Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 23:58, реферат
Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.
Негізгі идея, Қазақстан Республикасының Конституциясының өткені мен қазіргі жағдайын зерделей отырып санаға сол туралы ой қалыптастыру.
I.Кіріспе.
1.1 Конституцияға анықтама, негізгі идея.
II.Негізгі бөлім .
2.1 Қазақстан Республикасының Конституцияларының негізгі даму кезеңдері. Топ-топ бойынша ғана.
2.2 Кішігірім талдама «қосымша материал ретінде» 1937-1978 жылдың Конституцияларын салыстыра отырып жүйелеу.
2.3 1-ші кезең 1990 жылдан бастап 1993 жылға дейінгі барлық декларациялар мен заңдар жүйелі түрде көрсетілген.
2.4 2-ші кезең 1993 жылғы Конституцияның қабылдану себептері арқылы көрсетілген.
2.5 3-ші кезең 1993 жылдан 1995 жылға дейінгі аралық. Кемшіліктерді көрсете отырып ,кемшіліктерден себеп туғызып 1995 жылғы жаңа Конституцияның қабылдануның мәні неде екенін көрсету.
2.6 1995 жылғы Конституцияның құрылымын айқындау,зерделеу,түсіндіру және де Жаңа Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы жалпы мәлімет.
III Қорытынды.
3.1 Конституцияның даму кезеңдерінен шыққан қорытынды ой.
Кез келген құқықтық актiнiң Конституцияға сай келмеуi немесе оған қайшы келуі
бұл құқықтық актiнi заңды күшiнен айырып, жарамсыз етедi. Бұл Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың аса маңызды шарты.
ҚРК-ның жоғары тұрғандығын арнайы мемл. орган — ҚР Конституциялық Кеңесi қамтамасыз етедi. ҚРК-ның 74-бабына сәйкес, КРК-на кереғар деп танылған заңдар мен халықар. шарттар қол қойылуға жатпайды немесе тиiсiнше бекiтiлуге және күшiне енгiзiлуге тиiс емес. Заңдарды Конституцияға сай келедi деп тану оларға қол қою мерзiмiнiң басталғандығын бiлдiредi. Конституцияда баянды етiлген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейдi деп танылған заңдар немесе өзге нормативтiк құқықтық актiлер күшiн жояды және қолданыстан шығарылады. Сондай-ақ соттар мен өзге де құқық қорғаушы органдардың осындай заңға немесе өзге нормалық құқықтық актiге негiзделген шешiмдерi де орындалуға жатпайды.
ҚРК тұрақтылық нышанымен ерекшеленедi. Негiзгi заң ретiнде оған өзгерiстер енгiзу тәртiбi де ерекше сипатта болады, бұл тәртiп Конституцияның өзiнде белгiленген. Мәселен, 91-баптың 1-тармағына сәйкес ҚРК-на өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Республика Президентiнiң бастамасымен, Парламенттiң немесе Үкiметтiң ұсынысымен қабылданған шешiм бойынша өткiзiлетiн респ. референдумда жүзеге асырылуы мүмкiн. Егер Президент өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi Парламенттiң қарауына беруге ұйғарса, онда өзгерiстер мен толықтырулардың жобасы респ. референдумға шығарылмайды. Бұл ретте Парламенттiң шешiмi Конституцияда белгiленген тәртiппен, яғни әр Палата депутаттары жалпы санының 3/4 дауысымен қабылданады (62-бап, 3-тармақ). Егер Президент Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерiн респ. референдумға шығару туралы Парламенттiң ұсынысын қабылдамай тастаса, онда қос Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде бестен төртiнiң көпшiлiк дауысымен Парламент осы өзгерiстер мен толықтыруларды Конституцияға енгiзу туралы заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда Президент осы заңға қол қояды немесе референдумға шығарады. Егер референдумға қатысуға құқығы бар Республика азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, референдум өткiзiлдi деп есептеледi, егер олардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, заң қабылданды деп саналады.
Қазақстан Республикасының соңғы Конституциясына үш рет түзету енгізілді:1998 жылы 7 қазанда, 2007 жылы 21 мамырда және 2011 жылы 2 ақпанда.
Президенттің
ұсынысына сәйкес 1998 жылғы 7 қазанда
«Қазақстан Республикасының
Конституциясына өзгерістер
2007 жылдың 21 мамырында ҚР Конституциясына екінші рет өзгертулер мен толықтырулар енгізен тиісінше заң қабылданды. Конституциялық реформа негізгі заңымыздың барлық бөлімін жанап өтті.Нақтырақ түрде бірқатарына тоқталсақ, жаңа елорда – Астана конституциялық мәртебе ие болды, Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігін нығайтты, бірінші рет конституциялық деңгейде Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін бекітті,саяси партиялардың рөлін көтерді, Парламенттің және Мәжілістін құқықтарын кеңейтті, халық өкілдігінің маңызын көтерді, Конституциялық кеңестің қызметін мәнді түрде кеңейтті, Үкіметтің Парламент алдындағы жауаптылығын көтерді, жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын органдардың жүйесі нақты анықталды және т.б.
2011 жылдың 2 ақпанында ҚР Конституциясына үшінші рет өзгерту енгізген «Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтыру енгізу туралы» заң қабылданды.Бұл заңмен Президенттің кезектен тыс сайлауды өткізуді жүзеге асыруда Конституциялық негіз қалады.
Конституцияға
енгізілген аталмыш өзгертулер
мен толықтырулар және
III.
3.1
Қорытындылай келгенде, жалпы оқығанда, материалдарды салыстыра отырып зерделегенімде төмендегідей ой қалыптасты:
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Ғ. Сапарғалиев Алматы қ. Жеті жарғы баспасы.
2.Қазақстан Республикасының
Конституциялық құқығы.
3.ҚР Конституциясы
4.Қазақстан Республикасының
заңына өзгертулер мен
5.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
6.Wikipedia.org.
Информация о работе Конституциялық құқықтың бастаулары ҚР-дағы даму кезеңдері