Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 20:34, курсовая работа

Краткое описание

Біріккен Ұлттар Ұйымы - халықаралық қауіпсіздікті және тыныштықты, мемлекеттер арасындағы бірлікті сақтауға бағытталған ұйым. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды және қазіргі таңда 150-ден астам мемлекеттің үстінен қадағалайды. Бұл ұйым 1945 жылы әлемнің тыныштықты сақтауды көздейтін мемлекеттер тарапының инициативасымен құрылды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовой Касимова Л.Н МО-23.DOC

— 256.00 Кб (Скачать документ)

Тұрақты даму термині  БҰҰ құжаттарында 80 жылдардың  ортасында  пайда болды. БҰҰ-ның Рио-де-Жанейрода  өткен қоршаған орта және дамыту жөніндегі  конференциясынан (1992 жылы) кейін мемлекеттік және ғылыми ортаның  пайдалануына кеңінен енді. Ресейді қоса алғанда, көптеген елдер қоғамды  тұрақты дамуға  бағдарлайтын Заңдар қабылдады.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік  алғаннан кейін халықаралық қатынастар жүйесіндегі дербес әрі тәуелсіз мемлекет ретінде көптеген ғаламдық және аймақтық ұйымдарға мүше бола бастады (Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ-на мүшелікке қабылданды). Осындай ұйымдарға мүше болу арқылы біз өз еліміздің тәуелсіз мемлекет екендігімізді саяси-дипломатиялық тұрғыдан танытып, ел экономикасын әлемдік экономикамен интеграциялауды көздейміз. Қазақстанның тікелей ашық теңізге шығар жолының болмауы, мұнай және басқа да қазба байлықтар мен өнеркәсіп өнімдерін шет елге тасымалдау кері әсерін тигізіп отыр  [10; 9-10].

 

1.3 БҰҰ-функциясы мен мекемелері

 

БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған мекемелері:

  1. Дүниежүзілік метеорология ұйымы.
  2. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
  3. Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы
  4. Дүниежүзілік почта одағы
  5. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік.
  6. Халықаралық даму ассоциациясы.
  7. Халықаралық қайта құру және даму банкі.
  8. Халықаралық валюта ұйымы.
  9. Халықаралық теңіз ұйымы
  10. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы
  11. Халықаралық еңбек ұйымы
  12. Электр байланысы одағы
  13. Халықаралық қаржы корпорациясы
  14. Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры.
  15. БҰҰ-ның білім беру,ғылым мен мәдениет жөніндегі ұйымы.
  16. БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы.
  17. БҰҰ азық түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы
  18. БҰҰ-ның айналадағы орта жөніндегі бардарламасы.

 

 

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы

(ЮНЕСКО: организация  Объединенных Наций по вопросам  образования, науки и культуры)

   ЮНЕСКО Лондон конференциясында 6 қараша 1945 жылы құрылды. Ал ұйымның жарғысы 4 қараша 1946 жылы өз күшіне енді. 1946 жылы желтоқсан айында ЮНЕСКО БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған мекеме статусына иеленді. ЮНЕСКО-ға БҰҰ-на мүше елдердің барлығы енеді [11; 280-300].

Басты мақсаты:

-дүниежүзіндегі өркениеттер  мен мәдениеттер арасында ашық  диалогы қамтамасыз ету;

-дүниежүзінде интелликтуалды  және моральдық қасиетті күшейтуге  өз үлесін қосу;

-дүниежүзіндегі мемлекеттер  арасындағы білім беру, ғылым  және мәдениет саласы бойынша  ынтымақтастыққа қолдау болып  табылады.

Штаб пәтері Парижде (Франция) орналасқан.

