Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 21:33, реферат

Краткое описание

Сыртқы сауда саясаты атауымен мемлекеттiн басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған ic-әрекетi түсiндiрiледi. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:
• осы елдiң халықаралық еңбек бөлiнiсiне кіруінің дәрежесi мен әдісін өзгерту;
• экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;
• елдi қажеттi ресурстармен қамтамасыз ету (шикiзат, энергия және т.б.);
• экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту.

Содержание

І. Кіріспе:
Сыртқы сауда саясаты жайлы түсінік
ІІ.Негізгі бөлім:
2.1 Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының аспектілері
2.2 Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланған әдебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

международная экономика.docx

— 34.02 Кб (Скачать документ)

Жоспар

І. Кіріспе:

Сыртқы сауда саясаты жайлы түсінік

ІІ.Негізгі бөлім:

2.1 Қазақстан Республикасының  сыртқы сауда саясатының аспектілері

2.2 Қазақстан Республикасының  сыртқы саясатының негізгі бағыттары

ІІІ.Қорытынды

Пайдаланған әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыртқы сауда саясаты жайлы түсінік

Сыртқы сауда саясаты атауымен мемлекеттiн басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған ic-әрекетi түсiндiрiледi. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:

 • осы елдiң халықаралық  еңбек бөлiнiсiне кіруінің дәрежесi мен әдісін өзгерту;

 • экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;

 • елдi қажеттi ресурстармен  қамтамасыз ету (шикiзат, энергия  және т.б.);

 • экспорт пен импорт  бағаларының арақатынасын өзгерту.

Кейбiр мақсаттар ұзаұ мерзiмдi сипатта болады, мысалы халықаралық еңбек бөлiнiсiне кipy дәрежесi мен әдiсiн өзгерту. Басқа мақсаттар одан гөpi аз мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін, мысалға экспорт пен импорт көлемін өзгерту. Сыртқы сауда саясатының негiзгi eкi бағыты бар:

 • epкін сауда саясаты;

 • протекционизм.

Epкін сауда саясаты  таза күйiнде мемлекеттiң сыртқы  саудаға тiкелей араласудан бас  тартып, рынокқа негiзгi реттеушi рөлiн  жүктеуiн бiлдiредi. Бiрақ бұл мемлекеттiң  осы шаруашылық ic-әрекетiнiң бағытына  әсер етуден толық шектелуiн  бiлдiрмейдi. Мемлекет өз шаруашылық  субъектiлерiне максималды еркiндiк  беру ушiн басК,а елдермен келiсiм-шарттарға  отырады /елемесов/.

Epкiн сауда оң саяси  салдарға әкеледi, өйткенi елдердiң  өзара байланыстылығы күшейiп, бiр-бiрiне  дұшпандық әрекетінің мүмкiндiгiн  төмендетеді.

Epкін сауда саясатының  жүргiзiлуi экономикасы дамыған елдерге  халықаралық айырбастан неғұрлым  көп пайда алуға мүмкiндiк бередi. Ic жүзiнде, epкін сауда саясаты  таза күйiнде ешқашан және еш  жерде қолданылған жоқ.

 Протекционизм - отандық  экономиканы шетелдiк бәсекелестерден  қорғауға бағытталған саясат. Epкін  сауда саясатымен салыстырғанда  протекционизмдегі рыноктың күштердің  еркін іc-әpeкеті жоққа шығарылады, өйткенi әлемдiк рыноктағы жекелеген  елдердiң экономикалық потенциалы  мен бәсекеге жарамдылығы әр  түрлi, осыған байланысты дамуы  жағынан артта қалып отырған  елдер үшін рыноктық күштердің  еркін іc-әрекетi пайдасыз болуы  мүмкін. Күштi шетелдiк мемлекеттер  жағынан шектелмеген бәсеке экономикалық  дамуы төменірек елдерде экономиканың  тоқырауына және осы елде тиімсіз экономикалық құурылымның қалыптасуына әкелуі мүмкін.

 Протекционизм елде белгiлi бiр салалардың дамуына көмектеседi. Аграрлы елдерде протекционизм көбiнесе индустриализацияның қажеттi шарты болады. Одан басқа, протекционизм жұмыссыздықтың азаюына әсер етедi. Бiрақ бұл саясатты ұзақ мерзiм бойына пайдалану экономиканың тоқырауына әкеледi, өйткенi шетелдiк бәсеке болмаса, жергiлiктi кәсiпкерлердiң техникалық деңгейi мен өндiрiс тиiмдiлiгiн жоғарылатуға ынтасы төмендейдi.

