Халықаралық қауіпсіздік мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 19:16, реферат

Краткое описание

Соғыс тайпааралық, кейіннен мемлекетаралық және сыртқы саясатты жүргізудің бір тәсілі болып табылады. Ғылыми-техникалық даму, өндіріс тәсілдерінің өзгеруі және халық тығыздығының өсуі қарулы қақтығыстарды жиілетіп, соғыс технологияларын жетілдіре түсті. Осы себепті де Ежелгі заман мен Орта ғасырлардағы соғыстарын Жаңа заман және Қазіргі заман соғыстарымен салыстыруға да келмейді. Өткен жүзжылдықтың өзінде адамзат екі дүркін соғысты бастан кешірді. Сол 30 жылға жуық уақыт әскери әрекеттер Жер бетінің 90%-н қамтып, ондаған миллион адамның өмірін әкетті.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Ежелгі заманнан Біріккен Ұлттар Ұйымына
дейінгі халықаралық қауіпсіздік: қалыптасуы және дамуы
2) Біріккен Ұлттар Ұйымы – халықаралық қауіпсіздіктің негізгі кепілдемесі
3) Жаңа халықаралық қауіпсіздік мәселелері және оларды шешу жолдары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

а.doc

— 138.50 Кб (Скачать документ)

Ұлттар Лигасы – халықаралық  қауіпсіздікке қарай үлкен қадам  болғаны даусыз. Алайда, Лига жариялаған көптеген нормалар тәжірибеден тыс  қалып жатты. Әлі де мемлекеттер  арасындағы қақтығысты жағдайлар толастамады. Ірі державалар әділетті әлем құруды көздейтіндігін құжаттарда көрсеткенімен, шын мәнінде, демократиялық қатынастар жасауға дайын да емес еді. Халықаралық қақтығыстарды шешуде соғыстан бас тарту деп белгіленген Ұлттар Лигасының негізгі мақсаты орындалмады.

Версаль жүйесін бекітуге бағытталған 1925 жылғы Локарн конференциясы  Германияның әскери-саяси қайта  жаңаруына және Франция рөлінің  төмендеуіне әкелді. Нәтижесінде  Германия Ұлттар Лигасының толыққанды мүшесі болды.

1930-шы жылдардың ортасынан  бастап саяси жағдай ушыға түсті. Әлем дүниежүзілік соғысқа бара жатты. 1932 жылғы қарусыздандыру бойынша Женева конференциясында жетекші елдердің қарусыздануға ынтасы жоқтығын байқатты.

1939 жылы 1 қыркүйектен  басталған Екінші дүниежүзілік  соғыс үлкен қайғыға және әлемдік мәдениет пен экономиканың құлдырауына алып келді. Соғыстың орын алуына АҚШ, КСРО, Англия және Франция себепкер болды. Бұл халықаралық текетірестің алды алынған жағдайда 50 миллионнан астам адам құрбан болмас еді.

Соғыстың алдындағы  кезеңге қарағанда соғыс кезінде антигитлерлік коалиция мүшелері арасында ынтымақтастық нығая түсті. Ел басшылары және басқа да ел билігі өкілдері кездесулері жиі болып тұрды. Осындай жиналыстардың бірінде соғыстан кейін бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін мықты халықаралық ұйым құру мәселесі көтерілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымын құру ұсынысын жасаған алғашқы құжат, батыстық зерттеушілердің айтуынша, 1941 жыл 14 тамыздағы Рузвельт пен  Черчилль қол қойған Атлантикалық хартия болса, кеңестік ғалымдар 1941 жыл 4 желтоқсандағы Кеңес-польшалық декларацияны көрсетеді.

1944 жылы Думбартон-Оксте  болған конференция – БҰҰ құруда  маңызды қадам болды. Болашақ  ұйымның негізгі принциптері,  жұмыс істеу механизмдері келісілді. 1945жылғы Ялта кездесуі Думбартон-Окс  құжаттарын талқылап, АҚШ-та сәуірде Біріккен Ұлттар конференциясын шақыруды шешті. Сан-Францискода 1945 жылы 25 сәуір-26 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылтай құжаттары қабылданды. Ұйымның бейбітшілік, қауіпсіздікке қатысты ерекше саяси сипаты болды.

Берік бейбітшілікке  шақырған жаңа халықаралық ұйымнан мемлекеттердің экономикалық және саяси даму мақсатында ынтымақтастығына септігін тигізетіндігі күтілді. Алайда, бұған байланысты мемлекеттер арасында бір тұжырым болмады. Кеңестік БҰҰ Жарғысы ұсынысында «ұйым тек қауіпсіздік ұйымы болуы тиіс және оның жұмыс саласына экономикалық, саяси және гуманитарлық сұрақтар енбеуі тиіс, бұл салаларға басқа ұйымдар құрылуы қажет» деп көрсетілді. Әлеуметтік-экономикалық салада да қарама-қайшылықтар болды. Нәтижесінде, Ұйым жанынан Экономикалық және әлеуметтік кеңес құрылатын болды.

