Аудармадағы грамматикалық және грамматикалық трансформацияның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2014 в 10:18, курсовая работа

Краткое описание

Аударуда грамматикалық вариантты таңдап алу. Қай тілді алсақ та, кейде бір мағына-мазмұн әр түрлі грамматикалық варианттар арқылы да беріледі. Айталық, қазақ тіліндегі «қаладан шықты, қала маңынан шықты, қала жақтан шықты» деген сияқты сөз тіркестер контекске қарай бір ғана мазмұнға ие болып тұруы мүмкін. Сол сияқты «Тегінде, біреуді жамандағанда үйіп-төге бермей, шектен шықпаған жөн ғой», «Тегінде, біреуді жамандағанда да шектен шықпай, барды-жоқты үйіп-төге бермеген жөн ғой» деген сияқты сөйлемдер әр түрлі ретте тұрғанмен, мазмұны өте ұқсас.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

I БӨЛІМ. АУДАРМАНЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ РӨЛІ.....................................5
1.1 Тілдердің грамматикалық және лексикалық құрылысындағы аударма теориясы...................................................................................................................5
1.2 Қазақ тіліндегі аударма саласының тарихы..................................................12

ІІ БӨЛІМ. АУДАРМАДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ РӨЛІ....................................................................16
2.1 Аудармадағы трансформациялық үрдістер мәселесі...................................16
2.2 Аудармадағы грамматикалық және грамматикалық трансформацияның түрлері.....................................................................................................................21

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аударма трансформация - копия.doc

— 170.50 Кб (Скачать документ)

Бұл сөйлемдердегі бірінші вариант жазба тіл стиліне тән де, екіншісі ауызекі сөйлеу стиліне тән. Аудару үстінде түпнұсқа тілдің осындай қасиеттерін ескеріп отыруға тура келеді.

Кейбір қорытындылар:

Түпнұсқа тіл мен аударма тілдің грамматикалық жүйелерінің сәйкессіздігі, осыдан келіп шығатын кейбір грамматикалық формаларды дәлме-дәл бере алмау сияқты қиындықтан баска грамматикалық құралдармен немесе грамматикалық тұлғалардың орнына лексикалық сөз қолданумен игеріледі.

Екіншіден, аударуда екі тілдің тұтас грамматикалық жүйесін есепке алып отыру керек, жекелеген жайттарды қуалап кету олқылыққа ұшыратады.

Келесі бір әрқашан есте ұстар мәселе, грамматикалық құрылымдарды аударуда да мағыналық-стильдік бояуды, контексті назардан тыс қалдыруға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АУДАРМА САЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

 

Жер шарындағы алуан түрлі халықтардың сеніміне, тілі мен дініне, табиғи ортасы мен шаруашылық қалпына сәйкес рухани дүниетанымы қалыптасатыны мәлім. Міне, осы әлем халықтарының қордаланған бай рухани қазынасын ортақ пайдалану, кәдесіне жаратып, игілігіне айналдыру, сөйтіп, ғылыми танымының көкжиегін кеңейтіп, дамудың соны сатысына көтерілу — өте манызды мәселе. Жер бетіндегі іргелі мемлекеттердің бәрі өсіп-өркендеу жолында өздеріне дейінгі елдердің озық тәжірибесінен үлгі-өнеге алып, қажетті ақпарат жаңалықтарымен танысып, дер кезінде алмасып отыру үшін бір тілдегі деректі екіншісіне түпнұсқанын маңызын, рухын сақтап дәлме-дәл көшірудің амалдары мен тәсілдерін үйренуге құлықты болды. Сондықтан қоғамдық кұрылыс жүйесінің қай деңгейінде болмасын, аударма саласының мұқтаждығы сол мемлекеттін стратегиялық қауіпсіздігі тұрғысынан тиімділігі мен аса қажеттігін айқындайды.

Қазақ тіліндегі аударма саласы — қоғамдық ғылымдар арасында салыстырмалы түрде кенжелеу қалғандығы жасырын емес. Дегенмен, бұл бағытта да қыруар іс біженіне әлем тілдеріндегі әдеби шығармаларды қазақша сөйлеткен көркем аударма үлгілері куә. Әрине, бұл шаралар әр дәуірдегі қоғамдық-саяси ахуалға орай қилы-қилы жүзеге асып отырды. Ай-талық, кеңестік идеология тұсында аударма өнеріне халықтар достығының дәнекері ретінде ерекше көңіл бөлді. Аударматану ғылымына тереңірек үнілер ізденімпазға ұлттың даму үрдісінің тарихымен сабақтастыра зерде-лесе, бірсыпыра беймәлім тың деректерді табары ақиқат. Оған қазақ тілінің лексикалык, қабатындағы қытай, моңғол, араб, парсы, орыс, Еуропа халық-тарының тілдерінен енген кірме сөздердің де сінісіп кетуінің жұмбақ сыры түгел ашылды деуге әсте ертерек. Мәселен, бағзы руникалық ескерткіш мәтінінде табғаш халқымен арадағы аумақтық-шекаралық тұтастықты мойындап, елдік мәселені бейбіт жолмен шешкен бітімгершілік миссиясы жиі әңгіме арқауы болатыны мәнгі тасқа шекілген. VII ғасырдан сыр шертетін әйгілі Күлтегін тас кітабының бір бетіндегі қытай тіліндегі аудармасы бүгінгі күнге дейін бұзылмай жетіп, уақыт пен кеңістіктің, сынына шыдап, қымбат қазынаның сол қалпында сақталуы — бұл саладағы ізашар еңбектің руна жазуын тұтынғаннан бастау алатынына ешкімнің қарсы уәжі бола қоймас. Өкініштісі, аударма тарихы сөз болғанда мәдениетімізге тікелей қатысты осындай түйінді дәйектерге мән беріліп, шынайы бағасын беру — бұрыннан қалыптасып қалған еуроцентристік ғылыми көзкарастың әсерінен шырматылып, шыға алмаудын. кесірі. Жалпы, аударма мәселесі ұлттық ғылыми танымның еркіндік алған соңғы жылдар көлемінде батыл ойларымен керінген зерттеушілермен толыға түсті. Аудару деген сөзді әркім-ақ оп-оңай түсінгенмен, оның теориялық-методикалық концепциясын таратып, аналитикалық тұрғыдан талдаған сүбелі жұмыс сирек. Орайы келгенде, күрделі тақырыпқа бел буып, аударматанудың лингвистикалық және лингвомәдени мәселелеріне кәдімгідей қалам сілтеп, тамаша құнарлы ойларымен куанткан Айман Алдашеваның монографиясын атап өту керек. Ғалым «Аударма және қазақтың ұлттық мәдениеті» деген тарауында қыры көп құбылыстың күллі ішкі иірімдеріне кәсіби маман ретінде пайымдама жа-сап, бұрын-соңды ескерілмеген жайттарға назар аудартады. Оның аударма туралы сипаттамасына бір сәт құлақ салалық: «Аударма — бір тілде жазыл-ған мәтінді екінші тіл арқылы жеткізу; сондай-ақ, осы іс-әрекет арқылы алынған нәтиже, текст, туынды. Тақырыбы, мазмұны, стильдік белгілері дайын мәтіннің екінші тілде функциональды теңбе-тең баламасы жасалуға тиіс. Функциональды теңбе-тен, балама — түпнұсқа мен аударылатын (аударылған) мәтіннің жанрлық-стильдік ерекшеліктері, атқаратын қызметі бірдей болуы керек, яғни түпнұсқа қандайлық ақпараттық ықпал ету, эстетикалық қызмет атқарса, аударылған мәтін де сондайлық қызметте көрінуі қажет деген сөз. Бұл жағдаят екінші тілдің (қазақ тілінің) лексикалық құрамына, грамматикалық-синтаксистік құрылымына қозғау салады, тілдік құралдар функциональды қызметіне қарай іріктеледі»1.

Әлемдік аударма саласында тәжірибе алмасудың алуан түрлі әдіс-тәсілдері бар. Қоғамдық ойдың даму эволгациясы тарихында мемлекеттік құзырлы билік иелерінің құқықтарын шексіз пайдаланып, үстемдігін қалың бұқараға емін-еркін жүргізуіне шығармашылық зиялы топ үнемі қарсы кү-ресті. Міне, осындай қоғам өміріндегі қайшылық мемлекеттік билік тізгінін ұстағандардын, цензураны енгізуіне әкеліп соқты. Шығармашылық тұлғалар қоғамның дертін айтып, іштегі шерін ақтару үшін цензураны адастырудың күйтырқы амалдарын іздестірді. Сөйтіп, қоғам өміріндегі кемшілікті сынап, әлеумет санасын ұйқыдан ояту үшін мысал жанры әдеби үрдісте кең қолданылды. Мысал жанры туралы сөз болғанда, орыстың көрнекті қаламгері Иван Андреевич Крыловтың (1768-1844) есімі бірдең ойымызға оралады. Ал, қазақ топырағында бұл мысалшының көркем дүниелерін Абай, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетілеуов, Ахмет Байтұрсынұлы сынды дарындар ана тілінде сөйлетті.