Басты органдары:

  1. Бас конференция: екі жылда бір жиналады. Бұл жиынға мүше елдерден басқа, көптеген халықаралық ұйымдардың өкілдері мен ассоциацияланған елдер де қатысады. Конференцияда ұйымның негізгі бағыттары мен саясаты айқындалып, ұйымның бюджеті және жоспарлары бекітіледі. Бұған қоса Бас конференцияда «Бас директор» мен «Атқарушы кеңесінің» мүшелері сайланады.
  2. Атқарушы кеңесі: Бас конференцияда қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалайды. Атқарушы кеңестің жиындары жылына екі рет болады. Кеңестің 58 мүшесі географиялық және мәдени ерекшелігіне сай «Бас конференция» тарапынан сайланады.
  3. Хатшылық: Бас конференцияда қабылданған бағдарламалардың және шешімдердің орындалуын қадағалайды. Хатшылықты алты жылға сайланатын Бас директор басқарады. 1999 жылдан бастап Бас директорлық қызметін Контиро Мацура (Жапония) атқаруда. ЮНЕСКО-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов[12;52-60].

Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму конференциясы

(ЮНКТАД: Конференция  ООН по торговле и развитию)

БҰҰ-ның сауда және даму конференциясы 1964 жылы Бас Ассамблеяның жоғары органы ретінде құралған. Ассоциацияланған ел дегеніміз, автономды статусына ие және сыртқы қатынастарында протекторатты елге тәуелді деген мағынаны білдіреді. Конференцияға БҰҰ-на мүше мемлекеттердің басым көпшілігі қатысады.

ЮНКТАД-тың басты мақсаты:

  • Дамушы елдердің экономикалық тұрғыдан аяққа тұруына үлесін қосу үшін халықаралық сауданы дамыту;
  • Дамыған және дамушы елдердің өзара үкіметаралық ынтымақтастығын нығайтуға жәрдемдесу;
  • Мүше мемлекеттерде азаматтық қоғам мен демократиялық институттардың дамуына ықыласты рай туғызу;
  • Үкімет пен жеке кәсіпкерлер арасында қомақты диалогты қамтамасыз ету.

Штаб пәтері Женевада (Швейцария) орналасқан.

Басты органдары:

  1. Жоғары деңгейдегі конференция.
  2. Сауда және даму кеңесі, қаржы жобалары мен орта мерзімді жобаларды жүзеге асырушы жұмысшы тобы мен ЮНКТАД халықаралық сауда орталығының істеріне қатысты кеңесшілдік тобы.
  3. Тұрақты комитеттері мен уақытша құрылған жұмысшы топтары.
  4. Хатшылық
  5. Халықаралық инвестиция мен трансұлттық корпорация-ларға арналған комиссиясы.
  6. Даму мақсатындағы ғылым мен техника бағытталған комиссиясы

Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы

(ООН/ЕЭК: Европейская  экономическая комиссия ООН)

БҰҰ-ның Еуропалық  экономикалық комиссиясы (БҰҰ/ЕЭК) «Экономика-лық және әлеуметтік кеңесі (ЭКОСОС) тарапынан 1947 жылы құрылған. 1951 жылы болса «Еуропалық экономикалық комиссиясы» БҰҰ-ның тұрақты органы статусына иеленді.

Мүше мемлекеттер: АҚШ, Ресей, Франция, Австрия, Әзірбайжан, Албания, Андорра, Армения, Белорусь, Бельгия, Болгария, Босния және Герцоговина, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грекия, Грузия, Дания, Израиль, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Канада, Кипр, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Мальта, Молдава Республикасы, Монако, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Сан-Марино, Словакия, Словения, Тәжікстан, Түркменстан, Туркия, Өзбекстан, Украина, Финляндия, Хорватия, Чехия, Швейция, Швейцария, Эстония, Югославия.

Басты мақсаты:

  • Мүше мемлекеттердің өзара және басқа да елдермен экономикалық қатынастарды күшейтіп дамытуына жәрдемдесу;
  • Тұрақты даму саясатын жүзеге асыруға ықыласты рай туғызу;
  • Үкіметаралық ынтымақтастықты нығайту;
  • Мүше мемлекеттерді экономикалық, техникалық және статистикалық жобаларға қатысты бағдарламамен қамтамасыз ету болып табылады.