Сонымен, 1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғысы аяғына қарай өз мақсатына жетпеген Ұлттар Лигасы жойылып, оның орнына Жер бетінде бейбітшілік, тұрақтылық пен гүлденуді қамтамасыз етеді деген үміт пен Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. Мыңдаған жылдар бойы халықаралық қауіпсіздік үшін нақты әрекеттер жасалмай келгендіктен адамзат тарихында орын алған екі дүркін соғыс мемлекеттердің әлемдік қауіпсіздік мәселесін қолға алу керектігін мойындатты.

 

 

  1. Біріккен Ұлттар Ұйымы – халықаралық қауіпсіздіктің негізгі кепілдемесі

 

Қазіргі халықаралық  құқық негізі БҰҰ Жарғысымен қаланған. Саяси жағынан БҰҰ Жарғысы  ынтымақтастық қағидасына бағынған жаңа халықаралық саяси жағдайды қалыптастырды. Күш басымдығы концепциясы  құқық мен әділеттік басымдығы концепциясымен алмастырылды. Колониалдық жүйе жойылды. БҰҰ бірден бір жетістігі – тарихта алғаш рет адам құқықтарының қолсұқпаушылығы мен маңыздылығы бірінші орынға қойылды. Осы мәселенің Жарғыда қозғалуы адам құқығы саласында халықаралық-құқықтық институт пен актілер, құжаттардың пайда болуына себеп болды. БҰҰ Жарғысы халықаралық өмірдің түрлі аспектілерін қамтыған, соның ішінде халықаралық қауіпсіздікті бақылаушы құқықтық нормалары жоғарғы позицияға тұрақтады.

БҰҰ Жарғысы І Бөлімі 1 Бабында жаңа халықаралық-құқықтық жүйенің негізгі «Мақсаттары мен қағидаларын» былай деп анықтады:

    1. Әлем қауіптерін жою және алдын алу бойынша ұжымдық шаралар қабылдау арқылы халықаралық пен қауіпсіздікті ұстап тұру және «халықаралық құқық пен әділеттік қағидаларына сәйкес» агрессия актілерін басу.
    2. Халықтардың өзін өзі анықтау мен теңқұқықылық қағидаларын құрметтеу негізінде ұлттардың арасында достық қарым-қатынастарды дамыту.
    3. Экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуде және адам құықтары мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы негізгі еркіндіктеріне құрметті жоғарылатуда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

БҰҰ Жарғысында көрсетілген  мақсаттар бүкіл халықаралық-құқықтық актілердің бастапқы негізі болып табылады. Басқа халықаралық келісімдер мен институттар БҰҰ мақсаттарына қайшы келе алмайды, тек толықтыруы мүмкін.

Жарғыда жеті негізгі  халықаралық құқық пен ұйым қағидалары кейін 1970 жылғы Халықаралық құқық  қағидалары туралы Декларациясында  және Еуропа ынтымақтастық пен қауіпсіздік Кеңесі 1975 жылғы Қорытынды актісінде толықтырылып бекітіле түсті. Нәтижесінде халықаралық құқықтың негізгі он қағидасы қалыптасты:

І. Егеменді теңдік қағидасы

ІІ. Халықаралық-құқықтық міндеттемелерді адал орындау қағидасы

ІІІ. Халықаралық кикілжіңдерді бейбіт шешу қағидасы

ІV. Күш қолданбау қағидасы

V. Адам құқықтарын құрметтеу қағидасы

VІ. Араласпау қағидасы

VІІ. Аумақтық тұтастық қағидасы

VІІІ. Шекаралар мызғымастығы қағидасы

ІХ. Теңқұқықтық және халықтардың  өзін-өзі анықтау қағидасы

Х. Ынтымақтастық қағидасы.

Соңғы онжылдықтарда жаңа мәселелер  пайда болғанымен қазіргі халықаралық-құқықтық жүйе негізін салған БҰҰ мақсаттары мен қағидалары әлі де үлкен маңызға  ие.

БҰҰ жүйесінде келесі органдар қызмет етеді: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Қамқорлық кеңесі, Халықаралық Сот, Хатшылық. Сонымен қатар, 16 арнаулы мекемесі: Дүниежүзілік банк, МАГАТЭ, ЮНЕСКО, Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ балалар фонды, БҰҰ өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мекемесі, т.б. , және арнаулы комиссиялары: Халықаралық Құқық комиссиясы, Халықаралық Сауда құқығы жөніндегі комиссиясы бар. 

  1. Бас Ассамблея – БҰҰ Жарғысы шегінде кез келген іс пен мәселені талқылау, мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлеу уәкілетін иеленеді, Қауіпсіздік Кеңесінің жыл сайынғы әрі арнайы баяндамаларын талқылап, бүкіл Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Қауіпсіздік және Экономикалық-әлеуметтік кеңестерге мүшелерді тағайындайды. Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен Бас хатшыны 5 жылдық мерзімге тағайындайды және Халықаралық сот мүшелерін тағайындадйды. Бас Ассамблея отырысы жыл сайын қыркүйек пен желтоқсан айлары арасында өтеді.
  2. Қауіпсіздік кеңесі – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін күреседі. Оның шығарған барлық шешімдеріне БҰҰ мүшелері бағынуы тиіс. Бес тұрақты мүшелері (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай) вето құқығына ие. Ал қалған 10 тұрақсыз мүшелерді БҰҰ Жарғысы 23-бабына сәйкес сайланады.
  3. Хатшылық - бұл әлемнің барлық БҰҰ кеңселерінде түрлі ресми жұмыстармен айналысатын халықаралық персонал. Негізгі кеңселері Нью-Йоркте, Женевада және Венада. Хатшылықты бас хатшы басқарады.
  4. Экономикалық және әлеуметтік кеңес – 5 аймақтық комиссиядан тұрады: Европалық экономикалық комиссия, Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссия, Батыс Азия үшін Экономикалық және әлеуметтік Комиссиясы, Африка үшін, Латын Америкасы және Кариб бассейні үшін.
  5. Қамқорлық жөніндегі кеңес – негізгі міндеттеріне қамқорлыққа алынған территория тұрғындарының саяси, экономикалық, әлеуметтік прогресіне, оның білім беру саласында ілгерілеуіне, оның өзін өзі басқаруға немесе тәуелсіздікке жету бағытында прогрессивті дамуына жәрдемдесу жатады. 1994 ж. 1 қарашада уақытша жұмысын тоқтатты.
  6. Халықаралық сот – мемлекеттер арасында даулы мәселелерді шешетін, сондай-ақ, БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселелері бойынша ұсыныстық ұйғарым шығаратын ең басты ұйым саналады. 15 тәуелсіз соттардан тұрады. Олар басқа жұмыстармен айналысуға құқықтарынан айрылған және дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерге ие. Сотқа тек мемлекеттер қатыса алады, ал жеке және заңды тұлғалар қатыса алмайды. Гаагада орналасқан.

Жалпыға бірдей ұжымдық қауіпсіздік концепциясы. Ұжымдық қауіпсіздік деп бүкіл әлем немесе белгілі бір географиялық аймақ елдерінің бейбітшілік қауіптерін жою мен алдын алу және агрессия актілерін, басқа да бейбіт өмірді бұзушылықтарды басу мақсатында біріккен әрекеттер жүйесін айтады. Қазіргі таңда оның екі түрі бар: әмбебап және аймақтық.

Ұжымдық қауіпсіздіктің әмбебап жүйесі БҰҰ Жарғысына  негізделген. Бұл жүйенің бастамасы  деп антигитлерлік коалиция елдері одағы құрылып, 1942 жылы 1 қаңтардағы Біріккен Ұлттар Декларациясының қабылдануын санауға болады.

Соғыстан кейінгі жалпыға  бірдей әмбебап ұжымдық қауіпсіздік  жүйесі формасы – Біріккен Ұлттар Ұйымы. БҰҰ ұжымдық қауіпсіздік  жүйесінде күш қолдануға жол  бермеу үлкен маңызға ие – күш қолдану құқығы Жарғыда қарастырылған кейбір жағдайларда тек Қауіпсіздік Кеңесіне берілген. Жарғыда келесі ұжымдық шаралар жүйесі қарастырылған: күшпен қоқан-лоққы көрсету немесе қолдануға жол бермеу шаралары (2 бап, 4 тармақша), халықаралық кикілжіңдерді бейбіт шешу шаралары (VI бөлім), қарусыздандыру шаралары (11, 26, 47 баптар), аймақтық қауіпсіздік ұйымдарын қолдану шаралары (40 бап), қарулы күштерсіз мәжбүрлі қауіпсіздік шаралары (41 бап), және қарулы күштермен (42 бап).

Халықаралық қауіпсіздік  пен бейбітшілікті сақтап тұруда жетекші рөл БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіне берілген.

Ұжымдық қауіпсіздік  аймақтық жүйесі жекелеген құрлықтар  мен аймақтарда ұйымдармен көрсетілген. «Олардың қызметі БҰҰ мақсаттары мен принциптеріне сәйкес келген жағдайда» ғана БҰҰ ұйымдардың әрекет етуіне рұқсат береді. Аймақтық жүйенің айырмашылығы – ұйым қызметі тек аймақ мемлекеттері қызығушылықтарын және мәселелерін қамтуы тиіс. Бұл жүйенің нақты мысалдары – НАТО, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, т.б.

БҰҰ бітімгершілік  миссиялары - халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауда БҰҰ-ның маңызды құралы. Бітімгершілік қарулы күштердің қаруды қолданбау операцияларын, өзін-өзі қорғауды санамағанда, білдіреді. Бітімгершілік операцияларының мақсаты кикілжіңді саяси реттеуге қол жеткізу үшін дипломатиялық талпыныстарға қолдау көрсету болып табылады. Бітімгершілік операцияларын жасауда келесі міндеттер қойылады:

    1. Инциденттерді зерттеу және қақтығысушы жақтарды бітімге келтіру мақсатында келіссөздер жүргізу;
    2. Отты тоқтату келісімінің сақталуын тексеру;
    3. Заңдылық пен тәртіпті сақтап тұруға жәрдемдесу;
    4. Гуманитарлық көмек көрсету;
    5. Жағдайды бақылау.

Алғаш рет БҰҰ бітімгершілік  операциясы 1948 жылы араб-израиль қақтығысының жеткен бітімін қадағалауға жасалды. Кейін бітімгершілік миссиялары Кипрге (1964 жылы - әскери әрекеттерді тоқтату мен тәртіпті орнату үшін), Грузияға (1993 жылы – грузин-абхаз қақтығысын реттеу үшін), Тәжікстанға (1194 жылы – діни қақтығыстарды реттеу үшін) бағытталды.

Егеменді мемлекеттердің тұтастығы мен бейбітшілікке  қауіп төндіретін діни, этникалық негіздегі халықаралық және локальды қақтығыстарды шешуде БҰҰ бітімгершілік миссиясы үлкен маңызға ие.

БҰҰ мақсаттары мен қағидаларын жүзеге асырудағы  және халықаралық қауіпсіздік саласындағы  әлемдік және аймақтық келісімдер рөлі. БҰҰ Жарғысында көрсетілген идеялар мен қағидаларды жүзеге асыруда аймақтық келісімдер мен ұйымдар маңызды орын алады. БҰҰ Жарғысы мен Бас Ассамблея Резолюциялары нақты мақсаттарға жету үшін аймақтық ұйымдармен ынтымақтасуға ерекше көңіл бөледі.

Аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті сақтауда қарусыздандыру мен жаппай қырып-жою қаруларын, стратегиялық ядролық қаруларды таратпау келісімдерінің маңызы зор. Қарусыздандыру негізі Бас Ассамблея резолюцияларында, кейбір келісімдер мен халықаралық актілерде көрініс тапты. Біріншісі 1959 жылғы Ассамблеяның жалпыға бірдей және толық қарусыздану Резолюциясы болды. Бұл резолюция КСРО ұсынысымен жасалды. Келесі бір мысал – 1962 жылы КСРО мен АҚШ үкіметтері Ассамблея мақұлдаған жалпыға бірдей қарусыздану туралы Біріккен мәлімдемесі. Өкінішке орай, Резолюция да, Біріккен мәлімдеме де Қырғи қабақ соғыс салдарынан орындалмады. 1960-шы жылдары толық қарусыздандыру мүмкін еместігі байқалды. 80-ші жылға қарай АҚШ пен КСРО арасындағы қару жарысы өз шыңына жетіп, қару-жарақ шығындары жылына 900 миллиард долларға дейін көтерілді.

Толық қарусыздандыру мүмкін болмағандықтан, қарулануды шектеу мен  жаппай қырып-жою стратегиялық қаруларды  таратпау мәселелері алдыңғы қатарға  шықты. 1961 жылдан бастап БҰҰ БА ядролық  қару және жаппай қырып-жоюшы басқа да қару түрлерін қолдануға тыйым салатын бірқатар резолюциялар қабылдады. 1963 жылы қабылданған ядролық қару сынақтарын атмосферада, қарыш кеңістігінде және су астында өткізуге тыйым салатын Мәскеу келісіміне көптеген мемлекеттер қатысты. 1968 жылдан бері Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім жұмыс атқарып келеді. Келісім ядролық державаларды ядролық қаруларды сатпау және ядролық қаруларды өндіру бағдарламаларын жасаудан бас тартуға міндеттейді. Келісім жасалу алдында БҰҰ ҚК қауіпсіздік кепілдігі туралы резолюция қабылдады. Резолюция бойынша ядролық емес мемлекетке қарсы ядролық қаруды қолдану Кеңес тарапынан шұғыл әрекеттерге әкеледі. Өкінішке орай, Үндістан мен Пәкстан ядролық қаруды шығару бойынша ұлттық бағдарламаларды жүзеге асырғаннан кейін Келісім біршама беделінен айрылды.

Информация о работе Халықаралық қауіпсіздік мәселесі