Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 21:33, реферат

Краткое описание

Сыртқы сауда саясаты атауымен мемлекеттiн басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған ic-әрекетi түсiндiрiледi. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:
• осы елдiң халықаралық еңбек бөлiнiсiне кіруінің дәрежесi мен әдісін өзгерту;
• экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;
• елдi қажеттi ресурстармен қамтамасыз ету (шикiзат, энергия және т.б.);
• экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту.

Содержание

І. Кіріспе:
Сыртқы сауда саясаты жайлы түсінік
ІІ.Негізгі бөлім:
2.1 Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының аспектілері
2.2 Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланған әдебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

международная экономика.docx

— 34.02 Кб (Скачать документ)

 Бүгiнгi күнi Қазақстанның 120 астам елдермен сауда қатынастары бар.

 Оның негiзгi әріптестерiне Ресей, ТМД елдерi, Голландия, Швейцария, Германия, АҚШ, Канада, Туркия, Корея жене т.б. елдер кiредi.

 Экспорт пен импорт  құрылымын бағалауда оның дәстүрлi болып қала беретiнiн баәқаймыз. Алдыңғы жылдары республика сыртқы рынокқа әлi де шикiзат өнімімен шығады. Өңдеушi өнеркәсiптiң бүгiнгi күнi, өкiнiшке орай, бәсекелестiгi төмен, оны қайта жарақтандыру үшiн көп қаржы мен уақыт керек. Әлемдiк қауымдастықта лайықты орын алғымыз келсе, осы салаларға инвестицияларды тартып, өндiрiсiн ұлғайтуымыз қажет. ҚР импорттық құрылымның басым бөлiгi дайын өнім, машина, құрал-жабдық, халық тұтыну тауарлардан тұрады.

 Қазiргi уақытта ҚР сыртқы саудасының даму бағыттарына:

 • импорт құрылымын  рационализациялау;

 • жергiлiктi өндiрушiлердi ынталандыру үшiн протекционистік саясат жургізу;

 • өндiрiстi жаңарту үшiн қазiргi заманғы технология мен құрал-жабдықтар импортын ынталандыру жатады.

 

2004 ж. Қазақстанның сыртқы  сауда айналымы 32 877,4 млн. АҚШ долларына жеттi. Негiзгi тауар айналымын экспорт құрады. ТМД елдерiнен басқа мемлекеттермен сауда балансы оң болды, яғни 7 315,0 млн. АҚШ долларға жеттi. Ал ТМД елдерiмен сауда байланысының балансы тepic нәтиже көpceттi, бұнда - 2020,7 млн. АҚШ доллары болды.

2004 ж. экспорт көлемi 20 096,2 млн. АҚШ доллар құрады, 2003 жылмен салыстырғанда 55,5%-ға apтық болды. Соның iшiнде ТМД елдерiнен басқа мемлекеттерiмен сауда байланысының экспорты 15 999,0 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткiш 2003 жылмен салыстырғанда 60,9%-ке өстi. ТМД елдерiне экспорт көлемi 4 097,2 млн. АҚШ долларына жеттi, бұнда 37,5%-ке өсті.

 Қазақстан Республикасының  экспортын негiзгі бөлігін шикiзат өнiмдерi құрайды. Оларға минералды өнiмдердiң 64,3 % және металлургия өндiрiсiнiң 20,4% жатады.

 Минералды енiмдердiң  экспорты 13 727,2 млн. АҚШ долларын құрады, соңғы жылмен салыстырғанда 5 410,9 млн. АҚШ долларына өстi. Металлургия өндiрiсiнiң өнiмдерiнiң экспорты 2004 жылы 3 897,3 млн. АҚШ долларға жеттi.

 Қазақстан өнiмдерiнiң негiзгi сатып алушылары Швейцария (бүкiл экспорттан 18,7%), Ресей Федерациясы (14,1 %), Қытай (9,8%), Италия (15,5%) жене Иран (3,5%).

2004 жылдың импорт көлемi 1 278,1 млн. АҚШ долларына жеттi, ол 2003 жылмен салыстырғанда 52%-ғa өстi. Негiзгi импорт тауарларын машиналар мен құрал-жабдықтар, көлiк құралдары, химиялық және сонымен байланысты өндiрicтiк саладағы өнiмдерi (каучук, пластмасса), дайын азық-түлiк өнiмдерi, тоқыма және тоқыма бұйымдары, минералды өнiмдер, құрылыс заттары құрайды. Импорт көлемiн негiзiн Ресей Федерациясы (37,7%), Германия (8,2%), Украина (5,7%), Қытай (5,9%), АҚШ (4,4%) және Жапония (3,10/0) мемлекеттерi құрайды.

2004 жылда Қазақстан Республикасы 171 мемлекетпен сауда байланыстарында  болды, ал 2003 жылы тек қана 153 мемлекет болды.

 

2004 жылы Қазақстан Республикасының  аймақтары бойынша сыртқы сауда  айналымы келесiдей болды: бүкiл  тауар айналымының 16,1 % Алматы қаласына  келедi, Атырау облысына (16,8%), Қарағанды  облысына (10,5%), Маңғыстау облысына (8,7%) және Ақтөбе облысына (9,9%). Соның iшiнде экспорт бойынша Атырау облысына - 21,7 %, Қарағанды облысына - 12,5%, Маңғыстау облысына - 10,3% және Ақтөбе облысына - 11,6%. Сонымен қатар бүкiл импорттың 33,1% Алматыға, Aстанағa - 8,9%, Қарағанды облысына ¬7,2%, Ақтөбе облысына -7,2% және Маңғыстау облысына - 6,3%.

 

1997-2000 жылдардағы мемлекеттiк бюджет табыстарына кеден төлемдерiнiң түсyiнің динамикасын талдау белгiлi бiр өсудiң байқалғандығын көрсетеді.

1997 жылдардағы 7994 млн, тенгеден 2000 жылғы 18472 млн, тенгеге дейiн мемлекеттiк бюджет табыстарының жалпы сомасында кедендiк төлемдердiң үлес салмағы 2000 жылы 3.5%-ғa дейiн өстi. Бұл кеден төлемдерiнiң өсу қарқынының табыстары мен салықтардың өсу қapқынының жоғары болумен түсiндiрiледi. Кеден және салық заңдарына сәйкес кеден төлемдерiнен басқа тауарларды кедендiк территорияға әкелгенде кеден органдарымен мемлекеттiк бюджет табыстарына салықтық төлемдер есептелiнiп төленедi: ҚҚС және акциздер 2000 жылы импортталатын тауарлардан түскен ҚҚС 1999 жылмен салыстырғанда 55,3%-ғa ұлғайғандығын атауға болады. Сонымен бiрге, импортталатын тауарлардан акциздердiң түcyiн 7,1 %-ғa төмендеген.

 Кедендiк табыстардың түсу мөлшерi мемлекеттiк бюджет табыстарының жалпы көлемiнде: 1997 жылғы 7,0%-дан 2000 жылдың екiншi жартысында 10,8%-ғa дейiн өстi.

 Мемлекеттiк бюджеттке 2000 жылғы кедендiк төлемдер мен  салықтар түciмiн талдау бiршама  облыстарда кеден түсiмдерiнiң  едәуiр бөлiгi Алматы қаласының салық комитетiне ( 19054 млн. тенге), Батыс Қазақстан облысы (67,17млн. тенге), Қарағанды облысы ( 5221млн. тенге) келуi. Алайда, жоспардың барынша орындалуы Ақмола облысының салық комитетiне (46,30%), Атырау облысына (45,4%), Солтүстiк Қазақстан облысына (29,7%) келедi.

 Кедендiк төлемдер мен салықтар Республикалық және жергiлiктi бюджет арасында тартылады, мұнда, олардың басым бөлiгi Республикалық бюджетке келедi. Осылайша, 2000 жылы Республикалық бюджетке 55726 млн. теңге немесе 98,2 % жалпы сомадан кеден табыстары туссе, жергiлiктi бюджетке 1042 млн. теңге немесе 1,8%-ғa түстi. Мемлекеттiк бюджетке кеден баждары мен салықтардың түсу жоспарының орындалуы 2000 жылы 5,7%-ды құраса, көбiнесе баждар бойынша жоспардың орындалу есебiнен қорғау шаралары ретiнде алынатындары 51,8%, экспорттық кеден баждарын алумен байланысты 46,6%, кедендiк бақылау және процедуралар бойынша алымдардан 26% импортталатын тауарларға ҚҚС-ның жоспарының орындалу 6% құрады.