Мысал жанрының қазақ. әдебиетіне бойлап ену құбылысы әлемдік көр-кемдік дәстүрлердің типологиялық ұқсастығын көрсетеді. «Дала уалаяты» газетінде 1894 жылы августа И. Крыловтың «Инелік пен құмырсқа» (аудар-ған А. Құрманбаев) мысалының жариялануы — қазақ әдебиеті үшін жаңа бір арнасының басы еді». Бұл тұжырыммен келісе отырып, мысал өлең жанрының Отаны саналған грек пен римдіктерден көп бұрын «эзоптық тілдің хас шебері» Кіші Азия өлкесіндегі Шумерлерде пайда болғанына қыш таблицалардан табылған 295 мақал мен мысал өлеңдегі сан қилы жануарлар мен құрт-құмырсқалар туралы сюжет дәйек бола алатынын Сэмюэл Н. Крамер атап көрсеткендігін естен шығармағанымыз жөн.

ХVШ-ХІХ ғасырдағы сыншыл-реалистік демократиялық бағыттағы орыс ақын-жазушыларының шығармашылығы бұған дәлел бола алады. Бұл тәжірибені ХІХ-ХХ ғасырда қыр елінің озық ойлы, ағартушы білімпаздары аударма арқылы көшпелі казақ қоғамының түкпір-түкпіріне таратты. Мәсе-лен, XX ғасырдың басында алаштың ардақтылары аударма саласына ерекше ат салысып,  Еуропаның,  орыстың классикалық әдебиет нұсқаларын ана тілінде сөйлетіп, ұлт мәдениетіне рухани қазына сыйлады. Өкініштісі, кеңес-тік дәуірде жүргізген   солақай саясаттың зардабы алаш білімпаздарын қо-ғамнан аластап, олардың аударма саласына қосқан қыруар еңбегі санатқа қо-сылмай, ұлт мәдениетін жасанды түрде вакумға айналдырды. Ел тәуслсіздігімен ортамызға оралған арыстарымыздың аударма шығармаларын ұлт мүддесі тұрғысынан қайта зерделеп, жаңаша баға беру, бұл саладағы соны бағыт-бағдарды айқындауға себін тигізері хақ. Қыскасы, жер бетіндегі сан алуан үлт пен үлыстан шыққан ғұлама тұлғалардың әлемдік мәдениетке қоскан даналық ойлары мен ғибратты тағлымдары, ізгілік пен имандылыққа, табиғатты сүю мен аялауға үндейтін толғаныстары, жасампаздық идеялары түпнұсқадан адамзаттық ортақ рухани игілікке айналудың кілті — аударма саласының ғылыми-теориялық және тілдік-гәжірибелік қолданыс аясы, шеберлік машығы өсу мен кемелдене түсуін қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ БӨЛІМ АУДАРМАДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ РӨЛІ

 

2.1 АУДАРМАДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ  ҮРДІСТЕР МӘСЕЛЕСІ 

 

Көбіне түпнұсқа тілі мен аударма тіліндегі айырмашылықтарға көп мән бердік. Алайда аударманың объектісі дерексіз жүйе емес, нақты тілдік текст екеніне назар аударып отырдық. Аудармашының жұмысы осы нақты текстің тіліне байланысты істелетін нақты әрекеттерден тұратынын да ескеріп отырдық. Ендігі сөз осы нақты әрекеттер туралы.

Аудармада бара-барлыққа жету аудармашыдан әр қилы тіларалық өзгертулер жасай білуді талап етеді. Мұндай өзгертулер аударматануда трансформациялар деп аталып жүр. Бұндай трансформациялар көбіне түпнұсқа тіліндегі хабар, мағлұматтарды, мазмұнды аударма тіл нормаларын сақтай отырып жеткізу мақсатына бағындырылады.

Аудару процесінде кездесетін бұндай әрекеттер, ғалымдардың көрсетуінше төрт типке бөлінеді:

1.   Орын алмастыру (permutation);

2.   Ауыстыру (replacements);

3.   Қосу (additions);

4.   Түсіріп тастау (omissions).

Бұлай бөлу, айта кету керек, шартты бөлу, жуықтап қана бөлу, өйткені көбіне бұлар аудару үстінде бір-бірімен қоса жарыса бірігіп, араласып келіп отырады.

1. Орын алмастыру. Бұл - аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма тесксте өзгертіп беру. Алмастырылатын, әдетте, сөздер, сөз тіркестері, құрмалас сөйлемдерді құрастырушы сынарлардың орын тәртібі, дербес сөйлемдердің тіркестегі орны.

 

Аудару үстінде неғұрлым көп кездесетін жайт - түпнұсқа текстің сөйлемдегі сөздер мен сөз тіркестерінің орын тәртібінің аударма тексте өзгеріске ұшырауы. Мысалы, орыс тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі еркін, ал қазақ тілінде қалыптасқан, тұрақты.

Кейде түпнұсқада белгілі бір сөйлемде тұрған сөзді аударма тексте бұл сөйлемнен келесі бір сөйлемге көшіріп аударуға тура келеді:

Мен базардан сатып алған телпекті кидім.

 Бір ұзын құнқағары бар аңшының қызыл телпегі еді. –

 I put on a red cap which I bought in a market in the morning.

It was the hunting cap, with very much long peak.

Бұл аударуда орын ауыстыруға мүмкіндік берін тұрған нәрсі - «телпек» сөзінің екі сөйлемде де қайталануы.

Құрмаластың компоненттерінің аударуда орын өзгертуі – заңды құбылыс. Бір мысалы:

I in a despair if you on that disagreed.–

Егер сіз бұған келіспесеңіз, мен өкініп қалар едім.

Түпнұсқа текст құрамындағы аяқталған сөйлемдердің аударма тексте орын тәртібінің, яғни текстегі орынның өзгеруі немесе басқа абзацқа көшуі мүмкін. Бұған мысал М.Әуезовтің Джек Лондонның «Қасқыр» әңгімесін аударуынан келтіруге болады. Аударма текстегі ең алғашқы тұрған екі сөйлем;

- Қасқыр ! Қасқыр! Қасқыр! - деп, Медж итін шақырып тұр еді

Ирвин екі саусағын аузына сұғып тұрып, қатты ысқырып жібереді. Бұндағы 1 сөйлем түпнұсқада 6-шы абзацта тұр:

- Wolf! Wolf! Wolf! - called Medzh. Ал 2-ші сөйлем 8-ші абзацта тұр:

Earvin put to himself in a sort both little fingers, and its shrill whistle joined Madge's call.

Бір қараған адамға бұл ауыстыруда мән жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін. Бірақ аударамашының байқампаздығы сонда, ол кейінгі сөйлемдегі «...whistle joined Madge's call.» деген бөліктің қасқырды шақырумен ілесіп тұруының заңды екенін, аударма тексте табиғилық сипат беретіндігін түйсінген.

2. Ауыстыру. Бұл - түпнұсқа текстегі сөз формаларын, таптарын, сөйлемшелерін, синтаксистік байланыс түрлерін т.с.с. аударма тексте бұлардан өзгеше тілдік единицалармен ауыстыру.

Кейде түпнұсқаның сөйлеміндегі нақты атаулар аудармада есімдік арқылы беріледі, кейде керісінше де болуы мүмкін. Бұл бір сөзді қайталай бермеу мақсатынан туған әрекеттер болады.

Түпнұсқадағы зат есім аудармада етістік түрінде беріле алады. Мысалы: Its whistle was strong. - Ол қатты ысқырды. Бұл жерде «оның ысқырығы қатты болды» деп аударса, түпнұсқа мәні өзгеріп оны қазақша «ашуы қатты болды» деп екіұшты түсініп қалуымыз мүмкін.

Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда сын есімдердің зат есімге ауысып отыруы - жиі кездесетін құбылыс. Мысалы:

English government – Ағылшын үкіметі, silver spoon - күміс қасық, mother's coat - шешемнің пальтосы т.с.с.

Кейде Ағылшын тіліндегі предлогты зат есімдер қазақ тіліне сын есім түрінде де беріледі: The girl from the city - қалалық қыз, strong-willed person - мінезді адам т.с.с.

Сөйлем мүшелерін ауыстыру. Ауыстырудың бұл түрі ағылшын мен қазақ тілі мысалында алсақ, мынадай тұстарда кездеседі: The book is read by me. - Мен кітапты оқып шықтым. Бұл аударуда толықтауыш бастауышқа ауыстырылып тұр, өйткені ырықсыз (пассив) құрылым қазақ тіліне сол түрде аударылмайды.

Ағылшын сөйлеміндегі пысықтауыш қазақ тіліне бастауыш түрінде аударыла алады: In the room there was a heat.– Бөлме қапырық болып тұр еді Бұл ауысуға себеп орыс тіліндегі бастауыш пен баяндауыштың арасындағы мағыналық байланыс қазақ тіліне сәйкес келмеуінен.

Сөйлем мүшелерін ауыстыруда сөйлемдегі коммуникативтілік мүддені еске ұстаған жөн. Мәселен, They had a long, sincere conversation деген сөйлемді екі түрлі аударуға болады:

1. Олар ұзақ, шын жүректен әңгімелесті;

2. Олардың әңгімесі ашық та ұзақ болды.

Егер түпнұсқа авторы әңгіменің «өткендігіне» ден қойып отырған болса, бірінші вариант дұрыс болар еді де, ал өткен әңгіменін сипатын көрсетуді мақсат тұтса, екінші вариант ұтымды болып шығар еді.

Құрмалас сөйлем көлеміндегі ауыстырулар. Құрмалас сөйлем құрылысына байланысты синтаксистік трансформациялардың төмендегідей түрлері ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда жиі кездеседі.

1.   Жай сөйлемді құрмалас сөйлем етіп аудару;

2.   Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару;

3. Басыңқы сөйлемді бағынышты етіп немесе бағыныңқыны басыңқы етіп аудару;

4. Сабақтастың байланысты салалас етіп немесе салалас байланысты сабақтас етіп жеткізу;

5. Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз етіп не, керісінше, жалғаулықсыз байланысты жалғаулықты етіп аудару.

Бұл трансформациялардың бірінші түрі ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда өте сирек кездесетінін байқадық, ал қазақ тілінен ағылшын тіліне аударуда жиі кездеседі.

Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару орыс тілінен қазақ тіліне аударуда жиі кездеседі. Әсіресе ағылшын тіліндегі «Which», «That» т.с.с. жалғаулықтар арқылы байланысқан құрмалас қазақ тіліне көбіне жай сөйлем түрінде жеткізіледі. Мысалы, In my small library only those books to which I constantly come back remain - Менің шағын кітапханамда мен әрқашан қайта қауытып отыратын кітаптар ғана сақталады. Everyone knows ,that wolves are greedy, - Қасқырдың қомағай екепін әркім біледі. The lonely house where we moved, stood in the depth of a shady garden - Ал көшіп кірген оңаша үй саябақтың ең тупкірінде тұратып еді.

Сөз қылып отырған трансформациямыздың ерекше бір түріне түпнұсқадағы құрмалас сөйлемді мүшелеп бірнеше жай сөйлем етіп аудару жатады.

Басыңқы тұрғының бағыныңқыға ауысуы. Бірден мысалдан бастайық: The group stopped in the downtown and started taking place on apartments –

Отряд қалашық орталығына келіп орналасқаннан соң үйді-үйлеріне тарады. Бұл құбылыс, әрине, сирек  кездеседі,   дегенмең синтаксистік тузілімнін терең мағынасын білу - парыз.

Сабақтастық байланысты салаластық байланысқа ауыстыру. Қазақ тілінде сабақтас құрмалас сөйлемндігі компоненттері жалғаулық арқылы байланыспайтыны белгілі. Жалғаулық арқылы байланысу қазақ тілінде салалас құрмаласқа тән. Ал орыс тіліндн сабақтас құрмалас сөйлемнің арнайы жалғаулықтары бар. Ағылын тіліндегі осы сипаттагы құрмалас сөйлемдердің кейбірі қазақ тіліне аударғанда салаласқа ауысып кетеді. Мысалы:

 It was so beautiful that nobody tried to look after her —

Оның сұлу болғандығы сондай, оған қырындауға ешкімнің батылы болмас еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 АУДАРМАДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ  ЛЕКСИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ 

 

Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз байланысқа ауыстыру. Қазақ тілінде жалғаулық арқылы салалас құрмалас сөйлемді құрайтын сыңарлар ғана байланысады, оның өзінде жалғаулықтар сөйлемдер арасындағы мағыналық қарым-қатынасты анықтауда ерекше қызмет атқармайды.

Информация о работе Аудармадағы грамматикалық және грамматикалық трансформацияның түрлері