 Өзiнiң төтенше формасында протекционизм экономикалық автаркия түрiнде болады, яғни ел импортты тек өз елiнде шығаруғы мүмкін болмайтын тауарлармен ғана шектейдi. Экспорт болса, импортты қамтамасыз ету деңгейiнде ғана рұқсат етiледi.

 Протекционизм дамушы  елдерде ғана емес, өндiрiсi дамыған елдерде шиеленiскен бәсекелестiк жағдайында ұлттық тауар өндiрушiлерiн қорғау үшiн пайдаланылуда.

 Мемлекет шаруашылық  субьектiлерiне кеңестер беруi және қандай да бiр ic - әрекетке ынталандыруы мүмкін.

 Мемлекеттердiң сыртқы  саудадағы өтiмдi құралдары әр турлi тыйым салу, мысалға бiр өнімнің экспорты мен импортына және бiр елге қатысты тыйым салу болып табылады.

Сыртқы сауданың құралдарына eкi жақты немесе көп жақты келiсiмдер жүйесi кiредi. Бiрақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылық субьектiлерiн мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешiм қабылдауына мәжбур еткiзедi. Осы құралдарға тарифтiк жене тарифтiк емес шектеулер кiредi.

 Кедендiк шекара арқылы  жүретiн тауарларға ҚР-ы кедендiк  тарифтерiне сәйкес кедендiк баждар  салыну керек.

 ҚР-ның кедендiк тарифi - ҚР-ның кедендiк территориасына  әкелiнген және осы территориядан  шығарылған тауарларға қолданылатын  кедендік баждар ставкаларының  жиынтығы.

 Бұл тауарлар ҚР-ның  сыртқы экономикалық қызметiнiң  тауарлық номенклатурасына сай  жүйеге келтiрiлген және топтастырылған  ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметiнiң  тауарлық номенклатурасы Бүкiләлемдiк  Сауда Ұйымының мүшелерi елдерiнде  пайдаланылатын тауарларды кодтау  және бейнелеудiң үйлесiмделген  жүйесiне негiзделiп жасалған Қазақстандағы  экономиканың дамуына қарай сыртқы  экономикалық әдiстерi үлкен рөл ойнауда, соның iшiнде орталық орынды кедендiк тариф алады. Онсыз сыртқы экономикалық қызметтi либерализациалау мүмкін емес.

 

  Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының аспектілері

 

Қазақтан Республикасының сыртқы сауда саясатының кейбiр аспектiлерi. ҚР сыртқы сауда саясатын зерттеу барысында, оның 1991 жылға дейін КСРО-ның экономикалық шеңберiнде терең интеграция мен жоспарлаудың орталықтандырылған жүйесi жағдайында дамығандығын ұмытпау қажет.

 Кеңес заманында Қазақстанның  индустриализациясы жүзеге асырылып, экономикасы дамыды, бiрақ республика  КСРО-ның басқа республикаларына отын-энергетикалық ресурстарды, астық, ауылшаруашылық өнімдерді, басқаша айтқанда шикiзатты жеткiзуге маманданған едi.

 Барлық iшкi, республикааралық және сыртқы сауда мемлекеттiк тапсырыстар жүйесiмен реттеледi. Экспорттық лицензиялар мен квоталар тауарлардың 200-не таралып, стратегиялық тауарлардың экспорты тек монопольды сыртқы экономикалық құрылымдар арқылы жүзеге асырылды.

 Бұрынғы КСРО елдерiмен  сауда, негiзiнен, eкi жақты үкiметаралық келiсiмдерiмен реттелiп, клиринг негiзiнде жүзеге асырылды. Қазақстанның сыртқы экономикалық және сыртқы сауда саясаты, оның егемендік алуы мен экономикалық реформаларды жүзеге асыруы барысында қалыптасты. Тәуелсiз сыртқы сауда саясаты - республиканың әлемдiк қауымдастыққа кipyiнің қажеттi шарты болып табылады.

 Тәуелсiздiк жарияланғаннан  кейiн, Қазақстан сыртқы экономикалық ic¬әpeкeтін ырықтандыру жолына түстi. 1992 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Экономиканы тұрақтандыру мен экономикалық реформаларды жүргiзу кезеңiндегi Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық ic-әрекетiн ұйымдастыру туралы" жарлығы қабылданды. Сонымен қатар әр түрлi өнiмдердiң бағаларын ырықтандыру туралы бiрқатар құжаттар қабылданды.

