптастыру;

Сыртқы  саясаттағы қызметін жүзеге асыруда  мемлекеттік құрылымда арнайы органдар құрылады:

  • Сыртқы саясат мәселесі бойынша парламенттік комитет;
  • Сыртқы істер министрлігі:
  • Елшіліктер
  • Консульдық;
  • Шетелдердегі ғылыми және мәдени орталықтар;
  • Ресми және жартылайресми миссия, байланыстар мен қарым қатынастар жасау;

Халықаралық қатынас, сыртқы саясат адамдарға бейбіт өмірде азаматтардың бостандығы мен құқын сақтауға қызмет етеуге тиіс. Бірақ дүниежүзіндегі мемлекеттер халықаралық саясатта ұлттық мүдде, ұлттық қауіпсіздік категорияларды басшылыққа алатындығы өте маңызды.

Информация о работе Халықаралық қауіпсіздікті сақтау және халықаралық ұйымдар