 Бұл Қазақстан Республикасының кеден органдарының белсендi шаралар жургізгендігін көрсетеді. Болжамдық еспетегi төлемдер мен алымдағы жинақтарының ұлғаюы үкiметпен қабылданған заңнаманы жетiлдiру шаралары есебiнен, сондай-ақ кедендiк бақылауды күшейту жолымен байланысты.

 Әкелу баждары ұлттық  бағалар динамикасы мен деңгейiне, iшкi өндiрiс жағдайына сыртқы экономикалық қызметтерден келетiн мемлекеттiң табыстарының деңгейiне ықпал етедi.

 Баждар деңгейi ұлттық бағалар деңгейiне тiкелей әсер етедi және олардың арасында тура пропорцианалдық байланыс бар: баждардың төмендеуi iшкi бағалардың төмендеуiне әкеледi, ал жоғарлауы өcyiнe әкеледі.

 Кеден тарифтерiне  қатысты, айтсақ олар ұзақ мерзiмдiк  болашақта айтарлықтай рөл атқармайды, бiрақ сауданы либерализациялаумен байланысты қысқа мерзiмдi жоспарда пайданың көзi ретiнде маңызды рөл атқарады. Сонымен бiрге импортқа тарифтер құрылымы бiрқатар критерилерге жауап беру керек:

 • тарифтер контрабанданың  пайда болуына әкелетiндей соншалықты  жоғары болмауы керек немесе  өте дифференцияланған болмауға тиiс, өйткенi бұл iшкi салалардың қорғанысының бұрмалауына әкеледi;

 • тариф деңгейi басқа салықтармен бiрге бағдарланып, олардың әрбiр салықтық бюджет табыстарына қажет салымдардың жалпы көлемiн анықтауғa болады;

 • қысқа мерзiмдi табыстарға  деген қажеттiлiктi қанағаттандырылғаннан  соң бюджет тапшылығы бақылау үшiн және басқа да орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi жоспардағы салықтардан аз теуелдi болуды қамтамасыз ету үшiн тарифтердi бiртiндеп қысқартады.

 Қазiргi таңда Қазақстан Республикасында халықаралық сауданың көмегімен экономикалық өсудiң мүмкiндiгi пайда болды.

 Қазақстан Республикасының  экспортын мемлекеттiк реттеудiң  жүйесiнiң орталық буыны бұл  кезеңде сыртқа шығарудың қаржы  несие механизiмi болуы керек, яғни, өзіне ішкі нapық пен экспорттық операцияларды сақтандыруда қызмет ететiндерге қарағанда қолайлырақ жағдайда берiлетiн экспорттық несиелер, сондай-ақ экспортты ынталандыру қаржы тeтіктepi - салықтық жеңiлдiктер мен тiкелей субсидиялар, экспортерлерге шикiзатты шығару кезiндегi кедендiк жеңiлдiктер, егер олар қайта экспорттау үшiн қолданылса.

1999 жылдың екiншi жартысынан бастап Қазақстандағы экономикалық жағдайдың жақсаруы жүзеге асып, экономикалық өсу басталды. Бұл үкіметтің сыртқы экономикалық іc-әрекетті реттеудегі сауатты әpeкeті, теңгенің еркін жүзуге жiберiлуi, шикiзатқа әлемдiк бағаньщ өcyi мен әлемдiк қаржы нapықтарындaғы жағдайдың жақсаруына байланысты болды.

1999 жылы Қазақстанның  сауда режимiн реттейтiн бiрқатар заңдар қабылданды:

- 1999 жылдың 1 шiлдесiнде ҚР Үкіметінің "1999-2000 жылдарда ҚР тiкелей инвестицияларды тарту бағдарламасы туралы" қаулысы;

- 1999 жылдың 13 шiлдесiнде "Демпинге  қарсы шаралар туралы" ҚР заңы;

- 1999 жылдың 11 ақпанындағы "Өсiмдiктер  карантинi туралы" ҚР заңы;

- 1999 жылдьщ "Стандартизация  туралы" ҚР заңы;

- 1999 жылдың 16 шiлдесiндегi "Сертификация  туралы" ҚР заңы;

- 1999 жылдьщ 16 шiлдесiндегi "ҚР-ғы кедендiк ic туралы" ҚР заңы.

 Осы шаралардың бәрi де республиканың құқықытық-нормативтi базасын әлемдiк қауымдастыққа қабылдаған заңдылықтар мен нормаларға жақындата бастап, бұл сыртқы экономикалық iс-әрекетiмiзде оң көзқарастарды тудырды.

