Аудармадағы грамматикалық және грамматикалық трансформацияның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2014 в 10:18, курсовая работа

Краткое описание

Аударуда грамматикалық вариантты таңдап алу. Қай тілді алсақ та, кейде бір мағына-мазмұн әр түрлі грамматикалық варианттар арқылы да беріледі. Айталық, қазақ тіліндегі «қаладан шықты, қала маңынан шықты, қала жақтан шықты» деген сияқты сөз тіркестер контекске қарай бір ғана мазмұнға ие болып тұруы мүмкін. Сол сияқты «Тегінде, біреуді жамандағанда үйіп-төге бермей, шектен шықпаған жөн ғой», «Тегінде, біреуді жамандағанда да шектен шықпай, барды-жоқты үйіп-төге бермеген жөн ғой» деген сияқты сөйлемдер әр түрлі ретте тұрғанмен, мазмұны өте ұқсас.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

I БӨЛІМ. АУДАРМАНЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ РӨЛІ.....................................5
1.1 Тілдердің грамматикалық және лексикалық құрылысындағы аударма теориясы...................................................................................................................5
1.2 Қазақ тіліндегі аударма саласының тарихы..................................................12

ІІ БӨЛІМ. АУДАРМАДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ РӨЛІ....................................................................16
2.1 Аудармадағы трансформациялық үрдістер мәселесі...................................16
2.2 Аудармадағы грамматикалық және грамматикалық трансформацияның түрлері.....................................................................................................................21

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аударма трансформация - копия.doc

— 170.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

 

I БӨЛІМ.  АУДАРМАНЫҢ  ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ РӨЛІ.....................................5

1.1 Тілдердің грамматикалық және лексикалық құрылысындағы  аударма теориясы...................................................................................................................5

1.2 Қазақ тіліндегі аударма саласының тарихы..................................................12

 

ІІ БӨЛІМ. АУДАРМАДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ  РӨЛІ....................................................................16

2.1 Аудармадағы трансформациялық  үрдістер мәселесі...................................16

2.2 Аудармадағы грамматикалық және грамматикалық трансформацияның түрлері.....................................................................................................................21

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмысымың өзектілігі. Аударма — әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге кешіріліп қайта жасалуы, басқа тілдегі түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды.

Аударманың мақсаты - тұпнұсқаның аударма тілге сай келмейтін грамматикалық формаларын жеткізу. Бұл жерде басты шарттың бірі сол, түпнұсқадағы грамматикалық формалардың өзгешелігі белгілі бір стильдік қызмет атқару керек.

Аударуда грамматикалық вариантты таңдап алу. Қай тілді алсақ та, кейде бір мағына-мазмұн әр түрлі грамматикалық варианттар арқылы да беріледі. Айталық, қазақ тіліндегі «қаладан шықты, қала маңынан шықты, қала жақтан шықты» деген сияқты сөз тіркестер контекске қарай бір ғана мазмұнға ие болып тұруы мүмкін. Сол сияқты «Тегінде, біреуді жамандағанда үйіп-төге бермей, шектен шықпаған жөн ғой», «Тегінде, біреуді жамандағанда да шектен шықпай, барды-жоқты үйіп-төге бермеген жөн ғой» деген сияқты сөйлемдер әр түрлі ретте тұрғанмен, мазмұны өте ұқсас.

Өйткені бір тілдегі қалыптасқан сөз қолдану тәсілдері, бейнелі   сөздер   көшіріп,   сол   түпнұсқадағы   қалпын   сақтап жеткізуге келе бермейді. Басқа тілде айтылған ойдың жалпы    мағынасын    жеткізуден гөрі, сол    әдебиетке    тән көркемдік ойлау, бейнелеп сөйлеу, сөз қолдану өзгешеліктерін дәл келтіру әлде қайда қиын. Ал онсыз көркемдік ой-сезімнің    әсерлілігі де    толымды    болмайды.    Сондықтан аударма түпнұскаға мағынасы қағидалық жақын келетініне орай дәлме-дәл  аударма,   еркін аударма,   сәйкес аударма деп ажыратылады. Түгелдей алғанда, қандай аударма болсын   творчестволық   сипат   алады,   бастан   аяқ   сөзбе-сөз тәржімалау емес, сөздердің   мағынасын,   көркемдік   қуат, бейнелілік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. Көркем  аударманың    қасиетін    арттырып    түпнұсқаның мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік     өзгешеліктерін     жаңғыртып,     жарқырататын, қайта туғызатын суреткерлік  шеберлік.  Көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Берілген зерттеу курстық жұмысының мақсаты – қазақ тіл біліміндегі аударманың грамматикалық трансформациясын зерттеу  болып табылады. Осы мәселелер бойынша зерттеу жұмысының міндеттеріне мыналар жатады:

  • аудармадағы грамматикалық мәселелерді зерттеу;
  • тілдердің грамматикалық және лексикалық құрылысындағы  аударма теориясын анықтау;
  • аудармадағы грамматикалық трансформацияның рөлін анықтау;
  • аудармадағы грамматикалық трансформацияның рөлін анықтау үшін аудармадағы грамматикалық трансформацияның үрдістерін зерттеу,
  • аудармадағы грамматикалық трансформацияның мәніне толық жету үшін бірнеше мысалдар арқылы тақырыпты ашу және т.б. міндеттер қойылды.