Штаб пәтері: Швейцарияның Женева қаласында орналасқан.

БҰҰ-ның Еуропалық  экономикалық комиссиясының құрылымы:

  1. Комиссияның тұрақты комитеті.
  2. Хатшылық

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия-Тынық мұхит елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы

(ООН/ЭСКАТО: Экономическая  и социальная комиссия ООН  по Азии и Тихому океану)

Азия және Тынық мұхит  елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы «Экономикалық  және әлеуметтік кеңесі» (ЭКОСОС) тарапынан 1974 жылы құрылған. 49 мемлекет пен 10 ассоциацияланған елдер мүше болып табылады [13; 7-18].

Мүше мемлекеттер: АҚШ, Ресей, Франция, Австрия, Әзірбайжан, Армения, Ауғанстан, Бангладеш, Бруней, Бутан, Вануату, Ұлыбритания, Вьетнам, Үндістан, Индонезия, Иран, Қазақстан, Камбоджа, Қырғызстан, ҚХР, Кирибати, Корея Халық Демократиялық Республикасы, Лаос, Малайзия, Мальдивия аралдары, Маршалл аралдары, Монғолия, Мьянма, Науру, Непал, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Пәкістан,Папуа-Жаңа Гвинея, Горея Республикасы, Самоа, Сингапур, Солосон аралдары, Микронезия Құрама Штаттары, Тәжікстан, таиланд, Тонго, Тувалу, Түркменстан, Өзбекстан, Фиджи, Филиппин, Шри-Ланка.

Ассоциацияланған елдер: Солтүстік Маршалл аралдары, Кука аралдары, Франциялық Полинезия, Гуам, Манау, Жаңа Каледония, Ниуэй, палау, Америкалық Самоа.

ЭСКАТО-ның басты мақсаты:

Азия-Тынық  мұхит аймағында әлеуметтік прогресс пен экономикалық дамуды жүзеге асыру.

Штаб пәтері Таиланд Бангкок қаласында орналасқан.

Басты органдары:

1.Хатшылық

2. Жоғары басшылық конференциясы [14; 136-140].

Біріккен Ұлттар Ұйымының Батыс Азияға арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы

(ООН/ЭСКЗА:  Экономическая и социальная комиссия  ООН по Западной Азии)

БҰҰ-ның Батыс Азияға арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы ЭКОСОС тарапынан 1973 жылы «Батыс Азия елдеріне арналған экономикалық комиссиясының» мирасқоры ретінде құрылды.

Комиссияға 13 мемлекет мүше: Бахрейн, Египет, Ирак, Иордания, Палестина, Катар, Кувейт, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Сауд Арабиясы, Сирия Араб Республикасы [15; 663-680].

Басты мақсаты:

-Мүше мемлекеттерге Батыс Азияда экономикалық интеграция мен ынтымақтастықты ұлғайту және дамыту үшін саяси кеңес беру;

-Батыс Азияның дамуын көздейтін аймақтық және халықаралық ұйымдармен қатынастарды күшейту.

Штаб пәтері Иорданияның Амман қаласында  орналасқан.

Басты органдары:

  1. Хатшылық.
  2. Даму мақсатын көздейтін білім және техника, транспорт және байланыс, табиғи байлықтар, демография және ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саларына бағытталған бөлімшелері.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Латын Америкасы мен  кариб жағалауындағы елдерге  арналған экономикалық комиссиясы

(ООн/ЭКЛАК:  Экономическая комиссия ООН по  Латинской Америке и Карибскому  бассейну)

БҰҰ-ның Латын америкасы мен Кариб жағалауындағы елдерге арналған экономикалық комиссия ЭКОСОС тарапынан 1948 жылы құрылды [16; 478-480].