2000 жыл Қазақстан үшiн  барлық жағдайда ұтымды болды  да, көптеген макроэкономикалық  көрсеткiштер жоғары деңгейге  жеттi. 2000 жылдың 1 тоқсананында экспорт 1960 млн. АҚШ долларына жетiп, ол 1999 жылдың 1 тоқсанының 190,7% және 4 тоқсанының 97,5% құрады. Импорт болса 1550 млн. АҚШ доллары болып, 1999 жылдың 1 тоқсанының 112% және 4 тоқсанның 96,7% құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазiргi таңда Қазақстан Республикасында халықаралық сауданың көмегімен экономикалық өсудiң мүмкiндiгi пайда болды.

 Қазақстан Республикасының  экспортын мемлекеттiк реттеудiң  жүйесiнiң орталық буыны бұл  кезеңде сыртқа шығарудың қаржы  несие механизiмi болуы керек, яғни, өзіне ішкі нapық пен экспорттық  операцияларды сақтандыруда қызмет  ететiндерге қарағанда қолайлырақ  жағдайда берiлетiн экспорттық  несиелер, сондай-ақ экспортты ынталандыру  қаржы тeтіктepi - салықтық жеңiлдiктер  мен тiкелей субсидиялар, экспортерлерге  шикiзатты шығару кезiндегi кедендiк  жеңiлдiктер, егер олар қайта экспорттау  үшiн қолданылса.

1999 жылдың екiншi жартысынан  бастап Қазақстандағы экономикалық  жағдайдың жақсаруы жүзеге асып, экономикалық өсу басталды. Бұл  үкіметтің сыртқы экономикалық  іc-әрекетті реттеудегі сауатты  әpeкeті, теңгенің еркін жүзуге  жiберiлуi, шикiзатқа әлемдiк бағаньщ  өcyi мен әлемдiк қаржы нapықтарындaғы  жағдайдың жақсаруына байланысты  болды.

Халықаралық өндiрiстiк шығындар профильдi, маманданған өнiмнiң ұлттық өндiрiстiк шығындар негiзiндегi бәсекелестiк күресте қалыптасады. Бұл өнiмдi әлем нарығына әкелушi негiзгi өндiрушiлер өндiрiстiң табиғи жағдайлары, орналасқан жерi, кадрлардың оқу және профессионалды дайындығы, техниканың деңгейi, өндiрiстi ұйымдастыру мен технология деңгейi облысында басымдықтары бар елдер болып табылады. Жоғарыда басымдылықтаp маманданған өнім өндiрiсiндегi ұлттық шығындардың төменгi деңгейiн, басқа да бiрдей жағдайларда өнiмнiң экспортерлары болып табылмайтын елдердiң ұлттық нарығында өткiзiлетiн өнiмнiң аналогты түрлерiнiң бағалары мен ұлттық шығындарын салыстырғанда ұлттық және әлемдiк бағалардың төмен деңгейiн қамтамасыз етедi.

 Осы ұлттық және  әлемдiк шығындар мен бағалар  арасындағы айырмашылықтаp кеден  баждарының қалыптасуының объективтi негiзi болып табылады.

 Баға мен дифференциалданған  рентаның жалпы теориясының позициясынан  қарағанда, кеден баждарының экономикалық  табиғатын түсiндiруге, олардың функцияларын  анықтауға, олардың caндық негiзiнiң  принциптерi мен әдiстерiн нақты  қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.
  2. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.
  3. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.
  4. «Қазақстан – 2030» стратегиясы.
  5. Д.Қ. Қабдиев, «Экономикалық саясат» Лекциялар, Алматы 2002ж.  «Экономика».
  6. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2002ж.

7.  М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері»

8.  А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорынның экономикасы», Алматы, 2003ж.

9. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-Ақтөбе -2002.

10. В. М. Власова, «Основы предпринимательской деятельности», Москва 1996ж.

11.  Р.Елемесов, Е. Жатқанбаев, «Государство и рынок», Алматы, «Қаржы-қаражат», 1997ж.

12. Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. «Іскер адамның орысша қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы «Инкар», «Тұлға», 1993ж.

13. К.Ж. Оразалин, М.М. Жантасов, «Орысша-қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы, 2001ж.

14. Б.Сабырбаев «Экономикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі», Алматы «Қазақстан» 1993ж.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары