Конституциялық құқықтың бастаулары ҚР-дағы даму кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 23:58, реферат

Краткое описание

Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.
Негізгі идея, Қазақстан Республикасының Конституциясының өткені мен қазіргі жағдайын зерделей отырып санаға сол туралы ой қалыптастыру.

Содержание

I.Кіріспе.
1.1 Конституцияға анықтама, негізгі идея.
II.Негізгі бөлім .
2.1 Қазақстан Республикасының Конституцияларының негізгі даму кезеңдері. Топ-топ бойынша ғана.
2.2 Кішігірім талдама «қосымша материал ретінде» 1937-1978 жылдың Конституцияларын салыстыра отырып жүйелеу.
2.3 1-ші кезең 1990 жылдан бастап 1993 жылға дейінгі барлық декларациялар мен заңдар жүйелі түрде көрсетілген.
2.4 2-ші кезең 1993 жылғы Конституцияның қабылдану себептері арқылы көрсетілген.
2.5 3-ші кезең 1993 жылдан 1995 жылға дейінгі аралық. Кемшіліктерді көрсете отырып ,кемшіліктерден себеп туғызып 1995 жылғы жаңа Конституцияның қабылдануның мәні неде екенін көрсету.
2.6 1995 жылғы Конституцияның құрылымын айқындау,зерделеу,түсіндіру және де Жаңа Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы жалпы мәлімет.
III Қорытынды.
3.1 Конституцияның даму кезеңдерінен шыққан қорытынды ой.

Прикрепленные файлы: 1 файл

арсап.docx

— 165.86 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым  министрлігі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.

 

 

 

    СРС

     

ТАҚЫРЫБЫ:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________                                           

 

 

 

                                                                   Орындаған:

                                                                   Қабылдаған:

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Алматы 2013.

МАЗМҰНЫ.

I.Кіріспе.

   1.1 Конституцияға анықтама, негізгі  идея.

II.Негізгі бөлім .

  2.1 Қазақстан Республикасының Конституцияларының  негізгі даму кезеңдері. Топ-топ бойынша ғана.

2.2 Кішігірім талдама  «қосымша материал ретінде» 1937-1978 жылдың Конституцияларын салыстыра  отырып жүйелеу.

2.3  1-ші кезең  1990 жылдан бастап 1993 жылға дейінгі  барлық декларациялар мен заңдар  жүйелі түрде көрсетілген.

2.4  2-ші кезең  1993 жылғы Конституцияның қабылдану  себептері арқылы көрсетілген.

2.5 3-ші кезең 1993 жылдан 1995 жылға дейінгі аралық. Кемшіліктерді көрсете отырып ,кемшіліктерден  себеп туғызып 1995 жылғы жаңа  Конституцияның қабылдануның мәні  неде екенін көрсету.

2.6 1995 жылғы Конституцияның  құрылымын айқындау,зерделеу,түсіндіру  және де Жаңа Конституцияға  енгізілген өзгертулер мен толықтырулар  туралы жалпы мәлімет.

III Қорытынды.

3.1 Конституцияның даму кезеңдерінен шыққан қорытынды ой.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1

Конституция ( латынның лат. цонстітұтіо — яғни «құрылым»  сөзінен шыққан) — Мемлекеттің  негізгі заңы, елдегі барлық басқа  заңдарға қатысты жоғары заңды күшке  ие заң немесе заңдар тобы.

 

Конституция осы  заманғы мемлекеттіліктің маңызды  белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси  және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы  кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция  жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары  оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле  отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық  болып табылады.

Негізгі идея, Қазақстан  Республикасының Конституциясының өткені мен қазіргі жағдайын зерделей отырып санаға сол туралы ой қалыптастыру.

2.1

Қазақстан Республикасы Конституциясының даму кезеңдері.