 Сыртқы экономикалық ic-әрекеттi ырықтандыруда алғашқы маңызды қадам 1993 жылы жасалды. Онда квоталар саны 34-ке дейiн, ал лицензиялар ¬61-ге дейiн қысқартылды. Республикааралық сауданың үкiметаралық келiсiмi мен қамтылуы 60 пайызға төмендедi. Экспорттық өнiмге деген мемлекеттiк тапсырыс жүйесiн келiсiм бағалар жүйесi алмастырды. 145 өнiмге орташа мөлшерi 15 пайыз болатын экспорттық салықтар енгiзiлдi. Импорттық лицензиялар 5 өнiм түpiнe берiлiп, импорттық салық мөлшерi 0,5 пайыздан 21 пайызға дейiн болды. 20-дан астам кәсiпорындар сыртқы экономикалық ic-әерекетте жеңiлдiктерге ие болған.

1994 жылы лицензиялау (34 өнiмге  дейiн) мен квоталауға жататын тауарлар санының (7 өнiмге дейiн) азайтылуы жүргiзiлдi.

1994 жылы 15 шiлдеде ҚР Президентi қаулысымен "Экономикалық дағдарыстан шығу және реформаны тереңдету бойынша үкімет ic-әрекетiнің бағдарламасы қабылданды.

1995 жылы ҚР сыртқы саудасын ырықтандыруда мынандай қадамда жасалды: ұлттық және жеке қауіпсіздік, денсаулыққа деген көзқарастарға байланысты бiрқатар тауарлар тізімінен басқа, барлық экспорттық және импорттық квоталар алынып тасталынды; стратегиялық тауарлардың сыртқы саудасына монополия жойылды; экспортерлердің валюталық табысының міндетті сатылуы тоқтатылды; биржалық және аукциондық сауда ұлғайтылды.

1995 жылдың қаңтарында Ресей, Қазақстан, Беларусь Кедендiк Одағы туралы келiсiмге қол қойылды. Кейiн оларға Қырғызстан мен Тәжiкстан қосылды. Оның басты мақсаты - кедендiк кедергiлердi жою, адамдар, тауарлар, капитал мен қызмет көрсетудiң epкін ауысуы үшiн бірыңғай экономикалық кеiстiк құру болып табылады.

1995 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сыртқы экономикалық ic-әрекеттi ырықтандыру" туралы Жарлығы қабылданды.

1995 жылы 23 наурызда Президент  Жарлығымен "ҚР шетелдік инвестициялар туралы" заң қабылданып, ол Қазақстан экономикасына тартылған шетелдік инвестициялардың экономикалық және құқықтық негiздерiн анықтап, инвестицияларды қорғауға берiлетiн мемлекеттік кепілдік тіpкeді.

1996 жылы экспорттық өнімгe салынатын барлық кедендiк баж салықтар алынып тасталынды, инвестициялық тауарларға импорттық тарифтер төмендетілді.

1997 жылы бәсекелестiктi жоғарылату мақсатында тауар импортындағы шетелдiк инвесторларына берiлетiн жеңiлдiктер алынып тасталынды. Тек Қазақстан Республикасының территориясында өңделуге арналған өнімге жеңілдіктер сақталынды.

1997 жылдың 20 шiлдесiнде ҚР Кеден Комитетi мен Ұттық банк "ҚР экспорт-импорттың валюталық бақылауын ұйымдастыру туралы" Ереже қабылдады. Ол экспорт-импорттық валюталық бақылау тәртiбiн орнатып, экспорттан түскен валюталық табыстың дер уақытында келуi мен импорт мақсаттарында валюта қаржыларын пайдалануын заңдылығы мен негiзделгенiн бақылау тәртiбiн белгiледi.

1997 жылдың 28 ақпанында ҚР Укіметі "ҚР тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" заңын қабылдады. Сөйтiп, көрiп отырғанымыздай, сыртқы сауданың ырықтандырылуы қаржы секторының ырықтандырылуын ынталандырды.

 Сыртқы сауда ырықтандырылуы iшкi рынокқа ғaнa әсер етiп қойған жоқ. Қазақстанның шет елдердiң, ОЭСР рыноктарына шығу мүмкiндiктерi кеңейдi. Бiздiң республикамызға қатысты нарықтық емес экономикалы елдерге салынатын көптеген кедендiк баж салықтары мен санкциялар төмендетiлiп немесе алынып тасталынды.

 Қазақстан Европа Одағы, АҚШ, Канада, Скандинав елдерінің рыноктарында ең тиiмдi жағдайлы мәртебеге ие болды.

1993 ж. - Европа Одағы, 1992 ж. - Канада, 1994 ж. - АҚШ, Қазақстанды Генералды преференциялар жүйесiне қабылдаған.

 Алдыңғы жылдардағыдай, 1998 жылы да елдiң сауда балансы  тepic болды. Оның құрылымындағы алыс шет елдермен сауда операциясының сальдосы оң, ал оны ТМД елдерiмен саудасындағы экспорттан импорттың асып түcyi ауқымды болды. Бiрақ бұрыңғы одақтас республикаларға арналған экспорт көлемi алыс шет елдерге арналған экспорт көлемiнен өте жоғары. 1998 жылғы экспорттың төмендеуi, ТМД елдерiндегi валюта құнсыздануы, Қазақстан үшiн сауда жағдайын қиындатты.

 Әлемдiк қаржы дағдарысына байланысты Қазақстан Республикасына импорт көлемi азайды, 1998 жылы 6588,6 млн. долл. болып, ол 1997 жылдың 92% құрады. Негiзгi экспорт тауарларына бағаның төмендеуi алыс шет елдерге экспорттық 8,8%-ке төмендеуiне әкелдi, әcipece Азия - Тынық мұхит аймағында қазақстандық қара және түстi металдарды тұтынуы күрт төмендедi. 1997 жылы әлемдiк бағалардың төмендеу тенденциясы 1998 жылы да байқалды.

 Экспорт құрылымында  дәстурлi түрде басым белiгi минералды өнiмдер, асыл емес металдардан тұрды. Экспорттың құндық мәнi өзгергенiмен, оның алдыңғы жылдармен салыстырғанда құрылымында елеулi өзгерiстер болмады.

 Қазақстан Республикасының  импорты ресей рублiнiң құнсыздануына  байланысты ресей тауарларының  арзандауы және cоған сәйкес қазақстандық  тауарлардың бағаға байланысты бәсекелестiгi төмендеп, республикаға ресей тауарларының әкелiнуiнiң күрт өcyiмен сипатталды. Кедендiк Одақ шеңберiнде шекаралар ашықтығы, әcipece Ресеймен шекаралас аудандарда ресей тауарлардың демпингтiк бағалар бойынша eнyiнe мүмкiндiк бердi. Осы жағдайларға байланысты Ресейге қазақстандық тауарлардың экспорты төмендеді.

 Жоғарыда көрсетiлген  жағдайларға байланысты Қазақстан 1999 жылдың қаңтар айында бiрқатар демпингке қарсы шаралар қолданды. ҚР мен РФ үкіметтepi арасында "РФ-нан 1 - категориялы тауарлардың әкелiнуiне уақытша тыйым салу туралы" мәжiлiстемеге кол қойылды. Кейiнiрек, Қырғызстан мен Өзбекстаннан әкелетiн тауарларға 200% кедендiк тариф енгiзiлдi.

 Бұл шаралар - Қазақстанның сыртқы саудасындағы протекционизм бағытындағы қадамдары болды. Ол eкi мақсатты көздедi. Бiр жағынан - жергілікті өндірушілерді өндіpісті көтеруге ынталандырып, олардың ішкі рынокта позициясын нығайтуға мүмкiндiк беру және ТМД елдерiнiң сапасыз, арзан тауарларына тосқауыл қою; екiншi жағынан -контрабандалық тауар көлемi күрт өсiп, мемлекеттiк бюджетке төлемдер төмендеп, бәсеке, тауарлар ассортиментi азайғаны және жергiлiктi өндiрушiлер өз өнім сапасына талаптарының төмендеуi болды.

1999 жылдың 5 көкек айында  ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк валюталық курсты epкін қалқуға жiберу туралы бiрлескен шешiм қабылдады.

 Осы шешiмдi қабылдауға  әлемдiк қаржы дағдарысы, ТМД елдерiнiң  валюталарының құнсыздануы, демпингтiк  бағалар бойынша импортың өcyi, экспорт бағаларының төмендеуi, әсер  eттi. Одан басқа, валютаның жоғары бағамы Ұлттық банкпен жасанды түрде ұстанып, ол мақсаттарда ҚР алтын¬валюттiк (резервтерi) қорлары пайдаланылды.

 Сөйтiп, бұл шара экспортқа бағытталған салаларды қолдау, импортты шектеу, нақты айырбас бағамын орнату, жергiлiктi өндiрушiлердi қорғау мақсатында жүзеге асырылды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары