Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 11:26, реферат
Алғашында АТА-да халықаралық қатынастардың өзгеше жүйесі қалыптасты: оның түйінді орталығы болып ең алдымен ұлы әлемдік және алып аймақтық державалардың қауіпсіздігі айқыш-ұйқыштанған Таяу Шығыс қатысты. Соңғылары 1970-ж.–дан бастап өздерінің аймақтық тартылыс орталықтарын құрды. Ол мемлекеттер: АСЕАН, Вьетнам, Монғолия, Австралия және Жаңа Зеландия. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығына ҚХР, Оңтүстік Корея, Малайзия, Таиланд, Сингапур және Индонезия әсерлі экономикалық өрлеу қарқынын көрсетті. Бұл басқа индустриалды мемлекеттердің өсу қарқынынан шамамен екі жара жарым есе көп болатын. Енді әлем «кішкентай айдаһарлар» (Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Гонкнг) жайлы емес, жаңа «шығысазиялық экономикалық ғажап» туралы айтатын болды.