Курстық жұмысымың ғылыми құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I БӨЛІМ  АУДАРМАНЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ РӨЛІ

 

1.1 ТІЛДЕРДІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНДАҒЫ АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ

 

Кез келген тілде басқа тілдерге де ортақ грамматикалық ортақ әмбебаптықтың болуы - заңды құбылыс. Дей тұрғанмен тұпнұсқа тіл мен аударма тілде грамматикалық сәйкестіктердің болуы сиректеу кездеседі, Осыдан келіп аударуда морфология, синтаксистік құрылысқа байланысты міндеттер туады. Тілдердің грамматикалық құрылысындағы айырмашылықтарға аударма теориясында ерекше орын берілуі де осыдан.

Тұпнұсқаның грамматикалық формасын өңдеу, реттеу аударманың мақсатына жатпайды. Аударманың мақсаты - тұпнұсқаның аударма тілге сай келмейтін грамматикалық формаларын жеткізу. Бұл жерде басты шарттың бірі сол, түпнұсқадағы грамматикалық формалардың өзгешелігі белгілі бір стильдік қызмет атқару керек. Мұндай ерекшеліктерге, мысалы, грамматикалық формалардың ықшамдылығы, сөйлем құрылымындағы, синтаксистік күрделі бірлікті құрастырушы сыңарлар арасындағы жарыспалылық, белгілі бір сөз табын неғұрлым жиі қолдану т.б. сипаттар жатады. Осы сияқты грамматико-стилистикалық бірліктерді аудару не болмаса аударма тілде бар аналогиялық құралдарды қолдану жолымен жеткізу аударманың міндеті болып табылады.

Жат тілдегі кейбір өзгеше грамматикалық құрылымдарды игеру қиын болуы мүмкін. Алайда осы сияқты тұлғалардың аударма тілге белгілі бір схема арқылы жететіні де болады. Мысалы: I knew that you will come деген ағылшын тілінің сабақтас құрмалас сөйлемінің бағыныңқы компоненті («that you will come») қазақ тіліне көбіне тура толықтауыш болып аударылады. Мұндағы ерекшелік сол, қазақ тілінде толықтауыш бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жоқ. Бұл сияқты грамматикалық сәйкессіздіктерді аудару, әдетте, сөз тіркесі, сөйлем шегінде ғана жүзеге асады.

Бұдан аударманы үлгі қалыпқа көнеді деген ұғым тумасқа керек, өйткені:

Біріншіден, әр тіл үшін басқа тілмен салыстырғанда мұндай ерекшеліктердің болуы әрқашан шектеулі екен;

Екіншіден, бұл сияқты құрылымдарды жеткізуде, әрине, қатып қалған стандарт жоқ, аудару өзгермейтін, тұрақты бір рецептке жүгінбейді. Мұндайда да мүмкін болатын нұсқалардың бірін таңдап алуға тура келеді. Грамматикалық балама таңдау да сол сөйлемнің басқа сөйлемдермен қарым-қатынасы, мәтіннің жанры, типі, стилі сияқты жайттарға байланысты болады. Мұны тәптіштей айтып отырған себебіміз - шетел тілін үйретуге арналған оқулықтарда, салыстырмалы грамматикаларда кейбір грамматикалық құрылымдар белгілі бір үлгі қалыппен аударылады деген пікір орнығып, қалыптасқан. Әрине, «бірыңғайлықтан» аулақ болуымыз керек, дегенмен аударма жүзесінде кейбір жиі кездесетін, типтік мәні бар тәсілдер мен оның нұсқаларын белгілеуге мүмкіндік бар.

Бір тілден екінші тілге аудару мәселесін қарастыруда басты назарды әр тілдің өзіне тән ерекшелігі бар грамматикалық құбылыстарға аудару керек. Дегенмен ортақ грамматикалық сипаттары бар тілдердің аударма тілден   өзгеше грамматикалық құрылымдарын аударма тілге қалай жеткізудің типтік жолын, мүмкіндігін табуға болады. Әрине, бұндайда әр тілдегі ерекшеліктердің көрінісін есепке алып отыру керек болады. Мәселен, орыс тіліндегі етістіктің сыпат санаттары ондай санат жоқ түркі тілдеріне (соның ішінде қазақ тіліне) қалай аударылатыны, қазақ тілінің оны жеткізе алатын мүмкіндігі қандай дәрежеде екенін назарда ұстау керек болады. Бұндай сәтте нақты бір тілдің (бізше, қазақ тілінің) басқа тілдегі өзгеше грамматикалық құрылымдарды жеткізе білу мүмкіндігі, ол өзгешеліктерге белгілі бір сәйкес элементтерге сүйену керек. Аударманың жадында болатын бір нәрсе - ол сәйкестіктердің тек формалық қана сипатына сене бермеу. Мәселен, түпнұсқа тілдегі морфологиялық құралдар (жалғау, көмекші сөз, шылау т.с.с) арқылы берілген мағынаны бара-бар етіп аудару үшін лексикалық бірлік іздеуге немесе синтаксистік бірлікпен мағынаны толыққанды етіп беруге тура келуі мүмкін.

Аудармада тілдік жүйенің әр деңгейінің (лексикалық, морфологиялық, фонетикалық, синтаксистік) бір-бірімен тығыз байланысты екені ерекше көрінеді. Мәселен, «He intends to make it» деген сөйлемді «Ол бұны істемек» деп аударамыз. Байқап тұрғанымыздай, «intends» деген лексикалық сөз қазақшаға -мек жұрнағы арқылы аударылып жүре береді. Лексикалық бірлік пен морфологиялық тұлғаның байланысы көз алдыңызда.

Ешқандай теория, соның ішінде аударма теориясы да, типтік құбылыстарды жинақтаусыз іске аспайды. Алайда сол жинақтаулардың өзі де материалдың көлеміне, қандай тұсқа қолданылуына байланысты айқындалады, жіктеледі. Тілдің (тұпнусқа және аударма тілдің) өзіндік ерекшеліктерін әрқашан назардан тыс қалдырмау керек. Міне, сондықтан да тұпнұсқа тілінің грамматикалық құбылысын басқа тілге жеткізудің қолда бар мүмкіндіктеріне байланысты қолданылатын жинақтаушы мәні бар қағидалар жеке жайттарды тексеруге, зерттеуге байланысты.

Грамматикалық құбылыстарды аудармаға теліп қарағанда кейбір заңдылықтар мынаған келіп саятын сияқты.

Дәлме-дәл формальды - грамматикалық тұрғыдан аудару тұлғалық-формалық сәйкестіктердің болмауына байланысты көбіне мүмкін болмай қалады. Грамматикалық тұлғаны сол қалпы грамматикалық тұлғамен аудару көбіне аударма тілдегі сөздердің тіркесу заңдылығына сай келмеуі мүмкін, ал кейбір жағдайда тіларалық тепе-теңдік (формалық тепе-теңдік) стильдік тұрғыдан басқаша болып шығады. Әсіресе тұпнүсқа мен аудармадағы сөйлемдердің орын тәртібі мен саны, грамматикалық санаттары, негізгі мағынасы сайма-сай келуі сирек кездеседі. Мысалдар:

And all for some reason sighed –

Неліктен екені белгісіз, бәрі де күрсінді.

 Байқап, отырғанымыздай, дәлме-дәл аударма. Дегенмен бұл аудармадан айырмашылықтарды да байқауға болады: for some reason - неліктен екені белгісіз, ағылшын тілінің бір формасы қыстырмалық ораммен беріліп отыр. Тұпнұсқада бұл сөз формасы басқа сөйлем мүтелерімен синтаксистік байланыста тұр.

Формалық-грамматикалық тепе-теңдік деген нәрсе аудармада тіпті өте сирек болады екен. Түпнұсқа мен аударма тілдегі грамматикалық айырмашылықтардың болу жағдайлары. Түпнұсқа тіл мен аударма тілдің арасында болатын айырмашылықтардың үш типі бар:

1.  Түпнұсқа тілде кездесетін элементтерге аударма тілде формалық-грамматикалық сәйкестіктердің болмауы. Мысал ретінде орыс тілін тұпнүсқа тіл деп алсақ, ол тілдегі етістіктің вид категориясы, род категориясы, сын есімнің қысқа формасы т.с.с.

2. Керісінше, аударма тілде бар  элементтер түпнұсқа тілде болмайды. Бұған орыс тілінен қазақ тіліне аударуда кездесетін қазақ тіліндегі етістіктің нақ осы шағы, бұрынғы өткен шағы, өзгелік етіс, тәуелдік жалғау т.с. жатқызуға болады.

3.    Аударма   тіл   мен   түпнұсқа   тілде   формалық-грамматикалық жағынан бір-біріне сай келетін элементтер болғанмен аудару үстінде олар қызметтері жағынан әртүрлі болып келуі мүмкін.

Екі тілдің синтаксистік икемділігін қолдану. Қай тілде болсын синтаксистік құрылымдар екі қабатқа - беткей құрылым және терең құрылымдық қабаттарға – бөлініп жүр-түсіндіре кетейік. Мәселен :

 Құрылысшылар үй  салды  ( Workers built the house.)

 Үй құрылысшылармен салынды( The house is built by workers.)

 Үйді салған қүрылысшылар... (Workers who built the house... ) деген сияқты синтаксистік түзілімдердің беткей құрылымы әртүрлі болғанмен терең қабаты, яғни мағыналық жағы бір-біріне жуық жатыр. Аударуда, әрине, осы терең құрылым (мағынасы, мағлұматтың мәні) өзгеріссіз қалу керек. Бірақ бұдан беткей құрылымды (формалық, грамматикалық) елемеу керек деген сөз тумасқа керек, өйткені сыртқы форманың да стильдік рөлі болуы мүмкін. Ырықсыз (пассив) құрылымды сөйлемдер ауызекі сөйлеу тілінен гөрі кітаби-жазба стильде көбірек тараған. Сондай-ақ қазақ тілінде баяндауыштық орын тәртібінің өзгеруі басқа стильден гөрі ауызекі сөйлеуге, поэзияға тән десек болады.

Аударма үдерісінде назар аударатын синтаксистік құбылыстар, бағамдауымызша, төмендегідей. Ескерте кетер бір жайт, дәл бұл мәселені біз түгендеуді мақсат тұтпадық, мақсат оқырманға бағыт беру, ой салу болды.

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі шартты түрде болса еркін екені белгілі, ал қазақ тіліндегі сөйлемнің әр мүшесінің белгілі бір қалыпты орны бар. Сондықтан ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда әрқашанда орын тәртібің өзгертуге тура келіп отырады

Байқап тұрғанымыздай, бұл тәсілде де стиль басты бағдар болуы керек скен. Аударуда тыныс белгілерін сақтау көбіне әріпқойлыққа жатқызылып жүр. Алайда аударматанушы Ә. Сатыбалдиев аударуда тыныс белгілеріне айырықша көңіл бөлудің қажет екенін қисынын дәлелдейді.1

Өйткені тыныс белгілері автордың өзіндік стиліне, сөз саптау ерекшелігіне, кейіпкердің характері, беруге түпнұсқаның ырғағына қызмет етіп тұруы мүмкін.

Аударуда грамматикалық вариантты таңдап алу. Қай тілді алсақ та, кейде бір мағына-мазмұн әр түрлі грамматикалық варианттар арқылы да беріледі. Айталық, қазақ тіліндегі «қаладан шықты, қала маңынан шықты, қала жақтан шықты» деген сияқты сөз тіркестер контекске қарай бір ғана мазмұнға ие болып тұруы мүмкін. Сол сияқты «Тегінде, біреуді жамандағанда үйіп-төге бермей, шектен шықпаған жөн ғой», «Тегінде, біреуді жамандағанда да шектен шықпай, барды-жоқты үйіп-төге бермеген жөн ғой» деген сияқты сөйлемдер әр түрлі ретте тұрғанмен, мазмұны өте ұқсас.

Грамматикалық варианттардың синонимдігі көбінесе конструкцияны тұтас алғанда көрінеді. Мәселен, жаңағы «қала, қала жақ, қала маңы» деген сөз формалары жеке алсақ синоним емес.

Грамматикалық синонимдер бірыңғай мағына-мазмұн береді дегенімізбен, олар стильдік тұрғыдан бірдей бола бермейді, бірін-бірі әрқашан ауыстыра бермейді. Бұл тәріздес синонимдердің бір ғана вариантын таңдап алу не керекті мағынаны анықтайтын тар көлемді контекске, не тілдік стиль жүйесін анықтайтын кең көлемді контекске байланысты. Салыстырыңыз: Тегінде біреуді жамандағанда барды-жоғы үйіп-төге бермей, шектен шықпаған жөн. Тегінде, біреуді жамандаған екенсін, сонда да барды-жоқты үйіп-төге бермей, шектен шықпаған жөн деген синонимдес сөйлемдерді алайық. Бірінші вариантында ақыл айтып қана тұр, ал екіншісінде «жамандама» деп тұрған жоқ, бірақ «шамасын біл» деп тұр. Бұл - тар көлемді контекске байланысты құбылыс, айтылатын дәл мағыналық реңкті аша түсу үшін керек заңдылық. Енді кең келемді контекске келейік:   

Алтын қылыштан құраған үйеңкі артық —

Алтын қылышпен солыстырғанда құраған үйеңкі артық;

 Қағазыңыз бар ма? – Қағазыңыз бар, ә?

Информация о работе Аудармадағы грамматикалық және грамматикалық трансформацияның түрлері