Қазақстан Республикасы Конституциясының дамуы бірнеше  кезеңнен  өтті.Оның келесідей  3  кезеңін  көрсетуге болады:

  1. Қазақстан егемендік алғаннан (25.10.1990 ж.) 28 қаңтар 1993 жылға дейінгі Қазақ КСР Конституция кезеңі;
  2. 28 қаңтар 1993 жылдан бастап 30 тамыз 1995 жылға дейінгі аралықты қамтитын тәуелсіз Қазақстанның  бірінші Конституциясы кезеңі;
  3. 1995 жылдың 30 тамызынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның екінші Конституциясы кезеңі.

 

2.2

Кішігірім талдама:

1937 жылғы Конституция:

  • 1937 жылғы Конституцияда Қазақ КСР-ы,КСРО-ның басқа да тең құқылы республикаларымен бірге, ерікті түрде бірікті делінді.
  • 1937 жылғы Конституциясының негізі ол қағаз жүзінен аса алмады.
  • 1937 жылғы Конституция 1978 жылғы Конституцияға дейін Кеңестік сарқынмен оңай өзгеріске ұшырайтын,сонымен ол тұрақсыз болды.

1978 жылғы Конституция

  • Конституцияның қайсыбір нормаларында заңдарды киім ауыстырған сияқты өзгерістер енгізу керектігі айтылады.
  • Кеңестік сарқын
  • Әр сессияда заңдарға оңай өзгерістер мен толықтырулар енгізіле беретін
  • Ешкімге қажеті жоқ жалаң нұсқаулыққа айналуы
  • Кіріспесінде ғана Қазақ КСР-ның басқа одақтас республикалармен тең құқықты екені айтылды.
  • 1978 жылғы Конституция жалпыға мәлім болғанымен онда ешқандай билік болмады,бар билікті Жоғарғы кеңеске берді
  • 1-бабының 19 тармақшасында «жұмысшы», «шаруа»,«интеллигенция» ұғымдары заңның нормаларынан шығып қалды
  • Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясы бойынша Қазақстан халықаралық қатынастың дербес субъектісі бола алған жоқ,ол Қазақ КСР-ның конституциясындағы28 бапты негізге ала отырып

КСРО-ның сыртқы істер министрлігінің нұсқаулығын  басшылыққа алды.

 

 

2.3

1993 жылғы  Конституцияға дейінгі кезең  1990 жылдан бастап:

  • Қазақ КСР-ы Конституциясына Қазақ КСР-ның «Президентің  қызмет орнын белгілеу туралы»1990 жылғы 24 сәуіріндегі заңымен өзгеріс енгізу кезеңінен бастау алады;
  • 1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСР-ының «Мемлекеттік егемендігі туралы» ең маңызды акт болып табылады
  • 1990 жыл 20 қарашада қабылданған «Мемлекеттік билік пен басқарудың құрылымын жетілдіру туралы» заң.
  • 1991 жылдың 15 ақпанында қабылданған соған сәйкес Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясына елеулі өзгерістер енгізген «Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР-ы халық депутаттарының жергілікті кеңестері туралы»заңның маңызды конституциялық мәні бар.
  • 1991 жылы 10 желтоқсанда қабылдаған «Қазақтың Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» заң.Қазақ КСР-ы Қазақстан Республикасы болып аталды.
  • 1991 жылғы 16 желтоқсанда небәрі алты күннен кейінгі заң «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы».
  • 1991 жылы  20 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы»заң.
  • 1992 жылғы 5 маусымдағы «Конституциялық сот туралы» заң (1995 жылғы конституцияға дейін өмір сүрді).

Жоғарыда  аталғандардың барлығы  1 кезең  Қазақстан Республикасының Конституциясының дамуы.

 

Кейінгі екеуінің алдыңғылардан  елеулі айырмашылығы – олар тұңғыш  рет мемлекеттік тәуелсіздікті,егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп,одан әрі орнықтырды.

 

2.4

2-кезең

           1993 жылғы Конституциясының қабылдану себептері:

  1. Қазақстан Республикасының  шынайы егемендік  фактісін конституциялық тұрғыда  бекіту қажеттігі;
  2. Адам мен азаматтардың  неғұрлым кең құқықтары мен бостандықтарын конституциялық тұрғыда бекемдеу;
  3. Экономикалық себеп – меншіктің  алуантүрлілігіне негізделген экономикалық жүйені бекіту;
  4. Саяси жүйе мен мемлекеттік тетік құрылымында жүріп жатқан сапалық өзгерістерді конституциялық тұрғыда бекіту;
  5. Сапалық жағынан  өзге құқықтық жүйе жасау.

 

 

 

2.5

3-кезең

1993 жылғы Конституциясының  кемшіліктері 1995 жылғы Конституцияны қабылдауға себеп болды.1995 жылғы Конституцияның қабылдану себептері:

  1. Орыс тілінің мәртебесін анықтау.
  2. Жерге жеке меншік бекіту мәселесі.
  3. Азаматтық мәселесі
  4. Жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтары жүйесін кеңейту,халықаралық деңгейге көтеру мәселесі.
  5. Жоғары өкілді органның құрылымын жетілдіру және оның құқықтық өкілеттілігін айқындап беру.
  6. Үкіметтің мәртебесі мен оның өкілеттілігі туралы мәселе.
  7. Сот жүйесін реформалау,т.б.

 

 

2.6

Қазақстан Республикасының  Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң  Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның бесінші Ата заңы (1926,1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. 

 

Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемл. тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеол. және саяси әр алуандығы (сөз және шығарм. бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демокр. амалдар, экон. қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.

ҚРК барлық заң салаларының  негiзi болып табылады, ал оның нормалары  басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi.

ҚРК-ның кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: “Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүз. қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”. Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеол. тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткенi, бұл Ата заң ҚР-нда демокр., зайырлы, құқықтық және әлеум. мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады. Осыдан келiп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемл. бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демокр. негiздерiнiң мызғымастығын бекiту. Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады, олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экон. даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демокр. әдiстермен, оның iшiнде респ. референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ).

Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I — VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемл. нысандар жөнiнде, мемл. буындардың жүйесi мен мәртебесi туралы (Президент, Парламент, Үкiмет; Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемл. басқару және өзiн-өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған. Қорытынды және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде Ата Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсiмi сөз болады. Ата Заң құрылымына жасалатын талдау оған негiз болған конституциялық идеялардың айқын көрiнiсiн бередi. “Жалпы ережелер” деп аталатын 1 бөлiмде жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама берiлген, яғни Конституция бойынша республикада мемл. билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау қағидаcына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бөлiмде осыған орай конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негiзгi қағидалар тұжырымдалған, олар: Қазақстан халқының толық билiгi (егемендiгi); Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы; мемл. билiктi жүзеге асыру барысындағы пiкiр еркiндiгi; Конституцияның үстемдiгi (жоғары тұратындығы); мемлекет билiгiнiң бөлiнiсi; адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерiнен басымдығы; мемл. тiл саясатының кепiлдiгi, т.б. Азаматтық қоғамда мемлекет адам мүддесi үшiн жұмыс iстейдi, мемл. билiк заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiнiп, олардың тежемелiк, тепе-теңдiк жүйесi пайдаланылады. ҚР конституциялық құрылысының мазмұны саяси, экон. негiздерден, әлеум. саясат негiздерiнен, iшкi саясат негiздерiнен құралады. Олар ҚРК-ның 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 12, 14, 26-баптарында тұжырымдалған. Конституцияның 1-бабының 1-тармағында “Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады”, — деп жарияланған. Мұның өзi Конституцияның 2-бабының 1-тармағында көрсетiлгенiндей, “Қазақстан Республикасы — президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет” екендiгiнен туындайды. Мұның мәнiсi мынада: бiрiншiден, Президент мемл. билiк тармағының бiр де бiрiне жатқызылмайды; екiншiден, Президенттi халық сайлайды және ол Парламент  

 

ке тәуелсiз; үшiншiден, Президентке кең өкiлеттiктер берiледi және ол Конституцияға сәйкес мемл. билiктiң барлық тармақтарына, олардың өз өкiлеттiктерiн тиiмдi жүргiзуiне көмектеседi, олардың өзара қарым-қатынастарына сындарлы ықпал ете алады; төртiншiден, ұлан-байтақ қазақ жерi ұлттық-аумақтық бөлiнiстерге бөлiнбей, тек әкiмш.-аумақтық бөлiнiстерге — облыстарға, қалаларға, аудандарға, ауылдарға ғана бөлiнедi және олар жоғарыдағы бiр орталыққа бағынады. Демек, мемлекеттiң басында заңды түрде сайланған Президент тұрып, басшылық етедi. Президенттiк басқару нысаны елдегi саяси тұрақтылықты және қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз етедi. Ал “Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi” (2-бап, 2-тармақ). Қазақстандағы саяси құрылыс демокр. болып жариялануына орай Ата Заңның 3-бабы халық егемендiгiнiң конституциялық қағидасына арналған. Мемл. билiктiң бiрден-бiр бастауы — халық екендiгi былай баяндалған: “Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi. Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Билiктi иемденiп кетушiлiк заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар” (3-бап, 2, 3-тармақтар). Сонымен қатар ҚР-нда идеол. және саяси әр алуандылық танылады. Қоғамдық және мемл. ин-ттардың бiрiгiп кетуiне, мемл. органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. “Адам және азамат” деп аталатын II бөлiмде адам мәртебесi, жеке бастың құндылығы ашып көрсетiлген. Онда жеке адамның құқықтары мен бостандықтары халықар. құқықтың мойындалған қағидалары мен қалыптарына тiкелей байланыстырылған. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүддесiнен жоғары қойылуы Ата Заңның басты ұстанымы болып табылады. “Президент” деп аталатын III бөлiм мемлекет басшысы ретiнде Президенттiң жаңа мәртебесiн толық бейнелейдi. Басқа мемл. органдардың құрылуы мен қызметi IV — VIII бөлiмдерде көрсетiлген. ҚРК-ның құрылымында әр бөлiм өз қисынымен реттi орналасқан әрi баршаға түсiнiктi. “Қорытынды және өтпелi ережелер” деп аталатын IХ бөлiмде жаңа Ата Заңды күшiне енгiзу нормалары бекiтiлген, бұрынғы Конституцияның қолданылу күшi қай кезден бастап жойылғаны нақтыланған. 1995 жылғы Конституция күшiне енгенге дейiн қолданылып келген заңдардың

одан әрi қолданыста болу тәртiбi көрсетiлген. Ата Заңның мемл. және қоғамдық органдардың өзге актiлерiне де, соның iшiнде басқа заңдарға да қатысты ең жоғары заңдық күшi бар. Мемл. органдардың өзге актiлерi, барлық заңдар ҚРК негiзiнде және соған сәйкес, сол белгiлеген рәсiм бойынша қабылданады. Мемлекет жасасатын халықар. келiсiмдер мен шарттар да ҚРК-на сәйкес болуға тиiс. Қолданыстағы нормалар конституциялық қалыптармен сай келмеген жағдайда соңғысы қолданылады, өйткенi басқа нормалар осыған сай келтiрiлуге тиiс. Конституцияның қағидаларына қайшы келетiн заңдар мен өзге актiлердiң заңдық күшi болмайды. Яғни кез келген демокр. құқықтық мемлекеттiң ағымдағы заңдары құқықтың базалық көзi болып табылатын Конституцияға негiзделедi және оның рухына сай келуге тиiс. Конституцияның нормалары ағымдағы заңдармен ұштастырылуы мүмкiн. Алайда, ағымдағы заңдар Конституцияның шеңберiнен шығып кетпеуге тиiс және конституциялық нұсқаулар мазмұнын өзгертпеуге тиiс.

Информация о работе Конституциялық құқықтың бастаулары ҚР-дағы даму кезеңдері