 Мүше мемлекеттер:  АҚШ, Франция,Ұлыбритания, Антигуа  және Барбуда, Аргентина, Багам  аралдары, Барбадос, Белиз, Боливия,  Бразилия, Венесуэла, Гаити, Гайана, Гватемала, Гонду-рас, Гренада, Доминика, Диминикан Республикасы, Испания, Италия, Канада, Колумбия, Коста-Рика, Куба, Мексика, Нидерланды, Никарагуа, Панама, Парагвай, Перу, Португалия, Сальвадор, Сент-Винсент және Гренадины, Сент-Кист және Невис, Сент-Люсия, Суринам, Тринидад және Тобаго, Урагвай, Чили, Эквадор, Ямайка.

Ассоциацияланған елдер: Британдық Виржин аралдары, Виржиниялық  аралы, Монтсерра, Нидерландық Антиль аралы, Аруба аралы, Пуэрто-Рико.

Басты мақсаты:

-Латын Америкасы мен  кариб жағалауындағы елдердің  экономикалық дамуын қамтамасыз ету;

-мүше мемлекеттер  арасында экономикалық ынтымақтас-тықты  нығайту;

-аймақтың дамуына  арналған экономикалық және техникалық  зерттеулер жүргізу;

-мүше мемлекеттердің  ғаламдық деңгейде экономикалық  мүддесін қорғау.

Штаб пәтері Чилидің Сантьяго қаласында орналасқан [17; 432-459].

Басты органдары:

1. Жылына екі рет жиналатын тұрақты комиссиясы.

2.Сан-алуан салада қызмет атқаратын комитеттері

БҰҰ-ның Латын Америкасы  мен Кариб жағалауындағы елдерге арналған экономикалық комиссиясы жыл сайын әр түрлі анықтамаларды жарыққа шығаруда.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Африка елдеріне арналған экономикалық комиссиясы

(ООн/ЭКА: Экономическая  комиссия ООН по Африке)

БҰҰ-ның Африка елдеріне арналған экономикалық комиссия 1958 жылы құрылды. Қазіргі таңда ұйымға 53 мемлекет мүше.

Мүше мемлекеттер: Алжир, Ангола, Бенин, Ботсвана, Буркина-Фасо, Бурунди, Габон, Гамбия, Гана, Гвинея, Гвинея-Бисау, Джибути, Египет, Заир, Замбия, Зимбаве, Кабо-Верде, Камерун, Кения, Комор аралдары, Конго, Кот-д Ивуар, Лесото, Либерия, Ливия, Маврикий, Мавритания, Мадагаскар, Малави, Мали, Мароко, Мозамбик, Намибия, Нигер, Нигерия, Руанада, Сан-Томе және Принсипи, Свазиленд, Сейшель аралдары, Сенегал, Сомали, Судан, Сьерра-Леоне, Танзания, Того, Тунис, Уганда, Орталық Африка Республикасы, Чад, Экваториалдық Гвинея, Эритра, Эфиопия, Оңтсүтік Африка Республикасы [18; 359-360].

Басты мақсаты:

    • Африка аймағында экономикалық және әлеуметтік дамуды жүзеге асыру;
    • Мүше елдер арасындағы экономикалық қатынастарды нығайту;
    • Экономикалық даму бағытында Африка елдеріне қаржылай көмектесу.

Штаб пәтері Эфиопияның Аддис-Абеба қаласында  орналасқан.

Басты органдары:

1.Министрлер конференциясы-ұйымның  ең жоғары органы болып табылады. Жылына бір рет Аддис-Абебада  өз жиынын өткізеді. Бұл конференцияда жалпы ұйымға қатысты барлық іс-шаралар жан-жақты талқыланып, мүше елдерге ұсыныстық ұйғарым шығарылады.

2.Хатшылық-«Бас хатшы»  басқаратын хатшылық ұйымның  күндік қызметтерін атқарады. Хатшылық  құрамында «Африка әйелдеріне  қатысты ғылыми зерттеу институты», «Ұйымның саясаты мен бағдарламаларын үйлестіретін бөлімше», «Техникалық ынтымақтастықты үйлестіруші институт» сияқты органдар өз қызметін атқарып келеді.

Информация о работе Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы ролі